ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) апелляциялық комиссия – конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді қарау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
2) ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке тұлға;
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;
5) ғылыми ұйым – қызметінің негізгі түрі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу болып табылатын заңды тұлға;
6) жас ғалым – ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте он жылдан аспайтын өтілі бар (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кезеңді есепке алмағанда), ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алатын және іске асыратын, қырық төрт жасты қоса алғанда сол жасқа дейінгі жеке тұлға;
7) конкурстық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақыларды қоспағанда, ғылым саласында атаулы сыйлықақылар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді, конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
8) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер ғылыми ұйымдар және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тарапынан:
1) ғылымдағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар, көрнекті жетістіктер үшін жыл сайынғы сыйлықақыларға;
2) мемлекеттік ғылыми стипендияларға ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттар бойынша іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге тағайындалады;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастықтың мойындауына ие болған талантты жас ғалымдарға тағайындалады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сыйлықақыларды алуға жарияланған жұмыстар, оның ішінде нөлдік емес импакт факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған, конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде орындалған, тиісті шешімді қабылдай отырып, ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарында жан-жақты талқылаудан өткен жұмыстар ұсынылады.";
14-тармақ алып тасталсын;
21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы шешімнің негіздемесін келтіре отырып, осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды, сондай-ақ конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 529 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №35392 болып тіркелген) Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – Ғылыми әдептің үлгілік қағидалары) бұзған ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер ұсынған жұмыстарды сыйлықақылар беруге ұсынбау туралы шешім қабылдайды.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болған ғалымдар осы стипендияларға қайта үміткер болуға алдыңғы тағайындаудан кейін кемінде бес жыл өткен соң ғана жіберіледі.";
36-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Конкурстық комиссия өтінімдер түскен әрбір ғылыми бағыт бойынша бір мемлекеттік ғылыми стипендиядан бөледі, содан кейін мемлекеттік ғылыми стипендиялардың қалған санын әрбір ғылыми бағыт бойынша түскен өтінімдердің санына қарай бөледі.";
37-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы негіздеме келтіре отырып, конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын бұзған ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруге ұсынбау туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4-тарау. Конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі
42. Конкурстық комиссияның бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер бағалау нәтижелерін алғаннан кейін күнтізбелік бір күн ішінде конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді жұмыс органына береді.
Конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтінішті қарау кезеңінде ғылыми жетістіктер туралы мәліметтерге және ұсынылған растайтын құжаттарға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
43. Конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді уәкілетті орган уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, жұмыс органының өкілдері, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары мен әртүрлі білім салаларының сарапшылары қатарынан қалыптастырған апелляциялық комиссия қарайды.
Апелляциялық комиссияның төрағасы мен хатшысы апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен сайланады.
Апелляциялық комиссияның мүшесі мынадай аффилиирленген тұлғалардан:
1) жақын туыстарынан - ата-анасынан, балаларынан, асырап алушылардан (қыз бала асырап алушылардан), асырап алынғандардан (асырап алынған қыздардан), ата-анасы бір және ата-анасының бірі ортақ аға-інілерінен және апа-сіңлілерінен, атасы мен әжесінен, немерелерінен;
2) ол еңбек қатынастарында тұратын ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінен;
3) соңғы 5 жыл ішінде бірлесіп жарияланған мақалалар мен шолулардың бірлескен авторларынан;
4) оның ғылыми консультанттарынан немесе диссертациялық жұмысының жетекшілерінен;
5) ол ғылыми кеңесшісі немесе жетекшісі болып табылатын немесе болған докторанттар, аспиранттар мен магистранттардан келіп түскен конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді қараудан бас тартады.
44. Апелляциялық комиссия бағасы конкурстық комиссия мүшелерінің кәсіби пікіріне негізделген, сараптамалық сипаттағы өлшемшарттар бойынша конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді қарамайды.
Конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге дәлелді жауап жібереді.
Конкурстық комиссия апелляциялық комиссияның бағалау нәтижелеріне өзгерістер енгізу туралы шешімдерін олар қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орындайды.".
2. "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
3-тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) (бұдан әрі – ҰИЖБТ) цифрлық объектісінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісіммен өтініш береді.
ҰИЖБТ-те ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алу үшін жұмыстарды қабылдауға өтініш, жеке тұлғаның дербес деректері "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесімен интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.
Верификация қорытындысы бойынша ҰИЖБТ "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (бұдан әрі – ЖББП) цифрлық жүйесінен академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы диплом бойынша мәліметтерді сұратады.
Ғылым саласындағы сыйлықақыны, мемлекеттік ғылыми стипендияны таңдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға немесе 3-қосымшаға сәйкес сауалнама деректерін толтырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген талап етілетін құжаттарды қоса береді (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді. Хабарлама (ескерпе) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мәтіндік хабарламамен көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинеті арқылы ҰИЖБТ-ға және көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін осы қызметті алу құқығының туындауына байланысты емес талаптар негіз бола алмайды.";
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының оныншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Жасанды
интеллект және цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
__________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):_________
Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы:____________________________
Көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі: ________________________
Өтініш
Мен, _______________________(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), ғылым
саласындағы сыйлықақыны / мемлекеттік ғылыми стипендияны алу конкурсына қатысу үшін
құжаттар топтамасын қабылдауды сұраймын.
Өтініш берілген күні:_______________
_________________
(қолы)
Мен заңмен қорғалатын құпия мәліметтер пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 230440024058) "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметтер көрсету аясында "Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) цифрлық жүйесі арқылы беруге келісімімді беремін.
Дербес деректерді шетелге трансшекаралық беру фактісі жоқ екенін, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерде таратылмағанын хабарлаймын.
Жиналатын деректер тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); банктік реквизиттер; электрондық пошта; телефон нөмірі; білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер.
Ұсынған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған мәліметтер мен қолдан жасалған құжаттар ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
| Бұйрыққа 2-қосымша | |
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Ғылым саласындағы сыйлықақы алуға ұсынылған жұмыстың сауалнамалық деректері
№ | Тармақтың атауы | Мәні (ізденуші толтырады) |
1 | Сыйлықақының атауы | |
2 | Жұмыстың атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Авторлар туралы ақпарат: | |
4.1 | жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |
4.2 | тегі | |
4.3 | аты | |
4.4 | әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
4.5 | электрондық поштаның мекенжайы | |
4.6 | негізгі жұмыс орны | |
4.7 | негізгі жұмыс орнындағы лауазымы | |
4.8 | Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреже | |
4.9 | уәкілетті орган тағайындаған ғылыми атақ | |
4.10 | ResearcherID (РесҰрчерАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.11 | Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.12 | ORCID (ОРКИД) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
5 | Жұмыстың қысқаша сипаттамасы (5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
6 | Жұмыстың ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелердің ғылым үшін маңызы (5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
7 | Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы (жұмыс нәтижелерінің экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтауға, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білім беруге және қоршаған ортаға әсері), қол жеткізілген экономикалық тиімділік млн теңгемен және қамту аясы мың адаммен көрсетіле отырып (5000 таңбадан аспауға тиіс) | |
8 | Конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде жұмыстың нәтижелері бойынша жарияланған бестен аспайтын негізгі ғылыми басылымдарының (монографиялар, монография бөлімдері, мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары) деректері (түрі, атауы, DOI (ДОЙ), Web of Science Accession Number (Веб оф Сайенс Аксешн Намбер), Scopus EID (Скопус ЕАйДи), ISBN (АйЭсБиЭн), баспа, URL (ЮРЛ), жарияланым авторларының арасындағы жұмыс авторларының саны (m), жалпы авторлар саны (n), авторлық түрі, нөмірі (ол болған жағдайда) | |
8.1 | бірінші ғылыми жарияланым | |
8.2 | екінші ғылыми жарияланым | |
8.3 | үшінші ғылыми жарияланым | |
8.4 | төртінші ғылыми жарияланым | |
8.5 | бесінші ғылыми жарияланым | |
9 | Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел және қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер | |
10 | Ғылым саласындағы авторларға бұрын берілген атаулы сыйлықақылар туралы ақпарат (сыйлықақының атауын, жұмыстың атауын және берілген жылын көрсету арқылы) |
| Бұйрыққа 3-қосымша | |
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы
№ | Тармақтың атауы | Мәні (ізденуші толтырады) |
1 | Мемлекеттік ғылыми стипендияның атауы | |
2 | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген ғылыми бағыттар классификаторының бірінші деңгейдегі ғылыми бағытының атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Ізденуші туралы ақпарат | |
4.1 | тегі | |
4.2 | аты | |
4.3 | әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
4.4 | жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |
4.5 | электрондық пошта мекенжайы | |
4.6 | негізгі жұмыс (оқу) орны | |
4.7 | негізгі жұмыс (оқу) орнындағы лауазымы | |
4.8 | ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін) | |
4.9 | ResearcherID (РесҰрчерАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.10 | Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.11 | ORCID (ОРКИД) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.12 | Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреже | |
4.13 | ғылыми дәреже берілген жыл | |
4.14 | уәкілетті орган тағайындаған ғылыми атақ | |
4.15 | ғылыми атақ берілген жыл | |
5 | Соңғы бес жылдағы (екі жобадан және/немесе бағдарламадан аспайтын) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау туралы мәліметтер: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тақырыбы, іске асыру жылдары, қаржыландырушы ұйым) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді) | |
5.1 | бірінші жоба (немесе бағдарлама) | |
5.2 | екінші жоба (немесе бағдарлама) | |
6 | Соңғы бес жылдық кезеңде Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген мамандарды даярлау туралы мәліметтер (дәреже иегерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), отандық ғылыми кеңесшілер саны, диссертация тақырыбы, қорғау орны және күні (талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия ізденушілеріне талап етілмейді.) | |
7 | Конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде ізденушінің жарияланған бестен аспайтын негізгі ғылыми басылымдарының (монографиялар, монография бөлімдері, мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары) деректері (түрі, атауы, DOI (ДОЙ), Web of Science Accession Number (Веб оф Сайенс Аксешн Намбер), Scopus EID (Скопус ЕАйДи), ISBN (АйЭсБиЭн), баспа, URL (ЮРЛ), жалпы авторлар саны (n), авторлық түрі, нөмірі (ол болған жағдайда) | |
7.1 | бірінші ғылыми жарияланым | |
7.2 | екінші ғылыми жарияланым | |
7.3 | үшінші ғылыми жарияланым | |
7.4 | төртінші ғылыми жарияланым | |
7.5 | бесінші ғылыми жарияланым | |
8 | Соңғы бес жылдағы өнеркәсіпке, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер | |
9 | Күтілетін нәтижелер, олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығы, күтілетін экономикалық тиімділік млн теңгемен және қамту аясы мың адаммен көрсетілген ғылыми қызмет бағдарламасы (5000 таңбадан аспауға тиіс) (тек талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлер үшін) | |
10 | Халықаралық ынтымақтастық туралы мәліметтер (шарттармен, келісімдермен, бірлескен жарияланымдармен расталған халықаралық әріптестермен ынтымақтастық) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін ғана 5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
11 | Экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтауға, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білім беруге, қоршаған ортаға тигізген әсері (соңғы бес жыл ішінде) қол жеткізілген экономикалық тиімділікті млн теңгемен және қамту аясын мың адаммен көрсете отырып (5000 таңбадан аспайтын, талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияларға үміткерлер үшін талап етілмейді) | |
12 | Ізденушіге бұрын тағайындалған мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ақпарат (тағайындалған жылын көрсете отырып) |
| Бұйрыққа 4-қосымша | |
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
"Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы |
1) Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға жұмыстарды қабылдау; |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылардан басқа (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) цифрлық объектілері арқылы жүзеге асырылады. |
5. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
6. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама. |
8. | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және оны алу тәсілдері | Тегін |
9. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттық жүйенің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен жұмыс істейді. |
10. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және оның кіші түрлері |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға үміткерлер үшін құжаттар тізбесі: |
11. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері және конкурстың цифрлық жүйесінің қолдау қызметінің 1818 нөмірі арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
| Бұйрыққа 5-қосымша | |
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
1. Жұмыстың сипаттамасында оның мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалады.
Сипаттама титулдық беттен тұрады, онда жұмысты ұсынған ұйымның атауы, жұмыстың атауы, ізденушінің тегі мен инициалдары көрсетіледі.
Сипаттаманың көлемі 0,5 баспа бетінен аспауы тиіс.
2. Ұсынушы ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінде авторлар ұжымының құрамы көрсетіле отырып, сыйлықақыға жұмысты ұсыну туралы шешім көрсетіледі.
Үзіндіге орган төрағасы мен хатшысы қол қояды.
3. Үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтамада келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) ұсынылған жұмыстың атауы;
2) ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) туған жылы, айы, күні;
4) ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы;
5) атқаратын қызметі;
6) ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызмет стажы (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кезең есепке алынбайды);
7) ізденушінің қызметтік және үй мекенжайлары мен телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы.
Анықтамаға ізденуші қол қояды және негізгі жұмыс (оқу) орны бойынша кадр бөлімі қызметкерінің қолымен куәландырылады.
4. Сыйлықақыға кандидаттың ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама жұмысты ұсынған ұйымның басшысы тарапынан қол қойылады.
Ұжымдық жұмыстар үшін кандидаттың шығармашылық үлесі көрсетіледі.
5. Жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама, онда ұсынылған жұмыс бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағаны расталуы керек, анықтамаға ұйым басшысы қол қояды.
| Бұйрыққа 6-қосымша | |
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға конкурс материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар
1. Консультативтік-кеңесші органның дәлелді өтінішхаты (ұсынымы) ізденушінің ғылымға қосқан үлесі, жетістіктері мен әзірлемелері, олардың жоғары бағаланғаны және практикаға енгізілгені туралы ақпаратты, сондай-ақ ізденушінің ұсынылу сәтіндегі күтілетін нәтижелер мен олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығын көрсете отырып, ғылыми қызметінің бағдарламасы туралы мәліметтерді қамтиды.
Дәлелді өтінішхаттың көлемі 5 (бес) баспа беттен аспауы тиіс.
2. Ізденушінің негізгі жұмыс орнынан анықтамада келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) туған жылы, айы, күні;
3) негізгі жұмыс (оқу) орны және атқаратын лауазымы;
4) ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кезеңді есепке алмағанда);
5) ғылыми дәрежесі және оны алған уақыты;
6) үй және қызметтік мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы.
Анықтамаға ізденуші қол қояды және толтыру күнін көрсете отырып, негізгі жұмыс (оқу) орны бойынша кадр бөлімі қызметкерінің қолымен куәландырылады.
| Бұйрыққа 7-қосымша "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 8-қосымша |
|
| Нысан | |
| "___" ______ 20___ ж. |
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ),
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19–1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көрсетілген келесі бас тарту негіздері бар:
1. ______________________________________________________________;2. ______________________________________________________________;
3. ______________________________________________________________.
________________________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
