Дериваттар тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10482 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 222) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 18-03/105 бұйрығымен
бекітілген

Дериваттар тізбесі (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Өсімдіктер туындысы

1

Ағаш безі

2

Баданалар

3

Бүршік

4

Жеміс

5

Қосалқы сүрек ресурстары (материалдар)

6

Өркендер

7

Саңырауқұлақтар

8

Тамыр, тамырсабақ

9

Тұқым

10

Түйіндер

11

Шайыр және ағаш шырындары

2. Өсімдіктерден және олардың туындыларынан өндірілген өнім

1

Ағаш көмірі

2

Ағаш өнімдері

3

Гербарийлер

4

Жабайы өсімдіктерден алынатын май

5

Жиһаз бөлшектері

6

Өркеннен алынған шыбықтар

7

Кәдесыйлық бұйымдар

3. Жануарлар туындысы

1

Май

2

алып тасталды– ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


3

Тері

4

Қан

5

Аю өті

6

алып тасталды– ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


7

Мүйіз және тұяқ

8

алып тасталды– ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


9

Жұмыртқа

4. Жануарлардан және оның туындыларынан өндірілген өнім

1

Галантериялық бұйымдар

2

Медициналық препараттар

3

Кәдесый бұйымдары

4

Тұлып

5

Зергерлік бұйымдар


      Ескертпе: Дериваттар тізбесі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның талаптарын орындау үшін әзірленген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады