Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91244 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |
Жетісу облыстық мәслихаты | |
2025 жылғы 28 мамырдағы № 28-178 | |
шешіміне қосымша |
1. Осы Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91244 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Жетісу облысында ортақ су пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;
2) су пайдаланушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
3) шағын көлемді кеме – ұзындығы жиырма метрден аспайтын, борттағы адамдардың рұқсат етілген саны он екі адамнан аспайтын кеме, балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйрету, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да ұқсас жұмыстарды жүргізу, лоцмандық және мұзжарғыш алып өту үшін салынған немесе жабдықталған кемелерден басқа, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және бітелуден қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
4) шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған база (құрылыс) - шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын, құрылыстары және іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.
3. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
4. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
5. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
6. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
7. Ортақ су пайдалануға:
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
8. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
9. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
Су объектілеріндегі көпшілік демалатын туризм мен спортқа арналған жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу және суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №87573 болып тіркелген) (бұдан әрі – Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары) талаптарына сай келетін құтқару бекеттері құрылады.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға - су айдындарының, су объектілеріндегі жаппай демалыс, туризм және спорт орындарының иелері (жалға алушылар, өтеусіз пайдаланушылар), нұсқаушылар және (немесе) жаттықтырушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын және (немесе) оларда демалып жатқан жеке және заңды тұлғалар жауапты болып табылады.
10. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Жетісу облысының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
11. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
12. Облыстың, соның ішінде Жетісу облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш және Алакөл көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90598 болып тіркелген) (бұдан әрі-Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 бұйрығымен бекітілген Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №125577 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен Шағын көлемді кемелер тоқтауға арналған базалар (құрылыстар) пайдаланылады.
13. База-тұрақ шағын көлемді кемелердiң қауiпсiз тұруын, шағын көлемді кемелердiң, моторлардың және басқа мүлiктердiң сақталуын, профилактикалық, жөндеу, кеме көтеру, тиеу-түсiру және басқа жұмыстардың орындалу қауiпсiздiгiн; адамдарды шағын көлемді кемелерге отырғызу (түсiру) қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
14. База-тұрақта шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуға және қайтуына, олардың жарамдылығын, жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергіш көтерген нормаларын сақтау бойынша, сондай-ақ кеме жүргізушілерін ауа райы туралы хабарлауға кеме жүргізушілерінде міндетті кеме және кеме жүргізушінің құжаттары болуын көздейтін режим орнатылады.
15. Су қоймасына шығуға база-тұрақ бойынша кезекшi рұқсат бередi.
Шағын көлемді кемеге рұқсат бере отырып, кезекшi мыналарды:
1) кеме жүргiзушiде кеме құжаттарының (кеме билеті) және шағын көлемді кеменi басқару құқығына куәлігінің болуын;
2) жолаушы сыйымдылығы және жүккөтергiштiгi нормаларының сақталуын, шағын көлемді кемеде жүктердiң дұрыс орналастырылуын;
3) шағын көлемді кеменiң жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының болуын тексередi.
База-тұрақтарда навигация кезеңiнде кезекшi-құтқару кемесi тағайындалады. Кезекшi-құтқару кемесi кезекшiлiк тәртiбiнде база-тұрақ бойынша кезекшiге бағынады.
16. Шағын көлемді кемелерді база-тұрақтан шығару мынадай жағдайларда:
1) кеме жүргізушіде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігінің, жыл сайын техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті болмаса (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);
2) борт нөмірінің болмауы немесе кеме билетіндегі жазбаға сәйкес келмесе;
3) кеме жүргізушісінде кемені жүргізу құқығына құжат болмаса;
4) кемеде, оны пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар болса;
5) кеме билетінде көрсетілген құтқару, өртке қарсы және су төгетін құралдары кемеде болмаса;
6) жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтергіш нормалары бұзылса;
7) қауіпті крен немесе дифферент тудыратын жолаушыларды (жүктерді) орналастырылса;
8) егер кеме осы жүктерді тасымалдауға жатпаса немесе олардың тасымалдануы жолаушылармен бірге жүргізілсе, кемеде қауіпті заттар болса;
9) егер су қоймасындағы болжанатын немесе нақты қолайсыз метеожағдай осы түрдегі кемеде жүзуге қауіпті болса;
10) кеме жүргізушісі мас күйінде болса жүргізілмейді.
17. Тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар ұйымдастырылады:
1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, Су айдындарындағы қауіпсіздік Қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпсіздік белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақталады;
2) халықтың шомылу аймағын Су айдындарындағы қауіпсіздік Қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпсіздік белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалады.
18. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Жетісу облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу жүзеге асырылмайтын жерлер осы Ережелердің қосымшасына сәйкес айқындалды.
19. Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
20. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Жетісу облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
21. Жетісу облыстық мәслихатың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
22. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
23. Су пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдарынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
24. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
25. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
3) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
4) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
5) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
6) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
Жетісу облысының су объектілерінде жалпы су пайдалану қағидаларына қосымша |
Жетісу облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға тыйым салынған орындар
№ р/с | Су объектісінің атауы | Ауылдық округ, ең жақын елді мекен | Мекен-жайы | Координаттар | Координаттар арасындағы қашықтық | |
шомылуға тыйым салынған учаскенің басталуы | шомылуға тыйым салынған учаскенің соңы | |||||
Талдықорған қаласы | ||||||
1. | Балықты өзені | Талдықорған қаласы | Мерекелік саяжай қоғамы |
45.05227 |
45.05312 | 300 м |
2. | Қаратал өзені | Талдықорған қаласы | Шайқорған саяжай қоғамы |
45.04348 |
45.04278 | 750 м |
3. | Қаратал өзені | Талдықорған қаласы | Қызыл тас саяжай қоғамы |
45.04963 |
45.0496 | 800 м |
4. | Балықты өзені | Талдықорған қаласы | 1-ші бөлімшесі |
45.05827 |
45.05813 | 125 м |
5. | Балықты өзені | Еркін ауылдық округі | Алматы – Өскемен тасжолы |
45.05678 |
45.05588 | 350 м |
6. | Қаратал өзені | Талдықорған қаласы | Мерекелік саяжай қоғамы |
45.04885 |
45.05496 | 350 м |
7. | Қаратал өзені | Талдықорған қаласы | Үйтас саяжай қоғамы |
44.96394 |
44.9643 | 980 м |
8. | Балықты өзені | Талдықорған қаласы | Мерекелік саяжай қоғамы |
45.055522 |
45.05503 | 550 м |
Текелі қаласы | ||||||
9. | Бурлежка №1 Алатау шағын ауданы | Текелі қаласы | Жағалау сорғы станциясы (Камарова көшесі бойында) |
44.858554 |
44.858652 | 28 м |
10. | Чажа өзені | Текелі қаласы | Чажа платинасы |
44.862135 |
44.861946 | 20 м |
11. | Бурлежка № 2 Достық шағын ауданы | Текелі қаласы | Каратал көшесінде су ағызу пункті |
44.862490 |
44.862558 | 7 м |
Ақсу ауданы | ||||||
12. | Ақсу өзені |
Жансүгіров ауылдық округі, | Жансүгіров ауылы |
45.373256 |
45.420676 | 20 км |
13. | Су қоймасы |
Жансүгіров ауылдық округі, | Жансүгіров ауылы |
45.390750 |
45.390750 | 2 км |
14. | Қызылқайын тоғаны |
Есеболатов ауылдық округі, | Қызылқайын ауылы |
45.472579 |
45.472579 | 4 км |
15. | Көкөзек тоғаны |
Жансүгіров ауылдық округі, | Көкөзек ауылы |
45.470690 |
45.470690 | 4 км |
16. | Қызылағаш өзені |
Қызылағаш ауылдық округі, | Қызылағаш ауылы |
45.367452 |
45.392249 | 10 км |
17. | Алтынарық тоғаны |
Жансүгіров ауылдық округі, | Алтынарық ауылы |
45.448311 |
45.454834 | 4 км |
Алакөл ауданы | ||||||
18. | Тентек өзені | Үшарал қаласы, Қарабұлақ ауылы | Үшарал қаласы, Қарабұлақ ауылы |
46.4740582 |
45.748268 | 61 км |
19. | Шынжылы өзені | Қабанбай ауылы, Еңбекші ауылы, Жанама ауылы | Қабанбай ауылы, Еңбекші ауылы, Жанама ауылы |
45.819250 |
46.206058 | 55 км |
Ескелді ауданы | ||||||
20. | Қант зауыты көлі | Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы | Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы Маметова және Достоевский көшелерінің аралығында |
44.917178 |
44.915687 | 1 км |
21. | 3-көпір | Бақтыбай ауылдық округі | Алматы-Оскемен тасжолы 245 шақырым |
44.918977 |
44.918843 | 300 м |
22. | Қаратал өзені | Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Қаратал өзенінің бойы | Талдыкорган-Текелі тасжолы 8 шақырым. |
44.927095 |
44.926939 | 100 м |
23. | Қаратал өзені | Көкжазық ауылдық округі, Көкжазық ауылы, Қаратал өзенінің бойы | Карабулак-Кокжазык тасжолы 7 шақырым. |
44.926023 |
44.925726 | 100 м |
Қаратал ауданы | ||||||
24. | Қаратал өзені | Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы | Үштөбе қаласынан Жанаталап ауылына шығаберісінде |
45.220957 |
45.22.1239 | 300 м |
25. | Суғармалы арна | Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы | Үштөбе қаласынан шығаберісінде Үштөбе жазуының қасында |
45.228979 |
45.227867 | 500 м |
26. | Суғармалы арна | Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы | Төлеуқұл Батыр көшесінің бойында |
45.268224 |
45.269443 | 900 м |
27. | Суғармалы арна | Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округі, Бастөбе ауылы | Бастөбе ауылынан шығаберісте |
45.264901 |
45.265119 | 200 м |
28. | Суғармалы арна | Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округі, Бастөбе ауылы | Мұсабек көшесінің қасында |
45.263852 |
45.263875 | 100 м |
29. | Суғармалы арна | Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық округі, Ескелді ауылы | Ескелді ауылынан шығаберісте |
45.193664 |
45.195585 | 1,1 км |
30. | Тентек өзені | Жолбарыс батыр ауылдық округі, Калпе ауылы | Калпе ауылынан шығаберісте |
45.100985 |
45.088163 | 800 м |
Кербұлақ ауданы | ||||||
31. | Қарашоқы №1 тоғаны |
Кербұлақ ауданы, | Қарашоқы ауылы манында | 44.1013283 77.9257719 |
44.1002335 | 280 м |
32. | Қарашоқы №2 тоғаны |
Кербұлақ ауданы, | Қарашоқы ауылы манында | 44.0917793 77.9426705 |
44.0894518 | 400 м |
33. | Қарашоқы №3 тоғаны |
Кербұлақ ауданы, | Қарашоқы ауылы манында | 44.0867600 77.9511496 |
44.0862210 | 210 м |
34. | Еңкөл тоғаны |
Кербұлақ ауданы, | Басши-Нұрым тасжолы 2 шақырым | 44.1102299 78.7383207 |
44.1088537 | 500 м |
35. | Аралтөбе тоғаны |
Кербұлақ ауданы | Актөбе ауылының маңында | 44.0517441 78.7474573 |
44.0481984 | 400 м |
36. | Сайлыкөл тоғаны |
Кербұлақ ауданы, | Сайлыкөл ауылы | 44.4280719 78.2856670 |
44.4277922 | 300 м |
37. | Жаманбұлақ тоғаны |
Кербұлақ ауданы, | Сарыөзек-Көктал тасжолы 51 шақырым | 44.2625993 78.4865172 |
44.2591299 | 400 м |
38. | Шаған тоғаны | Кербұлақ ауданы, Шаған ауылы | Шаған ауылы | 44.4434545 78.5302285 |
44.5356184 | 410 м |
39. | Матай тоғаны | Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы | Шанханай ауылы | 44.2311683 78.2753335 |
44.2306489 | 100 м |
40. | Көксу өзені | Кербұлақ ауданы, Көксу ауылы | Көксу ауылы | 44.6740770 78.9298136 |
44.6413535 | 4 км |
41. | Көктал өзені | Кербұлақ ауданы, Көктал ауылы | Көктал ауылы | 44.5929120 78.9927550 |
44.6070685 | 5 км |
42. | Кескентерек өзені | Кербұлақ ауданы, Шұбар ауылы | Шұбар ауылы | 44.5441807 78.9856277 |
44.5483623 | 800 м |
43. | Быжы өзені | Кербұлақ ауданы, Қаспан ауылы | Қаспан ауылы | 44.4896937 78.2708817 |
44.4922658 | 400 м |
44. | Майтөбе өзені | Кербұлақ ауданы, Сарыөзек-Көктал тасжолы 15 шақырым | Сарыөзек-Көктал тасжолы 5 км | 44.3950666 78.1443136 |
44.3824327 | 500 м |
Көксу ауданы | ||||||
45. | Көксу өзені | Көксу ауданы, Балпық би ауылы | Балпық би ауылы |
44.891 700 |
44.920 421 | 5,5 км |
46. | Быжы өзені | Көксу ауданы, Айнабұлақ станциясы | Айнабұлақ станциясы |
44.613 756 |
44.636 515 | 2,8 км |
47. | Мұқаншы өзені | Көксу ауданы, Мұқаншы ауылы | Мұқаншы ауылы |
44.875 073 |
44.879 658 | 2 км |
Панфилов ауданы | ||||||
48. | Өсек өзені | Панфилов ауданы, Жаркент қаласы | Сарөзек-Көктал-Қорғас тасжолы көпірден 2 шақырым солтүстікке, 3 шақырым оңтүстікке қарай |
44.173 400 |
44.157 740 | 5 км |
49. | Өсек өзені |
Панфилов ауданы, | Еңбекші ауылының шығысында |
44.204 179 |
44.199.163 | 1 км |
50. | Өсек өзені |
Панфилов ауданы, | Талды ауылының батысында |
44.299 996 |
44.282428 | 2 км |
51. | Өсек өзені |
Панфилов ауданы, | Диханқайрат ауылының шығысында |
44.119062 |
44.112625 | 400 м |
52. | Өсек өзені |
Панфилов ауданы, | Шолақай ауылының батысында |
44.094438 |
44.088448 | 2 км |
53. | Өсек өзені |
Панфилов ауданы, | Жиделі ауылының батысында |
44.003968 |
44.000461 | 450 м |
54. | Қорғас өзені |
Панфилов ауданы, | Басқұншы ауылының шығысында |
44.349122 |
44.331598 | 1 км |
55. | Қорғас өзені |
Панфилов ауданы | Қорғас ауылының шығысында |
44.227857 |
44.222413 | 1,7 км |
56. | Шежін өзені |
Панфилов ауданы,, | Ават ауылының солтүстігінде |
44.182223 |
44.129311 | 540 м |
57. | Шежін өзені |
Панфилов ауданы, | Ақкент ауылының шығысында |
44.182223 |
44.129311 | 540 м |
58. | Шежін өзені |
Панфилов ауданы, | Атамекен ауылының солтүстігінде |
44.222173 |
44.226330 | 1,6 км |
59. | Тышқан өзені |
Панфилов ауданы, | Жаркент қаласы шығысында |
44.210594 |
44.196767 | 2 км |
60. | Тышқан өзені |
Панфилов ауданы, | Сүптай ауылының батысында |
44.256710 |
44.253624 | 1,2 км |
61. | Тышқан өзені |
Панфилов ауданы, | Жиделі ауылының солтүстігінде |
44.014675 |
44.001017 | 2 км |
62. | Тышқан өзені |
Панфилов ауданы, | Головацкий ауылының шығысында |
44.240673 |
44.234529 | 1 км |
63. | Тышқан өзені |
Панфилов ауданы | Үлкеншыған ауылының шығысында |
44.176703 |
44.167381 | 1,3 км |
64. | Бурхан өзені |
Панфилов ауданы, | Жерұйык ауылының батысында |
44.200413 |
44.195331 | 1 км |
65. | Бурақожыр өзені |
Панфилов ауданы, | Жаркент-Арасан ауылының шығысында |
44.335802 |
44.333046 | 1 км |
66. | Бурақожыр өзені |
Панфилов ауданы, | Көктал-Арасан ауылының шығысында |
44.331785 |
44.329310 | 1 км |
67. | Бурақожыр өзені |
Панфилов ауданы, | Үлкенағаш ауылының ішінде |
44.236141 |
44.223849 | 2 км |
68. | Бурақожыр өзені |
Панфилов ауданы, | Көктал ауылының ішінде |
44.145498 |
44.136802 | 2 км |
69. | Көктерек өзені |
Панфилов ауданы, | Коныролен ауылының ішінде |
44.282833 |
44.271634 | 2 км |
Сарқан ауданы | ||||||
70. | Сарқан өзені | Сарқан ауданы, Сарқан қаласы | Елді мекен бойында |
45.373498 |
45.443171 | 8 км |
71. | Басқан өзені | Сарқан ауданы, Екіаша ауылы | Елді мекен бойында |
45.37279 |
45.40383 | 5 км |
72. | Басқан өзені | Сарқан ауданы, Алмалы ауылы | Елді мекен бойында |
45.46131 |
45.43545 | 5,6 км |
73. | Лепсі өзені | Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылы | Елді мекен бойында |
45.70221 |
45.79043 | 4 км |
74. | Лепсі өзені | Сарқан ауданы, Көктерек ауылы | Елді мекен бойында |
46.08137 |
46.09773 | 18 км |
75. | Лепсі өзені | Сарқан ауданы, Лепсі ауылы | Елді мекен бойында |
46.21283 |
46.22280 | 26 км |
76. | Лепсі өзені | Сарқан ауданы, М.Толебаев ауылы | Елді мекен бойында |
46.282170 |
46.30091 | 2,8 км |