БҰЙЫРАМЫН:
1. "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36928 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі мынадай мазмұндағы 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-тармақтармен толықтырылсын:
14. Балық ресурстарына және басқа да су жануарларына мыналардың салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін есептеу жүргізіледі:
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз алу және (немесе) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын абайсызда жою;
балық ресурстарын (сүбе ет) және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа да су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау;
балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендеу ортасын бұзу немесе жою, егер мұндай бұзушылықтың нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілері мекендеу аумағын (акваторияны) біржола (немесе уақытша) тастап кетсе, балықтар мен басқа да су жануарлары қырылса, балықтар мен басқа да су жануарларының саны азайса, олардың популяциясының өнімділігі төмендесе, сондай-ақ жекелеген дарақтардың көбею функциясы нашарласа.
15. Балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілген залалдың мөлшерін есептеу мыналарды қамтиды:
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз алу немесе балық ресурстарын және басқа да су жануарларын абайсызда жою салдарынан келтірілген залал мөлшерін есептеу;
2) балық ресурстарын және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа да су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залал мөлшерін есептеу;
3) балық ресурстары және басқа да су жануарларының бірнеше түрін заңсыз алу немесе балық ресурстары және басқа да су жануарларының бірнеше түрін абайсызда жою салдарынан келтірілген жиынтық залал мөлшерін есептеу;
4) балық ресурстарын және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа да су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген жиынтық залал мөлшерін есептеу;
5) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендеу ортасын бұзу немесе жою кезінде келтірілген залал мөлшерін есептеу, егер мұндай бұзушылықтың нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілері мекендеу аумағын (акваторияны) біржола (немесе уақытша) тастап кетсе, бұл олардың қырылуына, санының азаюына, популяция өнімділігінің төмендеуіне, сондай-ақ жекелеген дарақтардың көбею функциясының нашарлауына әкелсе (бұдан әрі – залал мөлшерін есептеу);
6) балықты және балық өнімдерін (сүбе ет) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залал мөлшерін есептеу.
16. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын заңсыз алу немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын абайсызда жою салдарынан келтірілген залалдың мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
У = Т x К x Ко х Кн х Кк х Кв х N,
мұндағы:
У – айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК) айқындалатын, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын заңсыз алу немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері;
Т – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес әрбір дарақ/килограмм үшін АЕКмен айқындалатын залалды өтеудің белгіленген мөлшері;
К, Ко, Кн, Кк, Кв – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәндері;
N – балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерінің нақты түрі дарақтарының/килограмының саны.
17. Балық ресурстарын және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа да су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залалдың мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
У = Т x Кд x N, мұндағы:
У – балық ресурстарын және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залалдың мөлшері (АЕК);
Т – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес әрбір дарақ/килограмм үшін АЕК-мен айқындалатын, белгіленген залалды өтеу мөлшері;
Кд – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициентінің мәні;
N – балық ресурстары мен олардың дериваттарының, сондай-ақ басқа су жануарларының саны (килограмм / дана).
18. Балық ресурстары мен басқа су жануарларының бірнеше түрін заңсыз алу немесе балық ресурстары мен басқа су жануарларының бірнеше түрін абайсызда жою нәтижесінде келтірілген жиынтық залалдың мөлшері балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әр түрінің барлық дарақтары/килограмдарына қатысты залалдардың қосындысы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Ус = (Т1 x К1 x Ко x Кн x Кк x Кв x N1) + (Т2 x К2 x Ко x Кн x Кк x Кв x N2), мұндағы:
Ус – барлық балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әр түрінің барлық дарақтарын заңсыз алу немесе барлық балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әр түрінің барлық дарақтарын абайсызда жою нәтижесінде келтірілген жиынтық залалдың мөлшері (АЕК);
Т1, Т2 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа су жануарларының нақты түрінің әрбір дарағы/килограмы үшін белгіленген залалды өтеу мөлшері;
К1, К2 – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген нақты түрдегі балық ресурстары мен басқа су жануарларының әрбір нақты түріне арналған қайта есептеу коэффициенттерінің мәндері;
Ко, Кн, Кк, Кв – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәндері;
N1, N2 – балық ресурстары мен басқа су жануарларының нақты түрі дарақтарының/килограмының саны.
19. Балық ресурстары мен олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген жиынтық залал мөлшері балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әрбір түріне қатысты келтірілген залалдардың қосындысы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Усд = (Т1 x Кд x Ко x N1) + (Т2 x Кд x Ко x N2), мұндағы:
Усд – балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әрбір түрінің балық ресурстары мен олардың дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген жиынтық залалдың мөлшері (АЕК);
Т1, Т2 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа су жануарлары нақты түрінің әрбір дарағы/килограмы үшін белгіленген залалды өтеу мөлшері;
Кд – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген балық ресурстары мен басқа су жануарларының әрбір нақты түрі үшін қайта есептеу коэффициентінің мәні;
Ко – ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы қайта есептеу коэффициентінің мәні;
N1, N2 – балық ресурстары мен басқа су жануарларының нақты түрінің балық ресурстары мен олардың дериваттарының саны.
20. Балықты және балық өнімдерін (филе) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау нәтижесінде келтірілген зиян мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
У = Т x Кд x N, мұндағы:
У – балықты және балық өнімдерін (сүбе ет) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залалдың мөлшері;
Т – әрбір дарақ немесе килограмм үшін (балық пен олардың өнімдеріне қатысты) АЕК-мен айқындалатын, келтірілген белгіленген залалды өтеу мөлшері;
Кд – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициентінің мәні;
N – балықтың, олардың уылдырығының және басқа балық өнімдері түрлерінің салмағы (килограмм).";
көрсетілген бұйрықтың Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесіне 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшері
Р/с | Балық ресурстары және басқа да су жануарларының атауы | Зиянды өтеу мөлшері, айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін) |
1 | 2 | 3 |
1 | Сырдариялық жауырындық*, көп аталықты Жайық майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, Каспий және Арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, Арал және Түркістан қаязы*, Іле шармайы*, Каспий жыланбалығы*, таймень*, Балқаш алабұғасы* - Балқаш және Іле таралымы, пілмай* - Арал және Іле таралымы, Сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (Түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)* | 300 |
2 | Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін) | 100 |
3 | Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін) | 100 |
4 | Бекіре (Сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін) | 100 |
5 | Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін) | 100 |
6 | Сүйрік (бір килограмм үшін) | 100 |
7 | Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін) | 1,2 |
8 | Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін) | 1,3 |
9 | Табан, торта, қаракөз, тұрпа, тұрпан, майбалық, қызылкөз қабыршақты және қабыршақсыз көкбас, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, кәдімгі және Балқаш (Балқаш-Іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, кәдімгі және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін) | 0,4 |
10 | Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник майшабағы, долгинск майшабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, қарша (бір килограмм үшін) | 0,8 |
11 | Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), Сібір хариусы) (бір килограмм үшін) | 1,7 |
12 | Каспий итбалығы (бір дарақ үшін) | 193 |
13 | Ұзын бармақты шаян (Түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін) | 1,2 |
14 | Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін) | 3 |
Ескертпелер:
* Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген балық ресурстары және басқа да су жануарлары, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) балық ресурстары және басқа да жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны, уылдырық шашатын орны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
"Дериваттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) (бұдан әрі – дериваттар тізбесі) бекітілген дериваттар тізбесінің Жануарлар туындысы 3-бөлімнің 1, 2, 6 және 8-жолдарына сәйкес заңсыз ауланған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін, оның ішінде әрбір 100 грамм уылдырық үшін тиісті жануар түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі.
Басқа су жануарлар түрлері:
заңсыз ауланған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін дериваттар тізбесінінің Жануарлар туындысы 3-бөлімнің 1, 3, 4 және 9-жолдарына сәйкес тиісті жануар түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі.
Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні
№ | Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілеріне зиян келуіне себеп болған жағдайлар | Коэффициенттер мәні |
1. | Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін қасақана жою, оның ішінде: | |
1.1 | балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін заңсыз алу (арнайы қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда) | Коэффициент "К" 1,5 |
1.2 | республикалық және жергілікті маңызы бар арнайы қорғалатын табиғи аумақтардағы балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін заңсыз алу | Коэффициент "Ко" 3 |
2. | Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін абайсызда жою | Коэффициент "Кн"1,5 |
3. | "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын бекіту туралы (I том. Жануарлар. 2-бөлім. Омыртқасыз жануарлар)" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 маусымдағы № 622 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларын немесе аулауға тыйым салынған балық ресурстары мен басқа да су жануарларын жою, сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын орындарда және өзге де учаскелерде балық аулау. | Коэффициент "Кк" 3 |
4. | Балық және балық өнімдерін (сүбе ет), сондай-ақ балық ресурстары және басқа да су жануарларының дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау | Коэффициент "Кд" 1,5 |
5. | Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерінің қасақана немесе салғырттық салдарынан жойылуы (өлімі) себеп болған әрекеттер (әрекетсіздіктер) | Коэффициент "Кв" 1 |
