Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 436 қбп қаулысымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы бекітілсін.
2. "Авиациялық қауіпсіздікті инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 438 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6568 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461- 468 (26311) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашасы № 588 бұйрығымен бекітілген |
Авиациялық қауіпсіздікті бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы
Ескерту. Бағдарламаға өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.02.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с № | Бағдарлама бойынша позиция нөмірлері және тексерілетін элементтер | Сәйкестікті бағалау (+/-) | Сәйкессіздік позициясы нөмірі |
Әуежайлар үшін | |||
---|---|---|---|
1. | Әуежайлар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды: | ||
1) | авиациялық қауіпсіздік қызметінің бекітілген ұйымдастырушылық құрылымы мен штат кестесі; | ||
2) | АҚҚ туралы ережені; | ||
3) | АА саласындағы уәкілетті ұйыммен, АҚ бойынша ведомствоаралық әуежай комиссиясымен келісілген және әуежайдың бірінші басшысы бекіткен АҚ бағдарламасын; | ||
4) | АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және әуежайдың бірінші басшысы бекіткен АҚ бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын; | ||
5) | оның техникалық, өндірістік және қаржылық қамтамасыз етілуін; | ||
6) | АҚҚ-ның әуежай қызметтерімен және Қазақстан Республикасының басқа да органдарымен өзара іс-қимыл жасау технологиясы; | ||
7) | авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызмет аясы (орындалатын міндеттері); | ||
8) | авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әуежай басшылығы құрамының тізімі; | ||
9) | ТЖ туындаған кезде ТЖ реттеу бойынша іс-қимылдар жоспарына сәйкес шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаны тағайындау бойынша өкімдік құжаттың; | ||
10) | авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты АҚҚ персоналы лауазымдарының, мамандықтарының және мамандандырылулардың бекітілген тізбесі; | ||
11) | АҚҚ мамандарының лауазымдық нұсқаулықтары; | ||
12) | авиациялық қауіпсіздіктің әр түріне (бағытына) қатысты аттестаттауға және (немесе) сертификаттауға жататын АҚҚ мамандары санаттары; | ||
13) | АҚҚ бөлімшелерінің сертификатталған (дербес жұмысқа рұқсаты бар) мамандармен жинақталуы; | ||
14) | АҚҚ персоналын АҚ шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жіберу тәртібі (оқыту, тағылымдамадан өту, жұмыс орнында оқыту, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және (немесе) сертификаттарды ресімдеу); | ||
15) | азаматтық авиацияның оқу орындарында (шарттар немесе бір жолғы өтінім негізінде) немесе меншікті оқу базасында оқытуды көздейтін АҚҚ персоналын дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз етуін (дайындау, қайта оқыту және біліктілігін арттыру жоспарларының болуы және орындалуы); | ||
16) | даярлау бағдарламалары (сабақтары) мазмұнының және оқу базасы (белгіленген талаптарға сәйкес сыныптардың техникалық жабдықталуы) сәйкестігі; | ||
17) | АҚҚ орналастыру және АҚ бойынша технологиялық рәсімдерді жүзеге асыруға арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және оларды күтіп ұстау (техникалық құралдармен, байланыс құралдарымен, автокөлікпен); | ||
18) | қару-жарақты, оқ-дәріні және арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы үй-жайдың болуы; | ||
19 | қарудың, оқ-дәрiлердiң және АҚҚ арнайы құралдарының болуын, жай-күйiн және қозғалысын есепке алу мен есептілік жүргізу. Осы есепке алуды жүргiзу үшiн жауапты тұлғаларды тағайындау; | ||
20) | әуежайдың басшылық құрамы мен АҚҚ персоналының қызметтік үй-жайлармен (кабинеттермен, талдау бөлмелерімен) және тұрмыстық мақсатта қолданылатын үй-жайлармен (демалу және тамақ ішу бөлмелерімен, киім шешетін орындармен, арнайы киімдерді құрғататын бөлмелермен) қамтамасыз етілуі; | ||
21) | АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басшылық, нормативтік және ақпараттық құжаттамамен қамтамасыз етілу; | ||
22) | құжаттаманы есепке алу, пайдалану және сақтау, келіп түскен өзгерістер мен толықтыруларды енгізу және оларды орындаушыларға жеткізу; | ||
23) | Әуежайдың бөлімшелері персоналының АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басшылық, нормативтік және ақпараттық құжаттаманы зерделеу тәртібі; | ||
24) | АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжаттардың толықтығы мен сапасы; | ||
25) | жолаушыларға (оның ішінде транзиттік және трансферлік жолаушыларды), ӘК экипаждарының мүшелеріне, авиаперсоналға, қол жүгіне, багажға, жүкке, поштаға, борттық қорларға және әуежай керек-жарақтарын жете тексеру жүргізу технологиясын; | ||
25-1) | жолаушылар мен жолаушы болып табылмайтын адамдар өздерінде немесе олар алып жүретін заттарда алып жүретін жарылғыш заттарды және/немесе жарылғыш құрылғыларды анықтауға қабілетті тиісті жете тексеру әдістерін қолдану; | ||
26) | өткізу және объектішілік режим жөніндегі нұсқаулықты; | ||
27) | АҚ бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылау жүйесін, тұрақты ішкі тексерулерді жүргізілуін; | ||
28) | қауіпсіздік шараларының орындалуына бақылау жүргізу кезеңділігі; | ||
29) | АҚ қамтамасыз ету бойынша өткізілетін іс-шаралардың жеткіліктілігі мен тиімділігін талдау және бағалау жүргізу; | ||
30) | болуы мүмкін заңсыз араласу актілерінен қорғау мақсатында азаматтық авиация объектілерінің (орындарының) осалдығын анықтау бойынша әрекет; | ||
31) | АҚ бойынша бекітілген құжаттарды түзету; | ||
32) | жүргізілетін бақылауды есепке алу бойынша құжаттаманың жүргізу, осындай бақылауды жүргізу және есепке алу үшін тұлғаларды тағайындау; | ||
33) | АҚ бойынша хабарлау және байланыс жүйесі; | ||
34) | АҚ бойынша сенімділік (сынау) және әзірленген тексеру жоспарлары; | ||
35) | АҚ жөніндегі есепке алу мен есептіліктің жай-күйі; | ||
36) | тиісті мемлекеттік басқару органдарына белгіленген есептілік пен заңсыз араласу актілері, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде анықталған кемшіліктер туралы ақпаратты, сондай-ақ АҚ жай-күйінің мәселелері бойынша басқа да ақпаратты ұсыну тәртібін және уақтылығын сақтау; | ||
37) | АҚҚ сертификатталған жабдықпен қамтамасыз етілуі; | ||
38) | нысанды киімді бақылауды қамтамасыз ету (қорғау шаралары, беру және алу тәртібі). | ||
39) | аса маңызды ақпараттық жүйелерді және онымен байланысты технологиялар мен деректерді қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар; | ||
40) | Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша реконструкцияланатын және/немесе жаңа терминалдың (терминалдардың) жоспарларын АҚ бойынша әуежай комиссиясының қарауын және АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісуін жүзеге асыру; | ||
41) | әуежайдың бақыланатын аймақтарға, кіру шектелген күзетілетін аймақтарға кіру кезінде ілесіп жүрмеуге болатын рұқсаты бар персоналда АҚ бойынша тиісті оқытудың болуы; | ||
42) | тәуекелді азайту және заңсыз араласудың ықтимал актілерінің алдын алу мақсатында бақыланбайтын аймақтағы қауіпсіздік шаралары; | ||
2. | Авиакәсіпорынның ғимараттары мен жердегі құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды: | ||
1) | әуежай аумағын (бақыланатын аймақтарды) және авиатехниканы, бағыттағыш және глиссадалық радиомаяктардың жұмыс секторларының аймақтарын, ӘҚҚ объектілерін, әуеайлақтың радио және жарықтехникалық жабдықтарын, ЖЖМ қоймалары мен коммерциялық қоймаларды қоса алғанда, онда орналасқан объектілердің күзетілуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; | ||
2) | шектеулі кіру аймақтары (бақыланатын аймақтар) мен олардың шекараларын, соның ішінде әуежай объектілері аумағының шегінен тыс шекараларды белгілеу; | ||
2-1) |
тасымалданатын зениттік-зымырандық кешендерді (ТЗЗК) және әуежайда немесе оған тікелей жақын әуе кемелеріне ұқсас қауіп төндіретін басқа да қаруды пайдалана отырып, ӘК шабуыл жасау ықтималдығын төмендететін жерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары немесе пайдалану рәсімдерін енгізу. | ||
3) | объектілердің орналасуы мен бақыланатын аймақтары (шектеулі кіру аймағы) шекаралары көрсетілген әуежай аумағы сызбасының болуы; | ||
4) | бақыланатын аймақтарды күзетудің жай-күйі (қоршаулардың бар болуы, жүйесі мен жай-күйі, жарықтандыру), аймақтарды күзету үшін жауапкершілікті бөлу; | ||
5) | әуежайдың периметрі бойынша және оның аумағында орналасқан азаматтық авиация объектілері қоршауының, күзет мұнараларының, жарықтандырудың, қалқаншаның, күзетілетін жолдың ескерту аншлагтарының және қоршау бойы қауіпсіздік жолақтарының жай-күйі; | ||
6) | жылжымалы патрульдер және патрульдеу кезеңділігі; | ||
7) | ЖЖМ объектілерінде және коммерциялық қоймаларда қосымша қоршаулар; | ||
8) | ӘК тұрақ орындарын, бөлек орналасқан объектілер мен бақылау-өткізу пункттерінің аумақтарын сыртқы жарықтандырумен жабдықтау; | ||
9) | күзет, бақылау, сигнал беру және байланыстың техникалық құралдарының жай-күйі; | ||
10) | бақыланатын аймақтарға адамдар мен тасымалданатын заттармен бірге көлік құралдарының кіруін жете тексеру рәсімі және бақылаудың жай-күйі; | ||
11) | БӨП жай-күйі, олардың қақпалармен, шлагбаумдармен, алаңшалармен және қызмет көрсету персоналы мен автокөлікті тексеру үшін техникалық құралдармен жабдықталуы; | ||
12) | рұқсатнамаларды қолдану жүйесін пайдалану, рұқсаттамаларды беруді және рұқсатнамалық режимнің талаптарын орындауды жүзеге асыратын уәкілетті бөлімшенің болуы; | ||
13) | қосалқы БӨП және олардың жабдықталуы; | ||
14) | рұқсатнамалық мен объектішілік режимді жүзеге асыру; | ||
15) | бақыланатын аймақтарға адамдардың кіруін бақылау рәсімі, әуежай аумағына персоналдың, бөгде ұйымдардан келушілердің, көліктің кіруі мен өтуінің белгіленген тәртібі (рұқсатнамалардың әр алуан түрлерін беру, пайдалану және алып кою тәртібі); | ||
16) | әуежайдың бақыланатын аймақтарында адамдар мен көлік құралдарының болуы мен жүруін бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; | ||
17) | барлық кілттерді және құлыптарды тіркеу жүйесін; | ||
18) | әуежайдың шектеулі рұқсат етілген аймағына ілесусіз кіре алатын барлық персоналдың және АҚ бойынша құпия ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың сауалнамалық деректеріне тексеру жүргізу; | ||
18-1) | бастапқы және мерзімді арнайы тексеру жүргізу үшін персоналдың сауалнамалық деректерін жолдауға, сондай-ақ осындай тексерулердің нәтижелерін бақылауды жүзеге асыруға жауапты адамды тағайындау; | ||
19) | жете тексеру пунктерін "өлі" аймақтар қалдырмай түсіретін бейнебақылау камераларымен жабдықтау. | ||
20) | арнайы дайындалған және сертификатталған иттерді қолданатын арнайы жете тексеру рәсімдері; | ||
3. | Әуе кемелерінің (ӘК) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды: | ||
1) | ӘК жерде күзетуді ұйымдастыру және жай-күйі; | ||
2) | ӘК күзетін қамтамасыз ету сызбасы; | ||
3) | әк күзет бекеттерінің жай-күйі; | ||
4) | ӘК қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік; | ||
5) | ӘК техникалық қызмет көрсетуге және күзетуге қабылдау-тапсыру тәртібін ұйымдастыру және сақтау (ӘК күзетуге қабылдау-тапсыру журналын жүргізу); | ||
6) | ӘК аралық әуежайларда техникалық және коммерциялық қызмет көрсету кезінде, оларда авиациялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; | ||
7) | ӘК тұрақ орындарын жарықтандырудың жай-күйі; | ||
8) | ӘК қол жеткізуді бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; | ||
9) | ӘК-не қызмет көрсетуге рұқсаты бар авиаперсоналда рұқсат етілген аймақтар мен жұмыс ауысымдары көрсетілген рұқсатнамалардың болуы; | ||
10) | ӘК ұшу алдында тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және жай-күйі; | ||
11 | ӘК үшін арнайы тұрақ орындарын жарақтандыру және бар болуы; | ||
12) | ӘК арнайы тексеру орындары тізбесі; | ||
13) | пайдаланылатын ӘК үлгілерінің технологиялық карталары мен тексеру сызбалары; | ||
14) | ӘК тексеру топтарын құру туралы бұйрық. | ||
15) | ӘК-ге рұқсат етілмеген кіруді болғызбау мақсатында, кіру шектелген күзетілетін аймақтарда әуе кемесіне және одан адамдар мен көлік құралдарының қозғалысын қадағалау; | ||
4. | Жолаушылар мен қол жүгін, ӘК экипаж мүшелері мен авиаперсоналды ұшу алдында тексеруді ұйымдастыру мыналарды қамтиды: | ||
1) | жолаушыларды бақылау аймақтары мен тексеру пункттерінің жай-күйі; | ||
2) | тексеру пункттерінің жабдықталуы мен орналасуының белгіленген талаптарға сәйкестігі; | ||
3) | жеке тексеруге арналған кабиналардың (үй-жайлардың) жарақталуы; | ||
4) | тексеру пункттерінің техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы; | ||
5) | техникалық тексеру құралдарының жай-күйі және сертификаттық талаптарға сәйкестігі, тексеру жабдығы туралы егжей-тегжейлі деректер; | ||
6) | техникалық тексеру құралдарына қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру; | ||
7) | тексеру топтарының оқытылған мамандармен жинақталуы; | ||
8) | кәсіби дайындығы мен сертификаттарының болуы; | ||
9) | топ мамандарының қолданылатын техникалық тексеру құралдарының негізгі сипаттамалары мен пайдалану ережелерін білуі; | ||
10) | тексеру топтары мамандарының қызметтік нұсқаулықтары; | ||
11) | жете тексеру бөлімшесі персоналын алмастыру тәртібін ұйымдастыру және сақтау; | ||
12) | рентгендік жабдықтың немесе қолмен тексерудің көмегімен белгілі бір адамның заттарын тексеру барысында табылған тасымалдауға тыйым салынған заттармен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ететін рәсімдер; | ||
13) | металл іздегіштің сигналдары түскен немесе жолаушыда немесе оның заттарында тасымалдауға тыйым салынған нәрселер мен заттар, оның ішінде алынған заттар табылған кездегі іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ететін рәсімдер; | ||
14) | жете тексеру пунктерінде жолаушыларға ӘК-де тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдар тізбесінің болуы; | ||
15) | тасымалдауға тыйым салынған қауіпті нәрселермен және заттармен жұмыс істеу және ЖЗ табу үшін техникалық құрылғылар мен қызметтік иттерді қолдану, пайдалану тәртібі; | ||
16) | алынған нәрселер мен заттарды кәдеге жарату тәртібі; | ||
17) | металл іздегішті пайдаланумен қатар жолаушыларды жеке таңдап қолмен жете тексеруді ұйымдастыру; | ||
18) | жете тексерілетін жолаушымен бір жынысты қызметкердің қолмен жете тексеруін ұйымдастыру; | ||
19) | қол жүгімен багажды кемінде 10%-ға физикалық жолмен жете тексеру немесе тиісті балама шараларды қолдану; | ||
20) | электр энергиясы өшірілген немесе жете тексеруге арналған жабдық бұзылған жағдайда АҚҚ персоналының іс-қимылы жөніндегі, әуежайдың бірінші басшысы бекіткен нұсқаулықтың болуы және сақталуы; | ||
21) | мүмкіндігі шектеулі жандарды және ілесіп жүретін тұлғаларды жете тексеру бойынша қойылатын талаптар; | ||
22) | қарулы күзетті тексеруге қатысты уағдаластық рәсімдері; | ||
23) | жете тексеруден босатылған кез-келген тұлғаларға қатысты тізімдер мен нұсқаулар; | ||
24) | тексеруден өтпеген жолаушылармен араласып кеткен немесе байланыста болған жағдайда жолаушыларды және олардың қол жүгін ӘК-не отырғызу алдында қайта тексеруді ұйымдастыру және сақтау; | ||
25) | ұшу уақытында жолаушылардан алынған қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды ӘК бортында тасымалдау тәртібін ұйымдастыру және сақтау жөніндегі нұсқаулықтың болуы және сақталуы; | ||
26) | қауіпті нәрселер мен заттарды тапқан жағдайдағы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулар; | ||
27) | жолаушыларды және қол жүгін жете тексеруді жүргізудің бекітілген технологияға сәйкестігі; | ||
28) | арнайы тексеру рәсімдері (қолмен және таңдап тексеру, тексеруден өтуден бас тарту, жеке түрде тексеру); | ||
29) | транзитпен (трансфермен) жүретін жолаушыларды және олардың қол жүгін жете тексеру; | ||
30) | жете тексеру тәртібі туралы жолаушыларға арналған ақпараттың жай-күйі; | ||
31) | ресми тұлғалар мен делегацияларға арналған залдардың жай-күйі және техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы; | ||
32) | жекелеген жолаушылар санаттарына қатысты қабылданатын шаралар (хабарлама туралы талаптар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен рәсімдері); | ||
33) | жоғары лауазымды тұлғаларды және дипломаттарды жете тексеру бойынша рәсімдер; | ||
34) | үкіметтік курьерлерді және дипломатиялық вализдерді жете тексеру бойынша рәсімдер; | ||
35) | VІР және ресми делегациялар залдары арқылы өтетін тұлғаларды жете тексеру бойынша рәсімдер; | ||
36) | ӘК бортындағы қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін жете тексеру бойынша рәсімдер; | ||
37) | мүгедектігі бар адамдарды (ерекше қажеттіліктері бар адамдарды) жете тексеру бойынша рәсімі; | ||
38) | күзетудегі немесе әкімшілік бақылаудағы жолаушыларды (жер аударылған тұлғалар, айдаудағы тұтқындар) жете тексеру бойынша рәсімдер; | ||
39) | тексерілген жолаушылар үшін тазартылған аймақтардың (сондай-ақ транзиттік залдардың) жай-күйі; | ||
39-1) | транзиттік жолаушылардың қол жүгін рұқсат етілмеген араласудан қорғау және транзит әуежайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұтастығын қолдау үшін транзиттік ұшуларға қатысты шаралар; | ||
40) | жолаушыларды ӘК бортына жеткізіп салу және ілесіп жүру тәртібі; | ||
41) | жете тексеруден өткен және өтпеген адамдардың және олардың қол жүгінің араласып кетуін болдырмау; | ||
42) | ӘК экипаждарының мүшелері мен әуежайдың, авиакәсіпорынның және пайдаланушының авиаперсоналын тексеруді ұйымдастыру және жай-күйі; | ||
43) | ӘК экипаждарының мүшелері мен авиаперсоналды тексеру технологиясын сақтау; | ||
44) | тексеру нәтижелері бойынша есепке алу мен есептіліктің жай-күйі. Пошта жөнелтілімдерін және борт тамағын (борт қорларын) жете тексеру карталарының, жүктің немесе поштаның қауіпсіздігі декларациясының болуы; | ||
45) | ӘК бортында ұшу кезінде жолаушылардан алынған қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды тасымалдау тәртібін ұйымдастыру және сақтау; | ||
45-1) | құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және қызметтік міндеттерін атқару кезінде басқа да уәкілетті адамдардың әуе кемесінің бортында қару алып жүруіне байланысты рәсімдерді сақтауы; | ||
46) | қару мен оқ-дәрілерді экипажға тапсыру технологиясы; | ||
47) | қару мен оқ-дәрілерді қабылдауға және беруге арналған үй-жайлар; | ||
48) | ӘК бортына қару мен оқ-дәрілерді жеткізу шарттары; | ||
49) | ӘК жолаушы салонында қару мен оқ-дәрілерді алып ұшу; | ||
50) | ӘК қол жетпейтін жерлерінде сақталатын қаруды алып ұшу; | ||
5. | Әуежайлар үшән багажды, жүкті, почтаны және борттық қорларды ұшу алдында тексеруді ұйымдастыру төмендегілерді қамтиды: | ||
1) | багаждың, жүктің, почтаның және борттық қорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оның жай-күйі; | ||
2) | багажды қабылдау және күзету; | ||
3) | багажды жете тексеру рәсімдері; | ||
4) | багаждың жолаушыларға тиістілігін анықтау; | ||
4-1) | иесі табылмаған багаж және күмәнді бұйымдармен жұмыс істеу рәсімдерді белгілеу; | ||
5) | тіркелген багажды жете тексеру; | ||
6) | тіркелген трансферттік багажды жете тексеру; | ||
7) | дұрыс өңделмеген багажды сақтау; | ||
8) | багаждың ӘК-не тасымалдануын бақылау; | ||
9) | жүкті, поштаны (бандерольдер, курьерлік жөнелтімдер), тауарларды және борттық қорларды тексеру рәсімдері; | ||
10) | қауіпсіздік мақсатында бақылау шаралары шарттары; | ||
11) | қауіптілігі жоғары кезеңдегі бақылау шаралары; | ||
12) | борт тағамын және борт қорын қауіпсіздік мақсатында бақылаудың рәсімдері мен шаралары; | ||
13) | багажды, жүкті, почтаны және борттық қорды тексеру пункттерінің жай-күйі және жарақталуы; | ||
14) | багажды, жүкті, почтаны және борттық қорды тексеру технологиясы; | ||
15) | АҚҚ-нің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарымен қамтамасыз етілуі; | ||
16) | жолаушыларды, қол жүгін, багажды, жүкті, почтаны және борттық қорларды тексерудің, сондай-ақ ӘК экипажының мүшелері мен жердегі персоналды тексерудің арнайы техникалық құралдарын пайдалану; | ||
17) | пайдаланылатын техникалық тексеру құралдарының түрлері мен үлгілері; | ||
18) | қолдану учаскелері, ЖЗ табу үшін техникалық құрылғылар мен қызметтік иттерді пайдалану; | ||
19) | инженерлік-техникалық күзет құралдарын пайдалану; | ||
20) | пайдаланылатын инженерлік-техникалық күзет құралдарының түрлері мен үлгілері; | ||
21) | инженерлік-техникалық күзет құралдарын қолдану объектілері; | ||
22) | бақылау пункттерінің болуы және жарақталуы; күзет құралдары іске қосылған кезде шаралар қабылдау рәсімдері; | ||
23) | авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету тәртібі; | ||
24) | шектеулі кіру режимінің және жүк бөлігінде тасымалданатын багажды сұрыптау аймақтарына арналған арнайы рұқсаттамалардың қолданылу тәртібі; | ||
25) | ӘК-нің жүк бөлігінде тасымалданатын багаждың тұтастығы бұзылған жағдайда қайта тексеру бойынша жасалатын іс-әрекеттер; | ||
26) | багажды, сондай-ақ қонуға шығарда күтіп тұрған багажды, егер бұл багаж тиесілі тұлға қонуға келмесе, алып қою және түсіру рәсімдері; | ||
27) | жеткізіп салушысы жоқ жолжүк табылған жағдайда жасалатын әрекеттер рәсімдері; | ||
28) | жүк бөлігінде тасымалданатын багаждың ведомосын жасау туралы талап (тиесілігін тексеру және санкциялау); | ||
29) | тексерілген және тексерілмеген жүкті физикалық жолмен бөлу рәсімдері; | ||
29-1) | жүкті және поштаны рұқсатсыз араласудан қорғау; | ||
29-2) | жоғары тәуекел дәрежелі жүк пен поштаға және олармен байланысты қауіптер деңгейін тиісінше төмендету мақсатындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары; | ||
30) | жүк жөнелтілімінің сипатын ескеретін тиісті әдіспен жүкті және поштаны жете тексеру рәсімдері және жүкке және пошта жөнелтілімдеріне тікелей рұқсаты бар персоналды бақылау шаралары; | ||
31) | трансферлік жүкке және пошта жөнелтілімдеріне қолданылатын қауіпсіздік мақсатында бақылау шараларына қатысты рәсімдер; | ||
32) | борттық тағам жеткізетін ұйымдардың қауіпсіздік жөніндегі қызметкерін тағайындау және даярлау рәсімдері; | ||
33) | борттық тағам жеткізетін ұйымдардың өндірістік үй-жайлардың физикалық қауіпсіздігін және кіруді бақылау рәсімдері; | ||
34) | борттық тағам жеткізетін компаниялардың қызметкерлерінің сауалнамалық деректерін тексеру рәсімдері; | ||
35) | борттық тағамдарды жеткізетін компаниялардың борттық тағамдарын және борттық қорларды қабылдау және өңдеу рәсімдері; | ||
36) | борт тағамын және борттық қорларды тексерудің техникалық құралдарымен не АҚҚ қызметкерінің жеткізілген борт тағамын және борттық қорларды қолмен (көзбен шолып) тексеріп қарау және пломбалау, одан әрі әуе кемесінің бортына тиегенге дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері; | ||
37) | борттық тағамды мен борттық қорларды тасымалдайтын көлік құралының жүк бөлімшесін пломбалау рәсімдері; | ||
38) | пломбалардың және пломбалардың нөмірлері көрсетілген тиеп-жөнелту жүкқұжатының пайдаланылатын нөмірлерін тіркеу рәсімдері; | ||
39) | пайдаланушының борт тамағы мен буфет-ас үй жабдығының жиынтықтарын ӘК-ге тасымалдау және жеткізу рәсімдері. | ||
6. | Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қабылдау төмендегілерді қамтиды: | ||
1) | АҚ жөніндегі әуежай комиссиясының қызмет; | ||
2) | әуежай комиссиясы туралы ережесі; | ||
3) | әуежай комиссиясының құрамы; | ||
4) | әуежай комиссиясының жұмыс жоспары; | ||
5) | азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі іс-қимылдардың жоспары; | ||
6) | ТЖ туындаған кезде персоналдың іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулықтардың, үзінділердің және жаднамалары (ӘК басып алуға әрекет жасалған, диверсия және жарылғыш құрылғыларды қолдану қаупі болған жағдайларда көзделген іс-қимылдар мен рәсімдер); | ||
7) | "Дабыл" операциясын өткізу жоспары және оның жедел топтарды құру ережелерінің, арнайы мемлекеттік органдардың, ішкі істер, қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген терроризмге қарсы операцияны дайындау және өткізу барысындағы олардың іс-қимылдарының толық тізбесінің қағидаларына сәйкестігі; | ||
8) | заңсыз араласу актілеріне ұшыраған ӘК аэронавигациялық қызмет көрсету; | ||
9) | жоғары қауіп кезеңінде немесе аса маңызды рейстер мен бағыттарға қатысты, соның ішінде бопсалаушылық актілері және әуежай қызметкерлерінің іс-қимылдарына араласу кезінде қолдануға жататын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы шаралар; | ||
10) | ТЖ реттеу бойынша жедел штабтың жұмысын қамтамасыз ету үшін командалық пункті (арнайы жабдықталған үй-жайдың); | ||
11) | жедел штабтың құрамы мен құрылымдық сызбасы; | ||
12) | хабарлау және байланысу тәртібі (схемасы), байланыс құралдарының болуы, жай-күйі және пайдаланылуы; | ||
13) | командалық пункттің қызметті қамтамасыз ету құралдарымен жарақталуы; | ||
14) | жедел штабты іс-қимылға келтірудің белгіленген тәртібі; | ||
15) | ТЖ реттеуге тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы; | ||
16) | күш пен құралдарды үйлестіру, сабақтар, жаттығулар мен оқу-жаттығуларды өткізуді ұйымдастыру мен есепке алу; | ||
17) | өзара қарым-қатынастағы қызметтермен және ұйымдармен (олардың дайындығы мен жаттығуларды өткізу мерзімділігі үшін жауапты орган) авиациялық қауіпсіздік шараларын практикалық жаттықтыру бойынша өткізілетін оқу іс-шаралары. | ||
"Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін" | |||
7. | Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды: | ||
1) | АҚҚ-нің ұйымдастырушылық құрылымын және штат кестесін; | ||
2) | АҚҚ туралы ережені; | ||
3) | АҚ жөніндегі жауапты тұлға; | ||
4) | АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және әуе кемелерін пайдаланушының бірінші басшысы бекіткен АҚ бағдарламасын; | ||
5) | АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және әуе кемелерін пайдаланушылардың бірінші басшысы бекіткен АҚ бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын; | ||
6) | персонал санаттары бойынша АҚ бойынша даярлау және қайта даярлаудан өткені жөнінде сертификаттардың болуы; | ||
7) | персонал санаттары бойынша АҚ шараларын қамтамасыз ету жұмыстарына рұқсат беру; | ||
8) | АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басшының АА ұйымдары объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде функцияларды белгілейтін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету ерекшеліктерін регламенттейтін нұсқаулықты білуі; | ||
9) | АҚ қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердің АА ұйымдары объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде функцияларды белгілейтін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету ерекшеліктерін регламенттейтін нұсқаулықты білуі; | ||
10) | дағдарыстық жағдайларда іс-қимылды ұйымдастыруға жауапты персонал санаттары бойынша АҚ даярлау және қайта даярлау; | ||
11) | АҚ оқыту бойынша нұсқаушы-үйлестіруші; | ||
12) | АҚ оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестірушінің лауазымдық нұсқаулықтары; | ||
13) | Әуе кемелерін пайдаланушының персоналын даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету. Есепке алу және басқа да құжаттаманы жүргізу, АА саласындағы уәкілетті ұйыммен және оқу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау; | ||
14) | АҚ сапасын бақылау жөніндегі аудитор; | ||
15) | АҚ сапасын бақылау жөніндегі аудитордың лауазымдық нұсқаулығы; | ||
16) | АҚ бойынша ішкі тексерістің бекітілген бағдарламасы; | ||
17) | аудит жүргізу кезеңдігі, олардың нәтижелері (жоспарлар, актілер, анықтамалар, есеп-қисаптар); | ||
18) | АА саласындағы уәкілетті ұйымды ішкі тексерулердің нәтижелері туралы хабардар ету; | ||
19) | Әуежайдың бақыланатын аймағына ілесусіз кіре алатын әуе кемелерін пайдаланушы персоналының өмірбаяндық (сауалнамалық) деректерін тексеру рәсімдері; | ||
20) | персоналды қайта тексеруді бақылау және жүргізу мерзімділігі; | ||
21) | бақылау және бейнебақылаудың техникалық құралдарын, қару мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ АҚ бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін құжаттаманы орналастыруға және сақтауға арналған қызметтік үй-жайлар. | ||
22) | аса маңызды ақпараттық жүйелерді және онымен байланысты технологиялар мен деректерді қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар; | ||
23) | шетелдік әуе кемелерін пайдаланушыларында АА АҚ ұлттық бағдарламасына жауап беретін өзекті қосымша рәсімдердің болуы; | ||
8. | Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін авиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша ӘК-ін жабдықтау мыналарды қамтиды: | ||
1) | пилот кабинасын жолаушылар салонынан оқшаулайтын сенімді жабылатын оқ өтпейтін есіктермен және қалқалармен (әк сипатқұжатына қатысты); | ||
2) | пилот кабинасының есіктеріндегі есік алдындағы кеңістікті шолуға және іргелес жолаушылар салонындағы жағдайды бақылауға арналған қарау құрылғысын (ӘК сипатқұжатына қатысты); | ||
3) | экипаждың пилот кабинасы мен бортсеріктер арасындағы арнайы сигнал беру және сөйлесу құрылғыларын (ӘК сипатқұжатына қатысты); | ||
4) | қозғалтқыштарды рұқсатсыз іске қосуды, ӘК рульдеуді және ұшып көтерілуді болдырмайтын айдап әкетуге қарсы құрылғыларын (егер олар ӘК сипатқұжатына қатысты көзделсе); | ||
5) | жолаушылардан ұшу кезінде алынған қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған арнайы жабылатын жәшіктерді (ӘК нысаналы мақсатына және тасымалдау қызметтеріне қатысты); | ||
6) | ӘК қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау; | ||
7) | Пилот кабинасының есіктерін бұғаттау; | ||
8) | бұған рұқсаты жоқ адамдардың ұшу кезінде ұшу экипажының кабинасына кіруіне кедергі келтіретін шаралар; | ||
9) | жасырын сигнал беру жүйесінің болуы және жұмыс қабілеттілігі; | ||
10) | қару мен оқ-дәрілерді тасымалдауға арналған орындарды жабдықтау; | ||
11) | табылған жарылғыш құрылғыны орналастыру үшін ӘК бортындағы қауіптілігі төмен орындарды белгілеу. | ||
9. | Авиа компаниялар үшін ӘК қауіпсіздігі және күзеті мыналарды қамтиды: | ||
1) | борт журналына немесе ӘК-ге қызмет көрсетуге қабылдау-беру журналына қол қоя отырып, ӘК қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қабылдау; | ||
2) | қабылдауды жүргізетін экипаж мүшесінде АА авиаперсоналының қолданыстағы куәлігі мен ұшуға тапсырмасы болған кезде ӘК-ні экипажға беру; | ||
3) | ӘК командирі келгенге дейін ұшуды орындау үшін ӘК қабылдаған экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ӘК күзету және рұқсатсыз кіруден қорғау жөнінде шаралар қабылдау; | ||
4) | қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ӘК күзету және техникалық жұмыстарды жүргізу кезеңінде ИАҚ өкілінің заңсыз енуінен қорғау бойынша шаралар қабылдау; | ||
5) | қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ӘК күзету және техникалық жұмыстарды жүргізу кезеңінде күзетке алынған ӘК-ні қабылдағаннан әуежай (әуеайлақ) АҚҚ өкілінің заңсыз енуінен қорғау бойынша шаралар қабылдау; | ||
6) | әуежайдың (әуеайлақтың) кіру шектелген аймағына өтуге құқық беретін ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге қатысатын авиаперсоналда ашық киілетін, сыртқы киімге бекітілген әуежай рұқсаттамасының болуы; | ||
7) | қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілмейтін ӘК кабинасының кіру есіктерін, жүк және авариялық люктерін және желкөздерін жабу, мөрлеу, сондай-ақ басқыштар мен сатыны жинау; | ||
8) | ӘК-де айдап әкетуге қарсы арнайы бекіту құрылғыларын орнату (қажет болған жағдайда); | ||
9) | ӘК-ні қараусыз қалдырмау, сондай-ақ оған қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдарды жібермеу талабы; | ||
10) | ӘК-де жұмыстарды уақытша тоқтату кезінде қозғалтқыштарды іске қосуға және ӘК басқаруға, жылжымалы басқышты, баспалдақты, сатыларды алып тастауға мүмкіндік бермейтін қарастырылған құрылғыларды орнату (қосу), есіктерді, бөліктер қақпақтарын және люктерді жабу; | ||
11) | қауіп деңгейіне (төмен, орташа, жоғары) байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ӘК-ге тексеру жүргізу; | ||
12) | жолаушылардың отырғызу жеңіне (галереяға) немесе автокөлікке кірер алдындағы отырғызу бағанасында жолаушылардың (оның ішінде транзиттік) қарап тексеруден өткені туралы отырғызу талондарында белгілердің болуын тексеру; | ||
13) | коммерциялық рейстерді орындайтын ӘК қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ӘК ұшу алдында жете тексеру (тексеру) немесе арнайы жете тексеру (тінту); | ||
14) | жолаушыларды ӘК бортына отырғызғаннан кейін жолаушы ұшудан бас тартқан немесе әуе кемелерін пайдаланушы жолаушыға тасымалдаудан бас тартқан, сондай-ақ ұшып шығу алдында ӘК бортында бөгде адам табылған жағдайларда қауіпсіздік мақсатында ӘК-ге қайта ұшу алдындағы жете тексеру (тексеру) жүргізу; | ||
15) | әуе кемелерін пайдаланушы мамандарының, ИАҚ өкілдерінің, экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы жете тексеру жүргізу рәсімін; | ||
15-1) | әуе кемесін ұшу алдында (тексеру) немесе арнайы (тінту) жете тексеру басталған сәттен бастап оның жөнелтілгенге дейін әуе кемесін рұқсат етілмеген араласудан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар; | ||
15-2) | түскен жолаушылармен, сондай-ақ транзиттік рейстердің жолаушыларымен қалдырған заттарды әуе кемесі бортынан шығарып тастау шаралары; | ||
16) | ӘК-ні ұшуға дайындау бойынша экипаж бен персонал үшін тексеру парақтарының (бақылау тізбесі) болуы және қолданылуы; | ||
17) | айдауылданушы адамдарды тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі; | ||
17-1) | әуе кемесінің пайдаланушысы мен командирін (ӘКК) сот немесе әкімшілік талқылауға ұшырауы салдарынан тасымалдануға тиіс жолаушылар туралы ақпаратты тасымалдауға дейін хабардар ету рәсімдері; | ||
17-2) | әуе кемесі командирін (ӘКК) қарулы адамдардың саны және олардың әуе кемесінде отырған орындары туралы хабардар ету рәсімдері; | ||
18) | тәртіпсіз жолаушыларға қолданылатын шаралар; | ||
19) | қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша рәсімдерді орындау (пайдаланушының мақсатына қатысты арнайы ереже, бағдарлама). | ||
20) | тіркелген багажды, борт тағамын (борт қорларын), жүкті және поштаны әуе кемесінде тасымалдауға рұқсат беру бойынша рәсімдері; | ||
10. | Әуе кемелерін пайдаланушылар үшін азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қабылдау мыналарды қамтиды: | ||
1) | Әуе кемелерін пайдаланушының АҚ бойынша ведомствоаралық әуежай комиссиясына қатысуы; | ||
2) | әуежайдың АҚҚ-мен бірлесіп "Дабыл" терроризмге қарсы операциясын өткізу жоспары бойынша сабақтар мен жаттығулар өткізу; | ||
3) | ұшу кезінде жолаушылар мен ӘК экипажы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау; | ||
4) | ӘК экипажына төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша жадынамалар; | ||
5) | ұшу кезінде ӘК тексеру жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық. | ||
Аэронавигациялық қызметті жеткізетіндер үшін | |||
11. | Аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілер үшін объектілер мен құралдарды қорғау мыналарды қамтиды: | ||
1) | АҚҚ-нің ұйымдастырушылық құрылымын және штат кестесін; | ||
2) | АҚҚ туралы ережені; | ||
3) | АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және аэронавигациялық қызмет жеткізушінің бірінші басшысы бекіткен АҚ бағдарламасын; | ||
4) | АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және аэронавигациялық қызмет жеткізушінің бірінші басшысы бекіткен АҚ бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын; | ||
5) | аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші ұйымының АҚ бойынша жауапты тұлғасы; | ||
6) | АҚҚ персоналының мамандықтар және мамандануы, лауазымдық нұсқаулықтарының тізбесі; | ||
6-1) | персонал санаттары бойынша АҚ бойынша даярлаудан және қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың болуы; | ||
6-2) | АҚҚ персоналын және аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет мекемелерінің қызметкерлерін авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жіберу тәртібі (оқыту, тағылымдамадан өту, жұмыс орнында оқыту, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және (немесе) сертификаттарды ресімдеу); | ||
7) | АҚҚ мамандарының лауазымдық нұсқаулары; | ||
8) | аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің объектілерін күзетудің арнайы техникалық құралдары; | ||
9) | заңсыз араласу актілері нәтижесінде аэронавигациялық қызмет көрсету объектілерінің жұмыс қабілетін жоғалтуға байланысты резервтерді пайдалануды, балама қызметтерді ауыстыруды немесе ұсынуды көздейтін ТЖ жағдайына арналған іс-шаралар жоспары; | ||
10) | аса маңызды ақпараттық жүйелерді және онымен байланысты технологиялар мен деректерді қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар; |
"Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АА – азаматтық авиация;
АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ – авиациялық қауіпсіздік;
ӘҚБ – әуе қозғалысын басқару;
ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;
ӘК – әуе кемесі;
БӨП – бақылау-өткізу пункті;
ТЖ – төтенше жағдай;
VІР – залы - аса маңызды тұлғаларға арналған зал;
ЖЗ – жарылғыш заттар;
ӘКК – әуе кемесінің командирі;
ИАҚ – инженерлік-авиациялық қызмет;
Сәйкестік / сәйкессіздік деңгейлері
(1) – авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және одан әрі қызметіне кедергі келтіретін сындарлы сәйкессіздіктер;
(2) – келісілген мерзімде жойылатын немесе шектеулер енгізілетін шарттарда одан әрі қызметіне кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(3) – одан әрі қызметіне кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер;
(*) – осы ұйым үшін міндетті емес;
(+) – талаптарға сәйкес келеді.
(NA) – қолданылмайды, шаралар немесе рәсімдер АА ұйымында қолданылмайды немесе іске асырылмайды;
(NC) – расталмаған, инспекторлар нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін анықтай алмаған шаралар немесе рәсімдер (уақыттың болмауы, қарама-қайшы ақпарат немесе өзге де себептер бойынша).