"Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 19 маусымдағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 маусымда № 36316 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21597 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасында:

      "Әуежайлар үшін" тарауында:

      "Әуежайлар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:" деген 1-бөлімде:

      реттік нөмірі 14) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14)

АҚҚ персоналын АҚ шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жіберу тәртібі (оқыту, тағылымдамадан өту, жұмыс орнында оқыту, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және (немесе) сертификаттарды ресімдеу);



  ";

      реттік нөмірі 25) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

25)

жолаушыларға (оның ішінде транзиттік және трансферлік жолаушыларды), ӘК экипаждарының мүшелеріне, авиаперсоналға, қол жүгіне, багажға, жүкке, поштаға, борттық қорларға және әуежай керек-жарақтарын жете тексеру жүргізу технологиясын;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-1) жолмен толықтырылсын:

      "

25-1)

жолаушылар мен жолаушы болып табылмайтын адамдар өздерінде немесе олар алып жүретін заттарда алып жүретін жарылғыш заттарды және/немесе жарылғыш құрылғыларды анықтауға қабілетті тиісті жете тексеру әдістерін қолдану;



  ";

      реттік нөмірі 39) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39)

аса маңызды ақпараттық жүйелерді және онымен байланысты технологиялар мен деректерді қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 40), 41) және 42) жолдармен толықтырылсын:

      "

40)

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша реконструкцияланатын және/немесе жаңа терминалдың (терминалдардың) жоспарларын АҚ бойынша әуежай комиссиясының қарауын және АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісуін жүзеге асыру;



41)

әуежайдың бақыланатын аймақтарға, кіру шектелген күзетілетін аймақтарға кіру кезінде ілесіп жүрмеуге болатын рұқсаты бар персоналда АҚ бойынша тиісті оқытудың болуы;



42)

тәуекелді азайту және заңсыз араласудың ықтимал актілерінің алдын алу мақсатында бақыланбайтын аймақтағы қауіпсіздік шаралары;



  ";

      "Авиакәсіпорынның ғимараттары мен жердегі құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:" деген 2-бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1) жолмен толықтырылсын:

      "

2-1)

тасымалданатын зениттік-зымырандық кешендерді (ТЗЗК) және әуежайда немесе оған тікелей жақын әуе кемелеріне ұқсас қауіп төндіретін басқа да қаруды пайдалана отырып, ӘК шабуыл жасау ықтималдығын төмендететін жерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары немесе пайдалану рәсімдерін енгізу.
Тәуекелдерді бағалау негізінде жүргізіледі.



  ";

      реттік нөмірі 10) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10)

бақыланатын аймақтарға адамдар мен тасымалданатын заттармен бірге көлік құралдарының кіруін жете тексеру рәсімі және бақылаудың жай-күйі;



  ";

      реттік нөмірі 18) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18)

әуежайдың шектеулі рұқсат етілген аймағына ілесусіз кіре алатын барлық персоналдың және АҚ бойынша құпия ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың сауалнамалық деректеріне тексеру жүргізу;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-1) жолмен толықтырылсын:

      "

18-1)

бастапқы және мерзімді арнайы тексеру жүргізу үшін персоналдың сауалнамалық деректерін жолдауға, сондай-ақ осындай тексерулердің нәтижелерін бақылауды жүзеге асыруға жауапты адамды тағайындау;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20) жолмен толықтырылсын:

      "

20)

арнайы дайындалған және сертификатталған иттерді қолданатын арнайы жете тексеру рәсімдері;



  ";

      "ӘК қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:" деген 3-бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15) жолмен толықтырылсын:

      "

15)

ӘК-ге рұқсат етілмеген кіруді болғызбау мақсатында, кіру шектелген күзетілетін аймақтарда әуе кемесіне және одан адамдар мен көлік құралдарының қозғалысын қадағалау;



  ";

      "Жолаушылар мен қол жүгін, ӘК экипаж мүшелері мен авиаперсоналды ұшу алдында тексеруді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:" деген 4-бөлімде:

      реттік нөмірі 15) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15)

тасымалдауға тыйым салынған қауіпті нәрселермен және заттармен жұмыс істеу және ЖЗ табу үшін техникалық құрылғылар мен қызметтік иттерді қолдану, пайдалану тәртібі;



  ";

      реттік нөмірі 29) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29)

транзитпен (трансфермен) жүретін жолаушыларды және олардың қол жүгін жете тексеру;



  ";

      реттік нөмірі 37) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

37)

мүгедектігі бар адамдарды (ерекше қажеттіліктері бар адамдарды) жете тексеру бойынша рәсімі;



  ";

      реттік нөмірі 39) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39)

тексерілген жолаушылар үшін тазартылған аймақтардың (сондай-ақ транзиттік залдардың) жай-күйі;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-1) жолмен толықтырылсын:

      "

39-1)

транзиттік жолаушылардың қол жүгін рұқсат етілмеген араласудан қорғау және транзит әуежайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұтастығын қолдау үшін транзиттік ұшуларға қатысты шаралар;



  ";

      реттік нөмірі 41) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

41)

жете тексеруден өткен және өтпеген адамдардың және олардың қол жүгінің араласып кетуін болдырмау;



  ";

      реттік нөмірі 44) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

44)

тексеру нәтижелері бойынша есепке алу мен есептіліктің жай-күйі. Пошта жөнелтілімдерін және борт тамағын (борт қорларын) жете тексеру карталарының, жүктің немесе поштаның қауіпсіздігі декларациясының болуы;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45-1) жолмен толықтырылсын:

      "

45-1)

құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және қызметтік міндеттерін атқару кезінде басқа да уәкілетті адамдардың әуе кемесінің бортында қару алып жүруіне байланысты рәсімдерді сақтауы;



  ";

      "Әуежайлар үшін багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды ұшу алдында жете тексеруді ұйымдастыру төмендегілерді қамтиды:" деген 5-бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1) жолмен толықтырылсын:

      "

4-1)

иесі табылмаған багаж және күмәнді бұйымдармен жұмыс істеу рәсімдерді белгілеу;



  ";

      реттік нөмірі 9) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9)

жүкті, поштаны (бандерольдер, курьерлік жөнелтімдер), тауарларды және борттық қорларды тексеру рәсімдері;



      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1) және 29-2) жолдармен толықтырылсын:

      "

29-1)

жүкті және поштаны рұқсатсыз араласудан қорғау;



29-2)

жоғары тәуекел дәрежелі жүк пен поштаға және олармен байланысты қауіптер деңгейін тиісінше төмендету мақсатындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары;



  ";

      реттік нөмірі 30) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30)

жүк жөнелтілімінің сипатын ескеретін тиісті әдіспен жүкті және поштаны жете тексеру рәсімдері және жүкке және пошта жөнелтілімдеріне тікелей рұқсаты бар персоналды бақылау шаралары;



  ";

      реттік нөмірі 36) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36)

борт тағамын және борттық қорларды тексерудің техникалық құралдарымен не АҚҚ қызметкерінің жеткізілген борт тағамын және борттық қорларды қолмен (көзбен шолып) тексеріп қарау және пломбалау, одан әрі әуе кемесінің бортына тиегенге дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері;



  ";

      "Авиакомпаниялар үшін" тарауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "


"Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін"



  ";

      "Авиакомпаниялар үшін" тарауында:

      "Әуекомпаниялар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:" деген 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:



  ";

      "Әуекомпаниялар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:" деген 7-бөлімде:

      реттік нөмірлері 4) және 5) жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4)

АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және әуе кемелерін пайдаланушының бірінші басшысы бекіткен АҚ бағдарламасын;



5)

АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және әуе кемелерін пайдаланушылардың бірінші басшысы бекіткен АҚ бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын;



  ";

      реттік нөмірі 13) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13)

Әуе кемелерін пайдаланушының персоналын даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету. Есепке алу және басқа да құжаттаманы жүргізу, АА саласындағы уәкілетті ұйыммен және оқу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;



  ";

      реттік нөмірі 19) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19)

Әуежайдың бақыланатын аймағына ілесусіз кіре алатын әуе кемелерін пайдаланушы персоналының өмірбаяндық (сауалнамалық) деректерін тексеру рәсімдері;



  ";

      реттік нөмірі 22) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22)

аса маңызды ақпараттық жүйелерді және онымен байланысты технологиялар мен деректерді қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23) жолмен толықтырылсын:

      "

23)

шетелдік әуе кемелерін пайдаланушыларында АА АҚ ұлттық бағдарламасына жауап беретін өзекті қосымша рәсімдердің болуы;



  ";

      "Авиа компаниялары үшін авиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша ӘК-ін жабдықтау мыналарды қамтиды:" деген 8-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін авиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша ӘК-ін жабдықтау мыналарды қамтиды:



  ";

      "Авиа компаниялары үшін авиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша ӘК-ін жабдықтау мыналарды қамтиды:" деген 8-бөлімде:

      реттік нөмірі 8) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8)

бұған рұқсаты жоқ адамдардың ұшу кезінде ұшу экипажының кабинасына кіруіне кедергі келтіретін шаралар;



  ";

      "Авиа компаниялар үшін ӘК қауіпсіздігі және күзеті мыналарды қамтиды:" деген 9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін ӘК қауіпсіздігі және күзеті мыналарды қамтиды:



  ";

      "Авиа компаниялар үшін ӘК қауіпсіздігі және күзеті мыналарды қамтиды:" деген 9-бөлімде:

      реттік нөмірі 13) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13)

коммерциялық рейстерді орындайтын ӘК қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ӘК ұшу алдында жете тексеру (тексеру) немесе арнайы жете тексеру (тінту);



  ";

      реттік нөмірі 14) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14)

жолаушыларды ӘК бортына отырғызғаннан кейін жолаушы ұшудан бас тартқан немесе әуе кемелерін пайдаланушы жолаушыға тасымалдаудан бас тартқан, сондай-ақ ұшып шығу алдында ӘК бортында бөгде адам табылған жағдайларда қауіпсіздік мақсатында ӘК-ге қайта ұшу алдындағы жете тексеру (тексеру) жүргізу;



  ";

      реттік нөмірі 15) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15)

әуе кемелерін пайдаланушы мамандарының, ИАҚ өкілдерінің, экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы жете тексеру жүргізу рәсімін;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-1) және 15-2) жолдармен толықтырылсын:

      "

15-1)

әуе кемесін ұшу алдында (тексеру) немесе арнайы (тінту) жете тексеру басталған сәттен бастап оның жөнелтілгенге дейін әуе кемесін рұқсат етілмеген араласудан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;



15-2)

түскен жолаушылармен, сондай-ақ транзиттік рейстердің жолаушыларымен қалдырған заттарды әуе кемесі бортынан шығарып тастау шаралары;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 17-1) және 17-2) жолдармен толықтырылсын:

      "

17-1)

әуе кемесінің пайдаланушысы мен командирін (ӘКК) сот немесе әкімшілік талқылауға ұшырауы салдарынан тасымалдануға тиіс жолаушылар туралы ақпаратты тасымалдауға дейін хабардар ету рәсімдері;



17-2)

әуе кемесі командирін (ӘКК) қарулы адамдардың саны және олардың әуе кемесінде отырған орындары туралы хабардар ету рәсімдері;



  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20) жолмен толықтырылсын:

      "

20)

тіркелген багажды, борт тағамын (борт қорларын), жүкті және поштаны әуе кемесінде тасымалдауға рұқсат беру бойынша рәсімдері;



  ";

      "Авиакомпаниялар үшін азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қабылдау мыналарды қамтиды:" деген 10-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қабылдау мыналарды қамтиды:



  ";

      "Авиакомпаниялар үшін азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қабылдау мыналарды қамтиды:" деген 10-бөлімде:

      реттік нөмірі 1) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Әуе кемелерін пайдаланушының АҚ бойынша ведомствоаралық әуежай комиссиясына қатысуы;



  ";

      "Аэронавигациялық қызметті жеткізетіндер үшін" тарауында:

      "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілер үшін объектілер мен құралдарды қорғау мыналарды қамтиды:" деген 11-бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-1), 6-2) жолдармен толықтырылсын:

      "

6-1)

персонал санаттары бойынша АҚ бойынша даярлаудан және қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың болуы;



6-2)

АҚҚ персоналын және аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет мекемелерінің қызметкерлерін авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жіберу тәртібі (оқыту, тағылымдамадан өту, жұмыс орнында оқыту, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және (немесе) сертификаттарды ресімдеу);



  ";

      реттік нөмірі 10) жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10)

аса маңызды ақпараттық жүйелерді және онымен байланысты технологиялар мен деректерді қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар;



  ";

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АА – азаматтық авиация;

      АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі;

      АҚ – авиациялық қауіпсіздік;

      ӘҚБ – әуе қозғалысын басқару;

      ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;

      ӘК – әуе кемесі;

      БӨП – бақылау-өткізу пункті;

      ТЖ – төтенше жағдай;

      VІР – залы - аса маңызды тұлғаларға арналған зал;

      ЖЗ – жарылғыш заттар;

      ӘКК – әуе кемесінің командирі;

      ИАҚ – инженерлік-авиациялық қызмет;

      Сәйкестік / сәйкессіздік деңгейлері

      (1) – авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және одан әрі қызметіне кедергі келтіретін сындарлы сәйкессіздіктер;

      (2) – келісілген мерзімде жойылатын немесе шектеулер енгізілетін шарттарда одан әрі қызметіне кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;

      (3) – одан әрі қызметіне кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер;

      (*) – осы ұйым үшін міндетті емес;

      (+) – талаптарға сәйкес келеді.

      (NA) – қолданылмайды, шаралар немесе рәсімдер АА ұйымында қолданылмайды немесе іске асырылмайды;

      (NC) – расталмаған, инспекторлар нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін анықтай алмаған шаралар немесе рәсімдер (уақыттың болмауы, қарама-қайшы ақпарат немесе өзге де себептер бойынша).".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады