ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8786 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары";
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманды бағалаушы (бұдан әрі – бағалаушы) – тиісті біліктілігі бар, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) тағайындаған және авиация персоналының куәлігін беру, біліктілік және (немесе) арнайы белгілерді енгізу мақсатында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мамандарының тәжірибелік дағдыларына тексеру жүргізуге уәкілетті жеке тұлға;
4) емтихан алушы – тиісті біліктілігі бар, уәкілетті ұйым тағайындаған және авиация персоналының куәлігін беру немесе ұзарту, біліктілік және (немесе) арнайы белгілерді енгізу және (немесе) ұзарту мақсатында авиация персоналының теориялық білімін бағалауды және тәжірибелік дағдыларын тексеруге уәкілетті жеке тұлға;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК) – ӘК, қозғалтқыштың, әуе винтінің немесе тиісті бөлігінің ұшу жарамдылығын қолдау үшін қажетті авиациялық техникада бақылау қалпына келтіру жұмыстарын, тексерулерді, алмастыруларды қоса алғанда, жеке де, үйлесімде де орындалатын ақауларды жою жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ модификациялауды немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;";
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Емтихан алушыларға және бағалаушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары";
5,6,7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Емтихан алушы немесе бағалаушы біліктілігін алуға үміткерге осы біліктілік талаптары және "Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) қойылады.
6. Емтихан алушыға немесе бағалаушыға үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) емтихан алушының немесе бағалаушының тиісті кәсіби даярлығының болуы;
2) бағаланатын қызмет саласы бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) нұсқаушы немесе авиациялық персоналды даярлауға байланысты лауазымда жұмыс тәжірибесінің болуы;
4) емтихан алушылық қызметке қолданылатын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білуі;
5) емтихан алушыға немесе бағалаушыға арналған басшылықты, сондай-ақ авиациялық персоналға куәліктерді (рұқсаттарды) беру талаптары мен тәртібін білуі.
7. Емтихан алушының немесе бағалаушының өкілеттіктерін ұзартуға арналған біліктілік талаптары:
1) өкілеттілік мерзімі ішінде жылына кемінде екі тексеруді емтихан алушы немесе бағалаушы ретінде өткізу;
2) өкілеттілік мерзімі ішінде уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторының немесе тағайындалған басқа емтихан алушының не бағалаушының бақылауымен емтихан алушы немесе бағалаушы ретінде бір тексеру өткізу (бұл тексеру жаттықтыру құрылғысында өткізілуі мүмкін);
3) емтихан алушының немесе бағалаушының кәсіби деңгейін кемінде үш жылда бір рет ұстау.
8. Емтихан алушы немесе бағалаушы келесі салаларда теориялық білім мен практикалық дағдылардың қанағаттанарлық деңгейін көрсетуі тиіс:
1) азаматтық авиация саласындағы емтихан алушының немесе бағалаушының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;
2) емтихан алушының немесе бағалаушының қызметіне қатысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылған практикасын білуі;
3) емтихан алушыларға немесе бағалаушыларға арналған басшылықты білуі;
4) қауіп-қатер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктерін және тиісті қызмет саласын білуі;
5) білім, дағды және ұстанымдарды тексеруге жататын тұлғамен жұмыс қатынастарын орнату қағидаттарын білуі;
6) авиациялық персоналдың теориялық білімін бағалау және практикалық дағдыларын тексеру кезінде объективтілік, тәуелсіздік және бейтараптық қағидаттарын сақтау;
7) кандидаттарды бағалау қағидаттары мен әдістерін (білімін, дағдысын және ұстанымдарын объективті бағалау, бағалау нәтижесі бойынша негізделген шешім қабылдау), сондай-ақ бағаланушы тұлғаға бағалау нәтижелері туралы конструктивті ақпарат беру тәсілдерін білуі;
8) үміткердің білім, дағды және көзқарас деңгейін тексеру бойынша нұсқаулық жүргізу және тексеру рәсімдерін білуі;
9) біліктілік емтиханын ұйымдастыру және өткізуге дайындық жүргізу;
10) емтихан тапсырушыны сұрау және бағалау;
11) жиналған деректердің дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз етуді, құжаттарды тіркеуді, емтихан тапсырушылардың дербес деректерін қорғау шараларын жүзеге асыруды қоса алғанда жүргізілген тексерулерге қатысты құжаттаманы жүргізу.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармағымен толықтырылсын:
"8-1. Емтихан алушы мен бағалаушы "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік бағдарламалар) сәйкес кәсіби даярлықты өтеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Біліктілік талаптарының 9-тармағында көрсетілген емтихан алушылар (тренажердағы емтихан алушы – SFE-ден басқа) қолданыстағы куәліктерге және олар уәкілетті түрде ұшу дағдылары мен іскерліктерін, сондай-ақ нұсқаушы біліктілігін тексеретін авиациялық персоналдың куәліктеріне және біліктілік белгілеріне баламалы біліктілік белгілеріне ие.";
13- тармақтың 3) тармақшысы мынадай редакцияда жазылсын:
3) егер емтихан алушы жағдайға байланысты осы Біліктілік талаптардың 13-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген талаптарды орындайтын және CPL(H) немесе ATPL(H) иеленетін және қажеттілігі бойынша IRI(Н) аспаптары жөнінде ұшуларға рұқсаты болатын болса, көп қозғалатын тікұшақтарда ұшуларға рұқсат беру үшін PPL(H) немесе CPL(H) куәліктерінде біліктілік белгісін (type rating) алуға арналған біліктілік тексерістері үшін.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. "SFE(A) Ұшақтың жаттықтыру құрылғысында емтихан алушы" біліктілігін алуға үміткердің АТPL(A) авиакомпаниясының желілік ұшқыш куәлігі бар немесе болған және көп мүшелік экипажды ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты мен SFI(A) арнайы белгісі бар.
27. "Тікұшақтың жаттықтыру құрылғысында SFE(Н) емтихан алушы" біліктілігін алуға үміткердің тікұшақтың тиісті типіне арналған IR(Н) пен АТPL(Н) желілік ұшқыштың куәлігі бар немесе болған және тікұшақтың ӘКК ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты мен арнайы белгісі SFI(Н) болады.";
32-тармақ алып тасталсын;
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. ӘК ТҚК мамандарының біліктілігін бағалауға және айқындауға құқығы бар емтихан алушыларға және бағалаушыларға қойылатын біліктілік талаптары";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. ӘК ТҚК бойынша емтихан алушылар мен бағалаушылар келесілерге бөлінеді:
1) ӘК типі бойынша практикалық элементті бағалаушы және (немесе) практикалық тағылымдаманы бағалаушы (On the Job Training (бұдан әрі – OJT);
2) В3 санаты үшін жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ТҚК бойынша мамандардың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар емтихан алушы;
3) модульдік бағдарлама және (немесе) ӘК типі бойынша даярлық шеңберінде теориялық білімді бағалау жөніндегі емтихан алушы.";
1 және 2-параграфтардың тақырыптары алып тасталсын;
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. ӘК типі және (немесе) практикалық тағылымдама (OJT) бойынша практикалық элементті бағалаушы біліктілігін алуға үміткер мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) берген сертификаттық рұқсатты (Certification Company Authorisation, CE) иеленуге;
2) В1 немесе В2 санатындағы ӘК ТҚК бойынша маманның қолданыстағы куәлігіне ие болуға;
3) Авиациялық персоналдың келесі кәсіби даярлығынан өту:
Үлгілік бағдарламалардың 9А немесе 9В модулінің көлеміндегі "ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері;
Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулі көлеміндегі "Авиациялық заңнама";
"Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
Емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).";
36. В3 санаты үшін жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ТҚК бойынша мамандарының біліктілік деңгейін анықтауға құқығы бар емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болады:
1) авиациялық персоналға куәліктер беру жүйесін білу;
2) авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындау тәртібі мен рәсімдерін регламенттейтін қағидаларды, саясатты және инструктивті материалды білу, оларды қолдана және талқылай білу;
3) ӘК техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында жұмыс істейтін практик-маман болуға;
4) ӘК ұшу қауіпсіздігі және техникалық қызмет көрсету стандарттарын қолдана білу;
5) кем дегенде кәсіптік білімін, дағдылары мен ептіліктерін бағалауға уәкілетті ӘК ТҚК бойынша мамандардың куәліктері мен біліктілік белгілеріне тең біліктілік белгілерін (рейтингтерін) иелену;
6) емтихан алушы ретінде арнайы даярлығының болуы;
7) біліктілік бағалауын өткізу рәсімін білу, мыналарды қоса алғанда:
объективті деректерді жинау;
объективті деректерді бағалау;
қабылданған баға туралы есепті ұсыну.";
мынадай мазмұндағы 36-1 және 36-2-тармақтармен толықтырылсын:
"36-1. Модульдік бағдарлама бойынша теориялық білімді бағалау жөніндегі емтихан алушы біліктілігін алуға үміткер келесі біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) теориялық білімді бағалау жүргізілетін бастапқы даярлық курсының пәнін (модулін, бөлімін) білу;
2) модуль бағдарламасын, тақырыптарын, оқыту деңгейлерін және сұрақтарды білу;
3) толтырылған сауалнамалардан ақпаратты таңдай білу және бағалау қою;
4) оқушылардың жауаптарын бағалап, талдай білу және емтихан немесе оқу процесінің нәтижелері бойынша нұсқаушыға және (немесе) оқыту менеджеріне кері байланыс қамтамасыз ету;
5) кемінде екі жыл нұсқаушы ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы.
6) Авиациялық персоналдың келесі кәсіби даярлығынан өту:
- Үлгілік бағдарламалардың 9А немесе 9В модулінің көлеміндегі "ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері;
- Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулі көлеміндегі "Авиациялық заңнама";
- "Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
- Емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).
36-2. Әуе кемесінің типі бойынша даярлық шеңберінде теориялық білімді бағалау жөніндегі емтихан алушы біліктілігін алуға үміткер келесі біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) емтихан алушы теориялық білімді бағалайтын әуе кемесінің типі бойынша курстың пәнін (теориялық және практикалық элементтерін) білуі тиіс;
2) курстың бағдарламасын, тақырыптарын, пәндегі (модульдегі, бөлімдегі) оқыту және сұрақтар деңгейлерін білуі тиіс.
3) толтырылған сауалнамалардан ақпаратты таңдай білу және бағалау қою;
4) оқушылардың жауаптарын бағалап, талдай білу және емтихан немесе оқу процесінің нәтижелері бойынша нұсқаушыға және (немесе) оқыту менеджеріне кері байланыс қамтамасыз ету;
5) кемінде екі жыл нұсқаушы ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы.
6) Авиациялық персоналдың келесі кәсіби даярлығынан өту:
- Үлгілік бағдарламалардың 9А немесе 9В модулінің көлеміндегі "ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері;
- Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулі көлеміндегі "Авиациялық заңнама";
- "Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
- Емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Емтихан алушы бағалау функциясын орындағанға дейін мынадай аяқталған (Certificate of Completion) курстарға ие:
1) Үлгілік бағдарламалардың 9А немесе 9В модулінің көлеміндегі "ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері";
2) Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулі көлеміндегі "Авиациялық заңнама";
3) "Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
4) емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).".
22. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Т. Ластаев |
