Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қыркүйекте № 36928 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. "Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15739 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 320 бұйрығымен бекітілген

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу үшін қолданылады.

2-тарау. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау

      2. Балық аулау объектісі болып табылатын балық және басқа да су жануарлары түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау:

      1) жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алу, оларды және олар мекендейтін ортаны мониторингтеу, ғылыми зерттеулер материалдарының негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалатын және оны Заңның 29-бабының 1-тармағына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекiтетін балық ресурстары және басқа да су жануарларын алып қою лимитi;

      2) балық ресурстары және басқа да су жануарларының өсімі мен өнімділігі коэффициенті;

      3) балық ресурстары және басқа да су жануарларының саны (мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары және басқа да су жануарлары, олардың бөліктері мен дериваттары) негізінде жүргізіледі.

      3. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін:

      1) балық ресурстары және басқа да су жануарларын табиғи ортадан ғылыми зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшiру, жасанды өсіру және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;

      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі жартылай еріксіз және (немесе) жартылай еркін күйде өсірілген балық ресурстары және басқа да су жануарларының объектілерін пайдаланған кезде;

      3) уәкiлеттi орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;

      4) халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан сақтау, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларын жұқпалы аурудан сақтау, қоршаған ортаға келтірілген залалға жол бермеу, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс балық ресурстары және басқа да су жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.

      4. Өзге де шаруашылық мақсаттарда (балық аулаудан басқа) пайдаланылатын балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 629-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

      5. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшері осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалған.

3-тарау. Шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу

      6. Шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларының толықтай жоғалуы.

      Толықтай жоғалту су айдынының балық ресурстары және басқа су жануарларының толық көлемде жоғалуын білдіреді.

      2) кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан не болмаса кәсіпшілік объектілерінің, олардың уылдырығының, дернәсілінің, шабағының және балықтардың азықтық базасының тікелей қырылуынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларының ішінара жоғалуы.

      Ішінара жоғалту су айдынының балық ресурстары және басқа су жануарларының кез келген бөлігі сақталатын жоғалту.

      7. Кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары толық жоғалған жағдайда, зиянды өтеу мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      N = Р0×S0,

      мұнда:

      N – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен;

      Р0 – су айдынының кәсіпшілік өнімділігі, килограмм/гектар;

      S0 – балық шаруашылығында маңызын жоғалтып жатқан су айдынының немесе су айдынының бір бөлігінің алаңы, гектармен.

      8. Кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда, зиянды өтеу мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      N= ∑Pi x S0 x F1 / F0 x q,

      мұнда:

      N – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен;

      Pi – осы түр бойынша немесе экологиялық тұрғыдан жақын түрлер бойынша су айдынының кәсіпшілік өнімділігі, килограмм/гектар;

      S0 – балық шаруашылығы маңызын жоғалтып жатқан су айдынының немесе су айдынының бір бөлігінің алаңы, гектармен;

      F0 – су айдынындағы әртүрлі аймақтардың алаңы (осы су айдынындағы уылдырық шашатын орындар, жайылым, қыстау орындары), гектармен;

      F1 – қолайсыз әсерге ұшыраған аймақ бөлігінің ауданы, гектармен;

      q – түзету коэффициенті, ол қолайсыз әсерге ұшыраған учаскелердің балықтары мен басқа да су жануарларының санын су айдынының басқа учаскелерінің балықтары мен басқа да су жануарларының санына бөлу арқылы анықталады.

      9. Кәсіпшілік объектілерінің және балықтардың азықтық базасының тікелей қырылуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда заттай түрдегі зиянды өтеу мөлшерін есептеу екі кезеңнен тұрады.

      Бірінші кезең мынадай формуламен есептеледі:

     


      мұнда:

      Nі – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен;

      Пі – қолайсыз әсер ету аймағындағы немесе жұмыстар жүргізіліп жатқан аудандағы осы түр, салмақ санаты гидробионттарының қолайсыз әсер ету кезеңінде орташа мөлшерде шоғырлануы (немесе тығыздығы).

      Нақты учаске бойынша деректер болмаған жағдайда, Солтүстік Каспий үшін осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамаларының деректері, сондай-ақ осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес Солтүстік Каспийдегі азықтық организмдердің үлестік биомассасы деректері пайдаланылады;

      W0(S0) – қолайсыз әсер ету аймағының көлемі немесе ауданы;

      Ki – қолайсыз әсер ету жағдайында гидробионттардың тірі қалу коэффициенті (балық қорғайтын құрылғы болған жағдайда – жобаланған су тартуға арналған балық қорғау құрылғыларының тиімділік коэффициенті), пайызбен.

      Екінші кезең азықтық гидробионттардың биомассасын балық өнімінің биомассасына қайта есептеуден тұрады және азықтық гидробионттардың әрбір тобы үшін трофикалық тізбекпен органикалық затты ауыстырудың азықтық коэффициенттерін қолдану арқылы мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұнда:

      Br– балық ресурстарының биомассасы, килограммен және (немесе) тоннамен;

      Bk – азықтық гидробионттардың биомассасы, килограммен және (немесе) тоннамен;

      P/B – өнімнің өндірілу коэффициенті;

      k2 – алынған өнімді балық өніміне ауыстырудың азықтық коэффициенті;

      k3 – балықтардың азықтық базаны пайдалану көрсеткіші, пайызбен.

      Каспий теңізі үшін қолдануға ұсынылған балықтардың өнімінің өндірілу және азықтық базасының коэффициенттері осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.

      10. Кәсіпшілік объектілер уылдырығының, дернәсілінің, шабағының тікелей қырылуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда заттай түрдегі зиянды өтеу мөлшерін есептеу кезінде есептелген зиян шамасы кәсіпшілік қайтарым коэффициентінің көмегімен кәсіпшілік балық түрлерінің шығындарына мынадай формула бойынша келтіріледі:

     


      мұнда:

      ni – кәсіпшілік объектілер уылдырығының, дернәсілі мен шабағының тікелей қырылуы келтіретін заттай түрдегі зиян шамасы;

      K1 –осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес кәсіпшілік қайтарым коэффициенті (пайызбен).

      Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамалары осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      Күтілетін зиянды есептеу мынадай тәсілдердің біреуімен жүргізілуі мүмкін:

      1) кәсіпшілік өнімділіктен айрылудан;

      2) кәсіпшілік объектілердің, олардың уылдырықтарының, дернәсілдерінің, шабақтарының және балықтардың қоректік базасының тікелей жоғалуынан.

      Қосалқы есеп жүргізбеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәсілдерді бір мезгілде пайдалануға және нәтижелерін бір-біріне қосуға жол берілмейді.

      11. Балық ресурстарына келтірілген зиянды есептеудің пайдаланылған тәсіліне қарамастан, су айдынында жүргізілген барлық жұмыс түрлерін есептеу нәтижесі кәсіпшілік таралымының мекендеу шегінде су айдынының және (немесе) учаскесінің нақты кәсіпшілік запастарының шамасынан асып кете алмайды.

      12. Қорытынды нәтижені (килограммен немесе тоннамен) алғаннан кейін алынған шығын ауланымдарда балықтардың әр түрінің кездесуіне қарай зерттеулер ауданында (немесе осы су айдынында) пайыздық арақатынаспен барабар бөлінеді.

      Солтүстік Каспий үшін нақты учаске бойынша деректер болмаған жағдайда, осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес Солтүстік Каспийдегі ауланымдарда балықтардың кездесу деректері пайдаланылады.

      13. Ақшалай мәнге ауыстыру зиянды өтеу мөлшерін анықтау мақсатында балық түрлері бойынша зиянды өтеу мөлшерінің (бір килограмм үшін) құнын және қолайсыз әсер ету кезеңін ескере отырып, мынадай формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      M=d х c х y,

      мұнда:

      М – зиянды өтеу мөлшері, ақшалай мәнде;

      d – балық ресурстарына келтірілетін немесе келтірілген түпкілікті шығын сомасы, килограммен;

      c – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес зиянды өтеу мөлшерінің бір килограмм үшін құны, айлық есептік көрсеткіштермен;

      y – қолайсыз әсер ету кезеңі (жыл)* (у=1 (1 жыл = 1), көп реттік (тұрақты) у кезінде – қолайсыз әсер ету жылдарының санына сәйкес келеді).

  Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланғаны
үшін төлемақы
мөлшерлемелерін және
Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнамасын
бұзудан келтірілген зиянды өтеу
мөлшерін айқындау, сондай-ақ
шаруашылық қызмет
салдарынан балық ресурстары
мен басқа да су жануарларына
келтірілетін және келтірілген,
оның ішінде болмай қоймайтын
зиянның орнын толтыру
мөлшерін есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшері

Р/с

Балық ресурстары және басқа да су жануарларының атауы

Зиянды өтеу мөлшері, айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін)

1

2

3

1

Сырдариялық жауырындық*, көп аталықты Жайық майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, Каспий және Арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, Арал және Түркістан қаязы*, Іле шармайы*, Каспий жыланбалығы*, таймень*, Балқаш алабұғасы* - Балқаш және Іле таралымы, пілмай* - Арал және Іле таралымы, Сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (Түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)*

300

2

Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін)

100

3

Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін)

100

4

Бекіре (Сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін)

100

5

Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін)

100

6

Сүйрік (бір килограмм үшін)

100

7

Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін)

1,2

8

Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін)

1,3

9

Табан, торта, қаракөз, тұрпа, майбалық, көкбас, қызылкөз қабыршықты және тақыр, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, әдеттегi және Балқаш (Балқаш-Іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, әдеттегi және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін)

0,4

10

Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник майшабағы, долгинск майшабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, қарша (бір килограмм үшін)

0,8

11

Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), Сібір хариусы) (бір килограмм үшін)

1,7

12

Каспий итбалығы (бір дарақ үшін)

193

13

Ұзын бармақты шаян (Түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін)

1,2

14

Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін)

3

      Ескертпелер:

      * Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген балық ресурстары және басқа да су жануарлары, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:

      әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) балық ресурстары және басқа да жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны, уылдырық шашатын орны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;

      "Дериваттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) (бұдан әрі – дериваттар тізбесі) бекітілген дериваттар тізбесінің Жануарлар туындысы 3-бөлімнің 1, 2, 6 және 8-жолдарына сәйкес заңсыз ауланған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін, оның ішінде әрбір 100 грамм уылдырық үшін тиісті жануар түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі.

      Басқа су жануарлар түрлері:

      заңсыз ауланған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін дериваттар тізбесінінің Жануарлар туындысы 3-бөлімнің 1, 3, 4 және 9-жолдарына сәйкес тиісті жануар түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі.

  Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланғаны
үшін төлемақы
мөлшерлемелерін және
Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнамасын
бұзудан келтірілген зиянды өтеу
мөлшерін айқындау, сондай-ақ
шаруашылық қызмет
салдарынан балық ресурстары
мен басқа да су жануарларына
келтірілетін және келтірілген,
оның ішінде болмай қоймайтын
зиянның орнын толтыру
мөлшерін есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамалары

Балық түрлері

Орташа өнімділік, дана уылдырық

Үйірдегі аналықтардың үлесі, пайызбен

Уылдырық шашудың еселілігі, рет

1 данасының орташа салмағы, килограмм

Бекіре тұқымдастар

245500

40

3

8,9

Майшабақ тұқымдастар

160000

50

2

0,27

Көкшұбар

12300

50

1

0,10

Тікенді балық

1500000

50

2

0,81

Пайдабалық

183000

50

1

0,85

Хариус

4500

50

1

0,21

Ленок

12000

50

1

0,50

Қаракөз (торта)

50300

50

2

0,11

Ақ амур

922000

30

1

4,20

Дөңмаңдай

1238000

40

1

10,4

Тарақ балық

3600

60

2

0,07

Үкішабақ

15600

60

2

0,04

Ақмарқа

120000

50

2

1,28

Оңғақ

210850

50

2

0,45

Табан

150000

50

2

0,18

Мөңке

48000

90

2

0,4

Сазан (тұқы)

530000

45

2

2,5

Көксерке

199000

50

2

1,5

Жайын

59200

50

3

3,1

Көктыран

11 500

20

1

0,13

Ақкөз балық

12 500

50

2

0,16

Балпан балық

160000

65

2

0,90

Қылыш балық

33500

70

2

0,22

Аққайран

49 000

65

2

0,50

Шортан

104 200

60

1

1,70

Алабұға

36850

70

2

0,29

Нәлім

150000

40

1

1,61

Таутан

18000

60

2

0,04

Шаян

300

40

1

0,12

Итбалық

1,01

50

1*

46,2

      Ескертпе: * күшіктеу саны

  Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланғаны
үшін төлемақы
мөлшерлемелерін және
Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнамасын
бұзудан келтірілген зиянды өтеу
мөлшерін айқындау, сондай-ақ
шаруашылық қызмет
салдарынан балық ресурстары
мен басқа да су жануарларына
келтірілетін және келтірілген,
оның ішінде болмай қоймайтын
зиянның орнын толтыру
мөлшерін есептеу әдістемесіне
3-қосымша

Солтүстік Каспийдегі азықтық организмдердің үлестік биомассасы

Гидробионттар

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

Фитопланктон, миллиграммен/ текше метр


192,32

668,76

324,57

Зоопланктон, миллиграммен/ текше метр


206,03

758,22

168,86

Бентос, граммен/ шаршы метр

11,08

26,94

41,16

19,55

Мейобентос, граммен/ шаршы метр


142,51

12,44

91,88

  Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланғаны
үшін төлемақы
мөлшерлемелерін және
Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнамасын
бұзудан келтірілген зиянды өтеу
мөлшерін айқындау, сондай-ақ
шаруашылық қызмет
салдарынан балық ресурстары
мен басқа да су жануарларына
келтірілетін және келтірілген,
оның ішінде болмай қоймайтын
зиянның орнын толтыру
мөлшерін есептеу әдістемесіне
4-қосымша

Каспий теңізі үшін қолдануға ұсынылған балықтардың өнімінің өндірілу және азықтық базасының коэффициенттері

Көрсеткіштер

Фитопланктон

Зоопланктон

Бентос

Р/В, өнім өндіру коэффициенті

225

30

4

К2, алынған өнімді балық өніміне аударғанда алынатын азықтық коэффициент

30

10

20

K3, азықтық базаны пайдалану көрсеткіші, пайызбен

20

80

80

  Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланғаны
үшін төлемақы
мөлшерлемелерін және
Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнамасын
бұзудан келтірілген зиянды өтеу
мөлшерін айқындау, сондай-ақ
шаруашылық қызмет
салдарынан балық ресурстары
мен басқа да су жануарларына
келтірілетін және келтірілген,
оның ішінде болмай қоймайтын
зиянның орнын толтыру
мөлшерін есептеу әдістемесіне
5-қосымша

Кәсіпшілік қайтарымның коэффициенттері (пайызбен)

Бассейндер, аудандар және балық түрлері

Уылдырық

Дернәсіл

Құртшабақ, салмақ мөлшерімен (грамм)

0,2

0,5

1,0

1,5

3,0

5,0

10,0

Жайық-Каспий бассейні

Қортпа

0,001

0,11





0,8



Бекіре

0,005

0,11





1,2



Пілмай

0,005

0,11





1,0



Шоқыр

0,005

0,05




0,9




Қаракөз

0,05

0,02





0,8



Табан балық

0,01

0,17


0,4



2,1



Сазан

0,001

0,02

0,1

0,3

0,4

0,5

1,2

1,5

5,0

Көксерке

0,005

0,02


0,55


0,7



3,3

Ұсақ шағын балық (қызыл қанат, алабұға, балпан балық, қылыш балық және басқа түрлер)

0,0004

0,02

0,11

0,27

0,55

0,7

1,4

2,8

4,4

Майшабақ

0,005

0,02








Қарша

0,02

0,5


13,0






Ақ балық

0,05

0,006




0,6




Тұрпа, күтім, майбалық

0,01

0,02




0,5


0,8


Албырт

0,05

0,07







0,4

Шортан

0,01

0,045

0,18

0,48

0,9

1,4

2,6

4,3

7,5

Ақмарқа

0,001

0,01

0,12

0,3

0,6

1,0

1,7

2,4

4,2

Мөңке

0,005









Ақ дөңмаңдай, ақ амур








0,6

3,2

Беріш

0,001

0,01

0,1

0,25

0,4

0,8

1,2

2,1

4,0

Жайын

0,005









Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра-Сарысу және Ертіс бассейндерінің су айдындары

Бекіре

0,001

0,022


0,11





1,6

Сүйрік

0,05

0,5


2,75





4,6

Сылан

0,005

0,11


0,8





1,8

Албырт

0,05









Майқан балық

0,0005









Пайдабалық

0,01

0,22


1,4





2,8

Көкшұбар

0,01

0,30


2,0





4,5

Хариус

0,004

0,022


0,11





1,6

Аққайраң

0,05

0,18


1,9





4,5

Шортан

0,05

0,28


2,2





6,0

Нәлім

0,001

0,055


1,8





3,7

Көксерке

0,005

0,028


0,55





1,1

Табан балық

0,006

0,055


0,80





1,6

Сазан

0,005

0,028

0,75






1,8

Торта (қаракөз)

0,050

0,23

2,30






4,6

Ақ амур

0,0004

0,02

0,06

0,11

0,17

0,25

0,37

0,53

3,0

Дөңмаңдай

0,002

0,07



0,5



2,0

5,0

Тарақ балық

0,05

0,35

2,50






5,0

Алабұға

0,05

0,22

1,6






3,0

Мөңке, оңғақ және басқа түрлер (ұсақ шағын балықтар – үкішабақ, шаншар балық)

0,02

0,04



0,2



1,6

6,4

Таутан

0,05

0,22

1,4






3,2

Шу-Талас, Балқаш-Алакөл және Арал-Сырдария бассейндерінің су айдындары

Арал қаязы

0,005

0,02



1,0



7


Түркістан қаязы

0,015

0,02



0,3



1,8

3,5

Храмуля

0,06

0,03



0,1



1,5

3,0

Күміс мөңке

0,01

0,04



0,2



1,6

6,4

Сазан

0,005

0,06



0,5



2,0

8,0

Көксерке

0,01

0,02



0,3



1,0

4,0

Табан балық

0,012

0,027



1,0



2,5

5,0

Ақмарқа

0,013

0,024



0,3



1,5

3,6

Қылыш балық

0,008

0,09



0,2



1,5

5,0

Торта, қаракөз

0,005

0,03



0,2



1,0

6,5

Шортан

0,002

0,03



1,0



8,0

18

Жайын

0,008

0,02



5,0



9,0

15

Дөңмаңдай

0,002

0,07



0,5



2,0

5,0

Ақ амур

0,0004

0,02

0,06

0,11

0,17

0,25

0,37

0,53

3,0

Қара балық

0,005

0,01



0,5



2,0

5,0

Шармай

0,005

0,01



0,5



2,0

5,0

Осман

0,005

0,01



0,5



2,0

5,0

Күректұмсық

0,01

0,02



0,5



2,0

8,0

Пілмай

0,01

0,02



0,6



5,0

15

Жыланбас балық

0,005

0,016



0,3



1,0

3,0

Камбала

0,002




0,4





  Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланғаны
үшін төлемақы
мөлшерлемелерін және
Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнамасын
бұзудан келтірілген зиянды өтеу
мөлшерін айқындау, сондай-ақ
шаруашылық қызмет
салдарынан балық ресурстары
мен басқа да су жануарларына
келтірілетін және келтірілген,
оның ішінде болмай қоймайтын
зиянның орнын толтыру
мөлшерін есептеу әдістемесіне
6-қосымша

Солтүстік Каспийдегі ауланымдарда балықтардың кездесуі

Тұқымдастар

Балық түрлері

Ауланымдарда кездесуі, пайызбен

Жағалау (тереңдігі 3 метр және одан аз)

Ашық акваторий (тереңдігі 3 метрден жоғары)

Бекіре тұқымдастар

Орыс бекіресі

0,255

2,155

Бекіре тұқымдастар

Парсы бекіресі

0,007

0,063

Бекіре тұқымдастар

Шоқыр

0,349

1,114

Бекіре тұқымдастар

Қортпа

0,145

0,352

Майшабақ тұқымдастар

Бражников шабағы

0,153

0,248

Майшабақ тұқымдастар

Каспий-қара теңіз қарынсауы

0,080

0,991

Майшабақ тұқымдастар

Солтүстік Каспий қарынсауы

0,051

0,677

Майшабақ тұқымдастар

Бадырақкөзді қарынсау

2,269

6,748

Майшабақ тұқымдастар

Жұмырбасты қарынсау

0,393

1,426

Майшабақ тұқымдастар

Каспий тюлькасы (қарша)

0,022

0,006

Тұқы тұқымдастар

Көктыран

0,567

0,039

Тұқы тұқымдастар

Шығыс табан балығы

6,364

4,089

Тұқы тұқымдастар

Айнакөз

4,153

2,053

Тұқы тұқымдастар

Қарапайым ақмарқа

2,131

0,517

Тұқы тұқымдастар

Балпан балық

1,200

-

Тұқы тұқымдастар

Күміс мөңке

0,560

-

Тұқы тұқымдастар

Еуропа сазаны (тұқы)

7,659

0,066

Тұқы тұқымдастар

Аққайраң

0,793

0,000

Тұқы тұқымдастар

Қылыш балық

1,709

0,704

Тұқы тұқымдастар

Солтүстік Каспий қаракөзі

41,559

70,770

Тұқы тұқымдастар

Қызылқанат

24,358

0,127

Тұқы тұқымдастар

Оңғақ

0,116

0,006

Шортан тұқымдастар

Қарапайым шортан

0,073

-

Тікенді балық тұқымдастар

Сингиль

0,036

0,088

Алабұға тұқымдастар

Алабұға

0,029

0,006

Алабұға тұқымдастар

Қарапайым көксерке

3,273

4,419

Алабұға тұқымдастар

Беріш

0,378

0,077

Жайын тұқымдастар

Қарапайым жайын

0,407

0,022

Атерина тұқымдастар

Атерина

0,029

0,006

Бұзаубас тұқымдастар

Кесслер қарақшысы

0,007

0,066

Бұзаубас тұқымдастар

Каспий қарақшысы

0,516

0,996

Бұзаубас тұқымдастар

Махмутбеев қарақшысы

-

0,061

Бұзаубас тұқымдастар

Хвалынский бұзаубасы

-

0,077

Бұзаубас тұқымдастар

Каспий бұзаубас-құмқазары

0,124

1,750

Бұзаубас тұқымдастар

Каспий бұзаубас-бас алғышы

0,087

0,088

Бұзаубас тұқымдастар

Дөңгелек бұзаубас

0,044

0,033

Бұзаубас тұқымдастар

Ширман бұзаубасы

0,102

0,165


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады