Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 157-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36356 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 157-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдарын және гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздарды өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия бөлу және субсидия төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – РББӘ);

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жекелеген функцияларды жүзеге асыруға облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдігі уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – ЖББӘ);

      3) кредиттік келісім - халықаралық қаржы ұйымы мен субсидия алушы арасындағы инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісім;

      4) өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығы;

      5) субсидиялау - Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдарын және гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздарды өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру бойынша шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялау және субсидияны төлеу жөніндегі шығыстарды жабуға субсидия алушыға республикалық бюджеттен қайтарымсыз төлемдер беру;

      6) халықаралық қаржы ұйымы (бұдан әрі - ХҚҰ) - заңды тұлғаларға қарыз, грант (немесе) кредит түрінде қаржылық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы;

      7) субсидиялау шарты – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 378-бабы 1-тармағына сәйкес субсидия алушы мен РББӘ арасында жазбаша түрде жасалатын, төлемдерді жүзеге асыру тәртібін, төлем мерзімдерін, тараптардың жауапкершілігін және есептілікті ұсынуды көздейтін келісім.

      8) қоса қаржыландыру - жанама салықты төлеу, тауардың, жұмыстың немесе қызметтің қосылған құнының бір бөлігін мемлекет бюджетіне алу нысаны болып табылатын республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат (Қазақстан Республикасының тартылған қарыз бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша құн салығын төлеу үшін қатысуы).

2-тарау. Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия бөлу тәртібі

      3. Субсидиялау мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, арналары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға субсидия алушыны кейіннен қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен РББӘ-ге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебі мен шегінде қаражат бөлу жолымен жүзеге асырылады.

      4. Субсидиялар ХҚҰ-мен кредиттік келісімі, қарыз тартуға мемлекеттік кепілдігі бар, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларын күтіп-ұстауды, пайдалануды, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға беріледі.

      5. Субсидия алушы субсидия алу үшін РББӘ-ге келесі құжаттарды жолдайды:

      1) субсидия алушының жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларын күтіп-ұстауды, пайдалануды, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың бірінші басшысы қол қойған (ЖББӘ-нің ведомстволық атқарушы ұйымдары субсидиялар алған жағдайда, құжаттар ЖББӘ бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен ұсынылады) еркін нысандағы ілеспе хаты;

      2) субсидиялау және субсидиялар төлеу қажеттілігі туралы түсіндірме жазбаны (қол жеткізілген нәтижелер, қолда бар проблемалар, мақсаттардың сипаттамасы, күтіліп отырған әлеуметтік-экономикалық әсерлер, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпараттардың болуы);

      3) ХҚҰ-мен келісілген, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдарын және гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған ХҚҰ-ның қарызын өтеуге, қызмет көрсетуге және қоса қаржыландыруға қажетті субсидиялар сомасын растайтын есептерді;

      4) Кредиттік келісімнің көшірмесін (өтеу кестесімен бірге);

      5) жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларын күтіп-ұстауды, пайдалануды, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік.

      Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздарды қоса қаржыландыру бойынша шығыстарға субсидияны ЖББӘ жергілікті бюджеттен бөледі.

      6. Қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдарын және гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялау мен субсидиялар төлемдерінің мөлшері ХҚҰ-ның толық өтеуімен қарыз шартын ескере отырып айқындалады (пайыздық мөлшерлеме, негізгі қарыз, оған қызмет көрсету және қоса қаржыландыру).

      7. Субсидиялау мерзімі субсидия алушының қарыздың критерийлері мен шарттарына сәйкес келген жағдайда, ХҚҰ-ның қарызын өтейтін, қызмет көрсететін және қоса қаржыландыратын уақыт кезеңіне айқындалады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидияларды төлеу тәртібі

      8. Республикалық бюджеттен субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағымен айқындалған бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарымен жүргізіледі.

      РББӘ өтінімді қалыптастырады және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік атқару жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады