Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қаңтарда № 31644 болып тіркелді.

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 15) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 27.02.2024 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22055 болып тіркелген);

      2) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26484 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2023 жылғы 5 қаңтардағы
№ 7 бұйрығымен
бекітілген

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5), 12-2) тармақшаларына, 7-бабы 2-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына, және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі кезінде "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қолданылуы егжей-тегжейлі көрсетеді.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай аббревиатура қолданылады:

      1) АДЦЖ – автоматтандырылған дактилоскопиялық цифрлық жүйесі;

      2) ақпарат – құқықтық статистикалық ақпарат;

      3) ТО АЕА – "Талдау орталығы" цифрлық жүйесінің "Арнайы есепке алу" кіші жүйесі;

      4) ҚР ҚПК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi;

      5) ҚР ҚК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

      6) ҚР ҰКО – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;

      7) АЕҚ – ақпараттық есепке алу құжаты;

      8) Комитет – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

      9) ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету

      3. Жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі мынадай:

      1) сұрау салу бойынша ақпаратты ұсыну;

      2) мемлекеттік қызметтерді көрсету арқылы ақпаратты ұсыну;

      3) цифрлық объектілерінде ақпаратты орналастыру;

      4) құқықтық статистикалық ақпараттардың электрондық жинақтарын жіберу;

      5) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 8) тармақшасында көзделген өзге де тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Сұрау салу бойынша ақпараттарды ұсыну

      4. Сұрау салу бойынша ақпарат ақысыз ұсынылады.

      5. Сұрау салу бойынша АЕҚ қолда бар есептердің көрсеткіштері, есептері және деректемелері шеңберінде АЕҚ көшірмелерсіз (скриншот), құжаттарсыз және бастапқы есепке алу нысандарсыз ақпарат ұсынылады.

      Сұрау салуда талап етілетін ақпараттың (қылмыс, құқық бұзушылық, қылмыстық, жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмірі (жеке сәйкестендіруші нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі) бірлігі, сондай-ақ ол сұратылып отырған кезең көрсетіледі.

      6. Мемлекеттік органның атынан сұрау салуға оның басшысы, оны алмастырушы (осы органда орнатылған қызметтік міндеттемелерді бөлуге сәйкес) адам, не осы органның өзге де уәкілетті лауазымды адамы қол қояды.

      7. Мемлекеттік орган сұрау салуды мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйелері арқылы жібереді.

      8. Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан ақпараттарды талап ету туралы сұрау салу келіп түскен жағдайда, оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21405 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларымен анықталады.

      9. Сұрау салудың негізінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанында осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, шет елге шығу үшін қағаз жеткізгіште осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Анықтамада тексеру күніндегі жағдай бойынша ҚР ҚК-нің 79 және 89-баптарының талаптарын ескеріле отырып, ҚР ҚК-не сәйкес сотталған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның өтелмеген, алынбаған соттылығы туралы мәліметтері көрсетіле отырып, соттылықтың өтелуін есептеуді Комитет жүзеге асырады.

      11. Бұрынғы сауалнамалық деректері бойынша қағаз жүзінде өтінішпен жүгінген жеке тұлғалар, олардың өзгергендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынады.

      12. Соттылық туралы мәліметтер анықтамада автоматтандырылған цифрлық жүйелерде мәліметтерді енгізу тілінде көрсетіледі.

      Сауалнамалық деректер анықтамада "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Басқа жеке тұлғаға анықтаманы ұсыну, мәліметтер сұратылып отырған тұлғаға қатысты нотариалды расталған сенімхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      14. Арыз иесінің іздеуде жүргені туралы немесе ҚР ҚПК-нің 45-бабы 1-бөлігінің 3) тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізуі тоқтатылған, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 45-бабының 7-бөлігі 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген адамдарға қатысты мәліметтер анықталған кезде Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органы (бұдан әрі – аумақтық орган) оны ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін іздеу салудың бастамашысына дереу хабарлайды. Егер осы адам ТМД елдері уәкiлеттi органдарының іздеуінде болса, ақпарат аумақтық ішкі істер органына жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 27.02.2024 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Егер сұрау салуларды өңдеу барысында өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша шешімдер, адамның босатылуы туралы мәліметтердің ТО АЕА-да болмауы, сондай-ақ осы жеке тұлғаға қатысты қандай да бір мәліметтер ТО АЕА болмастан адамды ұстау не күзетпен ұстау (қамауға алу) туралы мәліметтердің АДЦЖ-да болмауы анықталса, Комитеттің оның аумақтық органдарының қызметкерлері жоқ мәліметтерді анықтау:

      тегі бойынша картотекада тиісті әліпбилік есеп карточкасының болуын тексеру;

      дактилоскопиялық картотекада қабылданған процестік шешімдердің болуын тексеру;

      қылмыстық қудалауды, қылмыстық жазаны орындауды іске асыратын мемлекетік органдарға, арнайы мекемелерге, сот органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік және көші-қон полициясының бөлімшелеріне сұрау салуларды жіберу;

      2009 жылғы 22 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше елдерінің Үкімет басшыларымен бекіткен Қылмысқа қарсы күрес саласында ақпарат алмасу туралы келісімге орай Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығына осы іс бойынша сұраудың жолдануы бойынша жұмыстар жүргізеді.

      Жоқ мәліметтерді нақтылау бойынша тексерістерді жүргізген жағдайда, арыз берушіге 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін қайта өтініш беру қажеттілігі туралы хабарланатын аралық жауап жіберіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қағаз жеткізгіште рәсімделген анықтамаға Комитеттің аумақтық органының немесе Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің бастықтарымен немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалардың қолдары қойылады және Комитеттің немесе оның аумақтық органының мөрімен бекітіледі.

      17. Анықтамалар қылмыстық істер бойынша процестік шешімдерді қабылдаған кезде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген адамдарға қатысты, сондай-ақ ҚР ҚК-не сәйкес оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулерге жататын адамдарға қатысты арнайы тексерулерді жүргізген кезде қолдануға жатпайды.

      18. Жеке тұлғаларға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға заңнамамен уәкілеттілік берілген органдарға беру үшін жеке тұлғаларға анықтама ұсынылуға жол берілмейді.

      19. Анықтамада ұсынылған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып қолдануға жатады.

      20. Комитеттің арнайы есептеріндегі өздеріне қатысты мәліметтер туралы, есептерге түзетулер енгізу мәселелері бойынша жеке тұлғалардың өтініштері еркін нысанда, Комитеттің аумақтық органдарына қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе сотталған орны немесе тұрғылықты жері бойынша, қағаз жүзінде немесе ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанында жолданады.

      21. Өтінішті Комитетке берген кезде, осы мәселе бойынша Комитеттің аумақтық органы бастығының, не оны алмастырушы адамның қолымен бұрын берілген жауабы қоса беріледі.

      Қағаз жеткізгіштегі өтінішке арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Арызда көрсетілген сауалнамалық деректер арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерімен сәйкес келуі тиіс. Тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған күнін өзгерткен жеке тұлғалар қазіргі және бұрын болған сауалнамалық деректерін көрсетеді.

      22. Тегі бойынша есепке алуға түзетулер енгізу туралы өтінішке, сондай-ақ растайтын құжаттар:

      айыппұлды төлеу туралы түбіртек;

      түзету мекемесінен босату туралы анықтама;

      пробация қызметінің (қылмыстық-атқару инспекциясы) есебінен алу туралы анықтама;

      соттылықты алу, ақтау, қылмыстық сипаттан арылту туралы не қылмыстық істі тоқтату негізін ақтайтын негізге жатқызу туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы қоса берілуі мүмкін.

      23. Растайтын құжаттардың негізінде Комитеттің аумақтық органы ТО АЕА-ға растайтын құжаттардың графикалық көшірмелерін сала отырып, тиісті түзету енгізеді.

      Жолданымдарды жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнамаға сәйкес Комитет және оның аумақтық органдары қарайды.

      Растайтын құжаттар, оларды ұсыну және түзету жөніндегі хат алмасу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген).

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арқылы ақпараттарды ұсыну

      24. Комитет және оның аумақтық органдары "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсетіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Цифрлық объектілерінде ақпаратты орналастыру

      Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Ақпарат:

      1) интернет-ресурсында;

      2) "цифрлық үкімет" веб-порталында;

      3) мемлекеттік құқықтық цифрлық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарын.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Комитеттің және оның аумақтық органдарының интернет-ресурсында ақпарат тиісті бөлімдерінде орналастырылады.

      Комитеттің және оның аумақтық органдарының интернет-ресурсын толықтыру "Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 124-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35902 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Комитеттің интернет-ресурсында жеке тұлғаларға сотпен осы Нұсқаулықтың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды, арнайы есепке алу мәліметтердің жоқтығы туралы, осы Нұсқаулықтың 2-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы есепке алудың көрсетілген мәліметтердің болуы туралы ақпарат беріледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. "Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ақпаратты беруді мынадай жолдармен:

      1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес ашық деректердің интернет – порталында орналастыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген);

      2) Жеке тұлғаның, сондай–ақ заңды тұлғалардың (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) ЭЦҚ–мен қол қойылған электрондық сұрау салуы негізінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) жолдау.

      Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады.

      Мәліметтер сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.

      Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде мәліметтер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны жіберген уақыттан бастап 15 (он бес) минуттың ішінде жауап беріледі.

      Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, ТО АЕА арқылы қалыптастырылған мәліметтер немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады;

      3) анықтаманы алу үшін үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуды жолдау.

      Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты анықтама сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады.

      Анықтама сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.

      Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде анықтама оны жіберген уақыттан бастап 10 (он) минуттың ішінде, ал қосымша анықтайтын тексеру қажет болған жағдайларда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде не осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көзделген жауап беріледі.

      Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, ТО АЕА арқылы қалыптастырылған анықтама немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Құқықтық статистикалық ақпараттардың электрондық жинақтарын жіберу

      28. Комитет және оның аумақтық органдарымен құқықтық статистикалық ақпараттың электронды жинақтары (бұдан әрі – жинақ) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдарға жолдайды.

      29. Тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 14 күніне электронды форматта:

      1) Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдары және соттар қызметінің нәтижелері туралы;

      2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы;

      3) есірткі заттарының, психотроптық немесе улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер туралы;

      4) Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы;

      5) Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы жинақтарды жолдайды.

      30. Жартыжылдық және жылдың қорытындысы бойынша есептілік мерзімнен кейінгі айдың 14 күніне электронды форматта Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы жинақты жолдайды.

      31. Егер мерзімінің соңы жұмыс істемейтін күнге (демалыс, мереке күндеріне) келген жағдайда, онда мерзімнің соңғы күні осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні болып саналады.

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-
анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
1-қосымшасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Соттылықтың болуы не болмауы туралы АНЫҚТАМА СПРАВКА о наличии либо отсутствии судимости ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________________________________________ (туған жылы / дата рождения) ___________________________________________________________________ (туған жері / место рождения)

      20___ жылғы "___" _________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.

      По состоянию на "___" ________ 20___ года судимости не имеет / имеет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтер қылмыстық істер бойынша процестік шешімді қабылдау кезінде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты арнайы тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулер қойылған адамдарға қатысты қолдануға жатпайды.
ВНИМАНИЕ!!!
Сведения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан используются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
Указанные в настоящей справке сведения не подлежат использованию при принятии процессуальных решений по уголовным делам, при производстве специальных проверок в отношении лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц, приравненных к ним, а также в отношении лиц, подпадающих под ограничения, связанные с привлечением их к уголовной ответственности, предусмотренные законами Республики Казахстан.

      Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.

      Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

     



      штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-
анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
2-қосымшасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Соттылықтың болуы не болмауы туралы АНЫҚТАМА СПРАВКА о наличии либо отсутствии судимости __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________________________________________ (туған жылы / дата рождения) _____________________________________________________________________________________________ (туған жері / место рождения)

      20___ жылғы "___" _________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.

      По состоянию на "___" ________ 20___ года судимости не имеет / имеет.

      Осы анықтама шет елге шығу үшін беріледі.

      Настоящая справка выдается для выезда за границу.

      Бастығы _______________________________________________________

      Начальник _______ _____________________________________________

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтер қылмыстық істер бойынша процестік шешімді қабылдау кезінде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты арнайы тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулер қойылған адамдарға қатысты қолдануға жатпайды.
ВНИМАНИЕ!!!
Сведения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан используются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
Указанные в настоящей справке сведения не подлежат использованию при принятии процессуальных решений по уголовным делам, при производстве специальных проверок в отношении лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц, приравненных к ним, а также в отношении лиц, подпадающих под ограничения, связанные с привлечением их к уголовной ответственности, предусмотренные законами Республики Казахстан.

      (форматтың мөлшері А 4) (размер формата А 4)

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарымен жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-
анықтамалық қызмет көрсету
жөніндегі Нұсқаулыққа
2-1-қосымша

      Ескерту. Нұсқаулық 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 27.02.2024 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ИНФОРМАЦИЯ о наличии/отсутствии сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде мәліметтердің болу/болмауы туралы АҚПАРАТ ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) ________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)

20___ жылғы "___" ______ жағдайы бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде тұрғаны туралы мәліметтер жоқ. по состоянию на "___" "________" 20___ года сведений о нахождении на специальном учете лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными, не имеется.

      Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.

      Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

     



      штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарымен жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-
анықтамалық қызмет көрсету
жөніндегі Нұсқаулыққа
2-2-қосымша

      Ескерту. Нұсқаулық 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 27.02.2024 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ИНФОРМАЦИЯ о наличии/отсутствии сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде мәліметтердің болу/болмауы туралы АҚПАРАТ ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)

      20___ жылғы "___" ______ жағдайы бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде төмендегідей мәліметтер бар:

      соттың атауы:

      сот шешімінің күні:

      іс №:

      сотпен танылған: әрекетке қабілетсіз (әрекетке қаблеттілігі шектеулі)

      по состоянию на "___" "________" 20___ года имеются следующие сведения о нахождении на специальном учете лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно

      дееспособными:

      наименование суда:

      дата решения суда:

      дело №:

      признан судом:

      недееспособный (ограниченно дееспособный)

      Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.

      Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

     



      штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-
анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
3-қосымшасы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы МӘЛІМЕТТЕР СВЕДЕНИЯ о привлечении к административной ответственности ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________________________________________ (туған жылы / дата рождения) ___________________________________________________________________ (туған жері / место рождения) 20___ жылғы "___" ______ жағдай бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтер жоқ/бар: по состоянию на "___" ________ 20___ года сведений о привлечении к административной ответственности не имеется /имеются:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтер қылмыстық істер бойынша процестік шешімді қабылдау кезінде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты арнайы тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулер қойылған адамдарға қатысты қолдануға жатпайды.
ВНИМАНИЕ!!!
Сведения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан используются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
Указанные в настоящей справке сведения не подлежат использованию при принятии процессуальных решений по уголовным делам, при производстве специальных проверок в отношении лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц, приравненных к ним, а также в отношении лиц, подпадающих под ограничения, связанные с привлечением их к уголовной ответственности, предусмотренные законами Республики Казахстан.

      Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.

      Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

     



      штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық -
анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
4-қосымшасы

      нысан

Құқықтық статистикалық ақпараттың электрондық жинақтарының тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 03.07.2026 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Құқықтық статистика ақпараттар жинақтарының атауы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі

Қазақстан Республикасының Конституциялық соты

Қазақстан Республикасының Құрылтайы

Басшы

Бас прокуратура Аппараты

Қызмет

Құқық қорғау академиясы

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті

Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау

Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау

Қоғамдық мүдделерді қорғау

Cотқа дейінгі тергеп-тексеру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық және құқық қорғау органдары мен соттардың қызмет нәтижелері туралы

7

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

2

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы

7

1

1

1

1


1

1

1

1

1

3

Есірткі құралдарының, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, олардың аналогтарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар туралы

7

1

1




1

1

1

1


4

Қазақстан Республикасыда соттарының жұмыстары туралы

7

1


1

1

1

1

1

1

1

1

5

Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалау органдарының қызмет нәтижелері туралы

7

1

1



1

1

1

1

1

1

6

Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалаудың жағдайы туралы

7

2

1

1

1

1

1

1

1

1

1

      кестенің жалғасы:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі

Қазақстан Республикасының Жоғары Соты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг бойынша агенттігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республиксының Мемлекеттік күзет қызметі

14

15

16

17

18

19

20

21

22

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1



1

1

1

1

1

1

1



1

1


1

1


1

1

1

1

1

1

1

1


1




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады