Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 тамызда № 14117 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-91) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 29.01.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.

      2. "Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9570 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 1 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 304 бұйрығымен бекiтiлген
Нысан
  ____________________________
____________________________
(уәкілетті органның ведомствосы)
____________________________
____________________________
(уәкілетті орган ведомствосы
аумақтық бөлімшесінің атауы)

Балықтың қайдан ауланғаны туралы №______анықтама

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 29.01.2026 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  ____________________________
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы)
____________________________
________________________
берілді (басшыныңаты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)

Табиғи ортадағы балықтар ресурстары/ басқа су жануарлары үшін/ мелиоративтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек)

Аулау орнының (балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің) атауы

Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының түрлері

20_ жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балық ресурстары және (немесе) басқа су жануарлары үшін)

Мелиоративтік аулау шеңберінде (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жай-күй бойынша өтініш жасалған күнге мәлімделген ауланатын көлем (тонна)

20__ жылғы "__" ______ жай-күй бойынша қалған қалдық (тонна)

1

2

3

4

5

6

7

      Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі электрондық кәсіпшілік ауланым деректері журналына енгізілген табиғи ортадағы балық ресурстарының/басқа су жануарларының / мелиортивтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек) қайдан ауланғанын және ақпараттық жүйеде болуын растайды:

Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының түрі

Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының расталатын көлемі (тонна)

1

2

3

Барлығы:


      *Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады

      Берілген күні 20 ___ жылғы "___" _________________________________

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады