Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 қазанда № 37063 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе қосымша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 350 бұйрығымен бекітілген

Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме –зерттеулер мен ғылыми деректер, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің, балық өсіру тоғандарының, балық өсіру бассейндерінің ағымдағы жай-күйі мен әлеуетін бағалау, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты технологияларды қолдану нәтижесінде әзірленген ғылыми негізделген ұсынымдар кешені;

      2) аквашаруашылық субъектілері – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      4) балық өсіру – аквашаруашылықтың балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-бағуға, өсіруге байланысты бағыты;

      5) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауға, өсімін молайтуға, аулауға, сондай-ақ өңдеуге және өткізуге байланысты шаруашылық қызмет түрі;

      6) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      7) көл-тауар шаруашылық қызметі (бұдан әрі – КТШҚ) – оқшауланған балық шаруашылығы су айдындарының ихтиофаунасын толық немесе ішінара ауыстыру арқылы онда балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты шаруашылық қызметі;

      8) тор қоршама шаруашылық қызметі (бұдан әрі – ТҚШҚ) – балықтарды балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің акваториясында орналасқан арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты шаруашылық қызметі.

2-тарау. Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру тәртібі

      3. Балық өсіруді жүргізу үшін:

      1) КТШҚ үшін – басым түрде төмен құнды балықтың түрлері мекендейтін және табиғи балық өнімділігі төмен ерекшеленген (оқшауланған) су айдынын және (немесе) учаскесін, шығанақтардан, теңіздерден, өзендер мен су қоймаларынан бөлініп кеткен кішірек көлдер мен су қоймаларын, жергілікті маңызы бар оқшауланған су айдындары;

      2) ТҚШҚ үшін – тор қоршама орнататын терең жерлері бар, түбіндегі шөгінділері тез лайланбай балық өсіруге мүмкіндік беретін балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері пайдаланады.

      4. Балық шаруашылығы субъектісі балық аулауды жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген заңды тұлғаның және (немесе) дербес білім беру ұйымының аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемесі болған кезде және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес өткен жылдардағы іс-шаралар орындалған кезде балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне ауыстырады.

      5. Балық шаруашылығы субъектісі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарының учаскесін ТҚШҚ жүргізуге арналған учаскеге ауыстырады.

      6. Балық шаруашылығы субъектісі балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру кезінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін балық өсіруге арналған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне немесе балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдыны учаскесін тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізуге арналған учаскеге ауыстыру туралы өтініш;

      2) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің көшірмесі;

      3) бекітілген аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспары.

      7. Аумақтық бөлімшенің кеңсе жұмыскері өтініш келіп түскен күні құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты орындаушыны тағайындайтын аумақтық бөлімшенің басшысына жібереді.

      Жауапты жұмыскер өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және тексереді.

      Балық шаруашылығы субъектісі осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, аумақтық бөлімше қайтару себептерін көрсете отырып, балық шаруашылығы субъектісін жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Қайтару себептері жойылғаннан кейін балық шаруашылығы субъектісі аумақтық бөлімшеге қайтадан құжаттарды енгізеді.

      Балық шаруашылығы субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты жұмыскер ұсынылған құжаттарды балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына береді.

      8. Комиссияны аумақтық бөлімшелер құрады. Комиссия құрамына аумақтық бөлімшенің (басшының орынбасарынан не оны алмастырушы тұлғадан төмен емес деңгейде - комиссия төрағасы), облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің (облыстың жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан не оны алмастырушы тұлға төмен емес деңгейде), балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың, аккредиттелген балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық ұйымдардың республикалық қауымдастықтардың, балық аула бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының, су ресурстарын пайдалануды қорғау және реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларының (басшының орынбасарынан не оны алмастырушы тұлғадан төмен емес деңгейде) өкілдері кіреді.

      Комиссия кемінде бес адамнан тұратын тақ құрамда қалыптастырылады.

      Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көбі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өтті деп есептелінеді.

      Комиссия хатшысы аумақтық бөлімше қызметкерлерінің арасынан айқындалады және оның мүшесі болып табылмайды. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

      Комиссияның әрбір отырысы барысында аудио, бейнежазба үздіксіз жүргізіледі.

      9. Комиссия бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөніндегі/балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізуге арналған учаскелерге ауыстыру жөнінде комиссияның хаттамасын шешім қабылдау үшін аумақтық бөлімшеге жібереді.

      Комиссия балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына/ балық аулау үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының учаскелерін ТҚШҚ жүргізуге арналған учаскелерге ауыстырудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Аквашаруашылық туралы заң) 14-бабының 6-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітетін Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына сәйкес келмеуі;

      2) аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарының Аквашаруашылық туралы заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін үлгілік нысанға сәйкес келмеуі және онда балық өсіруді ұлғайту бойынша оң өзгерістерді сипаттамайтын көрсеткіштердің белгіленуі;

      3) балық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарына сәйкес өткен жылдардағы іс-шаралардың орындалмауы;

      4) балық шаруашылығы субъектісі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.

      10. Аумақтық бөлімше Комиссияның хаттамасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Комиссияның оң шешімі болған жағдайда – балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне/балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген су айдынының учаскесін ТҚШҚ жүргізуге арналған учаскеге ауыстыру туралы;

      2) Комиссияның теріс шешімі болған жағдайда – балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне /балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген су айдынының учаскесін ТҚШҚ жүргізуге арналған учаскеге ауыстырудан бас тарту туралы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде аумақтық бөлімше балық шаруашылығы субъектісін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      11. Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының учаскеcін ТҚШҚ жүргізуге арналған балық шаруашылығы айдынының учаскесіне ауыстыру кезінде оң шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ТҚШҚ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдының учаскесін паспорттау үшін және балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің паспортына өзгерістер енгізу үшін жіберіледі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бес жұмыс күні ішінде паспорттауды жүргізеді және аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің негізінде балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі паспортына өзгерістер енгізеді.

      Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортына өзгерістер енгізілген кезде оның шекаралары мен алаңы ТҚШҚ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің шекаралары мен алаңының өлшемдеріне сәйкес азайтылады.

      12. Аумақтық бөлімшенің оң шешімі негізінде бес жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше мен балық шаруашылығы субъектісі арасында Аквашаруашылық туралы заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде айқындалатын он жылдан қырық тоғыз жыл мерзімге КТШҚ және (немесе) ТҚШҚ жүзеге асыруға арналған шарт жасалады.

      Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының учаскесін ТҚШҚ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынының учаскесіне ауыстырған кезде бес жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше мен балық шаруашылығы субъектісі арасында паспорттау негізінде ТҚШҚ жүргізуге арналған шарт және балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортына енгізілген өзгерістерге сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қосымша келісім жасалады.

      13. КТШҚ және (немесе) ТҚШҚ жүзеге асыруға арналған шарт аквашаруашылық субъектісінің балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін балық өсіруді жүргізу үшін пайдалануына негіз болып табылады.

      14. КТШҚ мен ТҚШҚ жүзеге асыру кезінде өсірілген балықтар аквашаруашылық субъектісінің меншігі болып табылады.

      15. Аумақтық бөлімшенің балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

  Балық аулауды жүргізу үшін
бекітіп берілген балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін балық
өсіруді жүргізуге арналған
балық шаруашылығы су
айдындарына және (немесе)
учаскелеріне ауыстыру
қағидаларына
  1-қосымша

      Нысан

      Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы
      су айдынын және (немесе) учаскесін балық өсіруге арналған балық
      шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне немесе балық
      аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдыны
      учаскесін тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу арналған учаскеге
                        ауыстыру туралы өтініш

      Бұрын балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген
______________________________________________________________
      (балық шаруашылығы су айдынының немесе учаскесінің атауы)
су айдынын және (немесе) учаскесін ____________________________________
20__ жылғы "___" ____________ № ___ шешіміне және 20__ жылғы "___"
____________ № ___ балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа сәйкес
балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынына және
(немесе) учаскесіне/тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізуге арналған
учаскеге ауыстыруды сұраймын.
1. Балық шаруашылығы субъектісі туралы мәліметтер:_____________________
____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
2. Ауыстыруға жоспарланған балық өсіру түрі (көл-тауар шаруашылық қызметі,
тор қоршама шаруашылық қызметі) _____________________________________
____________________________________________________________________
3. Балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынын және
(немесе) учаскесін пайдаланудың мәлімделген мерзімі
____________________________________________________________________
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді
жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Берілген күні: 20___ жылғы "___"___________
Балық шаруашылығы субъектісі_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қолы _________________

  Балық аулауды жүргізу үшін
бекітіп берілген балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін балық
өсіруді жүргізуге арналған
балық шаруашылығы су
айдындарына және (немесе)
учаскелеріне ауыстыру
қағидаларына
  2-қосымша

      Нысан

      Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы
      су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге
      арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе)
      учаскелеріне ауыстыру жөніндегі/балық аулауды жүргізу үшін бекітіп
      берілген балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін тор
      қоршама шаруашылық қызметін жүргізуге арналған учаскелерге
                  ауыстыру жөнінде комиссияның хаттамасы

__________________________



20__ жылғы "___" _________

(елді мекен)




      1. Комиссияның құрамы:
комиссия төрағасы:_____________________________________________
комиссия хатшысы:_____________________________________________
комиссия мүшелері:_____________________________________________
__________________________________________________
құрылған комиссия (су айдынын немесе учаскені бекітіп беру жөніндегі комиссияны
құру туралы актіні, құжаттың күні мен нөмірін көрсету)
      2. Комиссия балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді
жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе)
учаскелеріне/балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы
су айдынының учаскелерін тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізуге
арналған учаскелерге ауыстыру бойынша ұсынылған құжаттарды қарап,
мынадай шешім қабылдады:
1) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген _____________________
________________________________ балық шаруашылығы су айдыны және
(немесе) учаскесі балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су
айдынына және (немесе) учаскесіне ауыстырылсын;
      2) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген _____________________
________________________________ су айдынының учаскесі тор қоршама
шаруашылық қызметін жүргізуге арналған учаскеге ауыстырылсын;
      3) ______________________________ себебінен балық аулауды
жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынын және
(немесе) учаскесін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы
су айдынына және (немесе) учаскесіне ауыстырудан бас тартылсын;
      4) ______________________________ себебінен балық аулауды жүргізу
үшін бекітіп берілген су айдынының учаскесін тор қоршама шаруашылық
қызметін жүргізуге арналған учаскеге ауыстырудан бас тартылсын.
      3. Хаттаманың бір данасы балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті
орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне шешім қабылдау үшін жіберілсін.
Қолдары:
Комиссия төрағасы: ___________________________________________
Комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Хатшы: ______________________________________________________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 350 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19957 болып тіркелген).

      2. "Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 179 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22972 болып тіркелген).

      3. "Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27224 болып тіркелген).

      4. "Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28370 болып тіркелген).

      5. "Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 234 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34680 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады