"Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 9 маусымдағы № 113-НҚ және "Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидасын бекіту туралы" 2025 жылғы 27 маусымдағы № 157-НҚ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шiлдедегi № 222-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 шiлдеде № 39360 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 113-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36233 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларында:

      5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлемақы, пошта шығындары, факс, электрондық пошта, интернет желісі);".

      2. "Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 157-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36356 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жекелеген функцияларды жүзеге асыруға астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігі уәкілеттік берген, мемлекеттік жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекеме (бұдан әрі – ЖББӘ);".

      3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрінің
міндетін атқарушысы
Н. Алдамжаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады