Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37241 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шот-фактураны жазып беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шот-фактура нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 629 бұйрыққа 1-қосымша

Шот-фактураны жазып беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шот-фактураны жазып беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 207-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеушілердің шот-фактураны жазып беру тәртібін айқындайды.

      Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шот-фактураны (бұдан әрі – шот-фактура) салық төлеуші қағаз жеткізгіште шот-фактураны жазып беретін Салық кодексінің 209-бабының 1-тармағында және 492-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) қатысушысы ЭШФ АЖ-де электрондық нысанда жазып береді.

      2. Электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      3. Салық төлеуші Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағына сәйкес электрондық нысанда алынған ЭШФ бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) сомасын таныған жағдайда, ЭШФ АЖ-де ҚҚС-ның осындай сомасы есепке жатқызылатын сома ретінде есепке алынған ҚҚС бойынша декларация ұсынылғанға дейін осындай тану туралы белгі жасайды.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті адам – заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның сенімхат негізінде осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның атынан ЭШФ АЖ құжат айналымы процесінде операцияларды жүзеге асыру құқықтары берілген уәкілетті өкілі, қызметкері;

      2) ЭШФ АЖ қатысушысы – Шот-фактураны жазып беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы Келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойған, биометриялық сәйкестендіруден өткен және ЭШФ АЖ-де тіркелген тұлға;

      3) ЭШФ АЖ қатысушысының есепке алу жүйесі – салық міндеттемесін орындау мақсатында жүргізілетін бастапқы есепке алу құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және салықтық есепке алу жүйесі;

      4) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын уәкілетті орган;

      5) ЭШФ тіркеу нөмірі – ЭШФ-ны тіркеген кезде берілетін және жеткізушінің сәйкестендіру нөмірінің, ЭШФ тіркелу күнінің және бірегей дәйексіз нөмірінің негізінде автоматты түрде ЭШФ АЖ қалыптастырылатын бірегей нөмірі.

      Осы Қағидалардың шеңберінде пайдаланылатын өзгеде ұғымдар Салық кодексінің және Қазақстан Республикасының өзгеде заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.

2-тарау. Электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураны жазып беру тәртібі

1-параграф. Электрондық шот-фактураны жазып берудің жалпы ережелері

      5. Салық төлеуші, Салық кодексінің 7-бөлімінде және осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыруға қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте ЭШФ жазып беру жүзеге асырады.

      6. Құжат айналымының шеңберінде ЭШФ АЖ-де ЭШФ жазып беру (жөнелту) және қарау ЭШФ АЖ қатысушылары немесе уәкілетті адам жүзеге асырады.

      7. ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде (бұдан әрі – Модуль) тауарлардың орнын ауыстыруын бақылау оны ЭШФ АЖ қатысушысы немесе берілген құқықтар шегінде уәкілетті адам мәлімделген (декларацияланған) тауарлармен толтыру және оларды есептен шығару арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.

      8. ЭШФ АЖ-де тіркелген кезде ЭШФ АЖ қатысушысына мынадай мәртебелер беріледі:

      1) жеке тұлға;

      2) дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адам;

      3) заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі).

      Заңды тұлғаны (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеуді заңды тұлға құрылтайшысының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы заңды тұлға қабылдаған шешімнің негізінде тағайындалатын заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы ғана жүргізеді.

      Берілген мәртебелер бойынша деректер салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан расталады.

      Егер жеке тұлға заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы болып табылған жағдайда, бұл ақпарат салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан алынған мәліметтермен расталады.

      9. "Жеке тұлға" мәртебесімен тіркелген ЭШФ АЖ қатысушысы, мұндай жеке тұлға ЭШФ АЖ қатысушысының – заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің), дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамның уәкілетті өкілі, қызметкері болып табылатын жағдайды қоспағанда, ЭШФ жазып бермейді.

      10. ЭШФ АЖ қатысушысын әрбір мәртебе бойынша тіркеу биометриялық сәйкестендіру арқылы және жеке Келісімді ЭЦҚ-мен куәландырғаннан кейін жүргізіледі.

      Бұл ретте заңды тұлға үшін биометриялық сәйкестендіру биометриялық сәйкестендіруден өтуге мүмкіндік бермейтін дене функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде биометриялық деректері жоқ адамдарды қоспағанда, осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.

      11. Заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) үшін Келісім бір мезгілде мыналар:

      1) осы заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысына жеке тұлға ретінде берілген ЭЦҚ;

      2) осы заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) қамтылған заңды тұлғаға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне) берілген ЭЦҚ;

      3) осы заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысының биометриялық сәйкестендіруден өтуі арқылы куәландырылады.

      12. Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының ережелеріне сәйкес ЭШФ АЖ-де электрондық нысанда жасалатын сенімхат негізінде:

      1) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы уәкілетті адамды және (немесе) сенім білдірілген өкілді (операторды) айқындайды;

      2) дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адам уәкілетті адамды айқындайды.

      Бұл ретте шот-фактуралар бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысатын осы Қағидалардың мақсатында сенім білдірілген өкіл деп серіктестік шарт негізінде әрекет ететін адвокаттық кеңсе немесе тапсырма шарты негізінде әрекет ететін заңды тұлға не өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде әрекет ететін оператор түсініледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар:

      1) уәкілетті адамға және (немесе) сенім білдірілген өкілге (операторға) берілген құқықтарды түзетеді не осы құқықтардан айырады;

      2) уәкілетті адам немесе сенім білдірілген өкіл (оператор) бойынша мәліметтердің өзектілігін және оларға заңды тұлғаның (құрылымдық бөлімшенің) атынан операцияларды орындауға берілген құқықтарды бақылауды жүзеге асырады.

      Бұл ретте дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адам уәкілетті адамға ЭШФ құру, қарау және басып шығару мүмкіндігі шегінде ЭШФ АЖ құжат айналымы процесінде операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтардың қолданылу мерзімін көрсете отырып, осындай құқықтар береді.

      13. ЭШФ АЖ құжат айналымы процесінде мынадай операциялар орындалады:

      1) мынадай кезеңдерді қамтитын ЭШФ жазып беру:

      ЭШФ құру – Салық кодексінің 209, 492-баптарында және 50-тарауда, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес ЭШФ нысанын толтыру;

      ЭШФ куәландыру – осы Қағидалардың 25, 26 және 27-тармақтарында айқындалған тәртіппен ЭШФ куәландыру;

      ЭШФ биометриялық деректермен куәландыру – Салық кодексінің 209-бабының 6-тармағына, 492-бабының 6-тармағына және осы Қағидаларға сәйкес ЭШФ АЖ-де биометриялық сәйкестендіру арқылы ЭШФ куәландыру рәсімі;

      ЭШФ жөнелту – осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін құрылған және куәландырылған ЭШФ жөнелту;

      ЭШФ өңдеу – Салық кодексінің 207, 208, 209, 480-баптарында және 50-тарауында, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру процесі;

      ЭШФ тіркеу – ЭШФ ЭШФ АЖ бірегей тіркеу нөмірін беру рәсімі. ЭШФ-ны тіркеу өңдеу процесінде анықталған қателер болмаған жағдайда ЭШФ АЖ жүргізеді;

      2) ЭШФ-ны алу – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жазып берілген ЭШФ-ны жеткізу;

      3) ЭШФ-ны қарау – жазып берілген ЭШФ-ны көрсету;

      4) ЭШФ-ны беру – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жазып берген осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, алушыға жеткізу;

      5) ЭШФ кері қайтару – ЭШФ жарамсыз деп тану;

      6) растау – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып беру бойынша не бұрын жазып берілген ЭШФ кері қайтарып алу бойынша өнім берушінің іс-әрекетін растауы;

      7) ЭШФ қайтару – тауарларды жұмыстарды, қызметтерді алушының түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып беру не бұрын жазып берген ЭШФ-ны кері қайтарып алу бойынша тауар жеткізушінің әрекетін қабылдамауы;

      8) электрондық нысанда шот-фактураларды қабылдау – ЭШФ АЖ құралдарымен өңдеу және тіркеу үшін ЭШФ АЖ қатысушысының басқа есепке алу жүйелерінен құжаттың импорты;

      9) ЭШФ экспорты – ЭШФ АЖ-де тіркелген ЭШФ сақтау, оның ішінде басқа есепке алу жүйелеріне беру.

      14. Операцияларды жүзеге асыру кезінде ЭШФ мынадай мәртебеге ие болады:

      1) "Биометриялық сәйкестендіруді күтуде" – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес биометриялық сәйкестендіруден өтуді күтетін ЭШФ;

      2) "Биометриялық сәйкестендіру уақытында өтпеген" – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес белгіленген уақытында биометриялық сәйкестендіруден өтпеген ЭШФ;

      3) "Биометриялық сәйкестендіруден өтпеген, жойылған" – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес биометриялық сәйкестендіруден өтпеуіне байланысты ЭШФ АЖ-нен жойылған ЭШФ;

      4) "Қаралмады" – жазып берілген ЭШФ-ны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қарамаған жағдайда;

      5) "Жеткізілді" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жазып берілген ЭШФ-ны қараған жағдайда;

      6) "Жойылды" – түзетілген ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің жазып беруіне байланысты жазып берілген ЭШФ жойылған жағдайда;

      7) "Тауарларға ілеспе жүкқұжаты (бұдан әрі - ТІЖ) ауытқыған кезде жойылды" – бұрын ресімделген ТІЖ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің кері қайтарып алуына байланысты жазып берілген ЭШФ жойылған жағдайда;

      8) "ТІЖ кері қайтарылған кезде жойылды" – бұрын ресімделген ТІЖ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қабылдамауына байланысты жазып берілген ЭШФ жойылған жағдайда;

      9) "Есепке және шегерімге жатқызу кезінде күші жойылды" – заңды күшіне енген сот актісі негізінде ЭШФ жазып берілген заңды тұлғаны және (немесе) мәміле (операция) бойынша дара кәсіпкерді тіркеуді/қайта тіркеуді жарамсыз деп тануға байланысты, сот осындай салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты алуды белгілеген операцияларды қоспағанда, жазылған ЭШФ жойылған жағдайда;

      10) "Кері қайтарылды" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің кері қайтарған ЭШФ;

      11) "Шимай" - ішінара немесе толығымен толтырылған ЭШФ жобасы;

      12) "Импортталған" – ЭШФ АЖ қатысушысының есепке алу жүйелерінен ЭШФ АЖ-не жүктелген, өңдеуі жүргізілген, бірақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;

      13) "Қате" – өңдеуден өтпеген және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;

      14) "Расталды" – жазып берілген түзетілген немесе қосымша, не кері қайтарып алынған ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған жағдайда;

      15) "Қабылданбаған" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жазып берген түзетілген немесе қосымша не кері қайтарып алған ЭШФ қабылдамаған жағдайда;

      16) "ЭШФ АЖ бұғатталған" – мемлекеттік қолдау шараларын қолдану үшін уәкілетті органға жіберілген ЭШФ.

      15. Түзетілген ЭШФ жазып беру Салық кодексінің 499-бабында белгіленген жағдайда жүргізіледі.

      16. Қосымша ЭШФ жазып беру Салық кодексінің 500-бабында белгіленген жағдайда жүргізіледі.

      17. Шот-фактураны кері қайтарып алу Салық кодексінің 501-бабында белгіленген жағдайда жүргізіледі.

      18. ЭШФ АЖ арқылы ЭШФ жазып берілген жағдайда ЭШФ АЖ құрамындағы ЭШФ түпнұсқасының (телнұсқасының) электрондық нұсқасы болып табылады.

      ЭШФ баспа нысанында ЭШФ-ның электрондық (экрандық) нұсқасынан айырмашылықтарға жол беріледі. ЭШФ баспа нысанында жеткізуші толтырған деректемелері көрсетіледі.

      19. ЭШФ АЖ-нің қатысушысы ЭШФ құжат айналымы мақсатында ЭШФ АЖ-нің мынадай қосымшаларын пайдаланады:

      1) веб-қосымша – пайдаланушыларға ЭШФ АЖ функционалына интернет арқылы онлайн режимінде қол жеткізуге мүмкіндік береді;

      2) API-интерфейс – ЭШФ АЖ қатысушыларының сыртқы есеп жүйелерімен интеграцияны қамтамасыз етеді және веб-қосымшада қол жетімді операциялардың барлық жиынтығын тікелей ЭШФ АЖ қатысушыларының сыртқы есеп жүйелерінен автоматтандырылған режимде орындауға мүмкіндік береді.

      20. ЭШФ АЖ, оның ішінде ЭШФ АЖ қатысушылары арасында ЭШФ АЖ хабарламалар алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      21. Салық кодексінің 492-бабының 3-тармағында көзделген шетел валютасында көрсету жағдайларын қоспағанда, шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.

2-параграф. Электрондық шот-фактураны құру тәртібі

      22. ЭШФ мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жалпы бөлім;

      2) өнім берушінің деректемелері;

      3) өнім берушінің банктік деректемелері;

      4) алушының деректемелері;

      5) мемлекеттік мекеменің деректемелері;

      6) жүкті жіберушінің және жүкті алушының деректемелері;

      7) жеткізу шарттары (келісімшарт);

      8) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттардың деректемелері;

      9) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер;

      10) бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер;

      11) жеткізуші өкілінің (операторының) деректемелері;

      12) алушы өкілінің (операторының) деректемелері;

      13) қосымша мәліметтер;

      14) ЭЦҚ бойынша мәліметтер.

      23. ЭШФ осы бұйрықпен бекітілген Шот-фактура нысанына қосымшаға сәйкес шот-фактура нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге (бұдан әрі – Түсіндірме) сәйкес толтырылады.

      Бұл ретте Түсіндірменің 2, 3 және 4-тарауларда тауарларды өткізу кезінде:

      жеке тұлғаларға;

      Модуль арқылы;

      мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде ЭШФ жазып беру ерекшеліктері белгіленген.

3-параграф. Электрондық шот-фактураны куәландыру

      24. Құжат айналымының жұмысын, жүйеде аутентификацияны, электрондық құжаттарға қол қоюды, электрондық құжаттардың түпнұсқалығын растауды қамтамасыз ету үшін ЭШФ АЖ-де ЭЦҚ арқылы міндетті куәландыру көзделген.

      25. ЭШФ заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі), дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың немесе уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      26. ЭШФ куәландыру кезінде ЭШФ АЖ ЭЦҚ тіркеу куәлігін оның жарамдылығы (қолданылу мерзімі, тіркеу куәлігі иесінің сәйкестендіру деректері) мәніне тексеруді жүзеге асырылады.

      27. Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық төлеушіге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тәуекел анықталған кезде ЭШФ Салық кодексінің 209-бабының 6-тармағында және 492-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес ЭШФ жазып беруді жүзеге асыратын жеке тұлғаның биометриялық деректерімен қосымша куәландырылады.

      Бұл жағдайда салық төлеушіге ЭШФ АЖ арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.

      Биометриялық сәйкестендіру ЭШФ жазып беру кезінде күніне 1 (бір) рет жүргізіледі.

      Биометриялық сәйкестендіруден өтудің жалпы саны 3 (үш) ретті құрайды, одан кейін ЭШФ АЖ биометриялық сәйкестендіруден өтпей-ақ ЭШФ-ны әрі қарай жазып беруге мүмкіндік береді.

      Биометриялық сәйкестендіруден сәтті өткен жағдайда ЭШФ АЖ ЭШФ-ны өңдеп, тіркеу нөмірін береді, ал өтпеген жағдайда ЭШФ жазып беру мүмкін болмайды.

      28. Егер осы Қағидаларға сәйкес ЭШФ АЖ қатысушысы осы Қағидалардың 25, 26 және 27-тармақтарына сәйкес ЭШФ-ны куәландырған болса және осындай ЭШФ-ға тіркеу нөмірі берілсе, ЭШФ жазып берген тұлға жіберген деп саналады.

4-параграф. Электрондық шот-фактураның алынғанын растау ерекшеліктері

      29. Түзетілген немесе қосымша ЭШФ немесе ЭШФ кері қайтарып алуды растауды немесе қабылдамауды:

      1) Салық кодексінің 499-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына, 500-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына және 501-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуші болып табылатын;

      2) Салық кодексінің 499-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, 500-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 501-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүргізеді.

      30. Түзетілген, қосымша және (немесе) қайтарып алынған ЭШФ, мұндай ЭШФ алғанын растау мақсатында мынадай мәртебелер беріледі:

      1) "Қаралмады" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы ЭШФ қарағанға дейін;

      2) "Жеткізілді" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы ЭШФ қарағаннан кейін;

      3) "Алушының растауын күтуде" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының растауын/қабылдамауын күтетін түзетілген немесе қосымша ЭШФ-ның аралық мәртебесі;

      4) "Алушының қайтарып алуын растауды күтуде" – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қайтарып алуын растауды/қабылдамауды күтетін ЭШФ-ның аралық мәртебесі.

      31. Егер қосымша, түзетілген ЭШФ жазып берген немесе ЭШФ қайтарып алынған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде ЭШФ АЖ-де уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда, қосымша, түзетілген ЭШФ жазып берумен немесе қайтарып алумен келіспеуді көрсету үшін алушыға пайдаланылмаған күнтүзбелік күннің санына мерзімі ұзартылады.

5-параграф. Электрондық шот-фактураны сақтау

      32. ЭШФ АЖ-де жазылған және тіркелген, оның ішінде кері қайтарып алынған, күші жойылған және қабылданбаған ЭШФ Салық кодексінің 206-бабының 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде ЭШФ АЖ-де сақталады.

      33. ЭШФ АЖ операторы ЭШФ АЖ-де тіркелген, оларды өңдеу процесі барысында мәртебелерінің өзгеруі туралы ақпаратты қоса алғанда, ЭШФ бойынша ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ бұл мәліметтерге санкциясыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.

  Шот-фактураны жазып беру
Қағидаларына қосымша

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы Келісім

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы Келісімде (бұдан әрі – Келісім) пайдаланылатын ұғымдар:

      1) уәкілетті адам – заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамның сенімхат негізінде осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамның атынан электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) құжат айналымы процесінде операцияларды жүзеге асыру құқықтары берілген уәкілетті өкілі, қызметкері;

      2) ЭШФ АЖ қатысушысы – Шот-фактураны жазып беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы Келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойған, биометриялық сәйкестендіруден өткен және ЭШФ АЖ-де тіркелген тұлға;

      3) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын уәкілетті орган.

2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы Келісімнің мәні

      2. Осы Келісім бойынша ЭШФ АЖ қатысушысы ЭШФ АЖ пайдалану жөніндегі міндеттемені өзіне қабылдайды, ол арқылы электрондық шот-фактураны (бұдан әрі – ЭШФ) жазып беру, жіберу, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу, сақтау және қарау жүзеге асырылады.

      3. ЭШФ операторы ЭШФ АЖ қатысушысына ЭШФ АЖ-не қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      4. Осы Келісім бойынша ЭШФ ЭШФ АЖ арқылы жазылады, беріледі және қабылданады, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады және ЭШФ АЖ-де сақталады.

3-тарау. Қатысушының электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі

      5. ЭШФ АЖ қатысушысы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), осы Қағидаларға, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес ЭШФ АЖ пайдаланады.

      Бұл ретте ЭШФ АЖ қатысушысын тіркеу және (немесе) тіркеу деректерін өзгерту кезінде, сондай-ақ Салық кодексінің 93-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде салық төлеушіге қатысты тәуекел анықталған жағдайда, Салық кодексінің 209-бабының 6-тармағында және 492-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес биометриялық сәйкестендіруден өту талап етіледі.

      6. Жеке тұлға – ЭШФ АЖ қатысушысы осы Қағидаларға және осы Келісімге сәйкес, егер ол заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) уәкілетті адамы және оның контрагенті болып табылса, өзі жазған ЭШФ АЖ-де ЭШФ-ны қарайды.

      7. ЭШФ АЖ қатысушысы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, ЭШФ жазып береді.

      8. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы ауысқан жағдайда заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) ЭШФ АЖ қатысушысының уәкілетті өкілі заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) ЭШФ АЖ қатысушысының тұрған жері бойынша заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін өтінішпен әділет органдарына немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінеді.

      9. Заңды тұлғалар (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың, ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін осы Келісімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық нысанда жасалған сенімхат негізінде уәкілетті адамды немесе сенім білдірген өкілді (оператор) айқындайды.

      Бұл ретте шот-фактуралар бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысатын осы Қағидалардың мақсатында сенім білдірілген өкіл деп серіктестік шарт негізінде әрекет ететін адвокаттық кеңсе немесе тапсырма шарты негізінде әрекет ететін заңды тұлға не өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде әрекет ететін оператор түсініледі.

      10. Заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адам уәкілетті адамға немесе сенім білдірілген өкілге (операторға) берілген құқықтарды түзетуге, қарауға не оны осы құқықтардан айыруға құзыретті.

      11. Заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) – ЭШФ АЖ қатысушысы бір мезгілде заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) бірнеше қызметкеріне заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) атынан ЭШФ-ға қол қою құқығын береді.

      12. ЭШФ АЖ қатысушысы сенімхаттың күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде кері қайтарып алады.

4-тарау. Жауаптылық

      13. ЭШФ АЖ қатысушысы, уәкілетті адамдар, сондай-ақ сенім білдірілген өкіл (оператор) ЭШФ-да қамтылған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапты болады.

      14. ЭШФ АЖ қатысушысы:

      ЭШФ-ға ЭЦҚ қойылу заңдылығына, сондай-ақ ЭШФ жазып беру нәтижесінде пайда болған салдарға;

      осы Келісімде көрсетілген деректемелердің түпнұсқалығы үшін жауапты болады.

      15. ЭШФ АЖ қатысушысы:

      осы Келісімнің талаптарын бұзғаны үшін, егер аталған бұзушылықтар ЭШФ АЖ-нің өзіне тәуелді емес мән-жайлар бойынша ақаулығы нәтижесінде орын алса;

      осы Келісімнің шарттарын орындамағаны үшін, егер олар төтенше жағдайдың немесе төтенше жағдайдың әрекетінің нәтижесі болып табылса, жауапты болмайды.

5-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі қатысушысының деректемелері

 
Жеке тұлға

Жеке сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты)
_______________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ________________________________________
кім берген ____________________________________
қашан берген 20__ жылғы "___" _______________
Тұрған жері ___________________________________

Дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдар

Жеке/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________
Атауы (ол болған жағдайда)
_______________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты
_______________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі_________________________________________
кім берген ____________________________________
қашан берген 20____ж. "_____" ________________
Тұрған жері ___________________________________

Заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________
Атауы ________________________________________
Басшының тегі, аты және әкесінің аты
_______________________________________________
Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________
Тұрған жері ___________________________________

Мен, ___________________________________осы Келісімнің шарттарымен келісемін.

ЭЦҚ ____________________________________

Күні 20__ жылғы "___" __________________

  Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық
жүйесін пайдалану туралы
Келісімге қосымша
  нысан

СЕНІМХАТ

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) немесе

      ___________________________________________________________________

      дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамның

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта

      ___________________________________________________________________

      көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты)

      ___________________________________________________________________

      тұрған жері, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ___________________________________________________________________

      атынан

      ___________________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      ___________________________________________________________________

      (басшы немесе құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлға)

      осы сенімхатпен_____________________________________________________

      уәкілетті жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты /сеніп тапсырылған

      ___________________________________________________________________

      тұлғаның (оператор) атауы, жеке /бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ___________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: кім және қашан берді тұлға атынан

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе

      ___________________________________________________________________

      дара кәсіпкердің атауы не жеке практикамен айналысатын адамның тегі,

      __________________________________________________________________

      аты және әкесінің аты) мынадай іс-қимылдарды:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ____________________________________________ жасауға өкілеттік береді.

      Ескертпе: Заңды тұлғаның өкіліне (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) сенім білдірушінің атынан жазып берілген электрондық шот-фактураларға электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою құқығы беріледі.

      Сенімхат басқа біреуге сенім білдіру құқығынсыз____________ мерзімге берілді.

      ЭЦҚ _______________________________

      Күні 20___ жылғы "___" ______________

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 629 бұйрыққа 2-қосымша
  Нысан

ШОТ-ФАКТУРА

А бөлім. Жалпы бөлім

1. Тіркеу нөмірі

1.1 Есептік жүйе нөмірі

2. Жазып берілген күн
2.1 Қағаз жеткізгіште жазып берілген күн

3. Айналым жасау күні

4. Түзетілген


4.1 Жазып берілген күн
4.2 Есептік жүйе нөмірі
4.3 Тіркеу нөмірі

5. Қосымша


5.1 Жазып берілген күн
5.2 Есептік жүйе нөмірі
5.3 Тіркеу нөмірі

В бөлім. Жеткізушінің деректемелері

6. ЖСН/БСН
6.0 Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН
6.1 Қайта ұйымдастырылған тұлғаның ЖСН/БСН

10. Жеткізушінің санаты:


Комитент


Комиссионер


Экспедитор


Лизинг беруші


ӨБК қатысушы


Бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысы


10.1 Саны


Экспорттаушы


Халықаралық тасымалдаушы


Сенім білдірілген адам


Адвокат


Бейрезидент

7. Жеткізуші
7.1


Қатысу үлесі

8. Тұрған жері
8.1 Ел коды


9. ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою күні:

9.1


Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі

11. Қосымша мәліметтер

В1 бөлімі. Жеткізушінің банктік деректемелері

12. Кбе

13. ЖСК

14. БСК

15. Банктің атауы

С бөлімі. Алушының деректемелері

16. ЖСН/БСН
16.0 Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН
16.1 Қайта ұйымдастырылған тұлғаның ЖСН/БСН

20. алушының санаты:


Комитент


Комиссионер


Лизинг алушы


Бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысы


20.1 Саны


Мемлекеттік мекеме


Бейрезидент


ӨБК қатысушысы


Сенім білдірілген адам


Бөлшек сауда


Жеке тұлға

17. Алушы


17.1


Қатысу үлесі

18. Тұрған жері

18.1 Ел коды


(КО Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешіміне сәйкес 2 әріптік коды)

19. Қосымаша мәліметтер

С1 бөлімі. Мемлекеттік мекеменің деректемелері

21. ЖСК

23. Төлемнің мақсаты

22. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды

24. БСК KKMFKZ2A

D бөлім. Жүк жөнелтушінің және жүкті алушының деректемелері

25. Жүкті жөнелтуші

26. Жүкті алушы

25.1 ЖСН/БСН

26.1 ЖСН/БСН

25.2 Атауы

26.2 Атауы

25.3 Жөнелту мекенжайы

26.3 Жеткізу мекенжайы

26.4 Ел коды


(КО Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешіміне сәйкес 2 әріптік коды)

Е бөлімі. Шарт (келісімшарт)

27.1


Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге шарт (келісімшарт)

30. Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды

27.2


Шартсыз (келісімшартсыз) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізу

27.3 Нөмірі

30.1 Нөмірі

27.4 Күні

30.2 Күні

27.5 Есептік нөмірі

31. Межелі пункті

28. Есептеу әдісі

29. Жөнелту тәсілі


(көлік құралдарын таңдау:
автожол, темір жол; әуе; су; құбыр және тағы басқа)

31.1 Жеткізу шарттары


(КО Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешіміне сәйкес 3 әріптік коды)

F бөлімі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың деректемелері

32. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжат

32.1 нөмірі

32.2 күні

33. G бөлімі. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер

33.1 Валюта коды


33.2 Валюта бағамы


      Кестенің жалғасы

Тауардың шығарылған жерінің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілері

Тауарл ардың, жұмыст ардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы

Тауар коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)

Өлшем бірлігі

Саны (көле мі)

Сандық өлшем бірлігі

Сандық өлшем бірлігіндегі саны

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы (тариф)

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

Акциз

Мөлшерлемесі

Сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

































Есеп бойынша барлығы:

34. H бөлім. Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері

34.1 Бірлескен қызметке қатысушының ЖСН/БСН 34.2 Қайта ұйымдастырылған тұлғаның ЖСН/БСН

Тауардың шығарылған жерінің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілері

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Тауарларға Декларациясына немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы

Тауар коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)

Өлшем бірлігі

Саны (көлемі)

Сандық өлшем бірлігі

Сандық өлшем бірлігіндегі саны

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы (тариф)

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

Акциз

Мөлшерлемесі

Сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

































Есеп бойынша барлығы:

      Кестенің жалғасы

Өткізу бойынша айналым мөлшері (салық салынаты, салық салынбайтын айналым)

ҚҚС

Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, тауарларға ілеспе жүкқұжат, ТС-1 немесе ТС-KZ №

Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен тауар позициясының нөмірі

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің сәйкестендіргіші

Тауар коды

Қосымша
деректер

Мөлшерлемесі

Сомасы

14

15

16

17

18

19

20

21

22




























34. H бөлім. Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері

34.1 Бірлескен қызметке қатысушының ЖСН/БСН 34.2 Қайта ұйымдастырылған тұлғаның ЖСН/БСН

Өткізу бойынша айналым мөлшері (салық салынаты, салық салынбайтын айналым)

ҚҚС

Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, тауарларға ілеспе жүкқұжат, ТС-1 немесе ТС-KZ №

Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен тауар позициясының нөмірі

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің сәйкестендіргіші

Тауар коды

Қосымша
деректер

Мөлшерлемесі

Сомасы


14

15

16

17

18

19

20

21

22




























      Кестенің жалғасы

I бөлімі. Жеткізушінің өкілінің (оператордың) деректемелері

35. БСН

37. Тұрған жері

36. Сенімді

38. Құжат
38.1 Нөмірі

38.2 Күні

J бөлімі. Алушы өкілінің (оператордың) деректемелері

39. БСН

41. Тұрған жері

40. Сенімді

42. Құжат
42.1 Нөмірі

42.2 Күні

K бөлімі. Қосымша мәліметтер

43. Қосымша мәліметтер

L бөлімі. ЭЦҚ бойынша мәліметтер

44. Заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамның ЭЦҚ

45. Шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамның ЭЦҚ

46. ЭШФ жазып беретін адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Шот-фактура осы нысанға қосымшаға сәйкес шот-фактура нысанын толтыру жөніндегі Түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

      Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес–сәйкестендіру нөмірі;

      КБе – бенефициар коды;

      КОК-тың шешімі – Кеден одағы комиссиясының шешімі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      ӨБК –Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Өнімді бөлу туралы келісім немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;

      Т.А.Ә. – Тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты);

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Шот-фактура нысанына
  қосымша

Шот-фактураны толтыру бойынша Түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жалпы бөлім" А бөлімде:

      1) "Тіркеу нөмірі" деген 1-жолда электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) тіркеу нөмірі көрсетіледі. Жол электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) құжатты тіркеу кезінде ЭШФ АЖ автоматты түрде толтырылады және ЭШФ АЖ қатысушының шот-фактураны жазып беру қағидаларына қосымшаға сәйкес биометриялық сәйкестендіруден өткен және ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған, сондай-ақ ЭШФ АЖ-де тіркелген адамның (бұдан әрі – ЭШФ АЖ қатысушысы) толтыруына және (немесе) редакциялауына арналмаған;

      2) "Есепке алу жүйесінің нөмірі" деген 1.1-жолда ЭШФ АЖ қатысушысының есеп жүйесінде берілетін және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші дербес айқындайтын шот-фактураның реттік нөмірі көрсетіледі (жол толтырылуға жатады);

      3) "Жазып берілген күн" деген 2-жолда ЭШФ алушының тіркеу және жөнелту күні көрсетіледі. Осы жол автоматты түрде толдырылады және ағымдағы күнтізбелік күнге сәйкес келеді;

      4) "Қағаз жеткізгіште жазып берілген күн" деген 2.1-жолда ЭШФ АЖ-ге енгізілген қағаз жеткізгіштегі шот-фактураны жазып берген күн көрсетіледі. Аталған жол мынадай негіздемелер бойынша:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 209-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына және 492-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес;

      егер қағаз жеткізгіште шот-фактураны жазып беру күніне мұндай шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру бойынша талап болмаса, бұрын қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактураға түзетілген, қосымша ЭШФ жазылып берілген жағдайда;

      егер қағаз жеткізгіште шот-фактураны жазып беру күніне мұндай шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру бойынша талап болмаса, қағаз жеткізгіште бұрын жазып берілген шот-шактураны ЭШФ АЖ-де қайтарған жағдайда ЭШФ АЖ-ге қағаз жеткізгіштегі шот-фактурадағы деректемелерді енгізу қажеттілігі болған жағдайда толтырылады;

      5) "Айналым жасалған күн" деген 3-жолда Салық кодексінің 460 немесе 516-бабына сәйкес айқындалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күн көрсетіледі (жол толтырылуға жатады).

      Бұл ретте, түзетілген шот-фактурада өткізу бойынша айналымды жасау күні талап ету мерзімі шегінде, бірақ жойылатын ЭШФ жазып беру күнінен бұрынғы кезеңдерде түзету мүмкіндігімен жойылатын шот-фактурада көрсетілген айналым жасалған күн бойынша айқындалады.

      Қосымша шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн Салық кодексінің 464-бабында көзделген жағдайлар басталған күн бойынша айқындалады.

      2. "Түзетілген" деген 4-жол түзетілген ЭШФ жазып беру кезінде белгілеуге жатады. Бұл ретте осы жолды белгілеу, егер "Қосымша" деген 5-жол белгіленбеген жағдайда, жүргізіледі.

      "Түзетілген" деген 4-жолды белгілеген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдар міндетті түрде толтырылуға жатады:

      1) "Жазып беру күні" деген 4.1-жолда жойылатын (түзетілетін) ЭШФ күні көрсетіледі;

      2) "Есепке алу жүйесінің нөмірі" деген 4.2-жолда есепке алу жүйесінде жойылатын (түзетілген) ЭШФ нөмірі көрсетіледі;

      3) "Тіркеу нөмірі" деген 4.3-жолда жойылатын (түзетілген) ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      3. Түзетілген ЭШФ жазып берген кезде:

      өзгерістер енгізілетін ЭШФ-ның мәтін жолдары мен жиынтық бағандарында дұрыс мәліметтер мен сомалары көрсетіледі, ЭШФ-ның өзгерістер енгізілмейтін жолдары мен бағандарында бұрынғы мәліметтер көрсетіледі.

      "Жеткізушінің деректемелері" В бөлімінің 7 және 8-жолында, сондай-ақ "Алушының деректемелері" С бөлімінің 17 және 18-жолында түзетілген ЭШФ жазып берген кезде атауы және тұрған жері жойылған ЭШФ-да көрсетілген деректерінен ерекшеленеді.

      4. Түзетілген ЭШФ түзетілген ЭШФ жазып беру күніне қолданыста болатын нысанда жазып беріледі.

      5. Түзетілген ЭШФ жазып берген кезде жойылатын ЭШФ жазып берілген түзетілген ЭШФ мен барлық қосымша ЭШФ жойылады.

      ТІЖ негізінде жазып берілген ЭШФ ТІЖ-ден бас тартуға байланысты ЭШФ-ны жою ТІЖ-ден бас тартылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.

      6. Егер бұрын жазып берген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ бар болса, онда түзетілген ЭШФ жазып берген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдарда түзетілген ЭШФ жазып берілген күні, тіркеу нөмірі және ЭШФ есепке алу жүйесінің нөмірі көрсетіледі.

      Бұл ретте, бұрын жазып берілген және жойылған қосымша ЭШФ қалпына келтіру үшін түзетілген ЭШФ жазып берілген күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде түзетілген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ жазып беру қажет.

      Алушы ТІЖ-ден бас тартқан кезде ТІЖ негізінде түзетілген ЭШФ-ны жазып беру ТІЖ-ден бас тартылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      7. "Қосымша" деген 5-жолда қосымша ЭШФ жазып берілген кезде белгіленуге тиіс.

      8. Қосымша ЭШФ жазып берген кезде редакциялау үшін:

      "Жеткізушінің банктік деректемелері" B1 бөлімі;

      "Жүкті жөнелтушінің және жүкті алушының деректемелері" D бөлімінде;

      "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді растайтын құжаттардың деректемелері" F бөлімі;

      "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" G бөлімінің 2, 5, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 22-бағандары;

      "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер" Н бөлімінің 11, 13, 14, 16 және 17-бағандары қол жетімді.

      9. "Қосымша" деген 5-жолды белгілеген кезде 5.1, 5.2 және 5.3-жолдарда қосымша жазып берілетін ЭШФ деректемелері көрсетіледі:

      1) "Жазып берілген күн" деген 5.1-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ күні көрсетіледі;

      2) "Есепке алу жүйесінің нөмірі" деген 5.2-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ нөмірі көрсетіледі;

      3) "Тіркеу нөмірі" деген 5.3-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      10. "Жеткізушінің деректемелері" В бөлімінің 7 және 8-жолында, сондай-ақ "Алушының деректемелері" С бөлімінің 17 және 18-жолында қосымша ЭШФ жазып берген кезде атауы және тұрған жері қосымша ЭШФ көрсетілген деректерінен ерекшеленеді.

      11. Қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" G-бөлімінің "Жанама салықтарды есептегендегі тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны" 14-бағанындағы жиынтық сомасы мен қосымша ЭШФ "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" G-бөлімінің "Жанама салықтарды есептегендегі тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны" 14-бағанындағы жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық теріс мәнде бола алмайды.

      12. Қосымша ЭШФ қосымша ЭШФ жазып беру күніне қолданыста болатын нысанда жазып беріледі.

      13. ЭШФ АЖ-де тіркелмеген ЭШФ-ны кері қайтару мүмкін емес.

      14. Түзетілген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ жазып берілген жағдайда 5.1, 5.2 және 5.3-жолдарда қосымша ЭШФ жазып берілетін түзетілген ЭШФ-ның жазып берілген күні, ЭШФ АЖ қатысушының тіркеу нөмірі мен есепке алу жүйесіндегі нөмірі көрсетіледі.

      "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" G бөлімнің 7, 10, 11, 13, 14, 16 және 17 жиынтық бағандары мен "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер" Н бөлімінің 11, 13, 14, 16 және 17 бағандарында айырмасы (оң немесе теріс) көрсетіледі.

      15. ЭШФ кері қайтарып алу немесе түзетілген не қосымша ЭШФ жазып беру осы Түсіндірменің 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ЭШФ кері қайтарып алу жүргізілетін не түзетілген ЭШФ жазып берілетін ЭШФ жазып берілген күннен бастап салық заңнамасында белгіленген талап қою мерзімі шегінде жүргізіледі.

      16. Заңды тұлғаны қосу (қосылған заңды тұлға), біріктіру және бөлу жолымен қайта ұйымдастырылған құқықтық мирасқоры түзетілген ЭШФ-ны жазып бере алмайды.

      Салық салынатын айналымның мөлшерін ұлғайту жағына қарай түзету бойынша заңды тұлғаны қосу (қосылған заңды тұлға), біріктіру және бөлу жолымен қайта ұйымдастырылған құқықтық мирасқордың қосымша ЭШФ жазып беруі Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

      17. Егер ЭШФ АЖ-де тіркелген ЭШФ-ға түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып беру талап етілген жағдайда, мұндай жазып беру тек ЭШФ АЖ-де жүргізіледі.

      18. "Жеткізушінің деректемелері" В бөлімінде:

      1) "ЖСН/БСН" деген 6-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің ЖСН немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі ("Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "К" "Бейрезидент" ұяшығы белгіленген жағдайды қоспағанда, жол толтыруға жатады);

      2) "Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН" деген 6.0-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН көрсетіледі;

      3) "Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН" деген 6.1-жолда қосымша ЭШФ жазып берген кезде қосылу, бірігу және бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН немесе заңды тұлғаның таратылған құрылымдық бөлімшелерінің БСН көрсетіледі;

      4) "Жеткізушінің" деген 7-жолда ЭШФ жазып беретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы көрсетіледі (жол толтыруға жатады):

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші болып табылатын дара кәсіпкерлерге не жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты) және (немесе) атауы;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – заңды тұлғаны (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы. Бұл ретте, ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде дәстүрге, оның ішінде іскерлік айналымдағы дәстүрге сәйкес аббревиатуралар қолданылуы мүмкін;

      5) "Қатысу үлесі" деген 7.1-жолда бірлескен қызметке қатысу үлесі көрсетіледі. Бұл жол "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "Е" және "F" деген ұяшығын белгілеген жағдайда толтырылуы мүмкін;

      6) "Тұрған жері" деген 8-жолда Салық кодексінің 11-бабына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің тұрған жері көрсетіледі. Егер "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "К" "Бейрезидент" ұяшығы белгіленген жағдайда, жол қолмен толтырылуға тиіс;

      7) "Ел коды" деген 8.1-жолда "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – КОК-ның № 378 шешімі) бекітілген 22-қосымшаға сәйкес әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес елдің әріптік коды көрсетіледі.

      Егер "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "К" "Бейрезидент" ұяшығы белгіленсе, бұл жол толтырылуға жатады;

      8) "ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою күні" деген 9-жолда "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "К" "Бейрезидент" ұяшығы белгіленген жағдайды қоспағанда, қсоылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушіні тіркеу есебіне қою күні көрсетіледі.

      Бұл ретте заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою және (немесе) тіркеу деректерін өзгерту (басшыны ауыстыру) кезінде Салық кодексінің 99-бабы 6-тармағына сәйкес басшының биометриялық сәйкестендіруден өтуі талап етіледі;

      9) "Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі" деген 9.1-жолда егер ҚҚС төлеуші Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент болып табылған жағдайда, белгі жасалады.

      19. "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда мыналарға:

      "А" ұяшығында – егер жеткізуші комитент болып табылған жағдайда;

      "В" ұяшығында – егер жеткізуші комиссионер болып табылған жағдайда;

      "С" ұяшығында – егер жеткізуші экспедитор болып табылған жағдайда;

      "D" ұяшығында – егер жеткізуші лизинг беруші болып табылған жағдайда;

      "Е" ұяшығында – егер жеткізуші Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа (бұдан әрі - ӨБК) қатысушы болып табылған жағдайда;

      "F" ұяшығында – егер жеткізуші бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылған жағдайда;

      "G" ұяшығында – егер жеткізуші:

      тауарлар экспорты кедендік рәсімінде тауарлардың әкетуін жүзеге асырған;

      тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан Евразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағына әкетуін жүзеге асырған жағдайда;

      "H" ұяшығында – егер жеткізуші халықаралық тасымалдар бойынша қызмет көрсететін салық төлеуші болып табылған;

      "I" ұяшығында – егер жеткізуші сенім білдірілген адам болып табылған жағдайда толтырылады;

      "J" ұяшығында – егер жеткізуші адвокат болса;

      "K" ұяшығында – егер жеткізуші бейрезидент болып табылған жағдайда белгі қойылады.

      20. ЭШФ бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде және (немесе) ӨБК шеңберінде жазып берілген жағдайда "Жеткізушінің деректемелері" деген В бөлімде:

      1) Салық кодексінің 496-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес оның атынан ЭШФ жазып берілетін өкілінің немесе бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысының деректемелері.

      Бұл ретте шот-фактуралар бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысатын осы Түсіндірменің мақсатында сенім білдірілген өкіл деп серіктестік шарт негізінде әрекет ететін адвокаттық кеңсе немесе тапсырма шарты негізінде әрекет ететін заңды тұлға не ӨБК негізінде әрекет ететін оператор түсініледі;

      2) бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысының деректемелері;

      3) ӨБК қатысушылардың атынан жазылатын ЭШФ деректемелері көрсетіледі.

      ЭШФ тапсырыс шарты шеңберінде жазып берілген жағдайда, "Жеткізушінің деректемелері" В бөлімінде Салық кодексінің 455-бабына сәйкес сенім білдірушінің деректемелері көрсетіледі.

      "Е" ұяшығын белгілеу кезінде – егер жеткізуші – "ӨБК қатысушысы" және (немесе) "F" "Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы" болған жағдайда – 10.1 "Саны" жолы толтырылады, онда ӨБК қатысушыларының және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетіледі, бұл "Жеткізушінің деректемелері" B, "Жеткізушінің банктік деректемелері" B1 және "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері" Н бөлімдерінің санын арттырады;

      4) экспорттаушы, ӨБК шеңберінде қатысушы болып табылатын, сондай-ақ Салық кодексінің 473-бабы 3-тармағына сәйкес тауарларды өткізу бойынша айналым бойынша ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін қолданатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші "ӨБК қатысушы" "Е" ұяшығын немесе "Экспорттаушы" "G" ұяшығын белгілейді. Бұл ұяшықты белгілеген кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ЭШФ-ны шетел валютасында жазып бере алады;

      5) халықаралық тасымалдар бойынша қызмет көрсететін жеткізуші Салық кодексінің 468-бабына сәйкес "Халықаралық тасымалдар" "Н" ұяшығын белгілейді. Бұл ұяшықты белгілеген кезде Халықаралық тасымалдар бойынша қызмет көрсететін жеткізуші ЭШФ-ны шетел валютасында жазып бере алады.

      21. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен кезде ЭШФ жазып берген жағдайда "Жеткізушінің деректемелері" B бөлімінде Салық кодексінің 497-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес заң көмегін көрсету туралы шарт бойынша заң көмегін көрсеткен әрбір адвокаттың деректемелері көрсетіледі.

      Бұл ретте ЭШФ адвокаттық кеңсе өз атынан сенім білдірілген өкіл үшін бөлініп берілген жолда өз деректемелерін көрсете отырып жазып береді.

      22. Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, Салық кодексінің 454-бабының 2-тармағына сәйкес бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ЭШФ жазып берілген жағдайда, "Жеткізушінің деректемелері" B бөлімінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебінде тұрмаған бейрезиденттің деректемелері көрсетіледі.

      Бұл ретте "Алушының деректемелері" С бөлімінде осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын ҚҚС төлеушінің деректемелері көрсетіледі.

      23. "Қосымша мәліметтер" деген 11-жолда:

      1) мәмілеге қатысушыларға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қосымша мәліметтері көрсетіледі. Мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды;

      2) лизинг беруші жазып беретін қосымша ЭШФ-да Салық кодексінің 213-бабының талаптары сақталмаған жағдайда осы жолда "Салық кодексінің 213-бабының талаптарын сақтамау" деген сөз көрсетіледі.

      24. "Жеткізушінің банктік деректемелері" B1 бөлімінде:

      1) "Кбе" деген 12-жолда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің бенефициар коды: бенефициардың резиденттік белгісі және бенефициардың экономика секторы екі цифр көрсетіледі, бұл жол "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген) сәйкес толтырылады;

      2) "ЖСК" деген 13-жолда банк шотының нөмірі көрсетіледі;

      3) "БСК" деген 14-жолда 13-жолда "ЖСК" көрсетілген жеткізушінің есеп шоты ашылған жеткізушінің екінші деңгейдегі банкінің (бұдан әрі – банк) банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі;

      4) "Банктің атауы" деген 15-жолда "БСК" деген 14-жолда БСК көрсетілетін банктің атауы көрсетіледі.

      Бұл бөлім егер "Алушының санаты" 20-жолда "Мемлекеттік мекемелер" "Е" ұяшығы белгіленсе, міндетті түрде толтыруға жатады. Сондай-ақ, бұл бөлімді егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылмаса да толтыруы мүмкін.

      25. "Алушының деректемелері" С бөлімінде:

      1) "ЖСН/БСН" деген 16-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі (жол толтыруға жатады).

      Бұл ретте, егер "Алушының санаты" деген 20-жолдың мынадай ұяшығы белгіленсе:

      "Бейрезидент" деген "Ғ" – бейрезиденттің сәйкестендіру коды (нөмірі) көрсетіледі (жол ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелген кезде толтыруға жатады);

      "Бөлшек сауда" деген "I" – бұл жол толтыруға міндетті болып табылмайды;

      2) "Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН" деген 16.0-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН немесе заңды тұлғаның таратылған құрылымдық бөлімшелерінің БСН немесе заңды тұлғаның таратылған құрылымдық бөлімшелерінің БСН көрсетіледі;

      3) "Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН" деген 16.1-жолда қосымша ЭШФ жазып берген кезде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі;

      4) "Алушы" деген 17-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауы көрсетіледі (жол толтыруға жатады):

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты және әкесінің аты, егер "Алушының санаты" деген 20-жолда "Бөлшек саудада өткізу" деген "I" ұяшығы белгіленген жағдайда, бұл жол толтыру үшін міндетті болып табылмайды;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге не жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты – салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты және (немесе) атауы;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – заңды тұлғаны (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшені) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы. Бұл ретте, ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсету бөлігіндегі дәстүрге, оның ішінде іскерлік айналымдағы дәстүрге сәйкес аббревиатуралар пайдаланылуы мүмкін;

      5) "Қатысу үлесі" деген 17.1-жолда бірлескен қызметке қатысу үлесі көрсетіледі. Бұл жол "Алушының санаты" деген 20-жолда "D" деген ұяшықты белгілеген жағдайда толтырылуы мүмкін;

      6) "Тұрған жері" деген 18-жолда Салық кодексінің 11-бабына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының орналасқан жері көрсетіледі. Тұрған жері туралы ақпараттар болмаған жағдайда, жол толтырылмайды, оны қолмен толтыру құқығы болмайды (жеке тұлғаның атына ЭШФ жазып берген жағдайда, жол толтыру үшін міндетті емес);

      7) "Ел коды" деген 18.1-жолда "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы" КОК-ның № 378 шешімімен бекітілген 22-қосымшаға сәйкес әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес елдің әріптік коды көрсетіледі.

      Аталған жол тауарды экспортқа өткізген кезде немесе бір заңды тұлға шегінде тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге беруге (өткізуге) байланысты толтыруға жатады, басқа да жағдайларда "KZ" автоматты түрде толтырылады.

      26. "Қосымша мәліметтер" деген 19-жолда мәмілелерге қатысушыларға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің қосымша мәліметтері көрсетіледі. Мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды.

      27. "Алушының санаты" деген 20-жолда:

      "А" ұяшығында – егер алушы комитент болып табылған жағдайда;

      "В" ұяшығында – егер алушы комиссионер болып табылған жағдайда;

      "С" ұяшығында – егер алушы лизинг алушы болып табылған жағдайда;

      "D" ұяшығында – егер алушы бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылған жағдайда;

      "Е" ұяшығында – егер алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда;

      "F" ұяшығында – егер алушы мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебінде тұрмайтын бейрезидент немесе атына Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына бір заңды тұлға шегінде тауарды беру (өткізу) жүзеге асырылатын алушының құрылымдық бөлімшесі болып табылған жағдайда;

      "G" ұяшығында – егер алушы:

      ӨБК қатысушы;

      ӨБК қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге шарт бойынша жеткізуші болып табылған жағдайда;

      "Н" ұяшығы – егер жеткізуші өкіл болып табылған жағдайда;

      "І" ұяшығы – егер алушы бақылау-касса машиналардың чектерін міндетті түрде бере отырып немесе төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) немесе электрондық ақша немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып немесе жалақы есебінен қолдана отырып, тауар өткізілген тұлға болып табылған жағдайда;

      "J" ұяшығы – егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жеке тұлға болып табылған жағдайда белгі қойылады.

      Бұл ұяшық егер дара кәсіпкер (жеке практикамен айналысатын адам) ретінде тіркелген жеке тұлға тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті кәсіпкерлік қызмет мақсаттары үшін немесе жеке практикамен айналысудан табыс алу үшін сатып алмаған жағдайда белгіленеді.

      28. ӨБК болып табылатын салық төлеушіге тауарлады жеткізуге келісімнің және (немесе) бірлескен қызмет туралы шарттар шеңберінде ЭШФ жазып берілген жағдайда "Алушының деректемелері" С бөлімінде:

      1) Салық кодексінің 496-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ЭШФ жазып берілетін өкілінің немесе бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының деректемелері;

      2) бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысының деректемелері;

      3) ӨБК қатысушысының деректемелері көрсетіледі.

      29. "Алушының деректемелері" С бөліміндегі тапсырма шартының шеңберінде ЭШФ жазып берілген жағдайда Салық кодексінің 455-бабына сәйкес сенім білдірушінің деректемелері көрсетіледі.

      30. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы – "D" және (немесе) ӨБК қатысушы немесе ӨБК қатысушысы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге келісім бойынша жеткізуші – "G" ұяшығы белгілеген кезде "Cаны" деген 20.1-жол толтырылады, онда қатысушылар деректерінің саны көрсетіледі, бұл "Алушының деректемелері" деген С және "Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері" деген Н бөлімдерінің санын арттырады.

      31. "Мемлекеттік мекеменің деректемелері" С1 бөлімінде:

      1) "ЖСК" деген 21-жолда:

      мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көзіне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетіне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне) түсетін түсімдерді есепке алу;

      мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу және олардың есебінен шығыстарды жүргізу;

      мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;

      мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;

      ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану жөніндегі операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке сәйкестендіру коды;

      2) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды" деген 22-жолда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 210001 тіркелген) республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды көрсетіледі (осы жол толтыру үшін міндетті болып табылмайды);

      3) "Төлем мақсаты" деген 23-жолда осы шот-фактура бойынша мемлекеттік мекеме сатып алған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін төлем мақсаты көрсетіледі;

      4) "БСК" деген 24-жолда ЭШФ АЖ автоматты түрде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.

      Осы тармақта көрсетілген деректемелер тиісті қаржы жылына арналған уәкілетті орган бекітетін бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету Қағидаларына сәйкес толтырылады.

      "Мемлекеттік мекеменің деректемелері" С1 бөлімі "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды" 22-жолын қоспағанда, ЭШФ-ны мемлекеттік мекеменің атына жазып берген кезде толтырылады.

      32. ЭШФ "Жүкті жөнелтушінің және жүкті алушының деректемелері" деген D бөлімінде жүкті жөнелтушінің және жүкті алушының (олар болған кезде) мынадай деректемелері:

      1) "ЖСН/БСН" 25.1-жолда жүкті жөнелтушінің ЖСН немесе БСН;

      2) "Атауы" 25.2-жолда жүкті жөнелтушінің атауы;

      3) "Жөнелту мекенжайы" 25.3-жолда тауарды жөнелту орынының мекенжайы;

      4) "ЖСН/БСН" 26.1-жолда жүкті алушының ЖСН немесе БСН;

      5) "Атауы" 26.2-жолда жүкті алушының атауы;

      6) "Жеткізу мекенжайы" 26.3-жолда тауарды жеткізу орнының мекенжайы;

      7) "Ел коды" 26.4-жолда КОК-ның № 378 шешімімен бекітілген 22-қосымшаға сәйкес әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес елдің әріптік коды көрсетіледі.

      Аталған жол тауарды экспортқа өткізген кезде немесе бір заңды тұлға шегінде тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге беруге (өткізуге) байланысты толтыруға жатады, басқа да жағдайларда "KZ" автоматты түрде толтырылады.

      "Жүкті жөнелтушінің және жүкті алушының деректемелері" деген D бөлімінде жолды толтыру "Елдердің коды" 26.4-жолын қоспағанда, міндетті болып табылмайды.

      33. "Шарт (келісімшарт)" Е бөлімінде:

      1) "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт)" деген 27.1-жолда белгі жасалады және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нөмірі көрсетілетін "Нөмірі" деген 27.3-жол және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге шарттың (келісімшарттың) күні көрсетілетін "Күні" деген 27.4-жол және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экспорт және импорт бойынша валюталық шартқа берілген сәйкестендіру нөмірі көрсетілетін "Есептік нөмірі" деген 27.5-жол толтырылады. Жол деректері өзара тәуелді жолдар болып табылады. "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз)" деген 27.2-жолды белгілеген кезде 27.3, 27.4 және 27.5-жолдар толтыруға жатпайды;

      2) "Есептеу әдісі" деген 28-жолда "қолма-қол ақша"/"қолма-қол ақшасыз" тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде есеп айырысу тәсілі көрсетіледі (бұл жол толтыруға міндетті).

      Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде есеп айырысу өзге тәсілдермен жүргізілсе, онда "қолма-қол ақшасыз" есеп айырысу әдісі көрсетіледі;

      3) "Жөнелту тәсілі" 29-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жөнелту тәсілі көрсетіледі. Жөнелту тәсілі КОК-ның № 378 шешімімен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес көлік және тауарларды тасымалдау жіктеуішіне сәйкес сандық кодпен көрсетіледі;

      4) "Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды" 30-жолы тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың нөмірі көрсетілетін "Нөмірі" 30.1-жолдан және оның негізінде осындай тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың күні көрсетілетін "Күні" 30.2-жолдан тұрады. Бұл жолдар өзара тәуелді жолдар болып табылады;

      5) "Межелі пункт" 31-жолда әкімшілік-аумақтық бірлігі (тауарды жеткізу орны) көрсетіледі.

      Аталған жол, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарды, оның ішінде тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруге (өткізуге) байланысты әкеткен жағдайда толтыруға жатады;

      6) "Жеткізу шарттары" 31.1-жолда КОК-ның № 378 Шешімімен бекітілген №13-қосымшаға сәйкес жөнелту шарттарына сәйкес дәстүрлі, оның ішінде іскерлік айналымы (Инкотермс) дәстүрлеріне сәйкес халықаралық операциялар үшін бас әріптермен, латын шрифінде үш мәнді әріпті код көрсетіледі.

      "Шарт (келісімшарт)" Е бөлімінде жолды толтыру "Жөнелту тәсілі" 29-жолын қоспағанда, міндетті болып табылмайды.

      34. "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттардың деректемелері" F бөлімде "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжат" деген 32-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі, "Нөмірі" деген 32.1 және "Күні" деген 32.2-жолдардан тұрады (егер 32.1 немесе 32.2-жолдардың бірін толтырған жағдайда, онда аталған жолдың екіншісі толтырылуы тиіс).

      Салық кодексінің 179-бабының 3-тармағына сәйкес ТІЖ ресімдеу қолданылатын тауарлар бойынша ЭШФ жазып беру кезінде "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжат" деген ашық жолда:

      1) ЭШФ АЖ-де тіркелген ТІЖ нөмірі мен күні;

      2) мемлекеттік сатып алу бойынша тауарды жеткізу кезінде – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес құжаттың нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.

      35. "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімі – деген 33-жол.

      36. "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде:

      1) "Валюта коды" деген 33.1-жолда КОК-ның № 378 Шешімімен бекітілген 23-қосымшаға сәйкес валюта жіктеуішіне сәйкес валюта коды көрсетіледі, егер "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "ӨБК қатысушы немесе ӨБК шеңберінде жасалған мәміле" "Е" ұяшық немесе "Экспорттаушы" "G" ұяшық немесе "Халықаралық тасымалдаушы" "Н" ұяшық белгіленсе, сондай-ақ "Сатып алушы санаты" деген 20-жолда "ӨБК қатысушы немесе ӨБК шеңберінде жасалған мәміле" "G" ұяшық белгіленген жағдайда жол толтырылады;

      2) "Валюта бағамы" деген 33.2-жолда:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық шетел валютасына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ресми бағамы;

      егер жеткізуші Салық кодексінің 755-бабы 1-тармағына сәйкес салық салу режимі көзделген жер қойнауын пайдаланушы болып табылған жағдайда – ӨБК-ге сәйкес белгіленген тәртіпте айқындалған валюта бағамы не тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні белгіленген валютаның нарықтық бағамы көрсетіледі.

      Жол, егер "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолда "ӨБК қатысушы немесе ӨБК шеңберінде жасалған мәміле" Е ұяшық немесе "Экспорттаушы" G ұяшық немесе "Халықаралық тасымалдаушы" "Н" ұяшық белгіленсе және "Валюта коды" деген 33.1-жолда "KZT"-ден өзгеше мән көрсетілсе, сондай-ақ "Сатып алушы санаты" деген 20-жолда "ӨБК қатысушы немесе ӨБК шеңберінде жасалған мәміле" "G" ұяшық белгіленген жағдайда толтырылады.

      37. "№" деген 1-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      38. "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағанда тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің мынадай белгілері (бұдан әрі – Белгі):

      "1":

      баждардың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері қолданылуы мүмкін, ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың тізбесіне (бұдан әрі – Тауарлардың тізбесі) енгізілген;

      ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) және атауы Тауарлардың тізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауар өткізілген жағдайда;

      "2":

      Тауарлардың тізбесіне енгізілмеген;

      ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тауарлардың тізбесіне енгізілмеген, Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауар өткізілген жағдайда;

      "3" – ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тауарлардың тізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар өткізілген жағдайда;

      "4" – ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тауарлардың тізбесіне енгізілмеген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар өткізілген жағдайда;

      "5" – "1", "2", "3", "4" Белгілеріне жатпайтын тауарды өткізген жағдайда, сондай-ақ ғимаратты, құрылысты және жер учаскесін өткізу кезінде;

      "6" – жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен жағдайда көрсетіледі.

      Осы бағанда толтыруға жатады.

      39. "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген 3-бағанда салық төлеуші өзінің есепке алу жүйесінде пайдаланатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиісті атауына өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиісті атауы көрсетіледі.

      Осы бағанда "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "3", "4", "5", "6" Белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтыруға жатады.

      40. "Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы" 4-бағанда үшінші елдердің аумағынан импорты кезінде тауарларға арналған декларацияның негізгі (қосалқы) парағының 31-бағанында немесе ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің 2-бағанында көрсетілген тауардың атауы көрсетіледі.

      Аталған бағанда "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1", "2" Белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтыруға жатады.

      Бұл ретте ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулі (бұдан әрі – Модуль) арқылы өткізілетін тауарлар бойынша осы баған автоматты түрде толтырылады.

      41. "Тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН коды" 5-бағанда ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі.

      "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1", "2" Белгілеріне жататын тауарлар өткізілген жағдайда, ЕАЭО-ға мүше мемлекет болып талымайтын мемлекеттің аумағынан импорты кезінде тауарларға арналған декларацияның 33-бағанында немесе ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төлеу туралы өтініштің 3-бағанында көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі.

      Осы бағанда "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1", "2", "3" белгілеріне, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекетке тауарлардың экспорты кезінде "4" және "5" белгіге жататын тауарлар бойынша толтыруға жатады.

      Бұл ретте Модуль арқылы өткізілетін тауарлар бойынша осы баған автоматты түрде толтырылады.

      ЕАЭО СЭҚ ТН коды өзгерген (жойылған) жағдайда, осы бағанда ЭШФ жазып беру күні қолданыста болатын ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі.

      42. "Өлшем бірлігі" деген 6-бағанда өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өлшем бірлігі (ол болған кезде) көрсетіледі.

      Аталған бағанда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларын қоспағанда, толтыруға жатады.

      Бұл ретте Модуль арқылы өткізілетін тауарлар бойынша осы баған автоматты түрде толтырылады.

      43. "Саны (көлемі)" деген 7-бағанда осы Түсіндірменің 42-тармағында көзделген қабылданған өлшем бірліктерін негізге ала отырып, ЭШФ бойынша өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің саны (көлемі) көрсетіледі.

      Аталған бағанда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларын қоспағанда, толтыруға жатады.

      44. "Сандық өлшем бірлігі" деген 8-бағанда "Еуразиялық экономикалық одақтың өлшем бірліктері мен шоттарының сыныптауышы туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген ЕАЭО-ның өлшем бірліктері мен шоттарының сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігінің шартты белгісі мен коды көрсетіледі (жол қадағалануға жататын тауарлар бойынша толтырылуға жатады).

      45. "Сандық өлшем бірлігіндегі саны" деген 9-бағанда осы Түсіндірменің 44-тармағында көзделген сандық өлшем бірлігінде тауардың саны көрсетіледі (жол қадағалануға жататын тауарлар бойынша толтырылуға жатады).

      46. "Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы (тариф)" деген 10-бағанда ҚҚС пен акцизді есепке алмағандағы тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің шарт (келісімшарт) бойынша бірлігі үшін бағасы (тариф) (оны көрсету мүмкіндігі болған кезде) көрсетіледі.

      Аталған бағанда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларын қоспағанда, толтыруға жатады.

      47. "Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны" деген 11-бағанда ҚҚС пен акцизді есепке алмағандағы ЭШФ бойынша тиеп жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі.

      Осы бағанда толтыруға жатады.

      48. "Акциздің мөлшерлемесі" деген 12-бағанда акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда акциздің мөлшерлемесі көрсетіледі.

      49. "Акциз сомасы" деген 13-бағанда "Акциздің мөлшерлемесі" деген 12-бағанда көрсетілген мөлшерлемесі бойынша есептелген акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомасы көрсетіледі.

      50. "Өткізу бойынша айналымның (салық салынатын/салық салынбайтын айналым) мөлшері" деген 14-бағанда Салық кодексінің 461 немесе 462-бабына, сондай-ақ 463-бабына сәйкес айқындалған өткізу бойынша айналым мөлшері көрсетіледі.

      Осы бағанда толтыруға жатады.

      51. "ҚҚС мөлшерлемесі" деген 15-бағанда ҚҚС мөлшерлемесі көрсетіледі. Босатылатын айналымдар бойынша ЭШФ жазып берілген, сондай-ақ ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушіге ЭШФ жазып берілген жағдайда, түзету мүмкіндігінсіз "ҚҚС-сыз" белгісі көрсетіледі. Сатылған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ЭШФ жазып берген кезде, Қазақстан Республикасы болып табылмайтын орын "ҚҚС-сыз емес – ҚР" белгісі болып табылады.

      Осы бағанда толтыруға жатады.

      52. "ҚҚС сомасы" деген 16-бағанда осы Түсіндірменің 51-тармағында көрсетілген мөлшерлеме бойынша есептелген ҚҚС сомасы көрсетіледі.

      Осы бағанда толтыруға жатады.

      53. "Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны" деген 17-бағанда ҚҚС пен акцизді есепке алғандағы ЭШФ бойынша тиеп жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі.

      Осы бағанда толтыруға жатады.

      54. "Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің және тауарларға ілеспе жүкқұжаттың, ТС-1 немесе ТС-KZ №" деген 18-бағанда:

      1) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО мүше мемлекет болып табылмайтын, мемлекеттерден әкелінетін және "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне жататын тауарларды өткізген жағдайда, тауарларға арналған декларацияның 20 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте тауарларға арналған декларацияның әртүрлі тіркеу нөмірі бойынша біртекті импортталған тауарлар "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);

      2) ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне жататын тауарларды өткізген жағдайда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің 18 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің әртүрлі тіркеу нөмірі бойынша біртекті импортталған тауарлар "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);

      3) "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың 42 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың әртүрлі нөмірлері бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" G бөлімінің жекелеген жолдарында көрсетіледі);

      4) Қазақстан Республикасының аумағынан "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "3" Белгісіне жататын тауарлар экспортталған жағдайда тауардың шығарылған жері сертификатының 13 мәнді тіркеу нөмірі (ТС-1) көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауардың шығарылған жері сертификатының әртүрлі нөмірі бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);

      5) "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "3" Белгісіне жататын еркін экономикалық аймақ немесе еркін қоймалар аумағында өндірілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан эскпортталған жағдайда, тауардың шығарылған жері сертификатының 11 мәнді тіркеу нөмірі (ТС- KZ) көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауардың шығарылған жері сертификатының әртүрлі нөмірі бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі).

      Осы бағанда "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1", "2" және "3" Белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтырылады. Бұл ретте, ЕАЭО мүше мемлекетке тауарлардың экспорты кезінде "3" Белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтырылады.

      Модуль арқылы өткізілетін тауарлар бойынша осы баған автоматты түрде толтырылады.

      55. "Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштен тауар позициясының нөмірі" деген 19-бағанда тауарларға арналған декларацияның 32-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірі немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің 1-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      Осы бағанда "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" белгісіне жататын тауарлар бойынша толтырылады.

      Модуль арқылы өткізілетін тауарлар бойынша осы баған автоматты түрде толтырылады.

      56. "Тауардың, жұмыстардың, қызметтердің идентификаторы" деген 20-бағанда ЭШФ АЖ-да тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің идентификаторы көрсетіледі.

      Осы бағанда толтыруға жатады.

      Бұл ретте, Модуль арқылы өткізілетін тауарлар бойынша осы баған автоматты түрде толтырылады.

      57. "Тауар коды" деген 21-бағанда Тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауар коды көрсетіледі ("Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда толтырылады).

      Осы бағанда толтыруға жатады.

      58. "Қосымша мәліметтер" деген 22-бағанда мәмілеге қатысушыларға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қосымша мәліметтері көрсетіледі. Мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды.

      59. "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімін толтыру кезінде, тауардың құндық көрсеткіштерін, сондай-ақ сапалық және сандық сипаттамалары өзгерген тауарлар бойынша деректерді қоспағанда, ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беру кезінде ТІЖ-де және ЭШФ-да көрсетілетін тауарлар бойынша деректер бірдей болуы тиіс.

      60. "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері Н бөлімі" деген 34-жол бірлескен қызмет туралы шарттың шенберінде толтырылады.

      61. "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері" деген Н бөлімінде:

      1) "Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының ЖСН/БСН" деген 34.1-жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының және (немесе) ӨБК-ге қатысушының немесе ӨБК-ге қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шарт бойынша жеткізушінің ЖСН немесе БСН көрсетіледі;

      2) "Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН" деген 34.2-жолда қосымша ЭШФ жазып берген кезде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.

      62. "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері" деген Н бөлімі бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысы және (немесе) ӨБК-ге қатысушының немесе ӨБК-ге қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге шарты бойынша жеткізуші бойынша бірлескен қызмет туралы шартта және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) қатысушының (ӨБК) немесе ӨБК-ге қатысушы болып табылатын тауарларды жеткізуге келісімде айқындалған олардың қатысу үлесіне қарай осы Түсіндірменің 36 – 58-тармақтарына сәйкес толтырылады.

      Бұл ретте, "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері" деген Н бөлімін толтырған кезде 7.1 немесе 17.1 бірлескен қызметке қатысудың көрсетілген үлесіне сәйкес 11, 13, 14, 16 және 17-бағандар толтырылады.

      63. "Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер" деген Н бөлімін толтыру кезінде, тауардың құндық көрсеткіштерін, сондай-ақ сапалық және сандық сипаттамалары өзгерген тауарлар бойынша деректерді қоспағанда, ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беру кезінде ТІЖ-де және ЭШФ-да көрсетілетін тауарлар бойынша деректер бірдей болуы тиіс.

      64. "Жеткізуші өкілінің (оның ішінде адвокаттық кеңсенің, оператордың) деректемелері" І бөлімінде:

      1) "БСН" деген 35-жолда тапсырма шарты бойынша, оның ішінде ӨБК шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жеткізушінің сенім білдірілген өкілі (операторы) болып табылатын адвокаттық кеңсенің немесе заңды тұлғаның БСН көрсетіледі;

      2) "Өкілі" деген 36-жолда тапсырма шарты бойынша, оның ішінде ӨБК шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жеткізушінің сенім білдірілген өкілі (операторы) болып табылатын адвокаттық кеңсенің немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

      3) "Тұрған жері" деген 37-жолда тапсырма шарты бойынша, оның ішінде ӨБК шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жеткізушінің сенім білдірілген өкілі (операторы) болып табылатын адвокаттық кеңсенің немесе заңды тұлғаның орналасқан жері көрсетіледі. Тұрған жері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жол қолмен толтыру құқығынсыз, толтырусыз қалдырылады;

      4) "Құжат" 38-жолы өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың), БСН 35-жолда көрсетілген өкілді (операторды) анықтайтын өзге де құжаттың нөмірі мен күні көрсетілетін, "Нөмірі" 38.1 және "Күні" 38.2 жолдардан тұрады (егер толтырылған жолдардың бірі 38.1 және 38.2 болса, екінші жол толтыруға жатады).

      Осы бөлімде адвокаттық кеңсе:

      1) адвокаттармен жасалған әріптестік шарт туралы;

      2) серіктес адвокаттар туралы (ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты) мәліметтерді енгізеді.

      Әріптестік Шартта көрсетілген әрбір адвокат электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қою арқылы әріптестік шартқа қатысуын растауға тиіс.

      Адвокаттық кеңсе серіктестерінің құрамын өзгерту:

      1) серіктестің шығуы;

      2) жаңа серіктес қабылдау;

      3) әріптес "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша адвокаттық қызметті тоқтатқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      Бұл бөлім Салық кодексінің 507-бабы 3-тармағында көзделген жағдайда, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызмет бойынша, толтыруға жатпайды.

      65. "Алушы өкілінің (оператордың) деректемелері" J бөлімінде:

      1) "БСН" 39-жолда тапсырыс шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызмет бойынша сатып алушының сенім білдірген өкілі (операторы) болып табылатын заңды тұлғаның БСН көрсетіледі;

      2) "Сенім білдірген өкілі" 40-жолда тапсырыс тапсырыс шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызмет бойынша сатып алушының сенім білдірген өкілі (операторы) болып табылатын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

      3) "Тұрған жері" 41-жолда тапсырыс шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызмет бойынша сатып алушының сенім білдірген өкілі (операторы) болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жері көрсетіледі. Тұрған жері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жол қолмен толтыру құқығынсыз толтырылмаған күйінде қалады (жеке тұлғаның атына ЭШФ жазып берген жағдайда жол толтыру үшін міндетті емес);

      4) "Құжат" 42-жолда өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың), БСН 35-жолда көрсетілген сенім білдірген өкілді (операторды) анықтайтын өзге де құжаттың нөмірі мен күні көрсетілетін, "Нөмірі" 42.1 және "Күні" 42.2-жолдардан тұрады (егер толтырылған жолдардың бірі 42.1 және 42.2 болса, екінші жол толтыруға жатады);

      Бұл бөлім Салық кодексінің 507-бабы 3-тармағында көзделген жағдайда, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызмет бойынша, толтыруға жатпайды.

      66. "Қосымша мәліметтер" деген K бөліміндегі 43-жолда мәмілеге қатысушыларға қажетті қосымша мәліметтер көрсетіледі. Мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды.

      67. "ЭЦҚ бойынша мәліметтер" деген L бөлімде:

      1) "Заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамдардың ЭЦҚ" деген 44-жолда егер шот-фактураға қол қою заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамдардың ЭЦҚ көрсетіледі;

      2) "Шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамның ЭЦҚ" деген 45-жолда егер шот-фактураға қол қою АЖ ЭШФ қатысушы атынан шот-фактура жазып беруге құқылы жеке тұлғаның ЭЦҚ көрсетіледі;

      3) "ЭШФ жазып беретін адамның Т.А.Ә." деген 46-жолда ЭШФ жазып беретін адамның тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.

      68. Жазып берілген ЭШФ-да, толтыру үшін міндетті болып табылатын салық төлеуші өзі дербес толтырған деректемелер көрсетіледі.

2-тарау. Жеке тұлғалар тауарларды өткізу кезінде электрондық шот-фактураны жазып беру ерекшеліктері

      69. ЭШФ жазып беру осы Түсіндірменің 70-тармағына сәйкес жеке тұлғаларға есеп айырысулары:

      1) сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға арнаулы мобильді қосымшаның чегін ұсына отырып. Бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша мұндай чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылуға тиіс;

      3) электрондық ақша немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын, Тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды өткізген жағдайда жүргізіледі.

      70. Осы Қағиданың 69-тармағында көзделген есеп айырысулардың бірін қолданатын жеткізуші "Алушының деректемелері" С бөлімінде:

      "Алушы" деген 17-жолда – "Жеке тұлға" (бұл жол автоматты түрде толтырылады);

      "Тұрған жері" деген 18-жолда – "Бөлшек сауда" (бұл жол автоматты түрде толтырылады) деп көрсете отырып, жеке жолдарды толтыра отырып, тауардың әрбір түрі бойынша бір күнде барлық айналымға ЭШФ жазып беруге құқылы;

      "Алушының деректемелері" С бөлімінің "Алушының санаты" деген 20-жолының "I" ұяшығына – белгі қойылады.

      Қажет болған жағдайда бірнеше ЭШФ жазып беріледі.

      71. Осы Түсіндірменің 70-тармағының ережелері, өз қызметкерлеріне бухгалтерлік есептегі негізгі қаражат ретінде бұрын тіркелген тауарлардың жалақысы есебінен сатылған кезде де қолданылады. Бұл ретте осы тармақтың ережелері Тауарлардың тізбесіне енгізілген және енгізілмеген тауарларға қолданылады.

3-тарау. Модуль арқылы тауарларды өткізу кезінде электрондық шот-фактураны жазып беру ерекшеліктері

      72. ЭШФ Модуль арқылы жазылып беріледі және оны интернет-ресурсында орналастырылады.

      73. Тауардың қалдықтарын өткізген кезде тауарлар туралы мәліметтер өткізілетін тауарлар санына сәйкес келетін "Қалдықтар" нысаны бойынша Модульге енгізіледі.

      74. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өткізу кезінде тауарлар туралы мәліметтер "Өндіріс" нысаны бойынша Модульге енгізіледі.

      75. Импортталған тауарларды өткізу кезінде Модульдегі тауарлар туралы мәліметтер тауарларға декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш деректері бойынша автоматты түрде түседі.

      76. Осы Түсіндірменің 73, 74 и 75-тармақтарында көрсетілген тауарларды өткізу тәртібі ЭШФ АЖ веб-қосымшасында жұмыс істеу кезінде қолданылады.

4-тарау. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде электрондық шот-фактураны жазып беру ерекшелігі

      77. Жеткізуші мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде бастапқы ЭШФ-да мыналарды көрсетеді:

      1) "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолдағы "Жеткізушінің деректемелері" деген В бөлімінде "лизинг беруші" белгілейді;

      2) "Алушының санаты" деген 20-жолдағы "Алушының деректемелері" деген С бөлімінде "лизинг алушы" белгілейді;

      3) "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде:

      "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағанда "1", "2", "3", "4" немесе "5" белгілерінің бірі көрсетіледі;

      "Саны (көлемі)" деген 7-бағанда ЭШФ бойынша өткізілетін тауардың жалпы саны көрсетіледі;

      "Өткізу бойынша айналымның (салық салынатын/салық салынбайтын айналым) мөлшері" деген 11-бағанда Салық кодексінің 381-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған айналым мөлшері көрсетіледі;

      "Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны" деген 14-бағанда жанама салықтарды есепке ала отырып, кезеңдік төлемнің сомасы көрсетіледі;

      "Тауардың, жұмыстардың, қызметтердің идентификаторы" деген 17-бағанда өткізілетін тауарлардың идентификаторы көрсетіледі.

      78. Қаржы лизингіне берілген мүлік бойынша кейінгі ЭШФ мынадай тәртіпте жазып беріледі:

      1) "Жеткізушінің санаты" деген 10-жолдағы "Жеткізушінің деректемелері" деген В бөлімінде "лизинг беруші" белгілейді;

      2) "Алушының санаты" деген 20-жолдағы "Алушының деректемелері" деген С бөлімінде "лизинг алушы" белгілейді;

      3) "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде:

      "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағанда "6"-белгі көрсетіледі;

      "Саны (көлемі)" деген 6-бағанда саны көрсетілмейді;

      "Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны" деген 8-бағанда құны көрсетілмейді;

      "Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны" деген 14-бағанда жанама салықтарды есепке ала отырып, кезеңдік төлемнің сомасы көрсетіледі;

      "Тауардың, жұмыстардың, қызметтердің идентификаторы" деген 17-бағанда өткізілетін тауарлардың идентификаторы көрсетіледі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 629 бұйрыққа 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 531 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22932 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары Тізбесінің 2-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 қарашада № 1127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24999 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары Тізбесінің 1-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 1040 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30077 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 278 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 32068) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары Тізбесінің 1-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1321 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33817) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары Тізбесінің 1-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35070 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары Тізбесінің 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады