ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарында:
2-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
10) "цифрлық үкіметтің" шлюзі – "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Басқару органы тізілімнің веб-порталында директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелігіне жаңа кандидаттарға шоғырландырылған қажеттілікті жалғыз акционердің (қатысушының) шешімімен белгіленген директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) қазіргі мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 6 (алты) ай бұрын қалыптастырады.
5. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі басқару органы тізілімнің веб-порталында шоғырландырылған қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін:
1) 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсты өткізудің күнін және орнын айқындайды;
3) конкурсты дайындауды және өткізуді жүзеге асырады;
4) Комиссия құрады және Комиссия хатшысын тағайындайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Кандидаттар конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, ЭЦҚ пайдаланылып қол қойылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсынады.
Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер мен дерекқорлардан веб-портал тізілімнің "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы конкурсқа қатысу туралы өтінішке кандидаттың мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) білімі туралы;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттар;
4) соттылығының жоқ екендігі туралы;
5) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактілерінің жоқ екендігі туралы құжаттарын автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысу туралы өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.".
2. "Байқау кеңесін құру және тарату тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 80 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36660 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесін құру және тарату тәртібі, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібінде:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардағы директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелігіне тәуелсіз директорлардың (тәуелсіз мүшелердің) тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) құрамына сайлануға біліктілік талаптары сәйкес келетін, конкурстық іріктеуден өткен және ұсыныстарды қарауға не сайлау үшін ұсынылуға ниет білдірген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бірыңғай цифрлық жүйесі;";
2-тармақтың 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
12) "цифрлық үкіметтің" шлюзі – "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Басқару органы тізілімнің веб-порталында байқау кеңесінің мүшелігіне жаңа кандидаттарға шоғырландырылған қажеттілікті жалғыз қатысушының шешімімен белгіленген байқау кеңесінің қазіргі мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 6 (алты) ай бұрын қалыптастырады.
11. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі басқару органы тізілімнің веб-порталында шоғырландырылған қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін:
1) 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсты өткізудің күнін және орнын айқындайды;
3) конкурсты дайындауды және өткізуді жүзеге асырады;
4) Комиссия құрады және Комиссия хатшысын тағайындайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Кандидаттар конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, ЭЦҚ пайдаланылып қол қойылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсынады.
Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер мен дерекқорлардан веб-портал тізілімнің "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы конкурсқа қатысу туралы өтінішке кандидаттың мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) білімі туралы;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттарын;
4) соттылығының жоқ екендігі туралы;
5) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактілерінің жоқ екендігі туралы құжаттарын автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысу туралы өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.".
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, осы бұйрықтың 2-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
