БҰЙЫРАМЫН:
1. "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-91) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Бердалин |
Балықтың қайдан ауланғаны туралы №______анықтама
Табиғи ортадағы балықтар ресурстары/ басқа су жануарлары үшін/ мелиоративтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек)
№ | Аулау орнының (балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің) атауы | Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының түрлері | 20_ жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балық ресурстары және (немесе) басқа су жануарлары үшін) | Мелиоративтік аулау шеңберінде (тонна) | 20__ жылғы "__" ______ жай-күй бойынша өтініш жасалған күнге мәлімделген ауланатын көлем (тонна) | 20__ жылғы "__" ______ жай-күй бойынша қалған қалдық (тонна) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі электрондық кәсіпшілік ауланым деректері журналына енгізілген табиғи ортадағы балық ресурстарының/басқа су жануарларының / мелиортивтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек) қайдан ауланғанын және ақпараттық жүйеде болуын растайды:
№ | Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының түрі | Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының расталатын көлемі (тонна) |
1 | 2 | 3 |
Барлығы: | ||
*Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады
Берілген күні 20 ___ жылғы "___" _________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)