ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 32-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-қала құрылысы кеңесінің типтік ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 54 бұйрығына қосымша |
Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ереже
1. Осы Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 32-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Сәулет-қала құрылысы кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру, адам өмір сүретін және тіршілік ететін ортаның сапасын арттыру, елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі мақсаттары және міндеттері
4. Кеңес:
1) монументтілік-көркемдiк безендіру, сәулет келбетi, елді мекеннің қала құрылысын жоспарлау және дизайн-коды бойыншы мәселелерді қарайды және ұсынымдар енгiзедi;
2) елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы қарайды;
3) елді мекендердің бас жоспарын іске асыру мониторингінің есебін қарайды;
4) ұсынылатын жобалардың қолданыстағы заңнамаға, қала құрылысы нормативтеріне, сондай-ақ елді мекендерді дамыту мен салудың стратегиялық құжаттарына сәйкестігін қарайды және қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
3. Кеңестің құрылымы мен оны басқару
5. Сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органы кемінде жеті адам тақ санында қалыптастырылады.
6. Сәулет-қала құрылысы кеңесіне жергілікті атқарушы органның өкілдері, сәулетшілер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, жобалау ұйымдарының, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мүддесін білдіретін ұйымдардың өкілдері кіреді.
7. Кеңесті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың әкімі – Төраға басқарады.
8. Кеңес төрағасының орынбасарлары:
облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімінің құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың бас сәулетшісі.
9. Кеңестің хатшысы болып сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның, Кеңес мүшесі болып табылмайтын және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ қызметкері тағайындалады.
10. Төраға болмаған жағдайда, Кеңес отырысын Кеңес Төрағасы орынбасарларының бiрi өткізе алады.
11. Бекітілген құрамнан басқа, Кеңес жұмысына дауыс беру құқығымен кәсіптік және қоғамдық бірлестіктердің, аккредиттелген қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері тартылады.
12. Кеңес отырыстарының кезеңділігін төраға немесе төрағаның орынбасары айқындайды.
4. Кеңестің жұмыс органы
13. Жұмыс органы келесі функцияларды орындайды:
1) Кеңес отырысы үшін материалдар жинақтау;
2) отырыстың күн тәртібін әзірлеу және хаттамаларды ресімдеу;
3) Кеңес мүшелерін отырыстың уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар ету;
4) Кеңес жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы функциялар.
14. Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес қабылдаған шешімдерді көрсететін хаттамалар жасайды. Қабылданған шешіммен келіспеген Кеңес мүшесі хаттамаға өзінің ерекше пікірінің мәтінін қоса беруге құқылы.
15. Егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, Кеңес шешімдері заңды деп есептеледі.
16. Кеңесті талқылау нәтижелері бойынша жобаны ұсынады:
1) іске асыру;
2) ескертулермен іске асыруға;
3) пысықтау үшін қайтару;
4) бас тарту.
17. Кеңес отырысының хаттамасы шешімдер қабылдау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес жобалары қаралған жеке және заңды тұлғаларға жіберіледі.
18. Кеңес жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылықты хабардар ету үшін Кеңес отырыстарына аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сәулетшілер, жоғары оқу орындарының сәулет факультеттерінің оқытушылары мен студенттері жіберіледі.