"Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 және "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 8 қазандағы № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 қазанда № 40141 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) ымдау тілі – ымдау, мимика және дене қимылы арқылы ақпаратты жеткізу үшін пайдаланылатын көрнекі-кеңістіктік тілдік жүйе;";

      12) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) ымдау тілі – ымдау, мимика және дене қимылы арқылы ақпаратты жеткізу үшін пайдаланылатын көрнекі-кеңістіктік тілдік жүйе;";

      3) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы Заңның 18-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету процесін тоқтата тұрады.

      Өтініште және (немесе) өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдап, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету процесінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) веб-порталды, абоненттік құрылғыны қоспағанда, Мемлекеттік корпорация және (немесе) қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі сақтауға қабылдамай, өтініш берушіге қайтаруға тиіс.

      Құжаттарды қайта ұсыну өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету процесін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, бұл мерзім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні өтініш берушінің алғаш жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, қорытындысы бойынша өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді.

      Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдаған күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде, өтініш берушімен тыңдау өткізілмейді.

      Қалалық басқармадан, жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқармалардың және жұмыспен қамту бөлімдерінің сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы Заңның 18-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету процесін тоқтата тұрады.

      Өтініште және (немесе) өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмеген, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдап, өтініш берушіге веб-портал арқылы осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету процесін тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

      Құжаттарды қайта ұсыну өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету процесін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте өтініш берушіге анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, бұл мерзім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні өтініш берушінің алғаш жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, қорытындысы бойынша өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде, өтініш берушімен тыңдау өткізілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімі болмауы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатыла тұрған мерзім өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

      ";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия бойынша департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 8 қазандағы
№ 393 бұйрығына
қосымша
  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес есту кемістігі бар
мүгедектігі бар адамдар үшін
ымдау тілі маманының
қызметтерін ұсыну
қағидаларына
3-1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабын және 20-баптың 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтата тұрады (қажеттісінің асты сызылсын):

      1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуына;

      2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне;

      3) өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32992 болып тіркелген) көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбауына байланысты, атап айтқанда:

      1) ___________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) ... .

      Осыған байланысты Сізге анықталған кемшіліктерді осы хабарламаны алған күннен бастап ___ жұмыс күні ішінде жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет.

      Осы хабарлама екі данада, әрбір тарапқа бір данадан жасалды.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Орындаушы: ____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон: _______________________________________________________

      Алдым: ________________________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      20__ жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады