БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларында:
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сыйлықақыларды алу жұмыстарын меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) консультативтік – кеңесші органдары ұсынады.";
15-тармақ алып тасталсын;
17-тармақ алып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Конкурстық комиссия секциялардың қорытындылары негізінде оларды алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне) сыйлықақылар беру жөнінде ұсынымдар енгізеді.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Сыйлықақы беру туралы дипломдарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі) тапсырады.
25. Қайтыс болғаннан кейін наградталған сыйлықақы лауреатына сыйлықақы беру туралы диплом мұрагерлеріне беріледі.";
26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға кандидаттарды ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдары ұсынады.";
30-тармақ алып тасталсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Конкурстық комиссия сараптау топтардың қорытындылары негізінде оларды алғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру жөнінде ұсынымдар енгізеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар алып тасталсын.
2. "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "сыйлықтарды" деген сөз "сыйлықақыларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) (бұдан әрі – ҰИЖБТ) ақпараттандыру объектісінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісіммен өтініш береді.
ҰИЖБТ-те ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алу үшін жұмыстарды қабылдауға өтініш, жеке тұлғаның дербес деректері "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.
Верификация қорытындысы бойынша ҰИЖБТ "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (бұдан әрі – ЖББП) ақпараттық жүйесінен академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы диплом бойынша мәліметтерді сұратады.
Ғылым саласындағы сыйлықақыны, мемлекеттік ғылыми стипендияны таңдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға немесе 3-қосымшаға сәйкес сауалнама деректерін толтырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген талап етілетін құжаттарды қоса береді (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі).
Құжаттар ғылым саласындағы сыйлықақыларды алу үшін құжаттарды ресімдеу талаптарына және осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларда келтірілген мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшін құжаттарды ресімдеу талаптарына сәйкес ресімделеді.
ЖББП-да мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда деректерді көрсетілетін қызметті алушы қолмен толтырады, мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішке қоса беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, оны көрсету мерзімін, нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу конкурсы туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінімге қол қойған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Өтінімді қайтарып алуды көрсетілетін қызметті алушы ҰИЖБТ-де өзінің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырады.
5. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы өтінішке қол қойылғаннан кейін өтініш көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің қарауына жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші қызметкері) АЖО арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдауды растайды, содан кейін ҰИЖБТ арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) ретінде растауды жолдайды.
7. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды. Хабарлама (ескертпе) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мәтіндік хабарламамен көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинеті арқылы ҰИЖБТ-ға және көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығы көрсетілетін қызметті берушімен ол жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде (жіберілген күнді қоса алғанда) қабылданады.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде (тыңдау өткізілген күнді қоса алғанда) мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім қабылдайды не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде дәлелді бас тартуды қалыптастырады.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.
3. "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №536 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7392 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қазақстан
Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы.
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда): _____________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):
______________________ Көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы:_______________________________
Көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі:
_____________________________________________________________
Өтініш
Мен, _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), ғылым саласындағы сыйлықақыны / мемлекеттік ғылыми стипендияны алу конкурсына қатысу үшін құжаттар топтамасын қабылдауды сұраймын.
Өтініш берілген күні:
___________________
(қолы)
Мен заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (БСН 230440024058) "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету аясында "Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) ақпараттық жүйесі арқылы ұсынуға келісімімді беремін.
Дербес деректерді шетелге трансшекаралық беру фактісі жоқ екенін, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерде таратылмағанын хабарлаймын.
Жиналатын деректер тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); банктік реквизиттер; электрондық пошта; телефон нөмірі; білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер.
Ұсынған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған мәліметтер мен қолдан жасалған құжаттар ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
| Бұйрыққа 2-қосымша "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Ғылым саласындағы сыйлықақы алуға ұсынылған жұмыстың сауалнамалық деректері
№ | Тармақтың атауы | Мәні (ізденуші толтырады) |
1 | Сыйлықақының атауы | |
2 | Жұмыстың атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Авторлар туралы ақпарат: | |
4.1 | жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |
4.2 | тегі | |
4.3 | аты | |
4.4 | әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
4.5 | электрондық поштаның мекенжайы | |
4.6 | негізгі жұмыс орны | |
4.7 | негізгі жұмыс орнындағы лауазымы | |
4.8 | Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреже | |
4.9 | уәкілетті орган тағайындаған ғылыми атақ | |
4.10 | ResearcherID (РесҰрчерАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.11 | Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.12 | ORCID (ОРКИД) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
5 | Жұмыстың қысқаша сипаттамасы (5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
6 | Жұмыстың ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелердің ғылым үшін маңызы (5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
7 | Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы (жұмыстың экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтау саласына, мәдениетке, саясатқа, мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білім беруге, қоршаған ортаға әсері, 5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
8 | Конкурс өткізілетін жылға дейінгі бес жылдық кезеңде (жас ғалымдар үшін-соңғы үш жылда) жұмыстың нәтижелері бойынша жарияланған бестен аспайтын негізгі ғылыми басылымдарының (монографиялар, монография бөлімдері, мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары) деректері (түрі, атауы, DOI (ДОЙ), Web of Science Accession Number (Веб оф Сайенс Аксешн Намбер), Scopus EID (Скопус ЕАйДи), ISBN (АйЭсБиЭн), баспа, URL (ЮРЛ), авторлар арасындағы авторлар саны (m), жалпы авторлар саны (n), авторлық түрі, нөмірі (ол болған жағдайда) | |
8.1 | бірінші ғылыми жарияланым | |
8.2 | екінші ғылыми жарияланым | |
8.3 | үшінші ғылыми жарияланым | |
8.4 | төртінші ғылыми жарияланым | |
8.5 | бесінші ғылыми жарияланым | |
9 | Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел және қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер | |
10 | Ғылым саласындағы авторларға бұрын берілген атаулы сыйлықақылар туралы ақпарат (сыйлықақының атауын, жұмыстың атауын және берілген жылын көрсету арқылы) |
| Бұйрыққа 3-қосымша "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы
№ | Тармақтың атауы | Мәні (ізденуші толтырады) |
1 | Мемлекеттік ғылыми стипендияның атауы | |
2 | Ғылыми бағыттың атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Ізденуші туралы ақпарат | |
4.1 | тегі | |
4.2 | аты | |
4.3 | әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
4.4 | жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |
4.5 | электрондық пошта мекенжайы | |
4.6 | негізгі жұмыс (оқу) орны | |
4.7 | негізгі жұмыс (оқу) орнындағы лауазымы | |
4.8 | ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін) | |
4.9 | ResearcherID (РесҰрчерАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.10 | Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.11 | ORCID (ОРКИД) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.12 | Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреже | |
4.13 | ғылыми дәреже берілген жыл | |
4.14 | уәкілетті орган тағайындаған ғылыми атақ | |
4.15 | ғылыми атақ берілген жыл | |
5 | Соңғы бес жылдағы (екі жобадан және/немесе бағдарламадан аспайтын) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау туралы мәліметтер: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тақырыбы, іске асыру жылдары, қаржыландырушы ұйым) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді) | |
5.1 | бірінші жоба (немесе бағдарлама) | |
5.2 | екінші жоба (немесе бағдарлама) | |
6 | Соңғы бес жылдық кезеңде Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген мамандарды даярлау туралы мәліметтер (дәреже иегерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), отандық ғылыми кеңесшілер саны, диссертация тақырыбы, қорғау орны және күні (талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия ізденушілеріне талап етілмейді.) | |
7 | Конкурс өткізілетін жылға дейінгі бес жылдық кезеңде жұмыстың нәтижелері бойынша жарияланған бестен аспайтын негізгі ғылыми басылымдарының (монографиялар, монография бөлімдері, мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары) деректері (түрі, атауы, DOI (ДОЙ), Web of Science Accession Number (Веб оф Сайенс Аксешн Намбер), Scopus EID (Скопус ЕАйДи), ISBN (АйЭсБиЭн), баспа, URL (ЮРЛ), авторлар арасындағы авторлар саны (m), жалпы авторлар саны (n), авторлық түрі, нөмірі (ол болған жағдайда) | |
7.1 | бірінші ғылыми жарияланым | |
7.2 | екінші ғылыми жарияланым | |
7.3 | үшінші ғылыми жарияланым | |
7.4 | төртінші ғылыми жарияланым | |
7.5 | бесінші ғылыми жарияланым | |
8 | Соңғы бес жылдағы өнеркәсіпке, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер | |
9 | Күтілетін нәтижелерді, олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығын (5000 таңбадан аспауы тиіс) көрсете отырып, ғылыми қызмет бағдарламасы (тек талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін) | |
10 | Халықаралық ынтымақтастық туралы мәліметтер (шарттармен, келісімдермен, бірлескен жарияланымдармен расталған халықаралық әріптестермен ынтымақтастық) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін ғана 5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
11 | Экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтауға, мәдениетке, саясатқа, мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білім беруге және қоршаған ортаға әсері (конкурс өткізілетін жылға дейінгі бес жылдық кезең ішінде) (5000 таңбадан аспауы тиіс, талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия ізденушілеріне талап етілмейді) | |
12 | Ізденушіге бұрын тағайындалған мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ақпарат (тағайындалған жылын көрсете отырып) |
| Бұйрыққа 4-қосымша "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына |
|
| 4-қосымша |
"Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік қызметтің атауы: "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға жұмыстарды қабылдау;
2) Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға жұмыстарды қабылдау.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылардан басқа (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезе" (astanahub.com) ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан алдын ала бас тарту туралы хабарлама Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау рәсімін өткізе отырып жолданады. |
6. | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттық жүйенің жұмыс кестесі |
1)көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен жұмыс істейді. |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға үміткерлер үшін құжаттар тізбесі: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. Конкурстың ақпараттық жүйесіне қолдау көрсету қызметі – 1818. |
| Бұйрыққа 5-қосымша "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
1. Жұмыстың сипаттамасында оның мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалады.
Сипаттама титулдық беттен тұрады, онда жұмысты ұсынған ұйымның атауы, жұмыстың атауы, ізденушінің тегі мен инициалдары көрсетіледі.
Сипаттаманың көлемі 0,5 баспа бетінен аспауы тиіс.
2. Ұсынушы ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінде авторлар ұжымының құрамы көрсетіле отырып, сыйлықақыға жұмысты ұсыну туралы шешім көрсетіледі.
Үзіндіге орган төрағасы мен хатшысы қол қояды.
3. Үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтамада келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) ұсынылған жұмыстың атауы;
2) ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) туған жылы, айы, күні;
4) ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы;
5) атқаратын қызметі;
6) ізденушінің қызметтік және үй мекенжайлары мен телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы.
Анықтамаға ізденуші қол қояды және негізгі жұмыс (оқу) орны бойынша кадр бөлімі қызметкерінің қолымен куәландырылады.
4. Сыйлықақыға кандидаттың ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама жұмысты ұсынған ұйымның басшысы тарапынан қол қойылады.
Ұжымдық жұмыстар үшін кандидаттың шығармашылық үлесі көрсетіледі.
5. Жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама, онда ұсынылған жұмыс бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағаны расталуы керек, анықтамаға ұйым басшысы қол қояды.
| Бұйрыққа 6-қосымша "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға конкурс материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар
1. Консультативтік-кеңесші органның дәлелді өтінішхаты (ұсынымы) ізденушінің ғылымға қосқан үлесі, жетістіктері мен әзірлемелері, олардың жоғары бағаланғаны және практикаға енгізілгені туралы ақпаратты, сондай-ақ ізденушінің ұсынылу сәтіндегі күтілетін нәтижелер мен олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығын көрсете отырып, ғылыми қызметінің бағдарламасы туралы мәліметтерді қамтиды.
Дәлелді өтінішхаттың көлемі 5 (бес) баспа беттен аспауы тиіс.
2. Ізденушінің негізгі жұмыс орнынан анықтамада келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) туған жылы, айы, күні;
3) негізгі жұмыс (оқу) орны және атқаратын лауазымы;
4) ғылыми және педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін);
5) ғылыми дәрежесі және оны алған уақыты;
6) үй және қызметтік мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы.
Анықтамаға ізденуші қол қояды және толтыру күнін көрсете отырып, негізгі жұмыс (оқу) орны бойынша кадр бөлімі қызметкерінің қолымен куәландырылады.
| Бұйрыққа 7-қосымша "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды абылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан | |
| "___" ______ 20___ ж. |
Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама
Ғылым саласындағы сыйлықақыға (мемлекеттік ғылыми стипендия)
құжаттарды қабылдауды растаймыз:
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
_______________________________________________________;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):
________________________;
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасы:
__________________________________;
Жұмыс атауы (ғылым саласындағы сыйлықақылар үшін):
_________________________________________________________________;
_________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Бұйрыққа 8-қосымша "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 8-қосымша |
|
| Нысан | |
| "___" ______ 20___ ж. |
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан
Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
"Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер
жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас
тартады, себебі "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға
үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын
Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген келесі бас тарту негіздері бар:
1. ______________________________________________________________;
2. ______________________________________________________________;
3. ______________________________________________________________.
Материалдарды тыңдау рәсімін өткізу уақыты: _______________________
Материалдарды тыңдау рәсімін өткізу орны: _________________________
Материалдарды тыңдау рәсімін өткізу тәсілі: _________________________
Сілтеме (бейнебайланыс платформасы арқылы материалдарды тыңдау):
_____________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
