Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 қыркүйекте № 36882 болып тіркелді

      "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Бердалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 296 бұйрығымен бекітілген

Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аквашаруашылық – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет;

      2) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) аквашаруашылық субъектілері – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.

2-тарау. Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Аквашаруашылық субъектілері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) ұсынады.

      Мәліметтерді аквашаруашылық субъектісі почта байланысы қызметтері арқылы, электрондық түрде "Электрондық жолданымдар" ақпараттық талдау жүйесі арқылы, аумақтық бөлімшенің электрондық мекенжайы бойынша жібереді не аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы қолма-қол енгізеді.

      4. Мәліметтер келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше олардың толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан қарайды.

      Ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы анықталған жағдайда аумақтық бөлімше аквашаруашылық субъектісіне аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жібереді.

      Толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтер берілген жағдайда аумақтық бөлімше аквашаруашылық субъектісіне себептерін көрсете отырып, аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      5. Аумақтық бөлімшесі мәліметтерді жинауды және жинақтап-қорытындылауды жүзеге асырады және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың күнтізбелік 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей оларды уәкілетті орган ведомствосына ұсынады.

      6. Уәкілетті органның ведомствосы республика бойынша мәліметтерді жинауды, жинақтап-қорытындылауды және талдауды жүзеге асырады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жасайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz ресми интернет-ресурсында жаңартылған тізілімді жариялауды жүзеге асырады.

  Аквашаруашылық
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне (бұдан әрі – Комитет)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-жт нысан

      Кезеңділігі: бір жолғы/тоқсан сайынғы

      Есепті кезең: ________ 20__ жыл / 20___ жылғы ________ тоқсан

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: аквашаруашылық субъектілері, аумақтық бөлімшелер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      аумақтық бөлімшелерге – мемлекеттік тіркелген немесе заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама берілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      Комитетке – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей

Жеке сәйкестендіру нөмірі /
бизнес сәйкестендіру нөмірі



      Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде

Аквашаруашылық субъектісінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды

Шаруашылықтың орналасқан жерінің мекенжайы

Дара кәсіпкер ретінде тіркелген/заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні

Жүзіге асырылатын шаруашылық қызметінің түрі

Аквашаруашылық объектісі (өсірілетін түрі)

Жобалық қуаттылығы (тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Атауы __________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы _______________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________ ______________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Аквашаруашылық
субъектілерінің тізіліміне
енгізуге арналған мәліметтер"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (индекс: № 1-жт, кезеңділігі: бір жолғы/тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды аквашаруашылық субъектілері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) толтырады.

      3. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды:

      аквашаруашылық субъектілері аумақтық бөлімшелерге заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркелген немесе дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде;

      аумақтық бөлімшелер Комитетке тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысанның 2-бағанында аквашаруашылық субъектісінің атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 3-бағанында аквашаруашылық субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      8. Нысанның 4-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды мен атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 5-бағанында аквашаруашылық субъектісі шаруашылығының орналасқан жерінің мекенжайы (Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеуішіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) көрсетіледі.

      10. Нысанның 6-бағанында дара кәсіпкер ретінде тіркелген/заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні көрсетіледі.

      11. Нысанның 7-бағанында аквашаруашылық субъектісінің жүзеге асырылатын шаруашылық қызметінің түрі көрсетіледі.

      12. Нысанның 8-бағанында аквашаруашылық объектісі (балықтың/су моллюскаларының/шаян тәрізділердің өсірілетін түрі) көрсетіледі.

      13. Нысанның 9-бағанында объектінің жобалық қуаты тоннамен көрсетіледі.

  Аквашаруашылық
субъектілерінің тізілімін
  жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімі

Аквашаруашылық субъектісінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды

Шаруашылықтың орналасқан жерінің мекенжайы

Дара кәсіпкер ретінде тіркелген/заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні

Жүзіге асырылатын шаруашылық қызметінің түрі

Аквашаруашылық объектісі (өсірілетін түрі)

Жобалық қуаттылығы (тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады