"Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 ақпанда № 37927 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-91) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Бердалин

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 29 қаңтардағы
№ 40 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 304 бұйрығымен бекiтiлген
Нысан
  ____________________________
____________________________
(уәкілетті органның ведомствосы)
____________________________
____________________________
(уәкілетті орган ведомствосы
аумақтық бөлімшесінің атауы)

Балықтың қайдан ауланғаны туралы №______анықтама

  ____________________________
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы)
____________________________
________________________
берілді (басшыныңаты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)

Табиғи ортадағы балықтар ресурстары/ басқа су жануарлары үшін/ мелиоративтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек)

Аулау орнының (балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің) атауы

Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының түрлері

20_ жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балық ресурстары және (немесе) басқа су жануарлары үшін)

Мелиоративтік аулау шеңберінде (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жай-күй бойынша өтініш жасалған күнге мәлімделген ауланатын көлем (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жай-күй бойынша қалған қалдық (тонна)

1

2

3

4

5

6

7

      Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі электрондық кәсіпшілік ауланым деректері журналына енгізілген табиғи ортадағы балық ресурстарының/басқа су жануарларының / мелиортивтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек) қайдан ауланғанын және ақпараттық жүйеде болуын растайды:

Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының түрі

Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының расталатын көлемі (тонна)

1

2

3

Барлығы:


      *Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады

      Берілген күні 20 ___ жылғы "___" _________________________________

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады