Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 ақпанда № 38060 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 14 Бұйрықпен бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларында:

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуелсіз ұйымды акционерлік қоғам "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес таңдайды және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді:

      корпоративтік басқару жүйелерін бағалау бойынша кемінде бес жыл немесе Қазақстандағы он ірі компанияда тәжірибесінің болуы;

      кемінде бес адамнан тұратын қалыптасқан жобалық команданың болуы.".

      2. "Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде:

      67-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің отырыстарына қатысу және оларға дайындалу үшін жеткілікті уақыт бөлу – мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органның өкілдерінен басқа, бір мезгілде үштен астам заңды тұлғада директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына орналасуға жол берілмейді, бір мезгілде екі заңды тұлғада директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына ғана орналасуға жол беріледі. Директорлар кеңесі мүшесінің өзге заңды тұлғаларда лауазым атқаруына директорлар кеңесінің мақұлдауын алғаннан кейін жол беріледі;";

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Егер акционерлік қоғамдар туралы Заңда және (немесе) Қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, директорлар кеңесі атқарушы органның басшысын және мүшелерін сайлайды, өкілеттік мерзімдерін, лауазымдық айлықақының мөлшерін, олардың еңбегіне ақы төлеу шарттарын айқындайды. Атқарушы органның құрамына кандидаттарды іздеу және іріктеу, олардың сыйақысын айқындау процесінде Қоғамның директорлар кеңесінің тағайындаулар мен сыйақылар комитеті шешуші рөл атқарады.

      Қоғамның алқалы атқарушы органындағы әйелдердің ұсынылатын саны алқалы атқарушы орган мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрайды. Бұл ретте атқарушы органның құрамын қалыптастырудың негізгі өлшемшарты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген атқарушы орган мүшелерінің білімі мен құзыреті болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 231-тармақтың 20-1) және 20-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "20-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-бағдарламалардың орындалуы туралы;

      20-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысы бойынша талдамалық есеп туралы;".

      3. "Байқау кеңесін құру және тарату тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 80 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36660 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесін құру және тарату тәртібі, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидалары осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарда:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Компанияның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болуға:

      1) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) бұрын төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайланбайды. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 64-бабына және "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес акцияларға иелік ететін акционерлермен (мүшелермен), Басқарма (атқарушы орган) мүшелерімен директорлар кеңесіндегі (байқау кеңестеріндегі) жұмыстан басқа байланысы бар адам сайланбайды;";

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 14 Тізбеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрінің
2025 жылғы 20 тамыздағы
№ 80 бұйрығымен бекітілген
Байқау кеңесін құру және тарату
тәртібі, байқау кеңесінің
құрамына сайланатын адамдарға
қойылатын талаптар, сондай-ақ
байқау кеңесінің мүшелерін
конкурстық іріктеу және
олардың өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтату
тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Байқау кеңесін құру және тарату тәртібі, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 182-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде байқау кеңесін құру және тарату тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) байқау кеңесі – Заңда және (немесе) мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында қатысушының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органы;

      2) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган;

      3) кандидат – мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына тәуелсіз мүше лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын жеке тұлға;

      4) компания – мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      5) конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі құратын, конкурстық құжаттаманы дайындауға, конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізуге, кандидаттарды бағалауға, олармен әңгімелесу өткізуге және жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңестерінің мүшелігіне тәуелсіз мүшелер тізіліміне енгізу үшін шешімдер дайындауға жауапты алқалы орган;

       6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардағы директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелігіне тәуелсіз директорлардың (тәуелсіз мүшелердің) тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) құрамына сайлануға біліктілік талаптары сәйкес келетін, конкурстық іріктеуден өткен және ұсыныстарды қарауға не сайлау үшін ұсынылуға ниет білдірген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      8) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, Тізілімге бірыңғай кіру нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      9) мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы;

      10) мүдделер қақтығысы – байқау кеңес мүшесінің жеке мүддесі мен оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері арасындағы осы заңды мүдделерге зиян келтіруге алып келе алатын қарама-қайшылық туындайтын жағдай;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      12) "электрондық үкіметтің" шлюзі – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.

2-тарау. Байқау кеңесін құру және тарату тәртібі

      3. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде байқау кеңесі Заңның 182-1-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттарға сәйкес болған кезде құрылады.

      4. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды.

      5. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ сан болып белгіленеді және бір-бірімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде 5 (бес) адамды құрайды.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі байқау кеңесі құрамының кемінде жартысы осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес конкурстық негізде сайланатын байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болып табылады.

      6. Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.

      7. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің қызметін жүзеге асыру және оның шешімдер қабылдау тәртібі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысымен, сондай-ақ жалғыз қатысушы қабылдаған өзге де актілермен айқындалады.

      Бақылау кеңесінде дауыс беру кезінде кеңестің әр мүшесінің 1 (бір) дауысы болады.

      8. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде байқау кеңесін тарату, егер мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік Заңның 182-1-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

      Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде байқау кеңесін тарату жалғыз қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады және шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің назарына жеткізіледі.

3-тарау. Байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар

      9. Байқау кеңесінің құрамына тәуелсіз мүшелерге кандидаттарды іріктеу кезінде мынадай біліктілік талаптары:

      1) компанияның негізгі қызметіне сәйкес келетін салада және аудит және/немесе қаржы және/немесе басқару (менеджмент) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;

      2) компанияның қызметін реттейтін бейіндік заңнаманы және "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білу;

      3) экономикалық қызмет түрінде компанияның бейініне сай келетін мамандық бойынша кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі;

      4) басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі;

      5) байқау кеңесі мүшесінің позициясында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі;

      6) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшының орынбасары немесе бас бухгалтері болып сайлану (тағайындалу) фактісінің болмауы;

      7) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы;

      8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісінің болмауы;

      9) "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес акцияларға иелік ететін мүшелермен, атқарушы орган мүшелерімен үлестестіктің болмауы назарға алынады.

4-тарау. Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу тәртібі

      10. Басқару органы байқау кеңесінің мүшелігіне жаңа кандидаттарға шоғырландырылған қажеттілікті жалғыз қатысушының шешімімен белгіленген байқау кеңесінің қазіргі мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 6 (алты) ай бұрын қалыптастырады және мемлекеттік мүлікті басқару субъектісін жазбаша нысанда хабардар етеді.

      11. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі басқару органынан хабарлама алғаннан кейін:

      1) 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурсты өткізудің күнін және орнын айқындайды;

      3) конкурсты дайындауды және өткізуді жүзеге асырады;

      4) Комиссия құрады және Комиссия хатшысын тағайындайды.

      12. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;

      2) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      3) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңестерінің мүшелеріне кандидаттарды бағалайды;

      4) кандидаттармен әңгімелесу өткізеді;

      5) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқау кеңестерінің мүшелері ретінде тәуелсіз мүшелер тізіліміне кандидаттарды қосу туралы шешім қабылдайды.

      13. Комиссия мүшелерінің саны 6 (алты) адамнан 9 (тоғыз) адамға дейін. Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын комиссия мүшелерінің үлесі жалпы санның кемінде 50%-ын құрайды.

      Комиссия құрамына корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің және/немесе өзге де ұйымдардың/сарапшылардың кәсіптік бірлестіктерінің өкілдері де тұрақты негізде енгізіледі.

      Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің және/немесе өзге де ұйымдарының/ сарапшылардың кәсіптік бірлестіктерінің атынан өкілдік ететін мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын комиссия мүшелері комиссия жұмысына қатысу үшін тартылады және кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі мен тәжірибесі болады.

      Салалық бағыттар бойынша мәселелерді қарау кезінде басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ компаниялардың байқау кеңестерінің төрағалары мемлекеттік мүлікті басқару субъектісінің шешімі бойынша Комиссия құрамына тартылады.

      Комиссияның құрамын мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі қалыптастырады.

      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын Комиссияның құрамына мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органнан және тиісті саланың уәкілетті органынан бір өкілден тұрақты негізде енгізіледі.

      Комиссия төрағасын Комиссия мүшелері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды.

      Комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі жұмыскерлерінің арасынан хатшы тағайындалады, ол отырыстарды дайындауды жүзеге асырады және Комиссия қабылдаған шешімдерді ресімдейді.

      14. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес конкурс өткізу туралы шешім қабылданған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде компаниялардың байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыруды тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      15. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер:

      1) конкурсты өткізу күні мен орны;

      2) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны және оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген компанияның атауы;

      3) конкурсқа кандидаттарға қойылатын талаптар;

      4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі қамтылады.

      Кандидаттардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Кандидаттар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

      16. Кандидаттар конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, ЭЦҚ пайдаланылып қол қойылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсынады.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан веб-портал тізілімнің "электрондық үкімет" шлюзі арқылы конкурсқа қатысу туралы өтінішке кандидаттың мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын;

      2) білімі туралы;

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттарын;

      4) соттылығының жоқ екендігі туралы;

      5) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактілерінің жоқ екендігі туралы құжаттарын автоматты түрде тіркейді.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысу туралы өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттар болған, сондай-ақ кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болған кезде Комиссия кандидатты конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімді құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әңгімелесу өткізу графигі Комиссияның хаттамасымен бекітіледі және отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      18. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия әңгімелесу өткізу графигі тізілімінің веб-порталында орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс кандидаттарымен әңгімелесу өткізеді.

      Кандидат дәлелді себептермен, елден тыс жерлерде болуы не өзін нашар сезінуі, өзге де жағдайлар бойынша жеке өзінің қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған кезде қашықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

      19. Конкурс кандидаттарымен әңгімелесу өткізу кезінде Комиссия олардың компанияның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын білуін тексереді.

      Сондай-ақ кандидаттардың кәсіптік білімі осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес біліктілік талаптары негізінде айқындалады.

      20. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі оны білдірген жағдайда жазбаша нысанда баяндалады және хаттамаға қоса беріледі.

      Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссияның барлық мүшесі конкурс өткізілетін күні қол қояды.

      Комиссия хаттамасы отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      21. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін 2 (екі) кандидаттан кем өтініш ұсынылса не өтініштер келіп түспесе немесе кері қайтарып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеген деп танылады және мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі оны өткізу күні тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын конкурс өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

      Қайта конкурс комиссия конкурсты өтпеді деп таныған күннен бастап осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен кейін өткізіледі.

      22. Комиссия әңгімелесу және кандидаттарды бағалау нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша кандидаттарды Тізілімге енгізу жөнінде шешім қабылдайды.

      Комиссия Тізілімге енгізу үшін тәуелсіз мүше позициясына 10 (он) кандидатқа дейін таңдайды.

      23. Басқару органы байқау кеңесінің мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Басқару органы мемлекеттік мүлікті басқару субъектісімен келісу бойынша жалғыз қатысушының сол компания бойынша Тізілімге енгізілген адамдар арасынан компанияның байқау кеңесінің құрамына тәуелсіз мүше лауазымына кандидатты сайлау туралы шешімін қабылдайды.

5-тарау. Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату

      24. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі оның жазбаша өтініші негізінде және/немесе жалғыз қатысушының шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      Байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтінішінде оның бұдан әрі өз міндеттерін орындамауының себебі көрсетіледі.

      25. Жалғыз қатысушы өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны қарайды және тиісті шешім қабылдайды.

      26. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған жағдайда, байқау кеңесі қайта ұйымдастыру аяқталғанға дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн бұрын өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

  Байқау кеңесін құру және тарату
қағидаларына, байқау кеңесінің
құрамына сайланатын адамдарға
қойылатын талаптарға, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін
конкурстық іріктеу және
олардың өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтату
тәртібіне 1-қосымша

Нысан

Конкурсқа қатысу туралы өтініш

Мені тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын:___________________ ______________
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) бекітілген Байқау кеңесін құру және тарату тәртібінің талаптарымен, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Құжаттардың анықтығын растаймын және сауалнамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап беремін.
"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес акцияларға иелік ететін акционерлермен үлестестіктің жоқ екендігі туралы хабардар етемін.
Қоса беріліп отырған құжаттар:_________________________________
__________________________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
Байланыс телефондары: _________________________________________
e-mail: _______________________________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________
20__ жылғы "__" ______сағат 00:00-де қол қойылды және жіберілді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты


  Байқау кеңесін құру және тарату
қағидаларына, байқау кеңесінің
құрамына сайланатын адамдарға
қойылатын талаптарға, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін
конкурстық іріктеу және
олардың өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтату
тәртібіне 2-қосымша

Нысан

Кандидаттың
3х4 суреті


Сауалнама (өз қолымен толтырылады)

Тегі_____________________________________________________

Аты_________________________________________________________

Әкесінің аты (болған жағдайда)_________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз______________________________________________

Азаматтығы_________________________________________________

Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз________________________________________________________

__________________________________________________________________

ЖСН_________________________________________________________

Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Шетелде оқуы не жұмысы_______________________________________

Барған елі____________________________________________________

__________________________________________________________________

Болу уақыты_________________________________________________

__________________________________________________________________

  Жұмыс немесе оқу орны_______________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Сіз соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін_________________________________________________

_________________________________________________________________

Сіз белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік органдарда лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не

үшін_____________________________________________________________

___________________________________________________________________

Сіз белгілі бір мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не

үшін_______________________________________________________________

_________________________________________________________________

20___ жылғы "_____" ______

(қолы)

  Байқау кеңесін құру және тарату
қағидаларына, байқау кеңесінің
құрамына сайланатын адамдарға
қойылатын талаптарға, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін
конкурстық іріктеу және
олардың өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтату
тәртібіне 3-қосымша

Нысан

Әңгімелесу өткізу графигі

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Әңгімелесуді өткізу орны, күні және уақыты

1



2



3



_____________________________________________________________
(Комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 14 Тізбеге 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер – Министрінің
орынбасары - Ұлттық экономика
министрінің
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 87 бұйрығына 1-қосымша

Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган;

      2) кандидат – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамында тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын жеке тұлға;

      3) компания – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      4) конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі құратын, конкурстық құжаттаманы дайындауға, конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізуге, кандидаттарды бағалауға, олармен әңгімелесулер жүргізуге және оларды мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізіліміне енгізу үшін шешімдер дайындауға жауапты алқалы орган;

      5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген, біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстық іріктеуден өткен жеке тұлғалар туралы мәліметтер жиынтығы;

      7) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, Тізілімге бірыңғай кіру нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      8) мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      10) "электрондық үкіметтің" шлюзі – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.

      3. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу тізілімнің веб-порталында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу тәртібі

      4. Басқару органы директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелігіне жаңа кандидаттарға шоғырландырылған қажеттілікті жалғыз акционердің (қатысушының) шешімімен белгіленген директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) қолданыстағы мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 6 (алты) ай бұрын қалыптастырады және мемлекеттік мүлікті басқару субъектісін жазбаша нысанда хабардар етеді.

      5. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі басқару органынан хабарлама алғаннан кейін:

      1) 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурсты өткізудің күнін және орнын айқындайды;

      3) конкурсты дайындауды және өткізуді жүзеге асырады;

      4) Комиссия құрады және Комиссия хатшысын тағайындайды.

      6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;

      2) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      3) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне кандидаттарды бағалайды;

      4) кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді;

      5) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) мүшелері ретінде тәуелсіз директорларға (мүшелерге) Тізілімге кандидаттарды қосу туралы шешім қабылдайды.

      7. Комиссия мүшелерінің саны 6 (алты) адамнан 9 (тоғыз) адамға дейін. Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын комиссия мүшелерінің үлесі жалпы санның кемінде 50%-ын құрайды.

      Комиссия құрамына корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің және/немесе өзге де ұйымдардың/сарапшылардың кәсіптік бірлестіктерінің өкілдері де тұрақты негізде енгізіледі.

      Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің және/немесе сарапшылардың өзге де ұйымдарының/кәсіптік бірлестіктерінің атынан өкілдік ететін мемлекеттік қызметші болып табылмайтын комиссия мүшелері комиссия жұмысына қатысу үшін тартылады және кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі мен тәжірибесі болады.

      Басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ компаниялардың директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) төрағалары мемлекеттік мүлікті басқару субъектісінің шешімі бойынша салалық бағыттар бойынша мәселелерді қарау кезінде Комиссия құрамына тартылады.

      Комиссияның құрамын мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі қалыптастырады.

      Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган құратын Комиссияның құрамына мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және тиісті саланың уәкілетті органының бір өкілі тұрақты негізде енгізіледі.

      Комиссия төрағасын Комиссия мүшелері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды.

      Комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі қызметкерлерінің арасынан хатшы тағайындалады, ол отырыстарды дайындауды жүзеге асырады және Комиссия қабылдаған шешімдерді ресімдейді.

      8. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес конкурс өткізу туралы шешім қабылданған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде компаниялардың директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) тәуелсіз директорларын (тәуелсіз мүшелерін) іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыруды тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      9. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) конкурсты өткізу күні мен орны;

      2) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны және оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген компанияның атауы;

      3) конкурсқа кандидаттарға қойылатын талаптар;

      4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі.

      Кандидаттардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Кандидаттар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

      10. Кандидаттар конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, ЭЦҚ пайдаланылып қол қойылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсынады.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан веб-портал тізілімнің "электрондық үкімет" шлюзі арқылы конкурсқа қатысу туралы өтінішке кандидаттың мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын;

      2) білімі туралы;

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттар;

      4) соттылығының жоқ екендігі туралы;

      5) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактілерінің жоқ екендігі туралы құжаттарын автоматты түрде тіркейді.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысу туралы өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде, сондай-ақ 3-тарауға сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу өлшемшарттарына кандидаттар сай болғанда, Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кандидатты конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

      Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әңгімелесу өткізу графигі Комиссияның хаттамасымен бекітіледі және отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      12. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия әңгімелесу өткізу графигі тізілімінің веб-порталында орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс кандидаттарымен әңгімелесу өткізеді.

      Кандидат дәлелді себептермен, елден тыс жерлерде болуы не өзін нашар сезінуі, өзге де жағдайлар бойынша жеке өзінің қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған кезде қашықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

      13. Комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізген кезде компания қызметі және корпоративтік басқару саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тексеріледі.

      Сондай-ақ, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу өлшемшарттары негізінде конкурс кандидаттарының кәсіби білімі айқындалады.

      14. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі білдірілген жағдайда жазбаша нысанда баяндалады және хаттамаға қоса беріледі.

      Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурс өткізілетін күні Комиссияның барлық мүшесі қол қояды.

      Комиссия хаттамасы отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      15. Егер конкурсқа қатысуға Қағидалардың 3-тарауына сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келетін 2 (екі) кандидаттан аз өтініш ұсынылса не өтініштер түспесе немесе қайтарылып алынса, сондай-ақ Конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеген деп танылады және мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі оны өткізу күні тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын конкурс өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

      Қайта конкурс комиссия конкурсты өтпеді деп таныған күннен бастап осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен кейін өткізіледі.

      16. Әңгімелесу және кандидаттарды бағалау нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Комиссия кандидаттарды Тізілімге енгізу жөнінде шешім қабылдайды.

      Комиссия Тізілімге енгізу үшін тәуелсіз директор (мүше) позициясына 10 (он) кандидатқа дейін таңдайды.

      17. Басқару органы директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Басқару органы мемлекеттік мүлікті басқару субъектісімен келісу бойынша жалғыз акционердің (қатысушының) сол компания бойынша Тізілімге енгізілген адамдар арасынан компанияның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына кандидатты сайлау туралы шешімін қабылдайды.

3-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу өлшемшарттары

      18. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу мынадай өлшемшарттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) компанияның негізгі қызметіне сәйкес келетін салада және аудит және/немесе қаржы және/немесе басқару (менеджмент) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;

      2) компания қызметін реттейтін бейінді заңнаманы және Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін білу;

      3) экономикалық қызмет түрінде компания бейініне сәйкес келетін мамандықта кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі;

      4) басқарушы лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибе;

      5) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшесі позициясында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі;

      6) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшының орынбасары немесе бас бухгалтері болып сайлану (тағайындалу) фактісінің болмауы;

      7) заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы;

      8) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісінің болмауы;

      9) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес акцияларға иелік ететін акционерлермен (мүшелермен), Басқарма мүшелерімен (атқарушы органмен) үлестестіктің болмауы.

  Ұлттық әл-ауқат қорын және
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорын қоспағанда,
жарғылық капиталына мемлекет
жүз пайыз қатысатын
акционерлік қоғамдардың
(жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің) директорлар
кеңесінің (байқау кеңесінің)
құрамына тәуелсіз
директорларды (тәуелсіз
мүшелерді) іріктеу қағидалары
мен өлшемшарттарына
1-қосымша

Нысан

Конкурсқа қатысу туралы өтініш

Мені тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын:_____________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Құжаттардың анықтығын растаймын және сауалнамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап беремін.
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес акцияларға иелік ететін акционерлермен (мүшелермен), Басқарма (атқарушы орган) мүшелерімен үлестестіктің жоқ екендігі туралы хабардар етемін.
Қоса беріліп отырған құжаттар:___________________________________
Мекенжай ____________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________
e-mail: ________________________________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)__________________ ______________
20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қол қойылды және жіберілді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ-мен қол қойылған күн және уақыты";


  Ұлттық әл-ауқат қорын және
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорын қоспағанда,
жарғылық капиталына мемлекет
жүз пайыз қатысатын
акционерлік қоғамдардың
(жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің) директорлар
кеңесінің (байқау кеңесінің)
құрамына тәуелсіз
директорларды (тәуелсіз
мүшелерді) іріктеу қағидалары
мен өлшемшарттарына
2-қосымша

Нысан

Кандидаттың 3х4 суреті


Сауалнама (өз қолымен толтырылады)

Тегі________________________________________________________________

Аты_______________________________________________________________

Әкесінің аты (болған жағдайда)_________________________________ ____

Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін

көрсетіңіз _________________________________________________________

___________________________________________________________________

Азаматтығы_________________________________________________________

Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін

көрсетіңіз__________________________________________________________

___________________________________________________________________

ЖСН______________________________________________________________

Сотталдыңыз ба, қашан және не

үшін _____________________________________________________________

__________________________________________________________________

Шетелде оқу не жұмыс істеу__________________________________________

Барған елі__________________________________________________________

__________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Болу уақыты________________________________________________________

__________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орны______________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Сіз соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе

тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және

не үшін___________________________________________________________

__________________________________________________________________

Сіз белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік органдарда лауазымды атқару

құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не

үшін_______________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Сіз белгілі бір мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымды атқару

құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ________________________

___________________________________________________________________

20___ жылғы "_____"______

(қолы)

  Ұлттық әл-ауқат қорын және
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорын қоспағанда,
жарғылық капиталына мемлекет
жүз пайыз қатысатын
акционерлік қоғамдардың
(жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің) директорлар
кеңесінің (байқау кеңесінің)
құрамына тәуелсіз
директорларды (тәуелсіз
мүшелерді) іріктеу қағидалары
мен өлшемшарттарына
3-қосымша

Нысан

Әңгімелесу өткізу графигі

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Әңгімелесуді өткізу орны, күні және уақыты

1



2



3



____________________________________________________________________
(Комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары – Ұлттық
  экономика министрі
  2026 жылғы 26 ақпандағы
  № 14 Тізбеге 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 87 бұйрығына 2-қосымша

Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру мен жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) кандидат – мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамында тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын жеке тұлға;

      2) компания – мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      3) конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) - мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі құратын, конкурстық құжаттаманы дайындауға, конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізуге, кандидаттарды бағалауға, олармен әңгімелесулер өткізуге және оларды мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізіліміне енгізу үшін шешімдер дайындауға жауапты алқалы орган;

      4) мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін және конкурстық іріктеуден өткен жеке тұлғалар туралы мәліметтердің жиынтығы;

      5) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, Тізілімге бірыңғай кіру нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      6) мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы.

2-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Конкурс қорытындылары бойынша кандидаттарды Тізілімге енгізуді "Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес Комиссияның шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі тізілімнің веб-порталында Тізілімді электрондық түрде қалыптастырады және жүргізеді.

      5. Кандидатты Тізілімге енгізу Комиссия кандидатты Тізілімге енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      6. Тізілімге нақты компанияның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына сайлау үшін кандидатураларды іріктеуге мүдделі адамдар айқындайтын өлшемшарттар бойынша Тізілімде кандидаттарды іздестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нысанда сауалнамаларда көрсетілген мәліметтер енгізіледі.

      7. Тізілімге енгізілген адамдар Тізілімге енгізілген сәттен бастап 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімде директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына сайлау үшін кандидаттар ретінде қаралады.

      8. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі қажеттілігіне қарай тізілімнің веб-порталында Тізілімнің өзектілендірілуін қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары – Ұлттық
  экономика министрі
  2026 жылғы 26 ақпандағы
  № 14 Тізбеге 4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің
  2025 жылғы 29 тамыздағы
  № 87 бұйрығына
  3-қосымша

Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың жалпы тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) басқару органы – акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган.

      2) компания – мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      3. Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелеріне сыйақы төленбейді.

2-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындау тәртібі

      4. Жылдық сыйақы деңгейі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады және 3 (үш) жылда бір рет қайта қаралады.

      5. Әрбір компанияның деңгейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай компания деңгейін айқындау жөніндегі факторлық шәкілге сәйкес басқару органы айқындайды.

      6. Компанияның деңгейін айқындайтын факторлар ретінде компанияның бекітілген қаржылық есептілігінің деректері негізінде компанияның соңғы 3 (үш) жылдағы активтерінің баланстық құны және жалпы кірісі көрсеткіштерінің орташа мәндері қолданылады.

      7. Қайта ұйымдастырылған немесе жаңадан құрылған компаниялар үшін көрсеткіштердің жоспарлы мәндері негізге алынады.

      8. Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) жанындағы комитеттерге төрағалық еткені және мүшелік еткені үшін қосымша тіркелген сыйақы төленеді.

      Комитетке төрағалық еткені үшін белгіленген жылдық сыйақының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде қосымша сыйақы төленеді.

      Комитетке мүшелік еткені үшін директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшелерінің сыйақысы ескеріле отырып, комитеттің әрбір отырысына қатысқаны үшін сыйақы төленеді. Комитеттің әрбір отырысына қатысқаны үшін сыйақының шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленеді.

      9. Директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшелерінің жылдық сыйақы сомасы осы Қағидалардың 4 - 6-тармақтарында белгіленген нормалар ескеріле отырып, акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының немесе қатысушылардың (жалғыз қатысушының) жалпы жиналысының шешімімен белгіленеді.

      Директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшелерінің жылдық сыйақы сомаларының мөлшері компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің нақты және жоспарлы көрсеткіштері негізге алына отырып, осы Қағидалардың 4 - 6-тармақтарында белгіленген мәндерден төмен белгіленуі мүмкін.

      Акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының немесе қатысушылардың (жалғыз қатысушының) жалпы жиналысының шешімінде сыйақы мөлшерінің төмендеуі не оның төленбеуі туралы себеп көрсетіледі.

      10. Ұлттық басқарушы холдингтердің директорлар кеңесі мүшелерінің жылдық сыйақы сомасы осы Қағидалардың 4 - 6-тармақтарында белгіленген нормалар қолданылмай, акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының шешімімен дербес белгіленеді.

      11. Директорлар кеңесінің мүшелері сырқаттанған, демалыста және іссапарда болған жағдайларды қоспағанда, есепті кезеңде директорлар кеңесі комитетінің (байқау кеңесінің) өткізілген күндізгі және сырттай отырыстарының жартысынан азына қатысқан жағдайда сыйақы 50%-ға (елу пайызға) азаяды.

      12. Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелеріне директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) отырыстарына, сондай-ақ директорлар кеңесі (байқау кеңесі) төрағасының не оның міндетін атқарушы адамның мақұлдауымен акционер бастама жасаған, директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшесінің тұрақты тұрғылықты жерінен тыс жерде өткізілетін кездесулер мен іс-шараларға шығуына байланысты шығыстары өтеледі.

      13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген шығыстарды өтеуді компания өзінің ішкі құжаттарында көзделген компанияның іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде жүргізеді.

  Ұлттық әл-ауқат қорын және
  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі
  серіктестіктердің) директорлар
  кеңесінің (байқау кеңестерінің)
  мүшелеріне сыйақы төлеу және
  шығыстарын өтеу деңгейін
  айқындаудың үлгілік
  қағидаларына 1-қосымша

Жылдық сыйақы деңгейі

Компания деңгейі

Позиция

1000 айлық есептік көрсеткішке қатысты коэффициентпен көрсетілген жылдық сыйақы диапазоны

1

Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) төрағасы

1,3 – 1,5

2

1,6 – 1,9

3

2 – 2,4

4

2,5 – 3

5

3,1 – 3,9

6

4 – 5

7

6-8

Компания деңгейі

Позиция

Жылдық сыйақы 1000 айлық есептік көрсеткішке қатысты коэффициент

1

Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері

1 – 1,2

2

1,3 – 1,5

3

1,6 – 1,9

4

2 – 2,4

5

2,5 – 2,9

6

3 – 3,9

7

4-5

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылмайтын заңды тұлғада жылдық сыйақы төленген жағдайда, мұндай сыйақы төлем күніне Ұлттық Банктің осындай валютаға теңгенің ресми бағамы бойынша шетел валютасымен төленеді.

  Ұлттық әл-ауқат қорын және
  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі
  шектеулі серіктестіктердің)
  директорлар кеңесінің (байқау
  кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша

Компания деңгейін айқындау жөніндегі факторлық шәкіл (млн теңгемен)

Кірістер

50-ден аз

50 -500

500 – 5 000

5000-50 000

50 000- 500 000

500 000-

5 000 000-нан жоғары

/активтер

5 000 000

250-ден аз

1

1

1

2




250 - 2500

1

2

2

2

3



2 500 - 25 000

1

2

3

3

3

4


25 000 - 250 000

2

2

3

4

4

4

5

250 000 - 2 500 000


3

3

4

5

5

5

2 500 000 - 25 000 000



4

4

5

6

6

25 000 000-нан жоғары




5

5

6

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады