"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жетісу облысының ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 28-178 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 313-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | Р. Салыкова |