Байқау кеңесін құру және тарату тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 36660 № 36636 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 25.09.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 182-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байқау кеңесін құру және тарату тәртібі, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 20 тамыздағы
№ 80 бұйрығымен
бекітілген

Байқау кеңесін құру және тарату тәртібі, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Байқау кеңесін құру және тарату тәртібі, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 182-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде байқау кеңесін құру және тарату тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) байқау кеңесі – Заңда және (немесе) мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында қатысушының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органы;

      2) кандидат – мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамында тәуелсіз мүше лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын жеке тұлға;

      3) компания – мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      4) комиссия – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын, кандидаттарды бағалауға, олармен әңгімелесу жүргізуге және жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңестерінің мүшелігіне тәуелсіз мүшелер тізіліміне енгізу үшін шешімдер дайындауға жауапты алқалы орган;

      5) мүдделер қақтығысы – байқау кеңес мүшесінің жеке мүддесі мен оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері арасындағы осы заңды мүдделерге зиян келтіруге алып келе алатын қарама-қайшылық туындайтын жағдай;

      6) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңда көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;

      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      9) мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардағы директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелігіне тәуелсіз директорлардың (тәуелсіз мүшелердің) тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) құрамына сайлануға біліктілік талаптары сәйкес келетін, конкурстық іріктеуден өткен және ұсыныстарды қарауға не сайлау үшін ұсынылуға ниет білдірген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық жүйесі.

2-тарау. Байқау кеңесін құру және тарату тәртібі

      3. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер Заңның 182-1-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттарға сәйкес болған кезде байқау кеңесі құрылады.

      4. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі бес жылдан аспайды.

      5. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ сан болып белгіленеді және бір-бірімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысымен жақын туыстық және қасиеттік қатынастарда болмайтын кемінде бес адамды құрайды.

      Байқау кеңесінің құрамына осы Тәртіптің 9-тармағына сәйкес байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысының өкілі кіреді.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі байқау кеңесі құрамының кемінде жартысы осы Тәртіптің 4-тарауына сәйкес конкурстық негізде сайланатын байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болып табылады.

      6. Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.

      7. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің жұмысын ұйымдастыру үшін мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмыскерлері арасынан байқау кеңесінің хатшысы тағайындалады.

      Бақылау кеңесінде дауыс беру кезінде кеңестің әр мүшесінің бір дауысы болады.

      8. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде байқау кеңесін тарату, егер мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік Заңның 182-1-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

      Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде байқау кеңесін тарату жалғыз қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады және шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің назарына жеткізіледі.

3-тарау. Байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар

      9. Байқау кеңесінің құрамына тәуелсіз мүшелер кандидаттарын іріктеу кезінде мынадай біліктілік талаптар:

      1) басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 (бес) жыл;

      2) байқау кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі – кемінде 3 (үш) жыл;

      3) жұмыс өтілі– кемінде 10 (он) жыл;

      4) халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, білімі, мамандығы;

      5) бағыттар мен салалар бойынша құзыреттердің болуы (салалар активтер портфеліне байланысты өзгеруі мүмкін);

      6) іскерлік бедел;

      7) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы назарға алынады.

      Байқау кеңесі мүшесінің лауазымына мына:

      1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      2) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе сақтап қою туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адамдар сайланбайды. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе сақтап қою туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар сайланбайды.

4-тарау. Байқау кеңесінің құрамына мүшелерді конкурстық іріктеу тәртібі

      10. Байқау кеңесінің мүшелігіне тағайындау үшін тәуелсіз мүшелерді іріктеу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) компанияның қажеттілікті айқындауы және ақпаратты тиісті саланың уәкілетті органына жіберуі;

      2) тиісті саланың уәкілетті органының байқау кеңестеріне тәуелсіз мүшелерді іріктеу қажеттілігі туралы ақпаратты жинау, талдау, шоғырландыру және жоспарлы конкурсты ұйымдастыру үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру;

      3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның кандидаттарды саралау және іріктеу жөніндегі жоспарлы конкурсын өткізу, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жоспарлы конкурс қорытындылары бойынша Тізілімді өзектілендіруі;

      4) тиісті саланың уәкілетті органының белгіленген тәртіппен байқау кеңесінің мүшелігіне тағайындау үшін байқау кеңесі төрағасының қатысуымен жоспарлы конкурстың қорытындылары бойынша Тізілімнен кандидатты таңдауы;

      5) компанияның жоспарлы конкурсты өткізу қорытындылары бойынша кандидаттар болмаған жағдайда кандидаттарды іздеу және іріктеу жөніндегі жоспардан тыс конкурсты ұйымдастыруы, белгіленген тәртіппен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидатты сайлауы, жоспардан тыс конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның Тізілімді өзектілендіруі.

      Компания осы Тәртіптің 12-тармағында көзделген құжаттарды және жалғыз қатысушының шешімімен белгіленген жұмыс істейтін байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері аяқталған күнге дейін 6 (алты) ай бұрын тиісті саланың уәкілетті органына байқау кеңесінің мүшелеріне кандидаттарды тартуға қажеттілік туралы еркін нысандағы өтінімді жібереді.

      Тиісті саланың уәкілетті органы деректерді жинауды және талдауды жүзеге асырады және алдағы жылға байқау кеңестерінің мүшелігіне білімі, тәжірибесі, дағдылары бойынша, сондай-ақ байқау кеңестерінің құрамын өзгерту мерзімдері бойынша салалық ерекшелік бөлінісінде жалпы шоғырландырылған қажеттілікті қалыптастырады және компаниялар бөлінісінде шоғырландырылған ақпаратты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға береді, ол анықталған қажеттілікке сәйкес конкурс өткізуді жоспарлайды.

      Тиісті саланың уәкілетті органы өтініш пен осы Тәртіптің 12-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олар сәйкес келген жағдайда, оларды жоспарлы конкурс ұйымдастыру үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Тиісті саланың уәкілетті органы ұсынылған құжаттар осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды компанияға қайтарады.

      11. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган байқау кеңестеріне тәуелсіз мүшелерді іріктеу қажеттілігі туралы ақпаратты алғаннан кейін жоспарлы конкурс ұйымдастырады және компанияның байқау кеңесі мүшелерін іріктеу жөніндегі жоспарлы конкурсты өткізу туралы ақпаратты орналастырады.

      Компаниялардың байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелерін іріктеу бойынша жоспарлы конкурс өткізу туралы ақпарат мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының және компаниялардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар компанияға қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда мынадай құжаттарды:

      1) осы Тәртіптке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған сауалнаманы;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      4) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

      13. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органынан байқау кеңестеріне тәуелсіз мүшелерді іріктеу қажеттілігі туралы ақпаратты алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кандидаттардың осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.

      14. Кандидаттардың осы қағидалардың 9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган комиссиямен әңгімелесу өткізу үшін кандидаттардың тізімін қалыптастырады.

      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган кандидаттарға Комиссия отырысына шақыруды оның өткізілетін күнін, уақытын және орнын, сондай-ақ өткізу форматын көрсетіп (электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып онлайн және/немесе бетпе-бет тәртібінде) жібереді. Комиссия отырысы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган байқау кеңестеріне тәуелсіз мүшелерді іріктеу қажеттілігі туралы ақпарат алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.

      15. Комиссияны қалыптастыру мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Комиссияның құрамына мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің және/немесе сарапшылардың өзге де ұйымдарының/кәсіптік бірлестіктерінің өкілдері тұрақты негізде енгізіледі.

      16. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің және/немесе сарапшылардың өзге де ұйымдарының/кәсіптік бірлестіктерінің атынан өкілдік ететін мемлекеттік қызметші болып табылмайтын Комиссия мүшелері Комиссия жұмысына қатысу үшін тартылады және танылған беделге, еңбек өтіліне және кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесіне немесе Комиссия мүшесі ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында кемінде 5 (бес) жыл ғылым кандидаты, философия (PhD) докторы немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда ие болады. Комиссия мүшелерінің саны 3-тен (үштен) 11 (он бір) адамға дейін болады. Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын Комиссия мүшелерінің үлесі жалпы санының кемінде 50%-ын құрайды.

      Ұсынылатын әйелдердің үлесі бақылау кеңестерінің құрамында кемінде 30% болуы тиіс.

      17. Тиісті саланың уәкілетті органдарының өкілдері, сондай-ақ компаниялардың байқау кеңестерінің төрағалары мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша салалық бағыттар бойынша мәселелерді қарау кезінде Комиссия құрамына тартылады. Комиссия төрағасын Комиссия мүшелері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды.

      18. Кандидаттарды бейтарап бағалау мақсатында Комиссия мүшелері дербес, жауапкершілікпен және ақыл қонымды әрекет етеді. Комиссия мүшелеріне мемлекеттік және өзге де органдар, сондай-ақ лауазымды адамдар тарапынан қысым көрсетуге жол берілмейді.

      Комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері арасынан хатшы тағайындалады, ол отырыстарды дайындауды жүзеге асырады және Комиссия қабылдаған шешімдерді ресімдейді.

      19. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі. Отырыстар мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, Комиссия Төрағасының немесе мүшелерінің кемінде үштен екісінің бастамасы бойынша өткізіледі. Отырысты шақыру туралы хабарлама және оның күн тәртібі Комиссия мүшелеріне отырыс өткізілгенге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Комиссия отырысында кандидаттармен құзыреттері бойынша құрылымдық сұхбат әдісі бойынша әңгімелесу өткізіледі. Комиссия әңгімелесу өткізу үшін басқару құзыреттерін бағалау саласындағы сарапшыларды қосымша тарта алады. Комиссия отырысында Комиссия отырысының барысын тіркеу үшін аудио немесе бейнежазба құралдары қолданылады.

      Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда және Комиссия Төрағасының міндетті қатысуы кезінде өткізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      20. Отырыста мәселелерді шешу кезінде Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады және жеке өзі дауыс береді. Комиссия мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде Комиссияның басқа мүшесіне беруге жол берілмейді.

      Отырыста Комиссия хатшысы хаттама жүргізеді. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады. Отырыс хаттамасына Комиссия Төрағасы мен Комиссия хатшысы қол қояды және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының және компаниялардың интернет-ресурстарында жарияланады.

      Комиссия қабылдаған шешімдер Комиссия мүшелерінің назарына олардың сұрау салуы бойынша Комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жіберу арқылы жазбаша нысанда жеткізіледі.

      Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір дайындайды, ол жазбаша түрде жазылуға және отырыстың хаттамасына қоса берілуге тиіс.

      21. Егер белгіленген күні және уақытта Комиссия отырысы кворумның болмауы себебінен өтпеген жағдайда, Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерінің ұсынған құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Комиссия Төрағасы жаңа отырыстың өткізілетін күні мен уақытын, орнын белгілейді.

      22. Егер конкурсқа өтінімдер түспесе немесе берілген өтінімдер кері қайтарылып алынса, сондай ақ кандидаттар болмаған жағдайда, Комиссия конкурсты өткізілмеді деп жариялайды және конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.

      23. Әңгімелесу және кандидаттарды бағалау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Комиссия кандидаттарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын Тізілімге енгізу жөнінде шешім қабылдайды.

      24. Тиісті саланың уәкілетті органы байқау кеңесі төрағасының қатысуымен Тізілімге енгізілген адамдар арасынан байқау кеңестеріне кандидаттарды таңдауды дербес жүзеге асырады және заңнамада белгіленген тәртіппен сайлауды (тағайындауды) ұйымдастырады.

      25. Егер жоспарлы конкурстың қорытындылары бойынша Тізілімде талаптарға сәйкес келетін кандидаттар ұсынылмаса, онда тиісті саланың уәкілетті органы компанияның байқау кеңесі төрағасының қатысуымен кандидатты іріктеу туралы мәселеге дербес бастама жасайды және кандидаттың деректерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестікке бағалау үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      26. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган кандидаттың деректерін алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кандидаттың бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді және тиісті қорытынды береді.

      27. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде компанияның байқау кеңесінің төрағасы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның алдын ала бағалауынан өткен кандидатпен әңгімелесу өткізу мақсатында компанияның байқау кеңесінің отырысын ұйымдастырады. Отырысқа мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және тиісті саланың уәкілетті органының өкілдері шақырылады. Отырыста кандидатпен компанияның байқау кеңесінің мүшесі лауазымына орналасу үшін оның функционалдық және өзге де құзыреттерге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау үшін әңгімелесу өткізіледі.

      Әңгімелесу қорытындысы бойынша компанияның байқау кеңесіне белгіленген тәртіппен сайлау үшін, сондай-ақ Тізілімге енгізу үшін кандидатты ұсыну жөнінде шешім қабылданады.

5-тарау. Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату

      28. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі оның жазбаша өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      Байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтінішінде оның бұдан әрі өз міндеттерін орындай алмауының себебі көрсетіледі.

      29. Байқау кеңесі өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны қарайды және тиісті шешім шығарады.

      30. Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған жағдайда, байқау кеңесі қайта ұйымдастыру аяқталғанға дейін күнтізбелік жиырма бес күн бұрын өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

  Байқау кеңесін құру және тарату
тәртібіне, байқау кеңесінің
құрамына сайланатын адамдарға
қойылатын талаптарға, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін
конкурстық іріктеу және
олардың өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтату
тәртібіне
1-қосымша

      Нысан

Өтініш

      Мені тәуелсіз мүше лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.

      ___________ ____________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ ж. "____" _______________

  Байқау кеңесін құру және тарату
тәртібіне, байқау кеңесінің
құрамына сайланатын адамдарға
қойылатын талаптарға, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін
конкурстық іріктеу және
олардың өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтату
тәртібіне
2-қосымша

      Нысан

  Кандидаттың
  3х4 суреті

Сауалнама (өз қолымен толтырылады)

      Тегі_____________________________________________________________

      Аты______________________________________________________________

      Әкесінің аты (болған жағдайда)___________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз__________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Азаматтығы_________________________________________________________

      Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ЖСН________________________________________________________________

      Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін____________________________________

      Шетелде оқуы не жұмысы

      Барған елі___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Болу уақыты_________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жұмыс немесе оқу орны_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      20___ жылғы "_____" ______ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады