Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 437 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және оның мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені туралы және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 күн ішінде ақпарат құралдарына жариялау туралы жіберілгенін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Жұмағалиев |
| Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығымен бекітілген |
Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 15.07.2024 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне (Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының "Авиациялық персоналға куәлік беру" 1-қосымшасы, "Жеке құрамға куәлік беру мемлекеттік жүйесін құру және осы жүйені басқару жөніндегі нұсқаулық" ИКАО 9379 құжаты, "Оқыту ұйымдарын бекіту жөніндегі нұсқаулық" ИКАО 9841 құжаты, "Персоналды даярлау" ИКАО 9868 құжаты) сәйкес әзірленді.
2. Осы Біліктілік талаптары авиация персоналының куәлігін беру, біліктілік және (немесе) арнайы белгінің қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту мақсатында авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға белгіленген.
3. Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеудің мақсаты авиациялық персонал куәлігін ұстаушылардың немесе авиациялық персонал куәлігін алу үшін кандидаттардың біліктілігін бағалау үшін авиациялық персонал қатарынан құзыретті тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.
4. Осы Біліктілік талаптарында пайдаланылатын негізгі терминдер:
1) адамның мүмкіндіктері – адамның қабілеті және оның авиациялық қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер ететін мүмкіндіктерінің шегі;
2) аспаптар бойынша ұшу уақыты – пилот сыртқы бағдарларды пайдаланусыз тек аспаптар бойынша ғана әуе кемесiн (бұдан әрі – ӘК) тікелей басқаруды жүзеге асыратын уақыт;
3) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманды бағалаушы (бұдан әрі – бағалаушы) – тиісті біліктілігі бар, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) тағайындаған және авиация персоналының куәлігін беру, біліктілік және (немесе) арнайы белгілерді енгізу мақсатында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мамандарының тәжірибелік дағдыларына тексеру жүргізуге уәкілетті жеке тұлға;
4) емтихан алушы – тиісті біліктілігі бар, уәкілетті ұйым тағайындаған және авиация персоналының куәлігін беру немесе ұзарту, біліктілік және (немесе) арнайы белгілерді енгізу және (немесе) ұзарту мақсатында авиация персоналының теориялық білімін бағалауды және тәжірибелік дағдыларын тексеруге уәкілетті жеке тұлға;
5) қауіп-қатер факторларын бақылау – қауіп-қатерлердi табу және оларға қауіп-қатерлер салдарын азайтатын немесе жоятын және қателердiң немесе жағымсыз жай-күйлердің ықтималдылығын төмендететiн бақылау шараларының көмегiмен ден қою процесі;
6) қателерді бақылау – қауіп-қатерлердi табу және оларға қауіп-қатерлер салдарын азайтатын немесе жоятын және қателердiң немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендететiн бақылау шараларының көмегiмен анықтау процесі;
7) нұсқаушы – авиациялық персоналды өзінің біліктілігіне сәйкес кәсіптік даярлау және дағдыларын тесілеу бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын адам;
8) процесс – өнімге жұмсалатын шығыстарды ауыстыратын бірқатар өзара байланысты немесе өзара тәуелді әрекеттер;
9) рәсім – процесті құжатпен растау тәсілі;
10) саясат – нақты мәселе бойынша ұйымдастыру тұрғысынан немесе ұстанымы жазылған құжат;
11) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК) – ӘК, қозғалтқыштың, әуе винтінің немесе тиісті бөлігінің ұшу жарамдылығын қолдау үшін қажетті авиациялық техникада бақылау қалпына келтіру жұмыстарын, тексерулерді, алмастыруларды қоса алғанда, жеке де, үйлесімде де орындалатын ақауларды жою жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ модификациялауды немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;
12) ұшу уақыты:
ұшақтар, автожирлер, мотодельтапландар және көтергіш күштерінің көбею жүйесі бар әуе кемелері үшін – ұшу мақсатында ӘК қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталған кезде оның тоқтайтын сәтіне дейінгі жалпы уақыт;
тікұшақтар үшін – ұшу мақсатында көтергіш бұрандалар қалақшаларының айнала бастайтын сәтінен бастап ұшуды аяқтаған соң және көтергіш қалақшалар айналуын тоқтатқан соң тікұшақтар толық тоқтаған сәтке дейінгі жалпы уақыт;
дирижабльдер үшін – дирижабль ұшу мақсаттары үшін діңгектен босатылатын кездегі сәттен бастап дирижабль ұшуды аяқтаған және діңгекке бекітілгеннен кейін түпкілікті тоқтайтын кездегі сәтке дейінгі жалпы уақыт;
планерлер үшін – планер ұшу процесінде жерде екпіндей бастаған сәттен бастап планер ұшуды аяқтағаннан кейін тоқтайтын кезге дейінгі сүйретпедегі немесе сүйретпесіз ұшуда болатын жалпы уақыт;
аэростаттар үшін – ұшу мақсаттары үшін гондола жерден ажырайтын кездегі сәттен бастап ол ұшуды аяқтағаннан кейін түпкілікті тоқтайтын сәтке дейінгі жалпы уақыт;
13) ұшу шеберлігі – ұшу мақсаттарына қол жеткізу үшін білім, ептілік пен дағдыларын пайдалана отырып, ӘК басқару бойынша үнемі дұрыс шешімдер қабылдау және жүзеге асыру;
14) ұзарту – анық айтылған талаптар орындалатын жағдайда, одан әрі мерзімге жол берілетін немесе рұқсат етілетін құқықтардың қолданылу мерзімін ұзартатын жол беру немесе рұқсат етудің қолданылу мерзімдері аяқталған соң қабылданған әкімшілік әрекет;
15) ұшуды айнытпай көрсететін жаттықтыру құрылғысы (тренажер) – құрылғылардың мынадай үш түрінің кез келгені арқылы жерде ұшу жағдайлары айнытпай көрсетіледі:
ұшу экипажының мүшелері үшін әдеттегі механикалық, электрлік және басқа да борттық басқару жүйелерінің шынайы функцияларын және ӘК аталған типінің сипаттамаларын айнытпай көрсетуге мүмкіндік беретін белгілі бір ӘК экипажының кабинасын дәл көрсетуді қамтамасыз ететін ұшу жаттықтыру құрылғысы;
экипаж кабинасында жағдайдың шынайы болуын қамтамасыз ететін және аспаптардың көрсеткіштерін, механикалық, электрлік және борттың басқа да жүйелерінің қарапайым функцияларын, сондай-ақ белгілі бір сыныптағы әуе кемесін техникалық-ұшу сипаттамаларын айнытпай көрсететін рәсімдік жаттықтыру құрылғысы;
тиісті аспаптармен жабдықталған және ұшуларға базалық дайындықты аспаптар бойынша ұшу уақытындағы жайтқа ұқсас жағдайды экипаж кабинасында айнытпай көрсететін жаттықтыру құрылғысы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Емтихан алушыларға және бағалаушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Емтихан алушы немесе бағалаушы біліктілігін алуға үміткерге осы біліктілік талаптары және "Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) қойылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Емтихан алушыға немесе бағалаушыға үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) емтихан алушының немесе бағалаушының тиісті кәсіби даярлығының болуы;
2) бағаланатын қызмет саласы бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) нұсқаушы немесе авиациялық персоналды даярлауға байланысты лауазымда жұмыс тәжірибесінің болуы;
4) емтихан алушылық қызметке қолданылатын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білуі;
5) емтихан алушыға немесе бағалаушыға арналған басшылықты, сондай-ақ авиациялық персоналға куәліктерді (рұқсаттарды) беру талаптары мен тәртібін білуі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Емтихан алушының немесе бағалаушының өкілеттіктерін ұзартуға арналған біліктілік талаптары:
1) өкілеттілік мерзімі ішінде жылына кемінде екі тексеруді емтихан алушы немесе бағалаушы ретінде өткізу;
2) өкілеттілік мерзімі ішінде уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторының немесе тағайындалған басқа емтихан алушының не бағалаушының бақылауымен емтихан алушы немесе бағалаушы ретінде бір тексеру өткізу (бұл тексеру жаттықтыру құрылғысында өткізілуі мүмкін);
3) емтихан алушының немесе бағалаушының кәсіби деңгейін кемінде үш жылда бір рет ұстау.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Емтихан алушы немесе бағалаушы келесі салаларда теориялық білім мен практикалық дағдылардың қанағаттанарлық деңгейін көрсетуі тиіс:
1) азаматтық авиация саласындағы емтихан алушының немесе бағалаушының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;
2) емтихан алушының немесе бағалаушының қызметіне қатысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылған практикасын білуі;
3) емтихан алушыларға немесе бағалаушыларға арналған басшылықты білуі;
4) қауіп-қатер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктерін және тиісті қызмет саласын білуі;
5) білім, дағды және ұстанымдарды тексеруге жататын тұлғамен жұмыс қатынастарын орнату қағидаттарын білуі;
6) авиациялық персоналдың теориялық білімін бағалау және практикалық дағдыларын тексеру кезінде объективтілік, тәуелсіздік және бейтараптық қағидаттарын сақтау;
7) кандидаттарды бағалау қағидаттары мен әдістерін (білімін, дағдысын және ұстанымдарын объективті бағалау, бағалау нәтижесі бойынша негізделген шешім қабылдау), сондай-ақ бағаланушы тұлғаға бағалау нәтижелері туралы конструктивті ақпарат беру тәсілдерін білуі;
8) үміткердің білім, дағды және көзқарас деңгейін тексеру бойынша нұсқаулық жүргізу және тексеру рәсімдерін білуі;
9) біліктілік емтиханын ұйымдастыру және өткізуге дайындық жүргізу;
10) емтихан тапсырушыны сұрау және бағалау;
11) жиналған деректердің дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз етуді, құжаттарды тіркеуді, емтихан тапсырушылардың дербес деректерін қорғау шараларын жүзеге асыруды қоса алғанда жүргізілген тексерулерге қатысты құжаттаманы жүргізу.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-1. Емтихан алушы мен бағалаушы "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік бағдарламалар) сәйкес кәсіби даярлықты өтеді.
Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Ұшқыштардың біліктілік деңгейлерін айқындауға құқығы бар емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары
9. Ұшқыштар үшін емтихан алушылардың мынадай тағайындаулар айқындалады:
1) ұшу емтиханын алушы – (FE).
2) ӘК типі бойынша емтихан алушы – (ТRE).
3) ӘК сыныбы бойынша емтихан алушы – (СRE).
4) аспап бойынша ұшуға жөніндегі рұқсат беру емтихан алушы – (IRE).
5) жаттықтыру емтихан алушы – (SFE).
6) ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушы – (FIE).
10. Осы Біліктілік талаптарының 9-тармағында көрсетілген емтихан алушылар (тренажердағы емтихан алушы – SFE-ден басқа) қолданыстағы куәліктерге және олар уәкілетті түрде ұшу дағдылары мен іскерліктерін, сондай-ақ нұсқаушы біліктілігін тексеретін авиациялық персоналдың куәліктеріне және біліктілік белгілеріне баламалы біліктілік белгілеріне ие.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Кәсіби дағдыларды бағалауды, әуе кемесінің командирі (бұдан әрі – ӘКК) жаттықтыру құрылғысын немесе ұшу дайындығын тексеруді ӘКК функцияларын орындау үшін біліктілігі бар емтихан алушылар жүзеге асырады.
1-параграф. Ұшу емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары – FE
12. Кандидаттың "ұшақ" – FE(А) ұшу емтихан алушысының біліктілігін алуға болады:
1) LAPL куәлігін алғаш рет беруге арналған біліктілік тексерістері үшін – ӘК ұшқышы ретінде кемінде 500 ұшу сағаты, оның ішінде FI(A), FI(MGH) немесе FI(Ag) нұсқаушысы ретінде кемінде 100 сағат;
2) PPL(A) және СPL(A) куәліктерін алғаш рет беруге арналған біліктілік тексерістері үшін – ӘК ұшқышы ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты, оның ішінде СPL арналған нұсқаушы ретінде кемінде 250 сағат FI(A).
13. Кандидаттың "тікұшақпен" ұшудан емтихан алушының біліктілігін алуға – FE(Н) болады:
1) PPL(Н) куәлігін алғаш рет беруге арналған біліктілікті тексерістері үшін – тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 500 ұшу сағаты, оның ішінде нұсқаушы ретінде кемінде 250 сағат FI(H);
2) куәлігін алғаш рет беруге арналған біліктілікті тексерістері үшін СPL(Н) – тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты, оның ішінде нұсқаушы ретінде СPL үшін кемінде 250 сағат FI(H);
3) егер емтихан алушы жағдайға байланысты осы Біліктілік талаптардың 13-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген талаптарды орындайтын және CPL(H) немесе ATPL(H) иеленетін және қажеттілігі бойынша IRI(Н) аспаптары жөнінде ұшуларға рұқсаты болатын болса, көп қозғалатын тікұшақтарда ұшуларға рұқсат беру үшін PPL(H) немесе CPL(H) куәліктерінде біліктілік белгісін (type rating) алуға арналған біліктілік тексерістері үшін.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Ұшу емтихан алушысы – FE біліктілік емтиханын өткізеді:
1) ATPL, PPL, CPL ұшқышының біліктілік белгісінің куәлігін беру, қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту;
2) ӘК тиісті сыныбында "ұшу нұсқаушысы – FI" арнайы белгісінің қолданылу мерзімін алу немесе ұзарту.
2-параграф. ӘК – TRE типі бойынша емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары
15. "Ұшақ" ӘК типі бойынша емтихан алушының біліктілігін алуға үміткер – ӘК көпмүшелі экипажының үштігі (А) көпмүшелі экипажы бар әуе кемесінде ұшқыш ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты болады, оның ішінде ӘКК ретінде кемінде 500 сағат және үш (А) біліктілігі бар.
16. "Тікұшақ" – ТР (Н) ӘК типі бойынша емтихан алушы біліктілігін алуға кандидаттың көп мүшелі экипажы бар тікұшақта ұшқыш ретінде кемінде 1500 сағат ұшу уақыты болады, оның ішінде ӘКК ретінде кемінде 500 сағат және үш (Н) біліктілігі бар.
17. Бір ұшқышы болатын көп қозғалтқышты тікұшақта ТRE(Н) біліктілігін алуға кандидаттың тікұшақтағы ұшқыш ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты болады, олардың кемінде 500 сағаты КВС ретінде және ТRI(Н) біліктілігі болады.
18. Бір ұшқышы болатын бір қозғалтқышты тікұшақта ТRE(Н) біліктілігін алуға кандидаттың тікұшақтағы ұшқыш ретінде кемінде 750 ұшу сағаты болады, олардың кемінде 500 сағаты ӘКК ретінде және FI(Н) немесе ТRI(Н) біліктілігі болады.
19. "Ұшақ типі бойынша емтихан алушы – TRE (А)" біліктілігі бар емтихан алушы біліктілік емтиханын өткізеді:
1) ӘК типі (type rating) бойынша біліктілік белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту;
2) TRE (A) аспаптар бойынша ұшуға жарамды IRI (A) нұсқаушы рұқсаты болған жағдайда – IR – аспаптар бойынша ұшуға рұқсат беру туралы біліктілік белгісін енгізу, оның қолданылу мерзімін ұзарту;
3) ATPL (a) пилотының біліктілік белгісінің куәлігін беру, қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту;
4) MPL пилотының біліктілік белгісінің куәлігін беру, қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту;
5) емтихан алушының TRE біліктілігі кемінде үш жыл болған жағдайда "әуе кемесінің типі бойынша нұсқаушы – TRI" немесе "тренажер нұсқаушысы – SFI (а)" арнайы белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту;
6) уәкілетті ұйымның келісімі бойынша TRE (A) емтихан алушының арнайы белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту.
20. "Тікұшақ" әуе кемесінің типі бойынша емтихан алушы" біліктілігі бар емтихан алушы – TRE (Н) біліктілік емтиханын өткізеді:
1) ӘК типі (type rating) бойынша біліктілік белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту;
2) IR аспаптары бойынша, бір қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты тікұшақтарда ұшуға біліктілік белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту, TRE (Н) аспаптар бойынша ұшуға қолданыстағы нұсқаушы рұқсаты болған жағдайда – IRI (H);
3) ATPL (H) ұшқышының біліктілік белгісінің куәлігін беру, қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту;
4) емтихан алушы кемінде үш жыл TRE болған жағдайда, TRI (H) немесе SFI (H) арнайы белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту;
5) уәкілетті ұйымның келісімі бойынша емтихан алушының TRE (H) арнайы белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту.
3-параграф. ӘК – CRE сыныбы бойынша емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары
21. "Ұшақ" – СRE(А) сыныбы бойынша емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат ӘК ұшқышы ретінде кемінде 500 сағаты және СRI(А) біліктілігі болады.
22. ӘК CRE сыныбы бойынша емтихан алушының өкілеттіктері бір ұшқыш басқаратын бір және екі қозғалтқышты ұшақтарға таралады, ұшу сипаттамалары жоғары болатын ұшақтарды қоспағанда.
23. "Ұшақ" CRE сыныбы бойынша емтихан алушы бір ұшқыш басқаратын бір және екі қозғалтқышты ұшақтарда ӘК (type rating) типі бойынша белгіні алу және жаңарту үшін біліктілік бағалауларын өткізеді.
4-параграф. IRE – аспабы бойынша ұшуға рұқсат беру жөніндегі емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары
24. "IRE(А) – аспаптары бойынша ұшуға рұқсат беру бойынша емтихан алушы" біліктілігін алуға кандидаттың:
1) IRI(A) арнайы белгісі;
2) ұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты, оның ішінде аспаптар бойынша кемінде 500 ұшу сағаты, олардың ішінде нұсқаушы ретінде 250 сағат бар.
25. "IRE(Н) – аспаптары бойынша ұшуға рұқсат беру бойынша емтихан алушы" біліктілігін алуға кандидаттың:
1) IRI(Н) арнайы белгісі;
2) тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты, оның ішінде аспаптар бойынша 300 ұшу сағаты, олардың ішінде нұсқаушы ретінде 200 сағат бар.
5-параграф. Жаттықтыру құрылғысында емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары – SFE
26. "SFE(A) Ұшақтың жаттықтыру құрылғысында емтихан алушы" біліктілігін алуға үміткердің АТPL(A) авиакомпаниясының желілік ұшқыш куәлігі бар немесе болған және көп мүшелік экипажды ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты мен SFI(A) арнайы белгісі бар.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. "Тікұшақтың жаттықтыру құрылғысында SFE(Н) емтихан алушы" біліктілігін алуға үміткердің тікұшақтың тиісті типіне арналған IR(Н) пен АТPL(Н) желілік ұшқыштың куәлігі бар немесе болған және тікұшақтың ӘКК ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты мен арнайы белгісі SFI(Н) болады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-параграф. Ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары – FIE
28. Ұшақта ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушының біліктілігін алуға кандидаттар – FIE(A) болады:
1) FI(А) немесе TRI(А) арнайы белгілері;
2) ұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты, оның ішінде ұшу нұсқаушысының FI(A) немесе TRI(А) арнайы белгісін іздеушілерді оқытуда, кемінде, 100 ұшу сағаты.
29. Тікұшақта ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушының біліктілігін алуға кандидатта – FIE(Н) болады:
1) FI(H) немесе TRI(H) арнайы белгілері;
2) тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты және FI(H) немесе TRI(H) арнайы белгілеріне дайындық кезінде кемінде 100 сағат.
30. "Ұшу нұсқаушыларының емтихан алушысы – FIE" біліктілігі бар емтихан алушы:
1) FIE ретінде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болған кезде ӘК тиісті сыныбының FIE біліктілігі емтихан алушысының арнайы белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту мақсатында тексерулерді жүзеге асырады;
2) тексерілетін нұсқаушыда тиісті біліктілік болған жағдайда FI, CRI, IRI және TRI нұсқаушысының арнайы белгісін енгізу, қолданылу мерзімін ұзарту мақсатында тексерулерді жүзеге асырады.
4-тарау. ӘҚҚК диспетчерлерінің біліктілік деңгейін анықтау құқығы бар емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары
31. ӘҚҚК емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) ӘҚҚК диспетчерінің қолданыстағы авиациялық персонал куәлігінің болуы;
2) қолданыстағы нұсқаушы-диспетчердің арнайы белгісінің болуы;
3) ӘҚҚК емтихан алушының біліктілігін алудың алдындағы кезеңде нұсқаушы-диспетчер ретіндегі кемінде үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі;
4) өздері кәсiптiк дағдыларын бағалау, дағдылары мен ептіліктеріне бағалау жүргiзуге уәкiлеттi персоналдың біліктілік белгілеріне тең біліктілік белгілерін иелену;
5) ӘҚҚК емтихан алушы ретінде тиісті кәсіптік даярлығының болуы.
32. Алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. ӘҚҚК емтихан алушысы өз қызметін ӘҚҚК мамандарының біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырады:
1) кандидат ӘҚҚК диспетчерінің куәлігін алған;
2) ӘҚҚК диспетчерінің мынадай біліктілік белгілерінің қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту:
әуеайлақ (әуеайлақтық диспетчерлік орталық) ауданының диспетчерлік (олардың) пунктінің (пункттерінің) диспетчері – Aerodrome control;
жақындау диспетчерлік пунктінің диспетчері – Approach control procedural;
жақындау диспетчерлік пунктінің радиолокациялық бақылау диспетчері – Approach surveillance control;
аудандық диспетчерлік пункттің (аудандық диспетчерлік орталықтың) рәсімдік бақылау диспетчері – Area control procedural;
аудандық диспетчерлік пункттің (аудандық диспетчерлік орталықтың) радиолокациялық бақылау диспетчері – Area surveillance control;
3) арнайы белгінің қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту.
5-тарау. ӘК ТҚК мамандарының біліктілігін бағалауға және айқындауға құқығы бар емтихан алушыларға және бағалаушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
34. ӘК ТҚК бойынша емтихан алушылар мен бағалаушылар келесілерге бөлінеді:
1) ӘК типі бойынша практикалық элементті бағалаушы және (немесе) практикалық тағылымдаманы бағалаушы (On the Job Training (бұдан әрі – OJT);
2) В3 санаты үшін жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ТҚК бойынша мамандардың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар емтихан алушы;
3) модульдік бағдарлама және (немесе) ӘК типі бойынша даярлық шеңберінде теориялық білімді бағалау жөніндегі емтихан алушы.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. ӘК типі және (немесе) практикалық тағылымдама (OJT) бойынша практикалық элементті бағалаушы біліктілігін алуға үміткер мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) берген сертификаттық рұқсатты (Certification Company Authorisation, CE) иеленуге;
2) В1 немесе В2 санатындағы ӘК ТҚК бойынша маманның қолданыстағы куәлігіне ие болуға;
3) Авиациялық персоналдың келесі кәсіби даярлығынан өту:
Үлгілік бағдарламалардың 9А немесе 9В модулінің көлеміндегі "ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері;
Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулі көлеміндегі "Авиациялық заңнама";
"Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
Емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. В3 санаты үшін жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ТҚК бойынша мамандарының біліктілік деңгейін анықтауға құқығы бар емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болады:
1) авиациялық персоналға куәліктер беру жүйесін білу;
2) авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындау тәртібі мен рәсімдерін регламенттейтін қағидаларды, саясатты және инструктивті материалды білу, оларды қолдана және талқылай білу;
3) ӘК техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында жұмыс істейтін практик-маман болуға;
4) ӘК ұшу қауіпсіздігі және техникалық қызмет көрсету стандарттарын қолдана білу;
5) кем дегенде кәсіптік білімін, дағдылары мен ептіліктерін бағалауға уәкілетті ӘК ТҚК бойынша мамандардың куәліктері мен біліктілік белгілеріне тең біліктілік белгілерін (рейтингтерін) иелену;
6) емтихан алушы ретінде арнайы даярлығының болуы;
7) біліктілік бағалауын өткізу рәсімін білу, мыналарды қоса алғанда:
объективті деректерді жинау;
объективті деректерді бағалау;
қабылданған баға туралы есепті ұсыну.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36-1. Модульдік бағдарлама бойынша теориялық білімді бағалау жөніндегі емтихан алушы біліктілігін алуға үміткер келесі біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) теориялық білімді бағалау жүргізілетін бастапқы даярлық курсының пәнін (модулін, бөлімін) білу;
2) модуль бағдарламасын, тақырыптарын, оқыту деңгейлерін және сұрақтарды білу;
3) толтырылған сауалнамалардан ақпаратты таңдай білу және бағалау қою;
4) оқушылардың жауаптарын бағалап, талдай білу және емтихан немесе оқу процесінің нәтижелері бойынша нұсқаушыға және (немесе) оқыту менеджеріне кері байланыс қамтамасыз ету;
5) кемінде екі жыл нұсқаушы ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы.
6) Авиациялық персоналдың келесі кәсіби даярлығынан өту:
- Үлгілік бағдарламалардың 9А немесе 9В модулінің көлеміндегі "ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері;
- Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулі көлеміндегі "Авиациялық заңнама";
- "Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
- Емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).
Ескерту. 5-тарау 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36-2. Әуе кемесінің типі бойынша даярлық шеңберінде теориялық білімді бағалау жөніндегі емтихан алушы біліктілігін алуға үміткер келесі біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) емтихан алушы теориялық білімді бағалайтын әуе кемесінің типі бойынша курстың пәнін (теориялық және практикалық элементтерін) білуі тиіс;
2) курстың бағдарламасын, тақырыптарын, пәндегі (модульдегі, бөлімдегі) оқыту және сұрақтар деңгейлерін білуі тиіс.
3) толтырылған сауалнамалардан ақпаратты таңдай білу және бағалау қою;
4) оқушылардың жауаптарын бағалап, талдай білу және емтихан немесе оқу процесінің нәтижелері бойынша нұсқаушыға және (немесе) оқыту менеджеріне кері байланыс қамтамасыз ету;
5) кемінде екі жыл нұсқаушы ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы.
6) Авиациялық персоналдың келесі кәсіби даярлығынан өту:
- Үлгілік бағдарламалардың 9А немесе 9В модулінің көлеміндегі "ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері;
- Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулі көлеміндегі "Авиациялық заңнама";
- "Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
- Емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).
Ескерту. 5-тарау 36-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Емтихан алушы бағалау функциясын орындағанға дейін мынадай аяқталған (Certificate of Completion) курстарға ие:
1) Үлгілік бағдарламалардың 9А немесе 9В модулінің көлеміндегі "ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері";
2) Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулі көлеміндегі "Авиациялық заңнама";
3) "Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
4) емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 23.10.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері ТҚК бойынша мамандардың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар емтихан алушының өкілеттігін ұзартуға қойылатын біліктілік талаптары:
1) өз міндеттерін орындау кезеңінде жылына кемінде 1 тексеру (емтихан алушы ретінде) болуы;
2) өкілеттік мерзімі ішінде басқа емтихан алушының бақылауымен бір тексерудің (тексерілетін ретінде) болуы;
3) ӘК ТҚК бойынша маман куәлігінде қолданыстағы біліктілік және арнайы белгілердің болуы;
4) авиациялық оқу орталығында 3 жылда бір рет емтихан алушылар үшін кәсіби деңгейде ұстап тұрудың мынадай аяқталған курстарының (Certificate of Completion) болуы:
"Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");
емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).
39. Жұмыс істейтін емтихан алушылар Қазақстан Республикасында бұрын пайдаланылмаған, массасы 5 700 килограмм және одан аз, құрамында кемінде 2 маманы және:
1) ӘК түрі бойынша АТ ТҚК және Ж бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
2) ӘК аталған түрінің ең аз дегенде 3 типіне АТ ТҚ және Ж бойынша рұқсаты болатын болса, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің жаңа типтерін дербес меңгеруге жіберіледі.
40. Жаңа техниканы меңгеруді ең аз дегенде үш ӘК рұқсаты бар және кемінде 5 жыл пайдалану тәжірибесі бар екі емтихан алушы өткізеді.
