ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. Қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33706 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа қосымшаның 42, 43-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Мұратов |
Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы қағидаттары мен талаптарын белгілейді.
2. Осы Стандартта қолданылатын анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
3) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
4) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) –тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде пациенттің жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі;
5) жоспарлы медициналық көмек – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
6) кезек күттірмейтін медициналық көмек - пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
7) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
8) консервацияланған мөлдірқабық тіні – қайтыс болған донордың көз алмасынан алынған донорлық мүйізді қабық тіні болып табылатын трансплантаттау материалы, халықаралық көз банктерінің талаптарын сақтай отырып, қан арқылы берілетін инфекцияларға тексерілген, донордың төлқұжаты: донорлық тарих деректері, жасы, эндотелий жасушаларының саны, донорлық дискінің өлшемі, ұсынылатын кератопластикалық операция түрі (кератопластикалық операция), донорлық тіндерді сақтауға арналған тіркелген ерітіндіде сақтау мерзімі кемінде 2 аптаны көрсетумен;
9) медициналық авиация – әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;
10) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер;
11) медициналық көмектің бірінші деңгейі – медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;
12) медициналық көмектің екінші деңгейі – мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
13) медициналық көмектің үшінші деңгейі – жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
14) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді қоса алғанда, халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;
15) медициналық ұйым (бұдан әрі – МҰ) – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
16) мультипәндік топ (бұдан әрі – МДТ) – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
17) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС жүйесі) – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
18) офтальмологиялық көмек – халыққа (ересектерге, балаларға) көру ағзаларының аурулары бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер кешені;
19) офтальмологиялық орталық (бұдан әрі – ОО) – жеке лицензиясы бар ММ немесе құрамында офтальмологиялық көмек көрсететін көп бейінді лицензияланған ММ;
20) өңірлік трансплантаттау үйлестірушісі – Үйлестіру орталығының штаттық қызметкері болып табылатын облыстық орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қиымылын қамтамасыз ететін дәрігер;
21) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
22) профилактика – аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда өршуінің алдын алуға және өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
23) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
24) трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) – Ережесі Кодекстің 7-бабының 70) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы;
25) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.
3. Халыққа офтальмологиялық көмек амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмектің екінші және үшінші деңгейлерінде, жедел және жоспарлы нысандарда, меншiк және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болған жағдайда көрсетіледі.
4. Офтальмологиялық көмек:
1) ТМККК шеңберінде "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 147530 болып тіркелген);
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 132550 болып тіркелген);
3) ақылы негізде "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
5. Халыққа офтальмологиялық көмекті "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) "Офтальмология (ересектер, балалар)" (бұдан әрі – офтальмолог дәрігер) мамандығы бойынша дәрігер жүзеге асырады.
6. Халыққа офтальмологиялық көмек КХ ұсынымдарына сәйкес, ал олар болмаған жағдайда дәлелді базасы бар халықаралық клиникалық ұсынымдарға (нұсқаулықтарға) сәйкес көрсетіледі.
7. Амбулаториялық жағдайларда пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ–75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ – 75 бұйрығы) бекітілген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Орфандық офтальмологиялық ауруларды емдеу "Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21479 болып тіркелген) бекітілген Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған препараттардың тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
9. МҰ "Бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген нысандар бойынша және "Денсаулық сақтау саласындағы есептілік құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрық) сәйкес медициналық құжаттардың жүргізуді және есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
10. Шұғыл мамандандырылған офтальмологиялық көмек "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
11. Диагнозды сәйкестендіруде қиындықтар туындаған кезде, оның ішінде пациентті тасымалдау мүмкін болмаған жағдайында, офтальмологиялық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде аккредиттелген кәсіби медициналық қауымдастықтардың жетекші мамандарын мен бейінді орталықтың мамандарын тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады.
12. Қашықтықтан форматта офтальмологиялық көмек көрсету "Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
13. Офтальмологиялық көмек "Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы) сәйкес медициналық оңалтуды жүргізудің 2-3 кезеңін қамтиды.
2-тарау. Офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
14. Бірінші деңгейде офтальмологиялық көмекті "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 240941 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-90 бұйрығы) сәйкес МСАК МҰ жүзеге асырады.
15. Екінші деңгейде офтальмологиялық көмек емханалардың, офтальмологиялық орталықтардың, көп бейінді облыстық ауруханалардың және/немесе қалалық ауруханалардың офтальмологиялық бөлімшелерінің және амбулаториялық хирургия орталығының (бұдан әрі – АХО), бейінді ғылыми ұйымдардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелері деңгейінде жүзеге асырылады.
16. Үшінші деңгейде балаларға офтальмологиялық көмек, үшінші деңгейдегі босандыру медициналық ұйымдарда, көп бейінді үшінші деңгейдегі МҰ және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
17. Мамандандырылған медициналық көмекті, ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмекті ұйымдастыруға бірыңғай тәсілді қалыптастыруда, қаржыландыру көлемін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және медициналық қызмет көрсету процестерін жоспарлауда:
1) өңірлік деңгейде – жергілікті атқарушы органның шешімімен тағайындалатын тиісті өңірдің бас штаттан тыс офтальмологы;
2) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс офтальмологы және уәкілетті орган айқындайтын Үйлестіру орталығы үйлестіруші рөл атқарады.
18. Офтальмологиялық көмек көрсету үшін
1) мынадай:
аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында және республикалық маңызы бар қалалар мен астанада құрылған консультативтік-диагностикалық орталықта дәрігер-офтальмолог;
амбулаториялық (қалалық емханада, ҚДО) және стационарлық (қалалық/облыстық офтальмологиялық орталықта) жағдайларда мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында көздің функционалдық диагностикасы;
амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы (қалалық емханада, КДО) көздің қан тамырлары патологиясы, глаукома және лазерлік хирургия;
аудандық/қалалық, облыстық деңгейдегі балаларға мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және мамандандырылған мектепке дейінгі мекемелерде, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарда балалардың көру қабілетін сақтау;
амбулаториялық жағдайларда және консультативтік-диагностикалық орталықтарда мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында жанаспалы, күрделі және жанаспалы және ортокератологиялық линзалармен арнайы түзету;
аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі амбулаториялық жағдайларда және консультациялық-диагностикалық орталықтарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оптометрия кабинеттері;
2) мынадай:
қалалық және облыстық деңгейдегі амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылған консультациялық-диагностикалық орталықта протездеу;
республикалық маңызы бар қалалардағы көп бейінді ауруханалар құрылымында және ғылыми ұйымдарда патологиялық-гистологиялық зерттеулер және тіндерді консервациялау (донорлық мөлдірқабықты қоспағанда) зертханалары;
3) аудандық деңгейде стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының соматикалық (терапевтік, педиатриялық) бөлімшелерінің құрамында (аудандық/нөмірлі аудандық/ауданаралық/көп бейінді орталық аудандық ауруханалар); аудандық деңгейлеріндегі (аудандық/нөмірлі аудандық/көп бейінді орталық аудандық ауруханалар), қалалық (қалалық/көп бейінді қалалық/көп бейінді қалалық балалар ауруханасы), облыстық (көп бейінді облыстық/көп бейінді облыстық балалар ауруханасы) стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының хирургиялық бөлімшелерінің құрамында офтальмологиялық төсектер;
4) аудандық (аудандық/нөмірлі аудандық/көп бейінді орталық аудандық ауруханалар), қалалық (қалалық/көп бейінді/көп бейінді қалалық балалар ауруханасы), облыстық (көп бейінді облыстық/ көп бейінді облыстық балалар ауруханасы) жанындағы стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында офтальмология бөлімшесі (күндізгі стационарды қоса алғанда);
5) Қалалық (қалалық/көп бейінді қалалық аурухана), облыстық (көп бейінді облыстық аурухана) деңгейлерінде стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін жеке МҰ және/немесе денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында) офтальмологиялық орталық құрылады.
Офтальмологиялық орталықтың құрамында офтальмолог кабинеті, функционалды диагностика кабинеті, рентген кабинеті, протездеу зертханасы, күндізгі стационар, офтальмологиялық бөлімше көзді лазерлік көруді түзету орталығы кіруі мүмкін;
6) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде (қалалық деңгейде, көп бейінді стационардың құрылымдық бөлімшесі ретінде консультациялық-диагностикалық орталықта) және денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде (көп бейінді қалалық және облыстық ауруханалар жанындағы консультациялық-диагностикалық бөлімше) пациенттерге стационарды алмастыратын хирургиялық көмек көрсетуге арналған АХО құрылады.
3-тарау. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары
19. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері:
1) офтальмологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикалауға, мүгедектіктің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2) медициналық көмектің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, дәлелді медицина принциптеріне негізделген диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін пайдалана отырып, офтальмологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
3) медициналық оңалтуды жүргізу;
4) офтальмологиялық аурулары бар пациенттерді динамикалық байқау;
5) офтальмологиялық аурулардың асқынуы мен өршуінің профилактикасы;
6) өңірдегі медициналық ұйымдарға медициналық көмек көрсету деңгейін (аудандық, қалалық, облыстық) ескере отырып, ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
7) инновациялық медициналық технологияларды енгізу және трансферттеу;
8) офтальмологиялық көмек көрсету сапасына мониторинг жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының халқы арасында саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
4-тарау. Офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі (оны көрсету деңгейлері, түрлері, нысандары мен шарттары бойынша)
1-параграф. Амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
20. Офтальмологиялық аурулары бар пациенттерге амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) және № ҚР ДСМ-90 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.
21. МСАК мамандары амбулаториялық жағдайларда:
1) офтальмологиялық ауруларды ерте диагностикалау мақсатында (шағымдарды, анамнезді жинау) қарап-тексеру, дәрігерге дейінгі кабинеттерде пациентерді бастапқы сұрау және қарап-тексеруді;
2) КХ сәйкес диагностикалау және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді;
3) "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) бұдан әрі- ҚР ДСМ-№149 бұйрығы) сәйкес офтальмологиялық аурулары бар пациенттерді динамикалық байқауды;
4) № ҚР ДСМ-75 бұйрыққа сәйкес жекелеген аурулары бар пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақтылы қамтамасыз ету;
5) дәрілік терапияның тиімділігі мен асқынуын бақылауды;
6) "Медициналық және әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 32922 болып тіркелген) сәйкес офтальмологиялық аурулары бар адамдарды еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалту және өмір сүру қызметін шектеу жағдайларда мүгедектікті анықтау және белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді;
7) Офтальмологтың консультациясына не емдеуге жатқызуға жіберуді жүргізеді.
22. Офтальмолог дәрігер "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі ҚР ДСМ-37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) сәйкес офтальмологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
23. Офтальмолог дәрігер:
1) КХ сәйкес мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек;
2) "Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) және "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық (скринингтік) медициналық қарап-тексерулерді;
3) офтальмологиялық аурулары бар пациенттерді тәулік бойы жұмыс істейтін және күндізгі стационарларға, АХО емдеуге жатқызуға жіберуді;
4) № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес офтальмологиялық аурулары бар пациенттерді динамикалық байқауды;
5) № ҚР-ДСМ 175/2020 және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрықтарына сәйкес белгіленген нысандар бойынша медициналық құжаттаманы есепке алу және есептілік жүргізуді;
6) офтальмологиялық аурулары бар пациенттердің еңбекке қабілеттілігін біржола жоғалтқан жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізуге қатысу, офтальмологиялық аурулары бар пациенті медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін МСАК дәрігерге ұсынымдар беруді;
7) "Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32263 болып тіркелген) және ҚР ДСМ-116/2020 бұйрықтарына сәйкес аурулары бар пациенттерді медициналық оңалтуға жолдама беруді;
8) офтальмологиялық аурулары бар пациенттерді ерте диагностикалау, профилиактикалау және емдеу мәселелері бойынша МСАК мамандарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді;
9) көру ағзалары ауруларының профилактикасы, саламатты өмір салтын насихаттау бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.
24. Функционалды диагностика кабинетінде офтальмолог дәрігер:
1) көру ағзасын ультрадыбыстық зерттеуді;
2) биометриялық офтальмологиялық зерттеулерді (жанаспайтын әдістер кезінде оны біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификаты бар орта буын медицина қызметкері жүргізе алады);
3) көру ағзасы тіндерінің оптикалық когерентті томографиясын (жанаспайтын әдістер кезінде оны біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификаты бар орта буын медицина қызметкері жүргізе алады);
4) көру талдауышының электрофизиологиялық зерттеулерді;
5) көз түбінің флуоресценді ангиографиясын;
6) периметрияны жүргізеді (жанаспайтын әдістер кезінде оны біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификаты бар орта буын медицина қызметкері жүргізе алады).
25. Көздің қан тамырлары патологиясы, глаукома және лазерлік хирургия кабинетінде:
1) глаукома, көз түбінің жіті және созылмалы қан тамырлары аурулары, көз торының және тамырлы қабықтың тұқым қуалайтын аномалиялары, витреохориоретинальды дистрофиялар, ісік және жалған ісік аурулары бар пациенттерге консультациялық, диагностикалық көмек, емдеу және динамикалық байқау жүргізуді;
2) глаукомаға, қайталама катарактаға, шыны тәрізді бұлдырлыққа, витреохориоретинальды дистрофияларға, ісік және жалған ісік ауруларына лазерлік хирургиясы жүргізіледі .
26. Балалардың көру қабілетін сақтау кабинеттерінде:
1) көру ағзаларының аурулары бар балаларға консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсету;
2) рефракция ақаулары, амблиопия, қыликөзділік, цифрлық көру шаршауы бар кезде балаларды аппараттық емдеу;
3) балалардағы миопияның дамуының профилактикасы, ерте диагностикалау және миопияның дамуының профилактикасы;
4) қызмет көрсету аймағындағы балалардың көру ағзалары сырқаттанушылығының, көру ағзалары ауруларынан болатын мүгедектіктің негізгі көрсеткіштерін талдау;
5) қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерге және басқа бейінді мамандардың консультациясына жіберу жүргізіледі.
27. Күрделі және арнайы түзету кабинетінде:
1) рефракция ақаулары бар пациенттерге консультацияялық-диагностикалық көмек көрсету;
2) көзілдірікті түзетудің барлық түрлерін таңдау;
3) сериялы өндірістегі жанаспалы линзаларды, қатты жанаспалы линзаларды, ортокератологиялық және жеке жанаспалы линзаларды таңдау;
4) пациенттерді күрделі және арнайы түзету құрылғыларын пайдалану және оларға күтім жасауды оқыту;
5) түзету әдістеріне бейімделу кезеңінде пациенттерді динамикалық байқау жүргізіледі;
28. Оптометрия кабинетінде:
1) заманауи диагностикалық жабдықты (визометрия, кераторефрактометрия, көру сипатын анықтау, периметрия, биометрия) пайдалана отырып, көздің көру функциялары мен анатомиялық параметрлерін зерттеу;
2) көзішілік қысымды (тонометрия) және оның параметрлерін өлшеу;
3) ересектерге және офтальмолог дәрігердің объективті рефракциялық зерттеп-қарау деректері болған жағдайда, 6 және одан жоғары жастағы балалар үшін көзілдірікті түзетудің барлық түрін таңдау;
4) ересектерге, ал офтальмолог дәрігердің объективті рефракциялық зерттеп-қарау деректері болған жағдайда, 6 және одан жоғары жастағы балалар үшін жанаспалы линзаларды таңдау;
5) пациенттерге түзету құрал-жабдықтарды пайдалану және күту тәсілдерін оқыту;
6) дәрігерге дейінгі кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету;
7) қажет болған жағдайда офтальмолог дәрігерге консультацияға жіберу жүргізіледі.
29. Протездеу зертханасында:
1) стандартты көз протездерін таңдау;
2) жеке көз протездерін, эктопротездерін таңдау және жасау;
3) конъюнктивалық қуыстың, діңгектің, көз бетінің жай-күйін динамикалық байқау жүргізіледі.
30. Офтальмологиялық аурулары бар пациентті тәулік бойы жұмыс істейтін стационарға емдеуге жатқызуға жіберу "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) бұдан әрі – № ҚР ДСМ-27 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.
31. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда емделуге жататын офтальмологиялық аурулары бар пациенттерді емдеуге жатқызу № ҚР ДСМ-27 бұйрығына сәйкес ТМККК шеңберінде / МӘМС жүйесінде тәулік бойы байқаумен стационарда емделуге жататын офтальмологиялық аурулардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
32. Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы кезінде (шұғыл, жоспарлы) стационарлық мамандандырылған офтальмологиялық көмек үшінші деңгейдегі босандыру ұйымдарында, көп бейінді үшінші деңгейдегі МҰ және перинаталдық және офтальмологиялық көмек көрсететін ғылыми ұйымдарда көрсетіледі.
33. Босандыру медициналық ұйымдары жоғары білікті мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсету үшін шала туғандардың белсенді ретинопатиясы бар шала туған нәрестелерді (қажет болған жағдайда) үшінші деңгейдегі босандыру ұйымдарға, көп бейінді үшінші деңгейдегі клиникаларға және ғылыми-зерттеу мекемелеріне уақтылы тасымалдауды (оның ішінде санитариялық авиациямен) бағыттайды және үйлестіреді.
34. Көру ағзасын хирургиялық емдеу тәулік бойы жұмыс істейтін, күндізгі стационарда және амбулаторлық хирургия орталығында жүзеге асырылады.
35. Көру ағзасындағы хирургиялық араласуды офтальмолог дәрігер "Офтальмология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша сертификаты және "Көз микрохирургиясы" тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігі болған кезде жасайды.
36. Пациентке (ересектер, балалар) бір көзге (екінші көз жоқ) немесе бір функционалды көзге (бір көздің көру өткірлігі 0,05 немесе одан төмен) хирургиялық тактика мен хирургиялық араласу көлемін таңдау туралы шешімді кемінде 5 жыл тәжірибесі бар кемінде үш офтальмолог дәрігерден тұратын консилиум қабылдайды.
37. Диагнозды сәйкестендіру және қадағалап жүргізу тактикасын анықтауда қиындықтар туындаған жағдайда офтальмологиялық ауруы бар пациент тиісті өңірдің бас штаттан тыс офтальмологының және аккредиттелген кәсіптік медициналық қауымдастық мүшелерінің қатысуымен консилиумға жіберіледі. Қажет болған жағдайда пациент бейінді орталықтың қатысуымен кеңейтілген консилиумға жіберіледі.
38. Стационарды алмастыратын жағдайларда офтальмологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек, тәулік бойы медициналық байқауды қажет етпейтін жағдайларда медициналық оңалту көрсетіледі.
39. Мамандандырылған стационарды алмастыратын офтальмологиялық көмек көрсету кезінде емдеу-диагностикалық іс-шаралардың көлемі КХ сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Мөлдірқабықты трансплантаттауды ұйымдастыру тәртібі
40. Мөлдірқабықты, оның ішінде консервацияланған мөлдірқабықты трансплантаттау Заңға сәйкес лицензиясы бар медициналық ұйымның тәулік бойы жұмыс істейтін офтальмологиялық стационарында жүргізіледі.
41. Трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу және консервациялау "Патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-307/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21850 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-307/2020 бұйрық) сәйкес жүргізіледі.
42. Консервацияланған мөлдірқабық тінін сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сәйкес консервацияланған мөлдірқабық тінін трансплантаттау қызметтерін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
43. Мөлдірқабықты трансплантаттау № ҚР ДСМ-307/2020 бұйрыққа сәйкес патологиялық анатомия және сот-медициналық сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда көз алмасы алынғаннан кейін 48 сағат ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донордан алынған донорлық материалды пайдалана отырып немесе мультиағзаны алуға "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы 2023 жылғы 18 тамыздағы № 187 мақұлдаған ағзаларды және/немесе тіндерді мультиағзаны алуға донорды дайындау" медициналық араласудың клиникалық хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
44. Консервацияланған мөлдірқабық тінін трансплантаттау шетелдік мөлдірқабық банкімен жасалған шарт бойынша алынған трансплантациялық материал пайдаланыла отырып, жүзеге асырылады. Шетелдік банктерден консервацияланған донорлық мөлдірқабықты әкелу тәртібі Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
45. Мөлдірқабық тіндерін трансплантаттауға көрсетілімдерді офтальмологтардың консилиумы құрамында аккредиттелген кәсіби медициналық қауымдастықтың жетекші мамандары, өңірдің бас штаттан тыс офтальмологы, ғылыми орталықтың бейінді мамандары айқындайды. Мөлдірқабық тіндерін трансплантаттау диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі: көз алмасының УДЗ (А, В - сканері), электрофизиологиялық зерттеу нәтижелері ескеріле отырып "Мөлдірқабықтың жарасы" "Мөлдірқабықтың тыртықтары мен бұлыңғылануы", "Кератоконус", "Кератопатия", "Көздің және оның қосымша аппаратының аймағымен шектелген термиялық және химиялық күйіктер".
46. Мөлдірқабық тінін трансплантаттауды жүзеге асыратын маманға қойылатын біліктілік талаптары осы Стандартқа 2-қосымшада келтірілген.
47. Мөлдірабық тінін трансплантаттауды жүзеге асыратын медициналық ұйымдарды ұсынылатын жарақтандыру осы Стандартқа 3-қосымшада келтірілген.
48. Консилиум қорытындысы бойынша бас штаттан тыс офтальмолог "Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21717 болып тіркелген) сәйкес донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесіне енгізу сәтінде бастапқы тіркеу кезінде пациент туралы деректерді енгізеді, мөлдірқабықты (оның ішінде консервацияланған мөлдірқабық тінін) трансплантаттаудан кейін стационардан шығару кезінде және трансплантаттаудан кейін бір жылдан кейін медициналық ақпараттық жүйеге 4-қосымшаға сәйкес пациенттің деректерін енгізеді, ескертпелерде олар болған жағдайда ургентті трансплантаттау (перфорация жұмсақ контактілі линзаның көмегімен алдыңғы камераны қалпына келтірмеген кезде, көздің анатомиялық арақатынасы бұзылған мөлдірқабықтың кең ақауы-ағзаны сақтау мақсатымен), оптикалық тұрғыдан жалғыз көз және бала басымдық өлшемшарттары көрсетіледі.
49. Мөлдірқабықты трансплантаттауды жүзеге асыратын медициналық ұйым (оның ішінде консервацияланған мөлдірқабық тіні) операциядан кейінгі бір жыл ішінде (апта сайын – операциядан кейінгі бірінші ай, операциядан кейін ай сайын – 6 айға дейін) (трансплантаттаудан кейін бір жыл өткен соң) бейінді орталыққа жыл сайынғы есеп бере отырып, пациенттің мониторингін жүргізеді.
50. Көздің қабыну процестерін (кератит, увеит) бастан өткерген пациенттерге этиологиясы анықталғаннан, инфекцияларға зерттеп-қаралған, зертханалық зерттеулердің оң нәтижелері кезінде инфекционистің консультациясынан кейін кемінде 10-12 ай тұрақты ремиссия жағдайында мөлдірқабықты трансплантаттауға рұқсат етіледі.
Трансплантааттауға салыстырмалы қарсы көрсетілімдер: аутоиммунды патологиясы бар пациенттер, трансплантаттаудан бас тарту қаупінің жоғары болуына байланысты нейротрофиялық процестер. Пациенттердің осы санатындағы мөлдірқабықты трансплантаттаудың орындылығы туралы мәселе көз алмасын сақтау мақсатында ағзаны алып тастау операциясы қаупі кезінде шешіледі. Ревматологтың консультациясы міндетті болып табылады. Қосарласқан патологиясы бар пациенттерге аралас мамандардың: қант диабеті, қалқанша безінің патологиясы кезінде-эндокринологтың; нейротрофиялық процестер кезінде-невропатологтың консультациясын жүргізу қажет.
51. Пациентті операциядан кейінгі байқауға және құжаттаманы жүргізуге қойылатын талаптар сақталмаған кезде уәкілетті орган трансплантаттауды жүргізуге арналған лицензияны кері қайтарып алу туралы мәселе қоюға құқылы. Аккредиттелген кәсіптік медициналық қауымдастықтың мүшелері бейінді мамандармен бірлесіп, бейінді орталықтармен жыл сайын трансплантаттау жүргізуге аккредиттелген клиникаларға жоспарлы мониторингтік сапарлар жүргізеді, асқынулар туындаған жағдайда, трансплантаттау нәтижесіндегі ағзаны алып тастау операцияларының асқыну себептерін талдай отырып, клиникаға жоспардан тыс мониторингтік сапар жүргізеді.
5-тарау. Офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары үшін ұсынылатын штат саны мен медициналық бұйымдармен жарақтандырылуы
52. Офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары үшін ұсынылатын штат саны осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
53. Офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандырылуы осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
| Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Офтальмологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі
Диагностикалық көрсетілетін қызметтер | Медициналық көмекті көрсетудің деңгейлері | ||
Бірінші деңгей | Екінші деңгей | Үшінші деңгей | |
1) шағымдарды, анамнезді жинау | + | + | + |
2) физикалық қарап-тексеру: пульсті, қан қысымын, тыныс алу жиілігін өлшеу, аускультация | + | + | + |
3) көзді және қосалқыларды сыртқы қарап-тексеру | + | + | + |
4) өтетін, бүйірлік жарықта көзді және қосалқыларды қарап-тексеру | + | + | |
5) көрсетілімдер бойынша зертханалық зерттеулер | + | + | |
3) түзетумен және түзетусіз көру өткірлігін анықтау | + | + | |
4) рефракционды зерттеу: ауторефрактокератометрия (ересектер, балалар), ретиноскопия/скиаскопия (балалар) | + | + | |
5) көзішілік қысымды анықтау (ересектерде ≥ 40 жас; ересектерде ≤ 40 жаста (көрсетілім бойынша), балаларда (көрсетілім бойынша) | + | + | |
6) көздің қосымша, көз қозғалғыш аппаратын зерттеу | + | + | |
7) көз жасы өзектерiнiң ашықтығын анықтау, көз жасы өзектерiн жуу | + | + | |
8) көз жасының түзілуін зерттеу | + | + | |
9) биомикроскопия (жарықшамен зерттеу) | + | + | |
10) офтальмоскопия (тікелей және жанама) | + | + | |
| Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
1. Төсек санына қарай медициналық көмек көрсету деңгейлері бойынша стационарлық жағдайларда 1 тәулік бойғы мейіргер постына офтальмолог дәрігердің 1 лауазымына жүктемені ескере отырып ұсынылатын штаттық нормативтер
Аудандық ауруханалар | Қалалық ауруханалар* | Республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы облыстық және қалалық ауруханалар | Республикалық ғылыми-зерттеу институты және Ұлттық орталық | ||||
ересек | бала | ересек | бала | ересек | бала | ересек | бала |
Мемлекеттер 10 000 халыққа шаққандағы төсек-орынның жоспарлы және стандартты санына және көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне сәйкес белгіленеді. | 12 | 10 | 10 | 8 | 8 | 4 | |
______________________________________
* республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, барлық қалалардағы қалалық ауруханалар
2. Бір халыққа амбулаториялық-емханалық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін ұсынылатын штаттық нормативтер.
Амбулаториялық деңгей | ||
Лауазымы | Штаттық бірліктер саны | Халық саны |
Офтальмолог-дәрігер (ересек) | 1 | 10 000 ересектер мен балалар |
Офтальмолог-дәрігер (балалар) | 0,8 | 10 000 ересектер мен балалар |
1 офтальмологқа орта буын медицина қызметкерінің (мейіргер және/немесе фельдшер) 1 лауазымы | ||
3. Мамандандырылған функционалдық диагностика кабинеттері үшін ұсынылатын штаттық нормативтер; көздің қан тамырлары патологиясы, глаукома және лазерлік хирургия; балалардың көру қабілетін қорғау; күрделі және арнайы түзету; популяцияға шаққандағы оптометрия
Амбулаториялық деңгей (функционалдық диагностика бойынша мамандандырылған кабинет; көздің тамырлы патологиясы, глаукома және лазерлік хирургия; балалардың көру ағзасын сақтау; күрделі және арнайы түзету; оптометрия) | ||
Лауазымы | Штаттық бірліктер саны | Халық саны |
Функционалдық диагностика кабинетінің офтальмологы (ересек); көздің тамырлы патологиясы, глаукома және лазерлік хирургия | 1 | 10 000 ересектер мен балалар |
Балалардың көру қабілетін қорғау кабинетінің офтальмологы (балалар); күрделі және арнайы түзету; оптометрия | 0,8 | 10 000 ересектер мен балалар |
1 офтальмологқа орта буын медицина қызметкерінің (мейіргер және/немесе фельдшер) 1 лауазым | ||
| Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 3-қосымша |
Офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру
1. Мамандандырылған офтальмолог кабинетін жарақтандыру
№ | Атауы | Саны |
1 | Керек-жарақтары бар қолтаңба проекторы | 1 |
2 | Сынақ көзілдіріктерінің жиынтығы | 1 |
3 | Әмбебап сынақ кадры | 2 |
4 | Офтальмологиялық тонометр | 1 |
5 | Авторефрактокерометр | 1 |
6 | Аксессуарлары бар балалар авторефрактометрі | 1 (балалар) |
7 | Аксессуарлары бар ретиноскоп (балалар) | 1 (балалар) |
8 | Тікелей офтальмоскоп | 1 |
9 | Керек-жарақтары бар саңылау шамы | 1 |
10 | Байланыссыз офтальмоскопияға арналған асфералық диагностикалық линзалар | Талап бойынша |
11 | Гониоскопиялық линза | 1 |
12 | Үш айна Голдман линзасы | 1 |
13 | Кері бас офтальмоскоп | 1-2 кем емес |
14 | Бас офтальмоскопиясына арналған асфералық диагностикалық линзалар | 2 кем емес |
15 | Жабдықтарды көтеруге арналған электрлік үстелдер | Талап бойынша |
16 | Үстел шамы | 1 |
17 | Скиаскопиялық сызғыштар жинағы (балалар) | 1 жиынтық |
18 | Диагностикалық призматикалық сызғыштар/линзалар кешені | 1 Талап бойынша |
19 | Экзофтальмометр | Талап бойынша |
20 | Түс қабылдауды тексеруге арналған диаграммалар | 1 жиынтық |
21 | Жұмыс орнындағы офтальмолог | 1 |
22 | Тест-жолақтар (флюоресцеинмен; Ширмер сынамасын жүргізу үшін) | Талап бойынша |
2. Функционалды көз диагностикасы кабинеті
№ | Атауы | Саны |
1 | Керек-жарақтары бар ультрадыбыстық офтальмологиялық A/B-сканер | 1 |
2 | Көрнекі өріс анализаторы (компьютер периметрі) керек-жарақтары бар | 1 |
3 | Оптикалық биометриялық жүйе | 1 |
4 | Мүйізді қабықтың топографы | 1 |
5 | Ультрадыбыстық биомикроскоп (UBM) | 1 |
6 | Ангиографиялық функциясы бар оптикалық когерентті томограф | 1 |
7 | Көз түбінің камерасы | 1 |
8 | Эндотелий микроскобы | 1 |
9 | Көздің электрофизиологиялық зерттеулеріне арналған компьютерлік жұмыс станциясы (КЭЗ - жүйе) | 1 |
10 | Жабдықтарды көтеруге арналған электрлік үстелдер | Талап бойынша |
3. Көздің қан тамырлары патологиясы, глаукома және лазерлік хирургия бойынша мамандандырылған кабинет
№ | Атауы | Саны |
1 | Керек-жарақтары бар саңылау шамы | 1 |
2 | Көрнекі өріс анализаторы (компьютер периметрі) керек-жарақтары бар | 1 |
3 | Ангиографиялық функциясы бар оптикалық когерентті томограф | 1 |
4 | Көз торының коагуляциясына арналған офтальмологиялық лазерлік жүйе | 1 |
5 | Екіншілік катарактаны емдеуге арналған офтальмологиялық лазерлік жүйе | 1 |
6 | Глаукоманы лазерлік емдеуге арналған офтальмологиялық лазерлік жүйе | 1 |
7 | Жанама офтальмоскопияға арналған офтальмологиялық хирургиялық линзалар | 2 кем емес |
8 | Иридотомияға арналған офтальмологиялық хирургиялық линзалар | 2 кем емес |
9 | Капсулотомияға арналған офтальмологиялық хирургиялық линзалар | 2 кем емес |
10 | Голдман үш айна линзасы | 2 кем емес |
11 | Жанаспайтын офтальмоскопияға арналған офтальмологиялық асфералық линза | Талап бойынша |
12 | Гониоскопияға арналған офтальмологиялық линза | 2 кем емес |
13 | Офтальмологиялық тонометр | 1 |
14 | Жабдықтарды көтеруге арналған электрлік үстелдер | Талап бойынша |
4. Балалардың көру қабілетін сақтауға арналған мамандандырылған кабинет
№ | Атауы | Саны |
1 | Керек-жарақтары бар қолтаңба проекторы | 1 |
2 | Сынақ көзілдіріктерінің жиынтығы | 1 |
3 | Әмбебап сынақ кадры | 2 |
4 | Офтальмологиялық тонометр | 1 |
5 | Авторефрактокерометр | |
6 | Балалар авторефрактометрі (портативті) | 1 |
7 | Керек-жарақтары бар саңылау шамы | 1 |
8 | Аксессуарлары бар ретиноскоп | 1 |
9 | Скиаскопиялық сызғыштар жинағы | 1 жиынтық |
10 | Тікелей офтальмоскоп | 1 |
11 | Кері бас офтальмоскоп | 1 |
12 | Үстел шамы | 1 |
13 | Бас офтальмоскопиясына арналған асфералық диагностикалық линзалар | 2 кем емес |
14 | Диагностикалық призматикалық сызғыштар/линзалар кешені | 1 жиынтық |
15 | Кері офтальмоскопияға арналған асфералық диагностикалық линзалар | Талап бойынша |
16 | Офтальмомиотренер-релаксатор | 1 |
17 | Синоптофор | 1 |
18 | Оптикалық жаттығуларға арналған көзілдірік жинағы | 1 жиынтықтан кем емес |
19 | Жабдықтарды көтеруге арналған электрлік үстелдер | Талап бойынша |
21 | Педиатриялық қабақтың шандырлары | Талап бойынша |
5. Жанаспалы, күрделі және арнайы түзету кабинеті
№ | Атауы | Саны |
1 | Белгі проекторы | 1 |
2 | Сынақ көзілдіріктерінің жиынтығы | 1 |
3 | Әмбебап сынақ кадры | 2 |
4 | Автокераторфрактометр | 1 |
5 | Үстел шамы | 1 |
6 | Мүйізді қабықтың топографы | 1 |
7 | Контактісіз офтальмоскопияға арналған офтальмологиялық линза | Талап бойынша |
8 | Офтальмологиялық тонометр | 1 |
9 | ретиноскоп | 1 |
10 | Скиаскопиялық сызғыштар жинағы | 1 жиынтық |
11 | Оптикалық биометрия жүйесі | 1 |
12 | Стандартты ортокератологиялық линзалар жинағы | Талап бойынша |
13 | Торик ортокератологиялық линзалар жинағы | Талап бойынша |
14 | Жанспалы линзаларды таңдауға арналған диагностикалық жинақтар | Талап бойынша |
15 | Жанспалы линзаларға арналған аксессуарлар | Талап бойынша |
16 | Офтальмологиялық фороптер | 1 |
17 | Жанспалы линзаларды күтуге және емдеуге арналған шешімдер | Талап бойынша |
18 | Көлденең цилиндрлер жинағы | 1 |
19 | Флуоресцеин қосылған офтальмологиялық тест жолақтары | Талап бойынша |
20 | Диоптриметр | 1 |
6. Стационарлық жағдайларда офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары
№ | Атауы | Саны |
1 | Белгі проекторы | 1 жұмыс орнына |
2 | Сынақ көзілдіріктерінің жиынтығы | 1 жұмыс орнына |
3 | Әмбебап сынақ кадры | 2 жұмыс орнына |
4 | Офтальмологиялық тонометр | 1 |
5 | Авторефрактокерометр | 1 |
6 | Педиатриялық авторефрактометр (балалар) | 1 |
7 | ретиноскоп (балалар) | 1 |
8 | Тікелей офтальмоскоп | 1 жұмыс орнына |
9 | Жанаспайтын офтальмоскопияға арналған асфералық диагностикалық линзалар | офтальмолог-дәрігердің 1 жиынтығы |
10 | Гониоскопияға арналған линзалар | 1 жұмыс орнына |
11 | Керек-жарақтары бар саңылау шамы | 1 жұмыс орнына |
12 | Жабдықтарды көтеруге арналған электрлік үстелдер | Талап бойынша |
13 | Кері бас офтальмоскоп | 1 |
14 | Бас офтальмоскопиясына арналған асфералық диагностикалық линзалар | Басына орнатылған офтальмоскопқа кемінде 2 |
15 | 1 жұмыс орны | 1 жұмыс орнына |
16 | Диагностикалық призматикалық сызғыштар/линзалар кешені | жұмыс орнына 1 жиынтық |
17 | Ультрадыбыстық офтальмологиялық A/B-сканер | 1 |
18 | Оптикалық биометриялық жүйе | 1 |
19 | Көру өрісінің талдауышы (компьютер периметрі) | 1 |
20 | Ультрадыбыстық биомикроскоп (UBM) | 1 |
21 | Ангиографиялық функциясы бар оптикалық когерентті томограф | 1 |
22 | Эндотелий микроскобы | 1 |
23 | Жабдықтарды көтеруге арналған электрлік үстелдер | Талап бойынша |
24 | Офтальмологиялық операциялық микроскоп керек-жарақтары бар | 1 операция үстеліне |
25 | Катаракта хирургиясы үшін керек-жарақтары мен керек-жарақтары бар офтальмологиялық хирургиялық жүйе | 1 операция үстеліне |
25 | Витрохирургияға арналған офтальмологиялық хирургиялық жүйе | Талап бойынша, 1 операция үстеліне |
26 | Катаракта хирургиясына арналған микрохирургиялық құралдар жиынтығы | Талап бойынша |
27 | Глаукомаға қарсы операцияларға арналған микрохирургиялық құралдар жиынтығы | Талап бойынша |
28 | Витреоретинальды операцияларға арналған микрохирургиялық аспаптар жиынтығы | Талап бойынша |
29 | Тор қабығын ажырату операцияларын орындауға арналған микрохирургиялық аспаптар жиынтығы | Талап бойынша |
30 | Көзден тыс бұлшықеттерге операцияларды орындауға арналған микрохирургиялық аспаптар жиынтығы | Талап бойынша |
31 | Қоспаларға пластикалық және реконструкциялық операцияларға арналған микрохирургиялық құралдар жиынтығы | Талап бойынша |
32 | Энуклеацияны, эвискеронуклеацияны орындауға арналған микрохирургиялық аспаптардың жиынтығы | Талап бойынша |
33 | Кератопластикаға арналған микрохирургиялық құралдар жиынтығы | Талап бойынша |
34 | Орбитада операцияларды орындау үшін микрохирургиялық аспаптарды орнатады | Талап бойынша |
35 | Көздің алдыңғы сегментіндегі операцияларға арналған микрохирургиялық құралдар жиынтығы | Талап бойынша |
36 | Криохирургиялық офтальмологиялық бөлімше | 1 талап бойынша |
37 | Транссклеральды микроимпульстік циклофотокоагуляция жүйесі | 1 талап бойынша |
7. Шала туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингке және шала туғандардың белсенді ретинопатиясында көз торының лазерлік коагуляциясына арналған жарақтандыру
№ | Атауы | Саны |
Шала туған нәрестелердің ретинопатиясын скрининг үшін | ||
1 | Кері бас офтальмоскоп | 1 |
2 | Кері офтальмоскопияға арналған диагностикалық асфералық линза 20D | 2 |
3 | Кері офтальмоскопияға арналған диагностикалық асфералық линза 28D | 2 |
4 | Педиатриялық тордың камерасы | 1 |
5 | Педиатриялық қабақтың шандырлары | |
6 | Склеродепрессор | |
Шала туғандардың белсенді ретинопатиясында көз торының лазерлік коагуляциясы үшін | ||
7 | Транспупиллярлық коагуляцияға бейімделген офтальмологиялық эндофотокоагуляциялық лазер | 1 |
8 | Тор қабықтың транспупиллярлық коагуляциясына арналған хирургиялық линзалар | кемінде 2-у |
9 | Педиатриялық мөлдірқабақтың тартқыштары | кемінде 2-у |
10 | Склеродепрессор | кемінде 2-у |
8. Оптометрия кабинеті
№ | Атауы | Саны |
1 | Белгі проекторы | 1 |
2 | Сынақ көзілдіріктерінің жиынтығы | 1 |
3 | Әмбебап сынақ кадры | 1 |
4 | Автокераторфрактометр | 1 |
5 | Үстел шамы | 1 |
6 | Офтальмологиялық тонометр | 1 |
7 | Керек-жарақтары бар саңылау шамы | 1 |
8 | Тікелей офтальмоскоп | 1 |
9 | ретиноскоп + скиаскопиялық сызғыштар | 1 |
10 | Сериялық контактілі линзаларды таңдауға арналған диагностикалық жинақтар | Талап бойынша |
11 | Офтальмологиялық фароптер | 1 |
12 | Контактілі линзаларды күтуге және емдеуге арналған шешімдер | Талап бойынша |
13 | Көлденең цилиндрлер жинағы | |
14 | Флуоресцеин қосылған офтальмологиялық сынақ жолақтары | Талап бойынша |
15 | Диоптриметр | 1 |
16 | Көру өрісінің талдауышы | Талап бойынша |
17 | Жанаспалы линзаларға арналған аксессуарлар | Талап бойынша |
| Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 4-қосымша |
Көздің мөлдір қабығын трансплантаттау бойынша пациенттерді есепке алу нысаны *
Жүгіну кезіндегі мәртебесі | Стационардан шығару | Операциядан кейінгі жыл | ||||||||
Пациенттің аты-жөні, тегі, | Тіркелу күні | VIS OD/OS | OD/OS диагнозы |
Ескертпе: |
Операцияның атауы: | хирург | Донордың төлқұжаты, мөлдірқабық банкінің атауы, елі |
Операция кезіндегі асқынулар/ | VIS OD / OS |
Трансплантаттың жай-күйі жағдай: |
______________________________________
* өңірдің бас штаттан тыс офтальмологы толтырады
