ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сәулет-қала құрылысы кеңесінің үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 54 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сәулет-қала құрылысы кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру, адам өмір сүретін және тіршілік ететін ортаның сапасын арттыру, елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы кемінде жеті адам тақ санында қалыптастырылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кеңесті астананың, облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың әкімі – Төраға басқарады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кеңес төрағасының орынбасарлары:
астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала әкімінің құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;
астананың, облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың бас сәулетшісі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес қабылдаған шешімдерді көрсететін хаттамалар жасайды. Қабылданған шешіммен келіспеген Кеңес мүшесі хаттамаға өзінің ерекше пікірінің мәтінін қоса береді.";
мемлекеттік тілдегі 17-тармақтың мәтіні өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
