Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма үшінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығына 1-қосымша |
Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма үшінші абзацына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
3) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
3-1) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;
4) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануды үйрету;
5) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ):
протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
6) порталдағы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар;
7) уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, областық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы;
8) ымдау тілі маманы – мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет көрсететін маман;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Өнім берушілерге портал арқылы сатылған ОТҚ-ның, арнаулы жүріп-тұру құралдарының (бұдан әрі – тауарлар), сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерінің, санаторийлік-курорттық емдеудің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын өтеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді портал арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібі
4. Өнім берушіге тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу:
1) жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері;
2) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері;
3) санаторийлік-курорттық емдеу;
4) арнаулы жүріп-тұру құралдары;
5) ОТҚ;
6) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Уәкілетті орган тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өнім берушіге өтеуді Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алушының өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтініші (бұдан әрі – өтініш) және порталда ұсынылған және өнім берушінің ЭЦҚ-мен расталған өнім берушінің растайтын мына құжаттары негізінде жүзеге асырады:
1) "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 562 бұйрық) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің ілесіп жүру парақтарын, ымдау тілі маманының ілесіп жүру парақтарын, санаторийлік-курорттық емделуден өткен тізімдерін, протездік-ортопедиялық құралдарға арналған ведомостарын, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген, бұдан әрі – № 859 бұйрық) бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша портал арқылы инватакси қызметтерін көрсетудің маршруттық парағын қоса бере отырып, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;
2) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша кассалық чекті және/немесе өнім берушінің жеткізгенін растайтын құжатты, арнаулы жүріп-тұру құралдары, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, протездік-ортопедиялық құралдар үшін шот–фактураларды қоса бере отырып, тауарды (ларды) қабылдау-беру актісі.
Өнім берушілер "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі 412-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда онда "Қосымша мәліметтер" жолында кепілдендірілген сомаға және қосымша ақы сомасына бөле отырып, тауарлардың және/немесе қызметтердің құны (бұдан әрі – шот-фактура) көрсетілетін қағаз жеткізгіштегі шот-фактуралар жазып береді.
ОТҚ-ны және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарын курьер жеткізген кезде порталда Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша курьердің тауарды алушыға жеткізгенін растайтын құжат (бұдан әрі – жеткізуді растайтын құжат) қалыптастырылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Өнім беруші уәкілетті орган тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу үшін құжаттарды қарауға қабылдағанға дейін, қажет болған кезде себептерін көрсете отырып, құжаттарды кері қайтарып алады және оларды пысықтайды.
7. Уәкілетті орган "Е-собес" ақпараттық жүйесіне тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге құжаттар түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және қабылдайды немесе Қағидалардың 11, 14, 17 және 20-тармақтарына сәйкес себебін көрсете отырып, өнім берушіге пысықтауға қайтарады.
Порталдағы "Өнім берушінің жеке кабинеті" модуліне және өнім берушінің ұялы байланысының абоненттік нөміріне құжаттарды пысықтауға қайтару туралы ақпарат жіберіледі.
8. Өнім беруші қайтару туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның қайтару себептерін жоя отырып, тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге құжаттарды қайта жібереді.
9. Тауарды алушы жеткізушіге қайтарған жағдайда, өнім беруші тауардың құнын уәкілетті органға қайтаруды тауар қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырады.
1-параграф. Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеу тәртібі
10. Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мыналарды:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін;
2) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағын;
3) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32992 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету парағын;
4) шот-фактураны ұсынады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге арналған өтінішке қол қойған алушыға орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп парағының/ымдау тілі маманының қызметтер көрсету парағының болмауы;
орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінде және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағының/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету парағының сканерленген көшірмелерін ұсынған кезде оларда қойылған қолдың (қолдардың) болмауы;
жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтер көрсету кезеңі және (немесе) сағаттары дұрыс көрсетілмеген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және (немесе) жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағын ұсыну;
ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету кезеңі және (немесе) сағаттары дұрыс көрсетілмеген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және (немесе) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету парағын ұсыну.
Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін беруші құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.
12. Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеуге құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу тәртібі
13. Санаторийлік-курорттық емдеуді беруші уәкілетті органға мынадай құжаттардың топтамасын:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін;
2) алушы кепілдік берілген сома мен санаторийлік-курорттық емдеудің нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда шот-фактураны, сондай-ақ чекті ұсынады.
14. Санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге өтінішке қол қойған алушыға Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттардағы ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі.
15. Санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеуге құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3-параграф. ОТҚ мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу тәртібі
16. ОТҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдарының өнім берушісі уәкілетті органға мынадай құжаттардың топтамасын:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ОТҚ-ны және арнаулы жүріп-тұру құралдарын өз бетінше алып кеткен жағдайда – тауарды босату фактісін растайтын қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжатты;
2) алушы кепілдік берілген сома мен ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда – шот-фактураны, сондай-ақ чекті ұсынады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге өтінішке қол қойған алушыға Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардағы ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі.
18. ОТҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеуге арналған құжаттардың немесе жеткізілгенін растайтын құжаттың негізінде күнтізбелік 14 (он төрт) күн өткеннен кейін, бірақ уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
4-параграф. Протездік-ортопедиялық көмек көрсету құнын өтеу тәртібі
19. Өнім беруші протездік-ортопедиялық құралдарды жеке сипаттамалар бойынша дайындаған кезде уәкілетті органға мынадай құжаттардың топтамасын:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін;
2) протездік-ортопедиялық құралдарды жеке сипаттамалар бойынша дайындаған жағдайда "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдарға тапсырыс бланкісін;
3) стационарлық протездеу – стационар жағдайында протездік-ортопедиялық құрал дайындау жағдайларында протездеу тарихынан үзінді көшірмесін;
4) алушы протездік-ортопедиялық көмектің кепілдік берілген сомасы мен нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда – шот-фактураны, сондай-ақ чекті ұсынады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:
өтеуге өтінішке қол қойған алушыға Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау.
Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардағы ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі.
21. Протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
5-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету құнын өтеу тәртібі
Ескерту. 2-тарау 5-параграфпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;
2) № 859 бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршруттық парақ;
3) шот-фактура.
23. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауына кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтаруы:
өтеуге арналған өтінішке қол қойған алушыға осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттарда ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі негіз болып табылады.
24. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.
25. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу уәкілетті орган осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
25-1. Өнім берушіге төлем елді мекен шегінде нақты көрсетілген уақыт үшін есеппен жүзеге асырылады:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істейтіндерге бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына жиырма бес сағат;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар болып табылатын білім алушыларға, білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына жиырма бес сағат;
3) № 859 бұйрықпен бекітілген Тізбеге сәйкес бағыттар бойынша мүгедектігі бар өзге адамдарға бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына алты сағат.
Бұл ретте мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге көзделген сағат санын және бір сапардың ұзақтығын көбейтуге № 859 бұйрықтың 28-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жол беріледі.
Ағымдағы айда пайдаланылмаған сағаттар келесі айға ауыстырылмайды.
Мүгедектігі бар адамдарды басқа санатқа ауыстыру ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскеннен немесе өтініш берілгеннен кейін келесі айдан бастап жүргізіледі.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету мынадай жағдайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады:
мүгедектік тобының өзгеруі;
тұрақты тіркеу орнын ауыстыру;
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға баруы;
мүгедектігі бар адамның қайтыс болуы.
Өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен, ___________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабына сәйкес, төменде көрсетілген өнім берушіге кепілдік берілген соманы:
өнім берушінің атауы ____________________________________________
өнім берушінің ЖСН/ БСН ________________________________________
БСК ___________________________________________________________
ЖСК /IBAN (банктік шот нөмірі) ___________________________________
банк атауы ______________________________________________________
өнім беруші уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес растайтын құжаттарды ұсынған кезде
№ _______________ тапсырыс
саны _________ ______________
(саны) (өлшем бірлігі) _______________________________________________
(тауардың, көрсетілетін қызметтің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен
тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің атауы)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 4-тармағына сәйкес:
1.___________________________ теңге (сома);
2. _____________________________ теңге (сома) кепілдік берілген соманы (керегін белгілеу) өтеуді сұраймын.
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде және кепілдік берілген соманы өтеу үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерді пайдалануға, инватакси қызметтерін ұсынуды бақылау мақсатында инватаксиде жүріп-тұру бағытын қадағалауға келісім беремін.
Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
- мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірі бар ұялы телефонның (смартфонның) болуы;
- инватакси қызметтерін ұсыну үшін мобильді қосымшаны жүктеу;
- Интернет желісі арқылы мобильді қосымша арқылы таксиге тапсырыс беру;
- сапарды бағалаумен аяқтау бойынша инватакси қызметтерін ұсыну туралы хабардар етілді.
Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларымен таныстым.
Күні 20__ жылғы "__" ____
Алушының/заңды өкілдің ЭЦҚ
Ескерту:
Аббревиатураларды декодтау:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК - банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;
IBAN - банктік шот нөмірі.
Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан | |
Алушыға тауарды курьердің жеткізуі туралы деректер 20__ жылғы "___" _______ № _________ тапсырыс
Алушы туралы мәліметтер
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Алушының ЖСН
_________________________________________
Алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)______________________________________
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында сатып алынған тауар туралы мәліметтер
Тауардың атау___________________________
Саны(дана)__________________________________
Тапсырыс сомасы _________ теңге
Кепілдік берілген сомасы _______ теңге
Қосымша ақы (сомасы) _____ теңге
Трек тапсырыс номері_____________________
Тауарды жеткізу туралы мәліметтер ____________________________
(жеткізу мәртебесі)
Жеткізу күні 20__ жылғы "___" _______
Жеткізу мекенжайы ____________________
Құнын өтеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме туралы деректер
(халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар)
БСН/ ЖСН __________________________
Байланыс телефоны +7 ____________________
Мемлекеттік ұйымның атауы_______________________________________
Мемлекеттік ұйымға қызмет көрсететін банктің атауы __________________________________
БСК ____________________________________
БеК _______________________________
Өнім беруші туралы мәліметтер
БИН/ ИИН ____________________________
Байланыс телефоны +7 ( __________________
Ұйымның атауы _________________________
Өнім берушінің БеК ______________________
Өнім берушінің БСК ______________________
Өнім берушінің ЖСY / IBAN ______________
Өнім берушінің ТМК ______________
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БеК – бенефициардың коды немесе алушының коды;
IBAN – банк шотының нөмірі;
КНП – төлем мақсатының коды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары" 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 19902 болып тіркелген);
2. "Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 1 ақпандағы № 38 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 26730 болып тіркелген);
3. "Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 363 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 29640 болып тіркелген).