БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18493 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 11-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 24 қаңтардағы № 75 бұйрыққа қосымша |
Атқарушылық құжатты қайтару туралы ҚАУЛЫ
20__жылғы "__" ________ _________________________ (қала, облыс атауы)
Жеке сот орындаушысы__________________________________________________
(жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және тегі)
____________________________________________________________ негізінде
қозғалған (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжатын берген соттың
немесе органның атауы, берілген күні)
20__ жылғы "____" ____________________________________________________
атқарушылық іс (атқарушылық құжаттың талаптары, өндіріп алушы мен борышкердің
деректемелері) жүргізу материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
______________________________________________________________________
(қолданыстағы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негізі) Ескерту: Заңның 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының тәртібімен борышкер шетелдікке не азаматтығы жоқ адамға қатысты әкімшілік айыппұлды мемлекет кірісіне өндіру туралы атқарушылық құжаты қайтарылған кезде мыналар көрсетіледі: - борышкердiң өзiндегi не басқа да жеке немесе заңды тұлғалардағы, банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда тыйым салуға мүмкін болмаған мүлкінің болмауы (Заңның 32-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшалары); - шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуін - кетуін және болуын бақылау жөніндегі "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы алынған борышкер шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс шыққанын растайтын мәліметтер.
Жоғарыда аталғанның негізінде, Заңның 10-бабының 1-тармағын, 48-бабы 1-тармағының __) тармақшасын, 49-бабын, 126-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. _____________________________________________________________________
туралы (атқарушылық құжат қайтарылатын жеке тұлғаның аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда), заңды тұлғаның, соттың, уәкілетті органның атауы, мекен-жайы көрсетіледі) атқарушылық құжат қайтарылсын.
2. Заңның 49-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізу аяқталды деп танылсын.
3. Қабылданған шешім туралы атқарушылық іс жүргізу тараптарына немесе олардың өкілдеріне хабарлансын. Ескерту: борышкер шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс басқа мемлекеттің (_____________) аумағына кету фактісі анықталған жағдайда, жеке сот орындаушысы Заңның 48-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларының тәртібімен әкімшілік айыппұлды мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты оны шығарған (бастамашы болған) құқық қорғау органына не арнайы мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін қайтарады.
4. Заңның 48-бабы 2-тармақшасына сәйкес атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескіру мерзiмi шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болып табылмайтыны түсіндірілсін.
5. Жеке сот орындаушысының қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді, міндетті түрде орындалуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасалуы мүмкін. Сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талап қою әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа беріледі
6. Атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға берудің көзделген мерзімі өткен жағдайларда атқарушылық іс жүргізу шегінде қабылданған мәжбүрлеп орындату шаралары жойылуға жатады.
Жеке сот орындаушысы ___________________________
Мөрдің орны (қолы, инициалдары және тегі)
