"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 маусымда № 20852 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "сыйлықтарды" деген сөз "сыйлықақыларды" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 24.04.2024 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 маусымдағы
№ 242 бұйрығына
1-қосымша

"Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 24.04.2024 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) (бұдан әрі – ҰИЖБТ) ақпараттандыру объектісінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісіммен өтініш береді.

      ҰИЖБТ-те ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алу үшін жұмыстарды қабылдауға өтініш, жеке тұлғаның дербес деректері "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.

      Верификация қорытындысы бойынша ҰИЖБТ "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (бұдан әрі – ЖББП) ақпараттық жүйесінен академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы диплом бойынша мәліметтерді сұратады.

      Ғылым саласындағы сыйлықақыны, мемлекеттік ғылыми стипендияны таңдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға немесе 3-қосымшаға сәйкес сауалнама деректерін толтырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген талап етілетін құжаттарды қоса береді (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі).

      Құжаттар ғылым саласындағы сыйлықақыларды алу үшін құжаттарды ресімдеу талаптарына және осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларда келтірілген мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшін құжаттарды ресімдеу талаптарына сәйкес ресімделеді.

      ЖББП-да мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда деректерді көрсетілетін қызметті алушы қолмен толтырады, мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, оны көрсету мерзімін, нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Құжаттарды қабылдау мерзімі – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу конкурсы туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтінімге қол қойған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Өтінімді қайтарып алуды көрсетілетін қызметті алушы ҰИЖБТ-де өзінің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы өтінішке қол қойылғаннан кейін өтініш көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің қарауына жіберіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші қызметкері) АЖО арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдауды растайды, содан кейін ҰИЖБТ арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) ретінде растауды жолдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды. Хабарлама (ескертпе) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мәтіндік хабарламамен көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинеті арқылы ҰИЖБТ-ға және көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығы көрсетілетін қызметті берушімен ол жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде (жіберілген күнді қоса алғанда) қабылданады.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде (тыңдау өткізілген күнді қоса алғанда) мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім қабылдайды не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басқа өңірлердің не Алматы қаласының Мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жібереді.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде ғылым саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер (және) немесе толықтырулар туралы ақпаратты электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге, Бірыңғай байланыс орталығына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен кезде, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған кезде, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағым жібермейді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған кезде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      14. ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Ғылым саласындағы
сыйлықақыларға, мемлекеттік
ғылыми стипендияларға үміткер
жұмыстарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қазақстан
Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы.
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда): _____________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):
______________________ Көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы:_______________________________
Көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі:
_____________________________________________________________

Өтініш

      Мен, _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), ғылым саласындағы сыйлықақыны / мемлекеттік ғылыми стипендияны алу конкурсына қатысу үшін құжаттар топтамасын қабылдауды сұраймын.

      Өтініш берілген күні:

                                                            ___________________
                                                                  (қолы)

      Мен заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (БСН 230440024058) "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету аясында "Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) ақпараттық жүйесі арқылы ұсынуға келісімімді беремін.

      Дербес деректерді шетелге трансшекаралық беру фактісі жоқ екенін, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерде таратылмағанын хабарлаймын.

      Жиналатын деректер тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); банктік реквизиттер; электрондық пошта; телефон нөмірі; білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер.

      Ұсынған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған мәліметтер мен қолдан жасалған құжаттар ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

  "Ғылым саласындағы
сыйлықақыларға, мемлекеттік
ғылыми стипендияларға
үміткер жұмыстарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ғылым саласындағы сыйлықақы алуға ұсынылған жұмыстың сауалнамалық деректері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тармақтың атауы

Мәні (ізденуші толтырады)

1

Сыйлықақының атауы


2

Жұмыстың атауы


3

Ұсынушы ұйымның толық атауы


4

Авторлар туралы ақпарат:


4.1

жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


4.2

тегі


4.3

аты


4.4

әкесінің аты (ол болған жағдайда)


4.5

электрондық поштаның мекенжайы


4.6

негізгі жұмыс орны


4.7

негізгі жұмыс орнындағы лауазымы


4.8

Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреже


4.9

уәкілетті орган тағайындаған ғылыми атақ


4.10

ResearcherID (РесҰрчерАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда)


4.11

Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда)


4.12

ORCID (ОРКИД) идентификаторы (ол болған жағдайда)


5

Жұмыстың қысқаша сипаттамасы (5000 таңбадан аспауы тиіс)


6

Жұмыстың ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелердің ғылым үшін маңызы (5000 таңбадан аспауы тиіс)


7

Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы (жұмыстың экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтау саласына, мәдениетке, саясатқа, мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білім беруге, қоршаған ортаға әсері, 5000 таңбадан аспауы тиіс)


8

Конкурс өткізілетін жылға дейінгі бес жылдық кезеңде (жас ғалымдар үшін-соңғы үш жылда) жұмыстың нәтижелері бойынша жарияланған бестен аспайтын негізгі ғылыми басылымдарының (монографиялар, монография бөлімдері, мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары) деректері (түрі, атауы, DOI (ДОЙ), Web of Science Accession Number (Веб оф Сайенс Аксешн Намбер), Scopus EID (Скопус ЕАйДи), ISBN (АйЭсБиЭн), баспа, URL (ЮРЛ), авторлар арасындағы авторлар саны (m), жалпы авторлар саны (n), авторлық түрі, нөмірі (ол болған жағдайда)


8.1

бірінші ғылыми жарияланым


8.2

екінші ғылыми жарияланым


8.3

үшінші ғылыми жарияланым


8.4

төртінші ғылыми жарияланым


8.5

бесінші ғылыми жарияланым


9

Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел және қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер


10

Ғылым саласындағы авторларға бұрын берілген атаулы сыйлықақылар туралы ақпарат (сыйлықақының атауын, жұмыстың атауын және берілген жылын көрсету арқылы)


  "Ғылым саласындағы
сыйлықақыларға, мемлекеттік
ғылыми стипендияларға
үміткер жұмыстарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тармақтың атауы

Мәні (ізденуші толтырады)

1

Мемлекеттік ғылыми стипендияның атауы


2

Ғылыми бағыттың атауы


3

Ұсынушы ұйымның толық атауы


4

Ізденуші туралы ақпарат


4.1

тегі


4.2

аты


4.3

әкесінің аты (ол болған жағдайда)


4.4

жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


4.5

электрондық пошта мекенжайы


4.6

негізгі жұмыс (оқу) орны


4.7

негізгі жұмыс (оқу) орнындағы лауазымы


4.8

ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін)


4.9

ResearcherID (РесҰрчерАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда)


4.10

Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда)


4.11

ORCID (ОРКИД) идентификаторы (ол болған жағдайда)


4.12

Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреже


4.13

ғылыми дәреже берілген жыл


4.14

уәкілетті орган тағайындаған ғылыми атақ


4.15

ғылыми атақ берілген жыл


5

Соңғы бес жылдағы (екі жобадан және/немесе бағдарламадан аспайтын) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау туралы мәліметтер: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тақырыбы, іске асыру жылдары, қаржыландырушы ұйым) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді)


5.1

бірінші жоба (немесе бағдарлама)


5.2

екінші жоба (немесе бағдарлама)


6

Соңғы бес жылдық кезеңде Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген мамандарды даярлау туралы мәліметтер (дәреже иегерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), отандық ғылыми кеңесшілер саны, диссертация тақырыбы, қорғау орны және күні (талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия ізденушілеріне талап етілмейді.)


7

Конкурс өткізілетін жылға дейінгі бес жылдық кезеңде жұмыстың нәтижелері бойынша жарияланған бестен аспайтын негізгі ғылыми басылымдарының (монографиялар, монография бөлімдері, мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары) деректері (түрі, атауы, DOI (ДОЙ), Web of Science Accession Number (Веб оф Сайенс Аксешн Намбер), Scopus EID (Скопус ЕАйДи), ISBN (АйЭсБиЭн), баспа, URL (ЮРЛ), авторлар арасындағы авторлар саны (m), жалпы авторлар саны (n), авторлық түрі, нөмірі (ол болған жағдайда)


7.1

бірінші ғылыми жарияланым


7.2

екінші ғылыми жарияланым


7.3

үшінші ғылыми жарияланым


7.4

төртінші ғылыми жарияланым


7.5

бесінші ғылыми жарияланым


8

Соңғы бес жылдағы өнеркәсіпке, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер


9

Күтілетін нәтижелерді, олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығын (5000 таңбадан аспауы тиіс) көрсете отырып, ғылыми қызмет бағдарламасы (тек талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін)


10

Халықаралық ынтымақтастық туралы мәліметтер (шарттармен, келісімдермен, бірлескен жарияланымдармен расталған халықаралық әріптестермен ынтымақтастық) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін ғана 5000 таңбадан аспауы тиіс)


11

Экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтауға, мәдениетке, саясатқа, мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білім беруге және қоршаған ортаға әсері (конкурс өткізілетін жылға дейінгі бес жылдық кезең ішінде) (5000 таңбадан аспауы тиіс, талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия ізденушілеріне талап етілмейді)


12

Ізденушіге бұрын тағайындалған мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ақпарат (тағайындалған жылын көрсете отырып)


  "Ғылым саласындағы
сыйлықақыларға, мемлекеттік
ғылыми стипендияларға үміткер
жұмыстарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
  4-қосымша

"Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік қызметтің атауы: "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау".

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:

      1) Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға жұмыстарды қабылдау;

      2) Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға жұмыстарды қабылдау.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылардан басқа (бұдан әрі көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезе" (astanahub.com) ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан алдын ала бас тарту туралы хабарлама Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау рәсімін өткізе отырып жолданады.

6.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттық жүйенің жұмыс кестесі

1)көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен жұмыс істейді.
2)ақпараттық жүйе – өтініштерді қабылдау және дайын нәтижелерді беру ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (astanahub.com), өтінімдерді өңдеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін сағат жүргізіледі.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:
1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);
2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа бетінің жартысынан аспайтын);
3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
4) сыйлықақы алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;
5) сыйлықақы алуға кандидаттың шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);
6) конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;
7) енгізу актісінің көшірмесі (ол болған жағдайда);
8) қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шот туралы хабарлама.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлықақы алуға кандидат жұмыстан босатылған кезде оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ізденушілер үшін құжаттар тізбесі:
1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының дәлелді өтінішхаты (ұсынымы);
2) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;
3) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға кандидаттың соңғы бес жылдағы ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңыздыларының (бестен аспайтын) баспа-таңбасы;
4) енгізу актісінің көшірмесі (ол болған жағдайда);
5) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылықты растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді)
6) Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді);
7) халықаралық ынтымақтастықты растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия ізденушілер үшін ғана);
8) қолданыстағы жиырма сандық карталық шоты туралы хабарлама.
Отандық баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі, Шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады. Шетелдік баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі және шығыс деректері ұсынылады.
Монографияларда, монография бөлімдерінде, мақалалар мен шолуларда авторлар аффилиация ретінде Қазақстан ұйымын немесе Қазақстан Республикасын көрсетуі тиіс. Монографияның (оның ішінде бөлім жарияланған монографияның да) қысқаша сипаттамасы мен мазмұны ресми веб-сайтта орналастырылып, оны қайдан сатып алуға немесе оқуға болатыны туралы ақпарат қолжетімді болуы қажет.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. Конкурстың ақпараттық жүйесіне қолдау көрсету қызметі – 1818.

  "Ғылым саласындағы
сыйлықақыларға, мемлекеттік
ғылыми стипендияларға
үміткер жұмыстарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жұмыстың сипаттамасында оның мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалады.

      Сипаттама титулдық беттен тұрады, онда жұмысты ұсынған ұйымның атауы, жұмыстың атауы, ізденушінің тегі мен инициалдары көрсетіледі.

      Сипаттаманың көлемі 0,5 баспа бетінен аспауы тиіс.

      2. Ұсынушы ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінде авторлар ұжымының құрамы көрсетіле отырып, сыйлықақыға жұмысты ұсыну туралы шешім көрсетіледі.

      Үзіндіге орган төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      3. Үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтамада келесі мәліметтер көрсетіледі:

      1) ұсынылған жұмыстың атауы;

      2) ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      3) туған жылы, айы, күні;

      4) ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы;

      5) атқаратын қызметі;

      6) ізденушінің қызметтік және үй мекенжайлары мен телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы.

      Анықтамаға ізденуші қол қояды және негізгі жұмыс (оқу) орны бойынша кадр бөлімі қызметкерінің қолымен куәландырылады.

      4. Сыйлықақыға кандидаттың ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама жұмысты ұсынған ұйымның басшысы тарапынан қол қойылады.

      Ұжымдық жұмыстар үшін кандидаттың шығармашылық үлесі көрсетіледі.

      5. Жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама, онда ұсынылған жұмыс бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағаны расталуы керек, анықтамаға ұйым басшысы қол қояды.

  "Ғылым саласындағы
сыйлықақыларға, мемлекеттік
ғылыми стипендияларға
үміткер жұмыстарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
6-қосымша

Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға конкурс материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Консультативтік-кеңесші органның дәлелді өтінішхаты (ұсынымы) ізденушінің ғылымға қосқан үлесі, жетістіктері мен әзірлемелері, олардың жоғары бағаланғаны және практикаға енгізілгені туралы ақпаратты, сондай-ақ ізденушінің ұсынылу сәтіндегі күтілетін нәтижелер мен олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығын көрсете отырып, ғылыми қызметінің бағдарламасы туралы мәліметтерді қамтиды.

      Дәлелді өтінішхаттың көлемі 5 (бес) баспа беттен аспауы тиіс.

      2. Ізденушінің негізгі жұмыс орнынан анықтамада келесі мәліметтер көрсетіледі:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) туған жылы, айы, күні;

      3) негізгі жұмыс (оқу) орны және атқаратын лауазымы;

      4) ғылыми және педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін);

      5) ғылыми дәрежесі және оны алған уақыты;

      6) үй және қызметтік мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы.

      Анықтамаға ізденуші қол қояды және толтыру күнін көрсете отырып, негізгі жұмыс (оқу) орны бойынша кадр бөлімі қызметкерінің қолымен куәландырылады.

  "Ғылым саласындағы
сыйлықақыларға, мемлекеттік
ғылыми стипендияларға
үміткер жұмыстарды абылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  "___" ______ 20___ ж.

            Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама

      Ескерту. Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ғылым саласындағы сыйлықақыға (мемлекеттік ғылыми стипендия)
құжаттарды қабылдауды растаймыз:
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
_______________________________________________________;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):
________________________;
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасы:
__________________________________;
Жұмыс атауы (ғылым саласындағы сыйлықақылар үшін):
_________________________________________________________________;
_________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі
      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  "Ғылым саласындағы
сыйлықақыларға, мемлекеттік
ғылыми стипендияларға
үміткер жұмыстарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  "___" ______ 20___ ж.

      _____________________________________________________________________
            (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
_____________________________________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Ескерту. Қағидалар 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-
бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан
Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
"Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер
жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас
тартады, себебі "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға
үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын
Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген келесі бас тарту негіздері бар:
1. ______________________________________________________________;
2. ______________________________________________________________;
3. ______________________________________________________________.
Материалдарды тыңдау рәсімін өткізу уақыты: _______________________
Материалдарды тыңдау рәсімін өткізу орны: _________________________
Материалдарды тыңдау рәсімін өткізу тәсілі: _________________________
Сілтеме (бейнебайланыс платформасы арқылы материалдарды тыңдау):
_____________________________________________________________________
      (Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі
            қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 маусымдағы
№ 242 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11107 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 370 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11627 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Әділет" құқықтық-акпараттық жүйесінде жарияланған);

      3. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 наурызда № 14950 болып тіркелген);

      4. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 223 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 маусымда № 15236 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады