БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосы беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратураның ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, бас әскери және көлік прокурорларына, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорларына, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарларына, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы мәселелер бойынша Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2026 жылғы 3 шілдедегі № 107 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесі
1. "Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-тармағының 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшалары, 4-тармағының бірінші бөлігінің 4) тармақшасында, 67-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында;";
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12), 12-1), 13), 14), 15), 15-1), 15-2), 16) тармақшалары;";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комитетпен (орталық мемлекеттік органдар бойынша), Комитеттің аумақтық органдарымен карточкалар журналда тіркеледі.
Комитет (орталық мемлекеттік органдар бойынша), Комитеттің аумақтық органы карточка келіп түскен сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде дұрыс толтырылуы мен деректемелердің толықтығын тексереді және карточканың графикалық көшірмесін, актінің көшірмесін және адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін сала отырып карточканы Комитеттің цифрлық жүйесіне енгізуді жүргізеді.
Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка келесі бірінші жұмыс күні енгізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Комитеттің арнайы есепке алудың мәліметтеріне түзету енгізуіне негіз болатын Комитеттің аумақтық органы хабардың 1 (бір) данасын және актінің өзгеруін немесе күшінің жойылуын растайтын материалдардың 1 (бір) данасын Комитетке жібереді.
Комитет хабардың және актінің өзгеруін немесе күшінің жойылуын растайтын материалдардың келіп түскен сәтінен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Комитеттің цифрлық жүйесінде тиісті түзетуді жүргізеді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Электрондық құжат нысанындағы талаптар (бұдан әрі – электрондық талаптар) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнама талаптарына сәйкес ресімделеді.
Талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады, тексерілетін адамның сауалнамалық деректерінің біреуі болмаған жағдайда тиісті деректеме толтырылмайды. Туған жылы, күні, айы және туылған жері толық көрсетілуге жатады. Егер туған күні, айы белгісіз болса, онда тиісті бағанға "00" жазбасы жазылады.
Тексерілетін адамның жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда мәліметтер "Жеке тұлға" Мемлекеттік деректер банкі арқылы толтырылады.";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қағаз тасымалдағыштағы талаптар 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады. Электрондық талаптар 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ал қосымша тексеру жүргізу қажет еткен жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады.
Жергілікті әскери басқару органдарының қағаз тасымалдағыштағы талаптар мемлекеттік цифрлық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.
Талаптардың Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен күні оны орындаудың мерзіміне кірмейді.
Егер электрондық талаптарды өңдеу барысында тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұрау салулар жібере отырып, қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, сұрау салудың бастамашысына аралық жауап жіберіледі, онда 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін электрондық талапты қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады.
26. Тексеру нәтижелері № 29 Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөр қоя отырып талаптарда көрсетіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба қойылған, цифрлық жүйелер арқылы жіберілген электрондық талаптар бұларға қосылмайды.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Комитеттің цифрлық жүйесіндегі арнайы есеп ақпараты тұрақты сақтау мерзіміне жатады.";
Қағидаларға 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылудың негіздері:
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшалары";
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабының 3-тармағының 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшалары, 4-тармағының бірінші бөлігінің 4)-тармақшасы және 5-тармағының бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшалары";
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12), 12-1), 13), 14), 15), 15-1), 15-2), 16) тармақшалары";
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағы;
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 11) тармақшасы, 2 тармағы".".
2. "Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9761 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 197 бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
осы бұйрықпен бекітілген, Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдарын қолдану Қазақстан Республикасының Қылмысты-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) және осы Қағиданың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында егер Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарында көзделсе, тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдарын қолдануда өзге тәртіпті қолдануға жол беріледі.".
3. "Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке қоюға олардың Заңның 62-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактісі, сонымен қатар адамды жауаптылыққа тарту туралы мемлекеттік орган басшысы (лауазымды тұлға) актісінің немесе мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарауға уәкілетті тиісті комиссиялардың шешімдерінің болуы негіз болады.";
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Анықтамалық деректерін өзгерткен Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ішкі істер органдарынан келіп түскен мәліметтерді аумақтық органдардың қызметкерлері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алу бойынша тексереді.
Сауалнамалық деректерін өзгерткен Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты мәліметтер болған жағдайда, деректер қорында "өзге де сауалнамалық деректемелері бар" белгісі қойылып, тиісті деректер көрсетіледі.
18. Комитеттің цифрлық жүйесіндегі арнайы есеп ақпараты тұрақты сақтау мерзіміне жатады.".
4. "Анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған іздестірудегі адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған, хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдарды, туыстарымен байланысын жоғалтқан, өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды, жеке басы анықталмаған мәйiттердi және атқарушылық істер жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, оны пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15639 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған іздестірудегі адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған, хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдарды, туыстарымен байланысын жоғалтқан, өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды, жеке басы анықталмаған мәйiттердi және атқарушылық істер жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
Қағидаларға 1-қосымшада:
9.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9.2 КІРУ МАҚСАТЫ (шетел азаматтары үшін)".
5. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген орган (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органы) – астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттер және оларға теңестірілген департаменттер (әскери, көлік);";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тергеу изоляторы, гауптвахта күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған (сотталған) адамды қамауға алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей әліпбилік есепке алу карточкасының екі данасын және жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың не жеке басын анықтау туралы қаулының көшірмесін қоса бере отырып, 1-дактилоскопиялық картаның екі данасын құрастырады және Комитеттің аумақтық органына жібереді.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған (сотталған) шетел азаматы болып табылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттарына олардың аудармасы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жері, жынысы және басқасы) қоса беріледі.
Шетел азаматы болып табылатын адамның, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда әліпбилік есепке алу карточкасына "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында аталған деректерді қамтитын жеке басты куәландыратын құжаттарына сәйкес оның жеке басын куәландыратын өзге құжат қоса беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжат болмағанда тергеу изоляторы, гауптвахта бес жұмыс күнінен кешіктірмей қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органына сұрау салады жібереді, сот үкімінде қайшы келетін деректер анықталған жағдайда тиісті деректерді нақтылау туралы сұрау салуды үкім шығарған сотқа сол мерзімдерде жібереді.";
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тергеу (анықтау) органының немесе басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) (мемлекеттің) сотының тапсырмасы бойынша күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адам туралы тергеу изоляторы, гауптвахта бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын және қай органның қарамағына жіберілгені, кеткен күні туралы қосымша мәліметтерін көрсете отырып дактилоскопиялық картаның бір данасын ұсынады.
22. Сол әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесінен ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесіне келген адам туралы бес жұмыс күні ішінде сол облыстағы Комитеттің аумақтық органы үшін электрондық хабарлама қалыптастырылады.
Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) сотымен сотталған, сол әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) ҚР ІІМ ҚАЖ-ның мекемесіне жазасын өтеуге келген адамға әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасы құрастырылады және сол әкімшілік-аумақтық бірлік (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) Комитеттің аумақтық органына жіберіледі. Бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттің сотымен сотталған, әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) ҚР ІІМ ҚАЖ-дың мекемесіне жазасын өтеуге келген адамға заңды күшіне енген тағайындалған жаза туралы сот үкімінің және ҚР ҚК-ге сәйкес оның әрекетін саралау туралы Қазақстан Республикасының соты шығарған сот актісінің көшірмелерін қоса бере отырып әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасы құрастырылады және келген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сол әкімшілік-аумақтық бірлік (астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы) Комитеттің аумақтық органына жіберіледі. Бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырылады.
Транзиттік-жөнелтілуші сотталғанға электрондық хабарлама ТО АЕА-да деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін, оның жазаны өтеу орнына келгеннен кейін қалыптастырылады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) сотымен сотталған адамға пробация қызметі бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-дың деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін электрондық хабарлама қалыптастырады және қағаз тасымалдағышта әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын, үкімнің және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Шетел азаматы, азаматтығы жоқ адамда жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда дактилоскопиялық картаға әкімшілік қамаққа алуды қолдану туралы қаулы қоса беріледі.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Қабылдау-тарату белгілі тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды босатқаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына 3-дактилоскопиялық картаның бір данасын ұсынады.
Бір әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында күнтізбелік үш жыл ішінде (1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін) бір адамды дактилоскопиялық есепке алуға қайта қоюға жол берілмейді.
Күнтізбелік жылды есептеу адамның әкімшілік қамаққа алынған немесе қабылдау тарату босатылған күннен бастап жүзеге асырылады.
Бостандығын алдын ала шектеу мерзімі ішінде қабылдау-тарату қызметкерімен расталған жеке басы анықталған адамға арналған дактилоскопиялық картаға жеке басын куәландыратын құжаттың расталған көшірмесі қоса беріледі.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Тұрақты (уақытша) тұрғылықты жерін растайтын құжаттары, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамдар да арнайы есепке алуға жатады.";
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Жеке сот орындаушылары жауапкердің орналасқан жері, бас бостандығынан айыру орны болмаса оның іздестіруде болуы туралы Комитеттің арнайы есепке алуынан ақпарат алу үшін, жеке мөрімен бекітілген, оған нақты атқарушы құжат бойынша жеке сот орындаушының өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесін (қаулы, орындау актісі және басқа) сала отырып, жазбаша түрде сұрау салумен Комитеттің аумақтық органына жүгінеді.
Жеке сот орындаушыларымен алынған Комитеттің мәліметтері Қазақстан Республикасы заңдарымен орнатылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жариялау талаптарын сақтай отырып пайдалануға жатады.
7) тармақшаның мәліметтерін қоспағанда, Комитеттің аумақтық органы жеке сот орындаушыларының сұрау салуларын келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсына отырып, орындайды.
Сұрау салудың келіп түскен күні оның орындалу мерзіміне кірмейді.";
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Есепке алу субъектісінің туған күні мен туған жері, қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейінгі тұрғылықты жері, сондай-ақ қылмыстық қудалау органының атауы қысқартусыз көрсетіледі. Қылмыстық істің нөмірі көрсетілуі тиіс.
Әліпбилік есепке алу карточканың 1-5-тармақтарымен көзделген деректемелер қазақ немесе орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 300-бабымен белгіленген жеке басты куәландыратын құжаттардан толтырылады, бұл ретте олар қазақ тіліндегі ерекше әріптерден тұратын болса, жақшаның ішінде сауалнамалық деректер орыс транскрипциясында мынадай тәртіпте көрсетіледі: Ә-А; Ғ-Г; Қ-К; Ө-О; Ү, Ұ-У; Ң-Н; І-И; Һ-Х.
Егер шетел азаматтарының жеке басты куәландыратын құжаттарында сауалнамалық деректер қазақ және орыс тілдерінен өзге тілде толтырылған болса, әліпбилік есепке алу карточкасына мәліметтер орыс транскрипциясында енгізіледі.
Адамда 1-3-тармақтармен көзделген деректемелердің біреуі жоқ болған жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты) тиісті тармақта "жоқ" деп жазылады.
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жүргізуші куәлігі болған кезде көрсетілген құжаттардағы жоқ (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатында "әкесінің аты" және "туған жері: облыс", ал жүргізуші куәлігінде "туған күні, айы") сауалнамалық деректерді анықтау керек.
Ескерту: Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес күдіктінің, айыпталушының жеке басты куәландыратын құжаты болмаған не жоғалған, оны жоғалтқан жағдайда, оны құжаттауды уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Шетел азаматы болып табылатын айыпталушыда, азаматтығы жоқ, жеке басын растайтын құжаты жоқ адамдарға ерекше жағдайда қылмыстық іске басқа құжат салынуы мүмкін.
Егер құжаттарда әртүрлі деректер анықталса немесе есепке алынатын адамда бірнеше тегі, аты, әкесінің аты болса, онда іс жүргізуіндегі істер (материалдар) бар тергеуші (анықтаушы), тергеу изоляторының, гауптвахтаның әкімшілігі сол қамаудағы адамдардың шын сауалнамалық деректерін анықтау үшін дереу шаралар қолданады.
Сот үкімдерінде қарама-қайшы келетін деректер анықталса, есепке алу құжаттары құрастырылатын мекемелердің әкімшілігі, тиісті мәліметтерді анықтау жөнінде үкім шығарған соттарға сұрау салуларды жібереді.
Тегі, аты және әкесінің аты қосарлы адамдарға екі әліпбилік есепке алу карточкалары құрастырылады, онда кіріс тектерінің орындары ауыстырып жазылады.
Қосарланған аты, әкесінің аты туралы мәліметтер күдік тудырған жағдайда, әліпбилік есепке алу карточкалары осы тәртіпте құрастырылады және дұрыс сауалнамалық деректер анықтау үшін дереу шаралар қолданылады.
Егер қамаудағы (айыпталушы) белгіленген тәртіпте иеленбеген бірнеше тектерді, аттарды, әкесінің аттарын, оның ішінде бұрын сотталған болғандарын атаса, әліпбилік есепке алу карточкасы жеке басты анықтау туралы құжаттың негізінде бір шынайы (тектік) тегі бойынша толтырылады. Басқа ойдан шығарылған тегі, аты, әкесінің аты бойынша әліпбилік есепке алу карточкалары құрастырылмайды.
Тегі тере арқылы жазылатын адамдарға әліпбилік есепке алу карточкасын құрастыруға негіз болған тегі жеке басты куәландыратын құжатқа, сот үкіміне немесе есепке алу құжатты рәсімдеу үшін негіз болған басқа процестік актісіне сәйкес жазылады.
5-тармақта "облыс (қала)", ал шетел азаматтарына қосымша "ел" көрсетіледі.
7-тармақта азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) толтырылуға жатады. Шетел азаматтарына, сондай-ақ ЖСН-і жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына 7-деректемеде "жоқ" деп көрсетіледі.
Қалада тұратын адамдарға әліпбилік есепке алу карточкасының 8-тармағында елді мекеннің, көшенің (шағын ауданның және басқа) аты, үйдің (құрылыстың және басқа және пәтердің (бөлменің және т.б.) нөмірі көрсетіледі. Мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлердің әліпбилік есепке алу карточкасының 8 және 9-тармақтарында әскери қызметке шақырылғанға дейінгі тұрғылықты жері және жұмыс орны көрсетіледі.
Жазасын өтеп жүрген кезде қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарға әліпбилік есепке алу карточкасының 8-тармағында оның сотталғанға дейінгі тұрғылықты мекенжайы, ал 9-тармағында "сотталған" деп жазылады және Қылмыстық атқару жүйесі басқармасы мекемесінің, қоныс аудару мекемесінің және басқалардың мекенжайы көрсетіледі. Бұл ретте, жазасын Қылмыстық атқару жүйесі басқармасында өтеуші адамдарға әліпбилік есепке алу карточканың 12-тармағында "сотталған" деген жазу көрсетіледі.
Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған адамдардың әліпбилік есепке алу карточкасының 12-тармағында адамның тергеу изоляторына, гауптвахтаға қамауға алынған күні көрсетіледі.
Күзетпен ұстаудан өзгеше, бұлтартпау шарасы қолданылған жағдайда "күзетпен қамауға алынды" деген сөздің үстіне қабылданған бұлтартпау шарасы және оны қолдану туралы шыққан қаулының күні көрсетіледі.
Әліпбилік есепке алу карточкасының 13-тармағында ұстап алу хаттамасының құрастырылған күні көрсетіледі.
Әліпбилік есепке алу карточкасының 14-тармағында күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының шығарылған күні көрсетілуі тиіс.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Сауалнамалық деректер, ұсталған күні, процестік шешімдері сотталған (күзетпен қамауға алынған) адам туралы хабарламада әліпбилік есеп карточкасын рәсімдеу ережесіне сәйкес толтырылады.
Адамда хабарламаның 1-3-тармақтарымен көзделген деректемелерінің біреуі жоқ болған жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) хабарламаның тиісті тармағында "жоқ" деп жазылады.
Хабарламаның 4-тармағында туған күні мен жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетілуі тиіс. Шетел азаматтарына, сондай-ақ ЖСН-і жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына 4-деректемеде ЖСН бағанында "жоқ" деп жазылады.";
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Адамдардың сауалнамалық деректері ТО АЕА-ға жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) цифрлық жүйесіне онлайн енгізіледі.
ЖТ МДҚ-да мәліметтері жоқ шетел азаматтарының, сондай-ақ ЖСН жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарының сауалнамалық деректері ТО АЕА-ға жеке басты куәландыратын құжаттар негізінде енгізіледі.
Шетел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарында сауалнамалық деректері қазақ және орыс тілдерінен өзге тілде толтырылса, әліпбилік есепке алу карточкасын толтыру үшін әріптік белгілерін орыс әліпбиіне транслитерация жасау қажет.
Адамда деректемелердің бірі "тегі", "аты", "әкесінің аты" болмаған жағдайда, ТО АЕА-да тиісті тармақ толтырылмай қалады.
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жүргізуші куәлігі болған кезде, көрсетілген құжаттарда жоқ анықтама деректерінің (Қазақстан Республикасы азаматының паспортында "әкесінің аты" және "туған жері: облысы" жоқ, жүргізуші куәлігінде – "туған күні мен айы") нақтылау талап етіледі, тек нақты деректер анықталғаннан кейін ғана мәліметтерді ТО АЕА-ға енгізу қажет.";
көрсетілген Қағидаларға 13-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Баптың саралануына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында сотталған және айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты АЕҚ-ны МАБ-қа жіберуге жатады.".
6. "Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесі осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өңірдің әскери прокуроры, гарнизонның әскери прокуроры, әскери және өңірдің көлік прокуроры, аудан және оған теңестірілген қала, ауданаралық, сонымен қатар мамандандырылған прокуроры лауазымына конкурсты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура) жүргізіледі, Бас әскери прокуратурасы, Бас көлік прокуратурасы, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың прокуратураларының басқарма бастығы лауазымына конкурсты – Бас әскери прокуратурасы, Бас көлік прокуратурасы, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары өткізеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі – ұсынымхат) қоса беріледі.
Бас прокуратура қызметкерлері үшін ұсынымхатқа Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, Бас әскери прокуратурасы, Бас көлік прокуратурасы, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралардың, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкерлері, Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері үшін – прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдарының қызметкерлері үшін – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдардың бастықтары не олардың орынбасарлары қол қояды.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Кандидаттарды тестілеуді Бас прокуратура Бас прокуратураның не әскери және көлік прокуратурасы органдарының, облыс прокуратурасының және оған теңестірілген (астана және республикалық маңызы бар) прокуратурасының тестілеу залында компьютерлік тестілеуге арналған цифрлық жүйеде "Онлайн" режимде қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Тестілеу процесі Прокуратура органдарының бірыңғай көлік ортасының қорғалған байланыс арналары арқылы аудио - бейне хаттама жасай отырып бейне конференция байланысын қолдану арқылы өткізіледі.".
7. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Академия ақылы қызметтер көрсету туралы келісімшарт жасаса отырып "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабымен көзделген тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізеді.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қосымша білім беру бағдарламаларын, оның ішінде шетел азаматтары үшін әзірлеу, іске асыру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қабылдау емтиханына дайындау);";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары талаптарынан тыс жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде ақылы негізде өзге азаматтық жоғары білім беру мекемелері докторанттарының пререквизиттер мен постреквизиттерді тапсыруы, диссертация қорғауы, сондай-ақ шетел азаматтары үшін;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Академия және жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасы, оның ішінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізу бойынша ақы төлеу нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шартпен реттеледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін қаражаты Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларына сәйкес жұмсалады, олар "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген тәртіпте құралады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түскен және жұмсалған ақшаны есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес пайдаланылатын ақшаны есепке алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.".
8. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17930 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы ақылы негізде ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы бұйрықпен бекітілген "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті композиттік тәсілмен осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру", не осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметтерін алған кезде көрсетілетін қызметті алушылармен ұсынылған өтініштер және (немесе) талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алған күннен бастап алуға болады.";
осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет композиттік тәсілмен осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен (бұдан әрі – апостилі бар архивтік анықтама) бірге көрсетіледі.
Апостилі бар архивтік анықтаманы ұсынғаны үшін көрсетілетін қызметті берушіден архивтік анықтаманың дайындығы туралы хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік баж салығы алынады.
Апостилі бар архивтік анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға өтініш береді.
Портал арқылы композиттік тәсілмен көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы композиттік тәсілмен қызметтің нәтижесін қағаз нысанда алу үшін порталда шетел мемлекетінің (композиттік тәсілмен көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну елі) атауын және Мемлекеттік корпорация филиалын қосымша таңдайды.
Композиттік тәсілмен көрсетілетіндер құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімі 13 (он үш) жұмыс күнінен аспайды, оның ішінде:
архивтік анықтаманы дайындау – 8 (сегіз) жұмыс күні;
апостилі бар архивтік анықтаманы дайындау – 5 (бес) жұмыс күні.
Композиттік тәсілмен қызметті көрсету нәтижесі – қағаз жүзіндегі апостилі бар архивтік анықтама не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
10. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерінде:
11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) тағылымдамадан өтушінің жеке және іскерлік қасиеттерін, оның қызметке деген көзқарасын, әріптестерімен және өзге де жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау қабілетін, қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларының, қызметтік және еңбек тәртібінің сақталуын зерделейді.".
11. "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) АДЦЖ – автоматтандырылған дактилоскопиялық цифрлық жүйесі;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ТО АЕА – "Талдау орталығы" цифрлық жүйесінің "Арнайы есепке алу" кіші жүйесі;";
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) цифрлық объектілерінде ақпаратты орналастыру;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сұрау салудың негізінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанында осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, шет елге шығу үшін қағаз жеткізгіште осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Соттылық туралы мәліметтер анықтамада автоматтандырылған цифрлық жүйелерде мәліметтерді енгізу тілінде көрсетіледі.
Сауалнамалық деректер анықтамада "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Егер сұрау салуларды өңдеу барысында өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша шешімдер, адамның босатылуы туралы мәліметтердің ТО АЕА-да болмауы, сондай-ақ осы жеке тұлғаға қатысты қандай да бір мәліметтер ТО АЕА болмастан адамды ұстау не күзетпен ұстау (қамауға алу) туралы мәліметтердің АДЦЖ-да болмауы анықталса, Комитеттің оның аумақтық органдарының қызметкерлері жоқ мәліметтерді анықтау:
тегі бойынша картотекада тиісті әліпбилік есеп карточкасының болуын тексеру;
дактилоскопиялық картотекада қабылданған процестік шешімдердің болуын тексеру;
қылмыстық қудалауды, қылмыстық жазаны орындауды іске асыратын мемлекетік органдарға, арнайы мекемелерге, сот органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік және көші-қон полициясының бөлімшелеріне сұрау салуларды жіберу;
2009 жылғы 22 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше елдерінің Үкімет басшыларымен бекіткен Қылмысқа қарсы күрес саласында ақпарат алмасу туралы келісімге орай Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығына осы іс бойынша сұраудың жолдануы бойынша жұмыстар жүргізеді.
Жоқ мәліметтерді нақтылау бойынша тексерістерді жүргізген жағдайда, арыз берушіге 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін қайта өтініш беру қажеттілігі туралы хабарланатын аралық жауап жіберіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Растайтын құжаттардың негізінде Комитеттің аумақтық органы ТО АЕА-ға растайтын құжаттардың графикалық көшірмелерін сала отырып, тиісті түзету енгізеді.
Жолданымдарды жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнамаға сәйкес Комитет және оның аумақтық органдары қарайды.
Растайтын құжаттар, оларды ұсыну және түзету жөніндегі хат алмасу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген).";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Комитет және оның аумақтық органдары "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсетіледі.";
3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Цифрлық объектілерінде ақпаратты орналастыру";
25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Ақпарат:
1) интернет-ресурсында;
2) "цифрлық үкімет" веб-порталында;
3) мемлекеттік құқықтық цифрлық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарын.
26. Комитеттің және оның аумақтық органдарының интернет-ресурсында ақпарат тиісті бөлімдерінде орналастырылады.
Комитеттің және оның аумақтық органдарының интернет-ресурсын толықтыру "Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 124-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35902 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің интернет-ресурсында жеке тұлғаларға сотпен осы Нұсқаулықтың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды, арнайы есепке алу мәліметтердің жоқтығы туралы, осы Нұсқаулықтың 2-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы есепке алудың көрсетілген мәліметтердің болуы туралы ақпарат беріледі.
27. "Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ақпаратты беруді мынадай жолдармен:
1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес ашық деректердің интернет – порталында орналастыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген);
2) Жеке тұлғаның, сондай–ақ заңды тұлғалардың (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) ЭЦҚ–мен қол қойылған электрондық сұрау салуы негізінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) жолдау.
Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады.
Мәліметтер сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.
Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде мәліметтер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны жіберген уақыттан бастап 15 (он бес) минуттың ішінде жауап беріледі.
Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, ТО АЕА арқылы қалыптастырылған мәліметтер немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады;
3) анықтаманы алу үшін үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуды жолдау.
Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты анықтама сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады.
Анықтама сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.
Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде анықтама оны жіберген уақыттан бастап 10 (он) минуттың ішінде, ал қосымша анықтайтын тексеру қажет болған жағдайларда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде не осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көзделген жауап беріледі.
Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, ТО АЕА арқылы қалыптастырылған анықтама немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады.";
Нұсқаулыққа 1-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа 2-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа 2-1-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа 2-2-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа 3-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа 4-қосымша осы Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
12. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры – тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою бойынша Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдарының (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) қызметкері;
2) прокуратура органдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, әскери және көлік прокуратура органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар;
3) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – СДТБТ) – цифрлық жүйе, онда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің қозғалысы, арыз иелері мен қылмыстық процестің қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында электрондық форматта қылмыстық іс жүргізу жүргізіледі;
4) электрондық қылмыстық іс – қылмыстық қудалау органы бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық себебі бойынша е-ҚІ модулі арқылы электрондық форматта жүргізетін бөлек іс жүргізу;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).".
13. "Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ЦЖ) "Қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және шет елде жазасын өтеп жүрген адамға карточка" атты электрондық ақпараттық есепке алу құжатын (бұдан әрі – карточка) толтыру жолымен, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер оны бекіту күні көрсетіле отырып, қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің көшірмесі негізінде толтырылады, сотталған және шетелде жазасын өтеп жүрген азаматтар туралы деректер айыптау үкімінің (қаулысының) заңды күшіне ену күні көрсетіле отырып, соттың айыптау үкіміне (қаулысына) сәйкес толтырылады.
Шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту не соттау фактісін растайтын құжаттар болмаған фактісі анықталған және осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында жазылған құжаттар негізінде сотталған адамға қатысты мәліметтер енгізілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде соттың айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелерін ҚР СІМ КҚД немесе тікелей тиісті шетелдердегі мекемеден талап ету қажет.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – № 29 Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) нысан бойынша дактилоскопиялық карталар, заңды күшіне енген соттың айыптау үкімдерінің (қаулысының) көшірмелерімен автоматтандырылған дактилоскопиялық цифлық жүйесіне енгізіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Шетелдегі мекемелер жылына бір рет тиісті консулдық округ аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының тізімін ҚР СІМ КҚД-ға жібереді.
Есепке алудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитет жылына бір рет ҚР СІМ КҚД-да шетелдердегі мекемелері ұсынған тізімдік деректерді ЦЖ мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.
Салыстыру нәтижелері актімен ресімделеді, ол 2 данада жасалады және оған ҚР СІМ КҚД және Комитет басшылары қол қояды.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қағаз жеткізгіштердегі растайтын құжаттар тегі бойынша есепке алу бөлімшелерінде олар келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде сақталады, кейіннен ведомстволық архивке сақтауға жіберіледі.
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған және/немесе сотталған және жазасын өтеп жатқан адамдар туралы мәліметтер ЦЖ-да тұрақты сақталады.".
14. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сұрау салудың негізділігі оператор – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (бұдан әрі – ҚСжАЕК) ҚСжАЕК-нің және атқарушылық іс жүргізу органдарының (бұдан әрі – АІО АЦЖ) цифрлық жүйелерінде пайдаланушының іс жүргізуінде осы Қағидалардың 23-тармағын қоспағанда, сұрау салуға бастама жасауға негіз болған материалдардың болуын салыстыру арқылы тексеруге жатады.
6. Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері (бұдан әрі – МО ЦЖ) арқылы электрондық цифрлық ресурстардан мәліметтерді алу МО ЦЖ және ҚАО ААЖ-ны ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылады.
МО ЦЖ және ҚАО ААЖ интеграциясы кезінде Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларының талаптары сақталады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, ҚАО ААЖ-дан алынған цифрлық ресурстармен жұмыс жасауды және оларды қолдануды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдарды (бұдан әрі – лауазымды адамдар) пайдаланушылар органдардың басшылары айқындайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар), сондай-ақ пайдаланушымен бұзған жағдайда көрсетілген осы Қағидаларда көрсетілген талаптар лауазымды адамдар қолжетімділікті бұғаттау, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылық туралы мәселені қарау бойынша шараларды қабылдайды.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Пайдаланушы жұмыстан шығару, лауазымынан шеттетілген жағдайда, лауазымды адам бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде пайдаланушыны бұғаттауға арналған өтінімді ҚАО ААЖ порталы арқылы жібереді.
Арнайы мемлекеттік органды қоспағанда, құқық қорғау және өзге де органның кадр бөлімшесінің цифрлық жүйесімен ҚАО ААЖ интеграциясы болған кезде пайдаланушыны жұмыстан шығару, басқа лауазымға ауыстыру, лауазымынан шеттету туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қылмыстық іс шеңберінде сұрау салу жіберген кезде пайдаланушы, оның ішінде тергеу-жедел топтарының мүшелері ҚСжАЕК-нің цифрлық жүйесі берілген қылмыстық істің нөмірін көрсетеді.";
23, 24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Пайдаланушы сұрау салу жіберген кезінде, ҚСжАЕК-нің цифрлық жүйесімен берілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің нөмірін көрсетеді.
24. Сот органдары қаралып отырған қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген басқа да ерекше жағдайлардың шеңберінде Қазақстан Республикасы сот органдарының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – сот органдарының ЦЖ) ҚАО ААЖ-мен өзара іс-қимылы арқылы ҚАО ААЖ-ның цифрлық ресурстарына қолжетімділікті алады.
25. Сот органдары азаматтық, әкімшілік істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің шеңберінде сұрау салу жіберген кезде, пайдаланушы сот органдарының ЦЖ-да тіркелген азаматтық, әкімшілік істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің нөмірін, есепке алу жылын, шешім қабылдаған сот органын көрсетеді.
26. Іздестіру ісі шеңберінде сұрау салу жіберген кезінде пайдаланушы ҚСжАЕК-нің цифрлық жүйесімен берілген іздестіру ісінің нөмірін көрсетеді.
27. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сұрау салу жіберген кезінде пайдаланушы АІО АЦЖ-нің жүйесімен берілген атқарушылық іс жүргізудің толассыз нөмірін көрсетеді.";
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. ҚАО ААЖ операторы ҚАО ААЖ әкімшілендіруді жүзеге асырады, оның шеңберінде мыналарды:
1) цифрлық технологиялар және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
2) ҚАО ААЖ пайдалануды, сүйемелдеуді, дамуын, мониторингісін жүзеге асыруды;
3) ҚАО ААЖ-нің үздіксіз және тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ қорғалуын;
4) ҚАО ААЖ-де цифрлық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін;
5) ҚАО ААЖ-нің анықталған кемшіліктеріне жедел ықпал етуді және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
35. Пайдаланушылардың тиісінше жұмыс істеуіне, олардың тіркелуіне, сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, ҚАО ААЖ-дан алынған электрондық цифрлық ресурстармен, жұмысты ұйымдастыруға, оларды пайдалануға, киберқауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты ҚАО ААЖ операторының лауазымды адамдарын ҚСжАЕК-нің төрағасы айқындайды.";
Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4-қосымшада:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) техникалық құралдардағы киберқауіпсіздіктің талаптарын сақтау мақсатында Интернетке шығуға қолжетімділікті толық алып тастау.";
Қағидаларға 6-қосымшада:
11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар), сондай-ақ
"Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарды (бұдан әрі – бірыңғай талаптар), сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою Қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Қағидалар).".
15. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау мен оларды жеке қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31715 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулықта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында өтініштерді қарау бойынша осы Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұқсаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасының Қылмысты-Процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқарушылық кодексіне (бұдан әрі – ҚАК), Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК), Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң), басқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және органдарында, ведомстволарында және Қазақстан Республикасы прокуратурасының білім беру мекемелері мен ұйымдарында (бұдан әрі – прокуратураы органдары) өтініштерді қарау мәселесін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;
2) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
3) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе анықталатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
4) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
5) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның құрылымында көзделген бөлімше;
6) бастапқы жолданым, хабар, сұрау салу, үн қосу және ұсыныс – осы прокуратура органында бұрын қаралмаған мәселе жөніндегі жолданым, хабар, сұрау салу, үн қосу және ұсыныс;
7) депутаттың жолданымы (депутаттық жолданым) – депутаттың, Қазақстан Республикасы Құрылтайы лауазымды адамының прокуратура органдарына жіберген депутаттық сауал түрінде ресімделмеген жеке немесе заңды тұлғаның жолданымын, хабарын, ұсыныстарын, үн қосуларын және сұрау салуларын қарауды өтінген, ақпарат беру туралы жолданымы;
8) депутаттық сауал – Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстарында депутаттың әкімшілік органдардың лауазымды адамдарына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Құрылтай сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы;
9) прокуратура органдарына жолданым – прокуратура органына немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс нысанында жіберілген арыз немесе шағым;
10) иесі бүркемеленген жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу – ол бойынша иесін анықтау мүмкін емес және (немесе) арыз иесінің қолтаңбасы, оның ішінде арыз иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу;
11) жолданымның, хабардың, сұрау салудың, үн қосудың, ұсыныстың көшірмесі (бұданг әрі – көшірме) – сол мәселе бойынша бір адамның (немесе адамдар тобының) көшірмесі болып табылатын не бұрын жіберілгенге ұқсас, оның ішінде әртүрлі субъектілерге бағытталған, рәсімделген жолданым, хабар, сұрау салу, үн қосу, ұсыныс немесе өзге нысанда берілген, бірақ бұрын қабылданған шешімді қайта қарау үшін жаңа дәлелдерді, мән-жайларды немесе құқықтық негіздерді қамтиды;
12) қайталама жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу – бір мәселе бойынша бір адамнан екі реттен кем емес келіп түскен алдыңғы жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу бойынша қабылданған шешім шағымдалатын, бұдан бұрын жіберілген жолданымның, хабардың, ұсыныстың, үн қосудың және сұрау салудың уақтылы қаралмағаны туралы, егер келіп түскен уақытынан белгіленген қарау мерзімі аяқталған болса, бірақ арыз иесі жауап алмағаны туралы хабарланатын, алдыңғы жолданымды қараған және шешкен кезде жол берілген басқа да кемшіліктер көрсетілген жолданым, хабар, сұрау салу, үн қосу және ұсыныс;
13) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қатысушы адамдардың, сондай-ақ сотталған адамдардың өтінішхаты (бұдан әрі – өтінішхат) – қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босату, сотталғанға кешірім жасау мәселелері бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы жазбаша нысанда баяндалған өтініш;
14) лауазымды адам – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген адам;
15) сұрау салу – әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші;
16) ұсыныс – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы;
17) үн қосу – әкімшілік рәсімге қатысушының мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі;
18) хабар – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғаны, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабардар етуі;
19) шағым – әкімшілік рәсімге қатысушының өзінің және басқа да адамдардың әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) бұзған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы талабы қамтылатын жолданым нысандарының бірі.";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын.
"5. ӘРПК-да белгіленген әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 4-тармағының талабы қарау тәртібі қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада, сондай-ақ қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларында, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жолданымдар мен хабарларға қолданылмайды.
6. Қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында реттелмеген бөлігінде осы Нұсқаулықтың ережесі қолданылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар, қылмыстық іс бойынша істі жүргізуді жүзеге асыратын әкімшілік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне берілетін шағымдар ҚПК-де, сондай-ақ ҚПК-ні қолдану мәселелері жөніндегі Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаралады.
Жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы жолданымдар мен хабарлар Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметінің заңнамаларына сәйкес қаралады.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Депутаттық сауалдар (оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарының ақталуына байланысты мәселелер бойынша) сауал келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмеген мерзімде қаралады.
Депутаттық сауал бойынша барлық қажетті тексеріс материалдары шешімнің (жауаптың) немесе Қазақстан Республикасы Құрылтайында жасалатын сөз сөйлеудің жобасымен бірге Бас Прокурорға сауалды қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
13. Ұсталған, күзетпен ұсталған және қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдардың жолданымдары мен хабарларын қарау тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамаларымен айқындалады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қағаз жеткізгіштерде келіп түскен жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар және депутаттық сауалдар және қосымша тіркелген құжаттары бар жолданымдар келіп түскен күні тіркеліп, Жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды тіркеу, қарау және есепке алу бойынша цифрлық жүйеге (бұдан әрі – цифрлық жүйе) енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура) Cаll-орталығына келіп түскен жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салулар дереу Цифрлық жүйеде тіркеліп, қарау үшін Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесіне, төмен тұрған прокуратураларда – осы жұмыс жүктелген қызметкерлерге тапсырылады.";
27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) төмен тұрған прокуратураларға, құзыреті бойынша өзге де әкімшілік органдарға және ұйымдарға жіберуге жататын бастапқы жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен (қарау нәтижесі туралы ақпарат жіберуді қажет етпейтін), Қазақстан Республикасы Кұрылтай депутаттарынан, лауазымды адамдарынан (депутаттық сауалдан басқасы), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан, басқа да орталық мемлекеттік және әкімшілік органдардан, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілден, саяси партиялардан келіп түскендер.
Бастапқы жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар Бас прокуратураға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде, арыз иесін жазбаша хабарландыра отырып, төмен тұрған прокуратура органдарына, басқа да әкімшілік органдарға және ұйымдарға қарау үшін жіберіледі;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың Төрағасы, Қазақстан Республикасы Құрылтай Төрағасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауға алған жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) егер Бас прокуратураға жүгінген адам прокуратура органы басшылығының шешімімен (жауабымен) келіспеген болса, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Төрағасының, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорының және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорының не оны алмастыратын адамның шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;";
29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарынан (депутаттық сауалдардан басқасы), Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратынан, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан, басқа да әкімшілік органдардан келіп түскен, олар бойынша қарау нәтижелері туралы ақпарат ұсынуды талап ететін жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Арыз иелерінің жалпы қолжетімді цифрлық жүйелерден келіп түскен және Қазақстан Республикасының Цифрлық кодекстің 62-бабының талаптарына сәйкес келетін жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу қаралуға жатады.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды қарау кезінде лауазымды адам ондағы келтірілген уәждерді жан-жақты, толық және объективті тексеріп, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға және сұрау салуға қатысты нақты мән-жайларды анықтайды және зерттейді. Қажет болған жағдайда әрекеті мен шешімдеріне шағым келтірілген лауазымды және өзге адамдардан түсініктеме алады, әкімшілік істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасы бойынша қажетті материалдарды талап етіп алдырады және зерделейді, әкімшілік іс бойынша шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын дұрыс айқындайды және қолданады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына жүйелі түрде қысым жасау, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорының және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорының тиісті дәрежеде бағаламаған көптеген немесе өрескел заң бұзушылықтар туралы хабарлар, сондай-ақ мемлекеттің, адамдар топтарының және жекелеген азаматтардың мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша үлкен қоғамдық резонансқа ие болған азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар туралы хабарлар тиісті өңірлерге шығуымен тексеріледі.
Осындай хабарлар бойынша тексеріс жүргізу үшін сапарға шығу туралы шешімді алдыңғы тексерістерді, оның ішінде төмен тұрған прокуратуралардың тексеріс материалдарын алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша құрылымдық бөлімше басшысының, оның ішінде төмен тұрған прокуратуралардың уәжделген баянаты негізінде Бас Прокурор не оның орынбасарлары қабылдайды.
Бас Прокурорға енгізілген тексеріс жүргізу үшін сапарға шығу туралы баянат Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарымен келісіледі.
Тексеріс Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары бекіткен тексеру жоспары бойынша жүргізіледі.
Тексеру жоспарына тексерістің атауы, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, тексеріске тартылатын лауазымды адамдар, тексерістің ұзақтығы (басталған және аяқталған күні) көрсетіле отырып енгізіледі.
Тексерістің нәтижелері орындалған іс-шаралар, туындауы мүмкін әлеуметтік салдарлар, енгізілген прокурорлық қадағалау актілері, арыз иелерінің дәлелдері қаралғаны туралы мәлімет не оларды шешуге арналған ұсыныстар көрсетіле отырып, анықтама түрінде ресімделеді.
Бас әскери прокуратурада, Бас көлік прокуратурасында, облыстар прокурорының және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорының ұқсас хабарлар бойынша тексеріс жүргізу үшін аудандық прокуратураларға және оларға теңестірілген прокуратураларға шығу туралы шешімді Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорының және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорының жетекшілік ететін орынбасарларымен келісілген құрылымдық бөлімшелер басшыларының баянаты негізінде Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорының және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорының қабылдайды.";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Бас Прокурордың орынбасарлары, Бас Прокурор Аппаратының басшысы:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Құрылтай Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің бақылауына алынған;
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілерінен, кеңесшілерінен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарларынан, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларынан келіп түскен, қарау нәтижелері туралы ақпарат жіберуді талап ететін;
Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлар шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ прокуратураның ведомствосы, мекемелері және білім беру ұйымы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорының және оған теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорының шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы;
Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлардың шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;
Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы бұдан бұрын шешім (жауап) шығарған алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға қатысты;
оларды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
олардың жеке қабылдауынан келіп түскен;
әкімшілік актіні қабылдау туралы;
осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;
3) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы не оларды алмастыратын адамдар:
Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, Бас әскери прокуратурасы, Бас көлік прокуратурасы, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратураларының басшылығы шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшылары, Бас әскери прокуратурасы, Бас көлік прокуратурасы облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралар басшылығы орынбасарларының шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы;
Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, Бас әскери прокуратурасы, Бас көлік прокуратурасы, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралар басшылығы шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;
әкімшілік әрекетті жасау туралы;
әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын төмен тұрған прокуратура органының басшылығына жіберу туралы;
әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларынан, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысынан, Құрылтай депутаттарынан (депутаттық сауалдардан басқасы), Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылымдық бөлімшелері басшыларынан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты алқаларының төрағаларынан, саяси партиялардың басшыларынан келіп түскен, қарау нәтижесі туралы ақпарат беруді талап ететін;
оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жолданымдарды, хабарларды қоспағанда, бағынышты қызметкерлердің шешімдеріне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру туралы;
сотқа дейінгі тергеп-тексеріс заңдылығының сақталуын қадағалау саласында қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған;
әкімшілік актіні қабылдау туралы;
хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың және өтінішхаттың мәні бойынша жауап, оның ішінде ақпарат беру туралы;
әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;
қараусыз қалдыру туралы;
назарға алу туралы жолданымға, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға және өтінішхатқа;
осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;";
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) прокуратура ведомстволарының, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлар немесе оларды алмастыратын адамдар:
ведомстволар басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлардың орынбасарлары шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне), оның ішінде бұдан бұрын олардың орынбасарларының қойылған қолымен шешім (жауап) шығарылған алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға және сұрау салуларға байланысты мәселелер бойынша шағым жасау туралы;
ведомстволар басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлардың орынбасарлары шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;
оларды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;
әкімшілік әрекетті жасау туралы;
әкімшілік актіні қабылдау туралы;
әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарынан (депутаттық сауалдан басқасы), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, Бас прокуратурадан, басқа да орталық мемлекеттік органдардан келіп түскен, қарау нәтижесі бойынша ақпарат жіберуді талап ететін;
Комитетінің аумақтық органдарының басшылары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бұдан бұрын шешім (жауап) енгізілген алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға және сұрау салуларға және өтінішхаттарға қатысты;
осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;
6) прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдары басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлардың орынбасарлары, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитет басқармаларының бастықтары жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады:
прокуратура ведомстволары, білім беру мекемелері мен ұйымдары басшыларының, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлардың орынбасарлары, ведомстволар басқармаларының бастықтары жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады:
әкімшілік әрекетті жасау туралы;
әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын төмен тұрған прокуратура органының басшылығына жіберу туралы;
әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;
прокуратура ведомстволарының, білім беру мекемелері мен ұйымдарының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралардың, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың бағынысты қызметкерлерінің шешімдеріне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру туралы, қанағаттандырудан бас тартылған хабарларды қоспағанда;
қараусыз қалдыру туралы;
хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың және өтінішхаттың мәні бойынша жауап, оның ішінде ақпарат беру туралы;
әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;
назарға алу туралы;
осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), өзге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында, білім беру мекемелері мен ұйымдарында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ішкі істер органдарының ғимараттарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) жеке тұлғаларды қабылдауды мекемелердің ғимараттарына ілінетін бекітілген кесте бойынша кезекші прокурорлар жүргізеді, кейін прокуратура органдарының Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі – БАТЖ) жүргізілген қабылдау туралы мәліметтер тіркеліп, жүгінген адамның және қабылданған шаралардың деректері көрсетіледі.
7. Шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құпияны қорғау бойынша Нұсқаулық талаптарына, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 6 мамырдағы № 11 қбп және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 29 сәуірдегі № 75 қбп (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15218 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымының әкімшілік ғимараттарындағы өткізу және ішкі объектішілік режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезінде аудармашы қатысады.
Шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау кезінде берген жолданымдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары қабылдауды елді мекендерге шығу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жүргізе алады.
Кезекші прокурорлар ішкі істер органдарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) жеке тұлғаларды қабылдауды кемінде аптасына бір рет жүргізеді.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурордың әрекеттері "Азаматтарды қабылдау орталығы" автоматтандырылған жұмыс орны" (бұдан әрі – "АҚО" АЖО) цифрлық жүйесінде, сонымен қатар БАТЖ-да тіркеледі.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Қабылдаудан келіп түскен жолданымдар сканерден өткізіледі және прокуратура органдарының БАТЖ-да тіркеледі. Жолданымдарға "жеке қабылдаудан" деген белгі қойылады.".
16. "Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуына тексеріс тағайындау және жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау қағидалары осы Тізбеге 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тексерістерді, заңдылықтың жай-күйін талдауды және күшіне енген актілерді бағалауды тағайындау және жүргізу Конституциялық заңның 18, 19, 20 және 21-баптарында, сондай-ақ осы бұйрықта айқындалады.
Талап етілетін мәліметтерді, материалдарды, істерді және цифрлық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті алу кезінде прокурор дербес деректердің және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын және қорғалуын, оның ішінде заңсыз таратылудан сақтауды және қорғауды қамтамасыз етеді.
Әскери прокурорлар да сұратылған мәліметтер мен оларды жеткізгіштердің, оның ішінде әскери объектілер құрылысының егжей-тегжейін ашатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Орталық мемлекеттік органдарға және олардың ведомстволарының атына жазылған прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін облыс прокуроры және оларға теңестірілген прокурор (астана, республикалық маңызы бар қала) (бұдан әрі – облыс прокуроры және оларға теңестірілген прокурор) Бас әскери және Бас көлік прокурорларын қоспағанда, Бас прокуратура арқылы енгізеді.
Облыс прокуроры мен оларға теңестірілген прокурор орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының атына жіберген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін Бас прокуратурамен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен (бұдан әрі – ИҚҚК) келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.
8. Қадағалау және ден қою актілерін енгізген кезде, сондай-ақ оларға жауап алған кезде прокурор электрондық ақпараттық есепке алу құжатында қамтылған мәліметтердің анықтығы мен толықтығын, олардың Бас прокуратураның цифрлық жүйелеріне уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қадағалау мен ден қоюдың заңсыз және негізсіз актілерін енгізуге жол берілмейді.
Прокурорлар қадағалау және ден қою актілерін, сондай-ақ сот тәртібімен заңсыз деп танылған не жоғары тұрған прокурор күшін жойған, кері қайтарып алған, тоқтата тұрған немесе өзгерткен актілерін орындау үшін қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерін есепке алуды жүргізеді.
Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ИҚҚК Төрағасы, Бас әскери және көлік прокурорлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, аудандық көлік прокурорлары, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар не олардың міндеттерін атқаратын адамдар қадағалау және ден қою актілері енгізіліп, оларға жауап алынғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Бас прокуратураның деректер банкін толықтыруды қамтамасыз етеді,.
Бас әскери және көлік прокуратуралары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар актілерді жарамсыз деп тану себептеріне талдау жүргізеді.
Талдау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпарат Бас прокуратураға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
12. Прокурорлар мемлекеттік органдар қабылдайтын тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың заңдылығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олардың қолданылғаны туралы прокурордың уақтылы хабардар етілуін тиісінше қадағалауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұндай хабарламаны талап ететін іс-әрекеттер жүргізгені туралы прокурорға хабарламау немесе уақтылы хабарламау фактілері анықталған кезде кінәлі лауазымды адамдарды заңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу қажет.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Прокурорлық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында Бас прокуратурада, ИҚҚК, Бас әскери және көлік прокуратураларында, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда заңдылықтың жай-күйін болжау, төмен тұрған прокуратуралардың қызметін және прокурорлық практикасын талдау үшін жұмыс аймақтық-тақырыптық қағидат бойынша ұйымдастырылады.
Тақырыптық қағидат бойынша жұмыс прокурорға жекелеген құқықтық қатынастардың (тақырып бағыттары) саласын бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Бекітілген құқықтық қатынастар салалары бойынша прокурор заңдылықтың жай-күйіне, прокурорлық қадағалауға жүйелі түрде талдау жүргізеді, осы саладағы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, қадағалау қызметінің нысандарын, әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Тақырыптық бағыттар қадағалауға алынған өңірдегі заңдылықтың жай-күйіне және ерекшеліктеріне, қандай да бір азаматтық-құқықтық даулардың таралуына сүйене отырып айқындалады.
Аймақтық қағидат прокурорға нақты өңірді (облысты, қаланы, ауданды) бекіту арқылы заңдылықтың жай-күйін тұрақты талдау және осы өңірдегі прокуратура органдарының қызметіне мониторинг жүргізу, олардың қадағалау және ден қою актілерін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ИҚҚК Төрағасы, Бас әскери және көлік прокурорлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар тексерістер, заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, жолданымдарды қарау кезінде басқа өңірлерінің прокурорларымен ақпарат алмасу, жекелеген тапсырмаларды орындау, прокуратуралардың қызметкерлері мен мамандарын бөлу арқылы тікелей және жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Прокурормен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, тексеру жүргізу туралы шешімдерді, сотқа талап қоюларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуға шағым жасау қағидалары осы бұйрықпен бекітілген Тізбеге 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
17. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31871 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалар бойынша ақшалай ризық мына:
1) прокуратура органдарының жүйесінде (бұдан әрі – прокуратура органдары ) штаттық лауазымдарға ие;
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алатын қызметкерлерге төленеді.
Прокуратура органдарының қарамағына қабылданған қызметкерлерге соңғы лауазымы бойынша ақшалай ризық сақталады.
Прокуратура органдарының кадрларында қалдырыла отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына, өзге де мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге ақшалай ризық және өзге де төлемдер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына, өзге де мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға прокуратура органдарының кадрларында қалдырыла отырып іссапарға жіберілген қызметкерлерге ақшалай жәрдемақыны олар іссапарға жіберілгенге дейін штатында болған органдар төлейді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Кету кезінде ақшалай аттестат қызметкердің ақшалай ризықты төлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдер бойынша берешегі себебінен берілмеген жағдайларда, сондай-ақ кету парағы ұсынылмаған жағдайда прокуратура органдарының қаржы бөлімшесі бұл аттестатты қызметкер берешекті өтегеннен және кету парағын бергеннен кейін кеткен адамның жаңа қызмет орны бойынша жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы Тізбеге 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
18. "Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32156 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комитеттің аумақтық органы карточкаларды журналда тіркейді.
Комитеттің аумақтық органы карточка келіп түскен сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде дұрыс толтырылуы мен деректемелердің түгелдігін тексереді және карточканың графикалық көшірмесін, актінің және адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін сала отырып карточканы Комитеттің цифрлық жүйесіне енгізуді жүргізеді.
Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка одан кейінгі бірінші жұмыс күні енгізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Комитеттің аумақтық органы хабардың 1 (бір) данасын және актінің өзгеруін немесе күшінің жойылуын растайтын материалдардың 1 (бір) данасын Комитетке жібереді, ол Комитеттің арнайы есепке алудың мәліметтеріне түзету енгізуіне негіз болады.
Комитет хабардың және актінің өзгеруін немесе күшінің жойылуын растайтын материалдардың келіп түскен сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Комитеттің цифрлық жүйесінде тиісті түзетуді жүргізеді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Электрондық құжат нысанындағы талаптар (бұдан әрі – электрондық талаптар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес рәсімделеді.
Талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады, тексерілетін адамның сауалнамалық деректерінің біреуі болмаған жағдайда тиісті деректеме толтырылмайды. Туған жылы, күні, айы және туылған жері толық көрсетілуге жатады. Егер туған күні, айы белгісіз болса, онда тиісті бағанға "00" жазбасы жазылады.
Тексерілетін адамның жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда мәліметтер "Жеке тұлға" Мемлекеттік деректер банкі арқылы толтырылады.";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қағаз тасымалдағыштағы талаптар 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады. Электрондық талаптар 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ал қосымша тексеру жүргізу қажет еткен жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады.
Жергілікті әскери басқару органдарының қағаз тасымалдағыштағы талаптар мемлекеттік цифрлық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.
Талаптардың Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен күні оны орындаудың мерзіміне кірмейді.
Егер электрондық талаптарды өңдеу барысында тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұрау салулар жібере отырып, қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, сұрау салудың бастамашысына аралық жауап жіберіледі, онда 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін электрондық талапты қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады.
26. Тексеру нәтижелері № 29 Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөр қоя отырып талаптарда көрсетіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба қойылған, цифрлық жүйелер арқылы жіберілген электрондық талаптар бұларға қосылмайды.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Комитет және оның аумақтық органдары ұсынған мәліметтерді сұрау салулардың бастамашылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолдануы тиіс.".
19. "Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 11 қазандағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тексеруді тағайындау туралы қаулы өзінің меншігінде, пайдалануында, иелігінде және (немесе) бақылауында актив болатын (болған) субъектіге және (немесе) оның үлестес тұлғасына не заңды тұлғаның басшысына активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның іс жүргізу жөніндегі цифрлық жүйесі арқылы жіберіледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен немесе оның орынбасарларымен келісім бойынша, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған прокуратура органдары ведомствосының, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдарының, облыстардың прокуратураларының және оларға теңестірілген (астана мен республикалық маңызы бар қалалардың), аудандық және оларға теңестірілген (қала, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған.";
) прокуратуралардың қызметкерлерін тексеру жүргізуге тарта алады
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заңдылық пен қоғамдық тәртіпке, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы негіздері мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қайтымсыз салдарлардың туындауына қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, тексерілетін активтің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді.";
29-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) активтерді қайтаруға байланысты талап қоюлар беруге бастама жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асыру туралы;";
30-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) цифрлық үкімет жүйесіндегі жеке кабинет арқылы беру тәсілдері болып табылады.".
20. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38533 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 65 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал), цифрлық үкімет" мобильді қосымшасы арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес "Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттар қоса берілген осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру туралы өтініш береді.";
1-тармақтың жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушының тыңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет композиттік тәсіл бойынша "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен бірге осы бұйрыққа 2-қосымшаға (бұдан әрі – композиттік тәсіл бойынша қызмет) сәйкес көрсетіледі.
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру туралы өтініш портал арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы жіберіледі.
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті және (немесе) мәліметтерді алған күннен бастап композиттік тәсіл бойынша көрсетілетін қызметтердің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік баж алынады.
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баж төлемі "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮЦШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы композиттік тәсіл бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық өтінім берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қағаз нысанында композиттік тәсіл бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін порталда шетел мемлекетінің (композиттік тәсіл бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну елі) атауын және Мемлекеттік корпорация филиалын қосымша таңдайды.
Композиттік тәсіл бойынша қызметті көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні, оның ішінде:
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама дайындау-5 (бес) жұмыс күні;
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамаға апостиль қою – 5 (бес) жұмыс күні.
Композиттік тәсіл бойынша қызметті көрсету нәтижесі-апостиль мөртаңбаны қойылған қағаз нысанындағы соттылықтың болуы не болмауы тураы анықтама (бұдан әрі – апостилі бар анықтама) не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Композиттік тәсіл бойынша көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған кезде, апостилі бар анықтаманы беру туралы өтініш беріледі. "Прокуратура органдарынан тергеу және анықтау орандарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек қосымша ұсынылады.";
1-тармақтың отыз төртінші абзацы осы Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың1-тармақтың отыз алтыншы абзацы осы Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың елу үшінші абзацы осы Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың елу тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал), "цифрлық үкімет" мобильді қосымшасы арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының архивтері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш береді.";
1-тармақтың сексен екінші абзацы осы Тізбеге 17-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру туралы сұрау салуды осы Қағидалардың 1-қосымшасына Осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) ережелеріне сәйкес нысан бойынша "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал), "цифрлық үкімет" мобильді қосымшасы арқылы береді.";
1-тармақтың жүз сегізінші абзацы осы Тізбеге 18-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне |
|
| 1-қосымша | |
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесі
1. Өңірдің әскери прокуроры, гарнизонның әскери прокуроры, әскери және өңірдің көлік прокуроры, аудандық және оған теңестірілген (қала, ауданаралық, сонымен қатар мамандандырылған) прокурорлар.
2. Бас әскери прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының, облыс прокуратураларының және оған теңестірілген (астана және республикалық маңызы бар) прокуратуралардың басқарма бастығы.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілген |
Ақылы негізде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясымен ұсынылатын қызметтерге тауарлардың бағасы (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)
1-тарау. Қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қабылдау емтихандына дайындау), оның ішінде шетел азаматтар үшін
№ | Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы |
Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігі үшін баға (теңгемен), дейін |
1. | 1 адамға арналған шет (ағылшын) тілін оқыту курстары, | академикалық сағат/ 1-ден 100 адамға дейін | 4300 |
академиялық сағат/ 100-ден 500 адамға дейін | 3800 | ||
академиялық сағат/ 500 адам және одан жоғары | 3300 | ||
2. | 1 адамға арналған шет (қазақ) тілін оқыту курстары | академиялық сағат/ 1-ден 100 адамға дейін | 4300 |
академиялық сағат /100-ден 500 адамға дейін | 3800 | ||
академиялық сағат/ 500 адам және одан жоғары | 3300 | ||
3. | 1 адамға Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары, оның ішінде шетелдіктер үшін, сондай-ақ түсу емтихандарына дайынды | академиялық сағат /1-ден 100 адамға дейін | 4300 |
академиялық сағат /100-ден 500 адамға дейін | 3800 | ||
академиялық сағат /500 адам және одан жоғары | 3300 | ||
4. | Симуляциялық тренингті ұйымдастыру және өткізу | адам /іс-шара | 25000 |
2-тарау. Ғылыми зерттеулер және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды жүргізу
№ | Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы (теңге), дейін |
5. | Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстары | адам/сағат | ҰҒК шешіміне сәйкес* |
6. | Бағдарламалық – мақсатты қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары | адам/сағат | ҰҒК және ЖҒТК шешімімен* |
7. | Құқықтық саладағы зерттеулер | адам/сағат | тараптардың келісімі бойынша шартқа сәйкес |
8. | Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу | адам/сағат | тараптардың келісімі бойынша, шартқа сәйкес, |
3-тарау. Оқу –әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу
№ р/с | Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін баға |
9. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 100 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 3200 |
10. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 101-ден 120 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 4200 |
11. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 121-ден 140 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 5200 |
12. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 141-ден 160 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 6300 |
13. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 161-ден 180 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 7300 |
14. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 181-ден 200 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 8400 |
15. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 202-ден 220 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 9400 |
16. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 221-ден 240 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 10400 |
17. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 241-ден 260 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 11500 |
18. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 261-ден 280 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 12500 |
19. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 281-ден 300 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 13600 |
20. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 300-ден 320 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 14600 |
21. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 321-ден 340 бетке дейін 1 кітап | дана | 15600 |
22. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 341-ден 360 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 16700 |
23. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 361-ден 380 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 17700 |
24. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 381-ден 400 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 18800 |
25. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 401-ден 420 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 19800 |
26. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 421-ден 440 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 20800 |
27. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 441-ден 460 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 21900 |
28. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 461-ден 480 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 22900 |
29. | А4 форматты жұмсақ мұқабада, 481-ден 500 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 24000 |
30. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 100 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 2100 |
31. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 101-ден 120 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 2600 |
32. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 121-ден 140 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 3200 |
33. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 141-ден 160 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 3700 |
34. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 161-ден 180 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 4200 |
35. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 181-ден 200 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 4700 |
36. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 201-ден 220 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 5200 |
37. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 221-ден 240 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 5800 |
38. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 241-ден 260 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 6300 |
39. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 261-ден 280 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 6800 |
40. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 280-ден 300 бетке дейін 1 кітап | дана | 7300 |
41. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 301-ден 320 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 7800 |
42. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 321-ден 340 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 8400 |
43. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 341-ден 360 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 8900 |
44. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 361-ден 380 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 9400 |
45. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 381-ден 400 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 9900 |
46. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 401-ден 420 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 10400 |
47. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 421-ден 440 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 11000 |
48. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 441-ден 460 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 11500 |
49. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 461-ден 480 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 12000 |
50. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 481-ден 500 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 12500 |
51. | А4 форматты, 60 бетке дейінгі 1 журнал | дана | 1600 |
52. | А4 форматты, 61-ден 100 бетке дейінгі 1 журнал | дана | 2100 |
53. | А5 форматты, 50 бетке дейінгі 1 журнал | дана | 1100 |
54. | А5 форматты, 51-ден 70 бетке дейінгі 1 журнал | дана | 1900 |
55. | А5 форматты, 71-ден 100 бетке дейінгі 1 журнал | дана | 2600 |
56. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 50-бетке дейінгі 1 оқу-әдістемелік құрал | дана | 1600 |
57. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 51-ден 70 бетке дейігңн 1 оқу-әдістемелік құрал | дана | 2600 |
58. | А5 форматты жұмсақ мұқабада, 71-ден 100 бетке дейінгі 1 оқу-әдістемелік құрал | дана | 3700 |
59. | А4 форматты қатты мұқабада, 100 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 4700 |
60. | А4 форматты қатты мұқабада, 101-ден 120 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 5800 |
61. | А4 форматты қатты мұқабада, 120-ден 140 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 6800 |
62. | А4 форматты қатты мұқабада, 141-ден 160 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 7800 |
63. | А4 форматты қатты мұқабада, 161-ден 180 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 8900 |
64. | А4 форматты қатты мұқабада, 181-ден 200 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 9900 |
65. | А4 форматты қатты мұқабада, 200-ден 220 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 11000 |
66. | А4 форматты қатты мұқабада, 221-ден 240 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 12000 |
67. | А4 форматты қатты мұқабада, 241-ден 260 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 13000 |
68. | А4 форматты қатты мұқабада, 261-ден 280 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 14100 |
69. | А4 форматты қатты мұқабада, 281-ден 300 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 15100 |
70. | А4 форматты қатты мұқабада, 301-ден 320 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 16200 |
71. | А4 форматты қатты мұқабада, 321-ден 340 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 17200 |
72. | А4 форматты қатты мұқабада, 341-ден 360 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 18200 |
73. | А4 форматты қатты мұқабада, 361-ден 380 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 19300 |
74. | А4 форматыа қатты мұқабада, 381-ден 400 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 20300 |
75. | А4 форматты қатты мұқабада, 401-ден 420 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 21400 |
76. | А4 форматты қатты мұқабада, 421-ден 440 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 22400 |
77. | А4 форматты қатты мұқабада, 441-ден 460 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 23400 |
78. | А4 форматты қатты мұқабада, 461-ден 480 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 24500 |
79. | А4 форматты қатты мұқабада, 481ден 500 бетке дейінгі 1 кітап бетке дейінгі | дана | 25500 |
80. | А5 форматты қатты мұқабада, 100 бетке дейінгі гі 1 кітап | дана | 2900 |
81. | А5 форматты қатты мұқабада, 100 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 3400 |
82. | А5 форматты қатты мұқабада, 121-ден 140 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 3900 |
83. | А5 форматты қатты мұқабада, 141-ден 160 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 4450 |
84. | А5 форматты қатты мұқабада, 161-ден 180 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 5000 |
85. | А5 форматты қатты мұқабада, 181-ден 200 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 5500 |
86. | А5 форматты қатты мұқабада, 201-ден 220 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 6000 |
87. | А5 форматты қатты мұқабада, 201-ден 240 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 6500 |
88. | А5 форматты қатты мұқабада, 241-ден 240 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 7500 |
89. | А5 форматты қатты мұқабада, 261-ден 280 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 7550 |
90. | А5 форматты қатты мұқабада, 281-ден 300 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 8100 |
91. | А5 форматты қатты мұқабада, 301-ден 320 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 8600 |
92. | А5 форматты қатты мұқабада, 321-ден 340 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 9100 |
93. | А5 форматты қатты мұқабада, 341-ден 360 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 9650 |
94. | А5 форматты қатты мұқабада, 361-ден 380 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 10150 |
95. | А5 форматты қатты мұқабада, 381-ден 400 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 10700 |
96. | А5 форматты қатты мұқабада, 401-ден 420 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 11200 |
97. | А5 форматты қатты мұқабада, 421-ден 440 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 11700 |
98. | А5 форматты қатты мұқабада, 441-ден 460 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 12250 |
99. | А5 форматты қатты мұқабада, 461-ден 480 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 12750 |
100. | А5 форматты қатты мұқабада, 481-ден 500 бетке дейінгі 1 кітап | дана | 13300 |
101. | А5 форматты қатты мұқабада, 50 бетке дейінгі 1 оқу-әдістемелік құрал | дана | 2350 |
102. | А5 форматты қатты мұқабада, 51-ден 70 бетке дейін 1 оқу-әдістемелік құрал | дана | 3400 |
103. | А5 форматты қатты мұқабада, 71-ден 100 бетке дейінгі 1 оқу-әдістемелік құрал | дана | 4450 |
104. | Өлшемі 218*270, жылтыр мелованған қағазда, термобекітумен, көлемі 40 беттен тұратын 1 журнал | дана | 2300 |
105. | Өлшемі 218*270, жылтыр мелованған қағазда, термобекітумен, көлемі 120 бетке дейінгі тұратын 1 журнал | дана | 5200 |
4-тарау. Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары талаптарынан тыс жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде ақылы негізде өзге азаматтық жоғары білім беру мекемелері докторанттарының пререквизиттер мен постреквизиттерді тапсыруы, диссертация қорғауы, сондай-ақ шетел азаматтары үшін.
№ | Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін баға |
106. | Магистратура (профильді) | академиялық жыл | 1500000 |
107. | Магистратура (ғылыми-педагогикалық) | академиялық жыл | 1500000 |
108. | Докторантура (ғылыми-педагогикалық), шетелдік тағылымдаманы ескерусіз | академиялық жыл | 1500000 |
109. | Пререквизиттер мен постреквизиттерді тапсыру, басқа азаматтық жоғары оқу орындарының докторанттарының диссертацияларын қорғауы | Академиялық сағат | 10000 |
5-тарау. Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, курстардың, тренингтердің, дөңгелек үстелдердің материалдарын іске асыру, сондай-ақ аталған іс-шараларды ұцымдастыру, өткізу (оның ішінде қашықтан өткізу) немесе осындай іс-шараларға дәрісші ретінде қатысу.
№ | Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін баға |
110. | Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, курстардың, тренингтердің, дөңгелек үстелдердің материалдары. | материал/іс-шара | 2600 |
111. | Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, курстардың, тренингтердің, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру, өткізу немесе осындай іс-шараларға дәрісші ретінде қатысу. | адам/іс-шара | 2600 |
Ескерту:
1. ҰҒК* – Ұлттық ғылыми кеңес, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабының 4 бөлігіне сәйкес ҰҒК Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
2. ЖҒТК** – Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-бөлігі және 37-бабының 1-бөлігіне сәйкес ЖҒТК (байқау рәсімдерінен тыс қоса алғанда), бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
3. тарауда көрсетілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) м2- тығыздығы 80 грамм стандартты парақтарда, дайындалады және орындалады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) __________________________________________________________________ (туған күні/дата рождения) __________________________________________________________________ (туған жері / место рождения)
20___ жылғы "___"_________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.
По состоянию на "__" ________ 20__ года судимости не имеет / имеет.
(форматтың мөлшері А 4) (размер формата А 4)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Соттылықтың болуы не болмауы туралы АНЫҚТАМА СПРАВКА о наличии либо отсутствии судимости ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________________________________________ (туған жылы / дата рождения) ___________________________________________________________________ (туған жері / место рождения)
20___ жылғы "___" _________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.
По состоянию на "___" ________ 20___ года судимости не имеет / имеет.
Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.
Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
Соттылықтың болуы не болмауы туралы АНЫҚТАМА СПРАВКА о наличии либо отсутствии судимости __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________________________________________ (туған жылы / дата рождения) _____________________________________________________________________________________________ (туған жері / место рождения)
20___ жылғы "___" _________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.
По состоянию на "___" ________ 20___ года судимости не имеет / имеет.
Осы анықтама шет елге шығу үшін беріледі.
Настоящая справка выдается для выезда за границу.
Бастығы _______________________________________________________
Начальник _______ _____________________________________________
(форматтың мөлшері А 4) (размер формата А 4)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ИНФОРМАЦИЯ о наличии/отсутствии сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде мәліметтердің болу/болмауы туралы АҚПАРАТ ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) ________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)
20___ жылғы "___" ______ жағдайы бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде тұрғаны туралы мәліметтер жоқ. по состоянию на "___" "________" 20___ года сведений о нахождении на специальном учете лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными, не имеется.
Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.
Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ИНФОРМАЦИЯ о наличии/отсутствии сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде мәліметтердің болу/болмауы туралы АҚПАРАТ ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)
20___ жылғы "___" ______ жағдайы бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде төмендегідей мәліметтер бар:
соттың атауы:
сот шешімінің күні:
іс №:
сотпен танылған: әрекетке қабілетсіз (әрекетке қаблеттілігі шектеулі)
по состоянию на "___" "________" 20___ года имеются следующие сведения о нахождении на специальном учете лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно
дееспособными:
наименование суда:
дата решения суда:
дело №:
признан судом:
недееспособный (ограниченно дееспособный)
Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.
Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
Әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы МӘЛІМЕТТЕР СВЕДЕНИЯ о привлечении к административной ответственности ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________________________________________ (туған жылы / дата рождения) ___________________________________________________________________ (туған жері / место рождения) 20___ жылғы "___" ______ жағдай бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтер жоқ/бар: по состоянию на "___" ________ 20___ года сведений о привлечении к административной ответственности не имеется /имеются:
Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.
Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
Құқықтық статистикалық ақпараттың электрондық жинақтарының тізбесі
№ | Құқықтық статистика ақпараттар жинақтарының атауы | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы | Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі | Қазақстан Республикасының Конституциялық соты | Қазақстан Республикасының Құрылтайы | |||||||
Басшы | Бас прокуратура Аппараты | Қызмет | Құқық қорғау академиясы | Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті | ||||||||
Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау | Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау | Қоғамдық мүдделерді қорғау | Cотқа дейінгі тергеп-тексеру | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
1 | Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық және құқық қорғау органдары мен соттардың қызмет нәтижелері туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
3 | Есірткі құралдарының, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, олардың аналогтарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||||
4 | Қазақстан Республикасыда соттарының жұмыстары туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
5 | Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалау органдарының қызмет нәтижелері туралы | 7 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
6 | Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалаудың жағдайы туралы | 7 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
кестенің жалғасы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты | Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі | Қазақстан Республикасының Жоғары Соты | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг бойынша агенттігі | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі | Қазақстан Республиксының Мемлекеттік күзет қызметі |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Сервистерге қолжетімділік құқықтары
№ | Сервистердін атауы | Қылмыстық іс | Әкімшілік іс/ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (Сот); | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (ҚСжАЕК) | Азаматтық іс | Атқарушылық іс жүргізу (4 нысан) | Іздестіру ісі |
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
2. | "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
3. | "Жылжымайтын мүлік регистрі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
4. | "Жер учаскесі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
5. | "Көлік құралдары" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
6. | "Тіркелген қару" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
7. | "Теміржол көлігі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
8. | "Шағын өлшемді және өзен кемелері" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
9. | "Теңіз кемелері" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
10. | "Ауылшаруашылық техникасы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
11. | "Зейнетақы аударымдары" деректер базасы1 | + | +қиылған | +қиылған | +қиылған | + | + |
12. | "Мүгедектік" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
13. | "Әлеуметтік көмек" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
14. | "Еңбек нарығы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
15. | Тұлғалардың ХҚКО-дан алған қызметтері туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + |
16. | "Арнайы есепке алу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
17. | "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
18. | "Атқарушылық іс жүргізу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
19. | "Сот органдарының" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
20. | "Сот карточкалары" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
21. | "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
22. | "Талаптар" | + | + | + | + | + | + |
23. | "Криминалдық автокөлік" деректер базасы | + | + | + | + | ||
24. | "Криминалдық қару" деректер базасы | + | + | + | + | ||
25. | "Жол-көлік оқиғаларының есебі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
26. | Мемлекеттік қызметкерге сұрау салу | + | + | + | + | ||
27. | Халықты құжаттау жүйесінен сурет | + | + | + | + | + | + |
28. | Халықты құжаттау жүйесінің 1-нысаны | + | + | + | + | + | + |
29. | "Жүргізуші куәлігі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
30. | "Е-Нотариат" деректер базасы | + | + | + | + | ||
31. | "Тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
32. | "Азаматтық хал актілерін жазу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
33. | Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + | + | + | + | + | + |
34. | Шетел азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + | + | + | + | + | + |
35. | "Салық төлеушілердің" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
36. | Салық берешегі туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + |
37. | Қарсы тексерулер туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
38. | ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
39. | Салық есептілігі туралы мәліметтер (СЕТМ) 2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
40. | Контрагенттер бойынша мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
41. | "Е-лицензиялау" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
42. | "Электрондық мемлекеттік сатып алулар" деректер базасы | + | + | + | + | + | |
43. | "Сыртқы экономика қызметіне қатысушылар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
44. | "Жолаушылар кедендік декларациялары бойынша мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
45. | "Көлік құралына декларациялар бойынша мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
46. | "Шетелдік жұмыс күші" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
47. | "Монополистер туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
48. | "Жер қойнауын (көмірсутегі шикізаты) пайдалануға келісімшарттар туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | |
49. | "Жер қойнауын (қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары) пайдалануға келісімшарттар туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | |
50. | "Тексерулерді есепке алу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
51. | Бюджетке түсімдер туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + |
52. | "Қазақстан теміржолы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
53. | "Қазақтелеком" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
54. | "Тергеуден/анықтаудан жасырынғандар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
55. | "Хабар-ошарсыз жоғалғандар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
56. | "Борышкерлер және жауапкерлер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
57. | "Шетелдік жұмысшылардың бұзулары" деректер базасы | + | + | + | + | + | |
58. | Жылжымайтын мүлікке тыйым салу | + | + | ||||
59. | Заңды тұлғаға (филиал, өкілдік) тыйым салу | + | + | ||||
60. | Жеке тұлғаның қатысуына тыйым салу | + | + | ||||
61. | Көлік құралдарына тыйым салу | + | + | ||||
62. | Шетел азаматтарын елден шығару рәсімін бақылау | + | + | + | + | + | + |
63. | Мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушыларын тексеру | + | + | + | + | + | + |
64. | Мекенжайлар мен байланыс телефондарын іздеу | + | + | + | + | + | |
65. | Мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтер | + | |||||
66. | Техникалық байқаудан өту | + | + | + | + | + | |
67. | Жер учаскесіне ауыртпалық салу/алу | + | |||||
68. | Пошта жіберілімдері | + | |||||
69. | ЖОО-лардың студенттері мен түлектері туралы мәліметтер | + | + | + | |||
70. | Этил спиртінің және/немесе шарап материалының өндірісі және айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
71. | Алкоголь өнімінің өндірісі және айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
72. | Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
73. | Мұнай өнімдері жөніндегі декларация туралы мәліметтер (2-нұсқа)2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
74. | Мұнай өнімдері жөніндегі декларация туралы мәліметтер (3-нұсқа)2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
75. | Жеке тұлғаны диспансерлік есепке алу туралы мәліметтер (Д-есепке алу туралы) | + | + | + | + | + | |
76. | Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетел азаматтарын тіркеу | + | + | + | + | + | + |
77. | Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында тұрақты мекендеуге рұқсаттарды тіркеу және беру; | + | + | + | + | + | + |
78. | Шетел азаматтарына жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру | + | + | + | + | + | + |
79. | Қазақстан Республкасының аумағынан тұрақты мекендеуге шығуға құжаттарды рәсімдеу | + | + | + | + | + | + |
80. | Қазақстан Республкасынан жеке істері бойынша шығуға шақыруды рәсімдеу | + | + | + | + | + | + |
81. | Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға шекара маңы аймақтарына шығуға өткізу қағазын беру | + | + | + | + | + | + |
82. | 1-деңгейдегі өзара байланыстар | + | |||||
83. | 2-деңгейдегі өзара байланыстар | + | |||||
84. | "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі | + | + | + | + | + | + |
85. | Сотталғандар туралы мәліметтер (ҚАЖК) | + | + | ||||
86. | Интерпол – "Криминалдық автомотокөлік құралдары" деректер қоры | + | + | ||||
87. | Интерпол – "Іздестіріліп жатқан қылмыскерлер, оның ішінде террористер, хабар-ошарсыз жоғалғандар және жедел есепте тұрған адамдар" деректер қоры | + | + | ||||
88. | Интерпол – "жымқырылған/жоғалған құжаттары" деректер қоры | + | + | ||||
89. | Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | |
90. | Банктік шоттардың және олардағы ақша қаражатының болуы | + | |||||
91. | Бірінші кредиттік бюроның кредиттік тарихы туралы мәліметтер | + | |||||
92. | Мобильді азаматтар базасы | + | + | + | |||
93. | Ресімделген және (немесе) броньға қойылған авиабилеттер туралы мәліметтер | + | + |
Ескертпе:
1Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталық (бұдан әрі – ЗТМО) қиылған сервисі – ЗТМО түсімдерінің мөлшерін көрсетпей;
2Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сервистері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-тарауының баптары бойынша қолжетімді.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 11-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрыққа 1 қосымша |
Прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуына тексеріс тағайындау және жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуына тексеріс тағайындау және жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 17, 18, 19, 20 және 21-баптарына сәйкес әзірленді және оларды өткізудің тәртібін айқындайды.
2. Заңдылықтың сақталуын тексеру (бұдан әрі – тексеріс), заңдылықтың жай-күйін талдау (бұдан әрі – талдау) және күшіне енген актілерді бағалау (бұдан әрі – актілерді бағалау) прокуратура органдарының жоғары қадағалау нысандары болып табылады және Конституциялық заңның 4-бабында көзделген міндеттерді іске асыру мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Тексеріс тағайындау және жүргізу
3. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттің қорғаныс және әскери қауіпсіздігі саласындағы, көлік және көлік инфрақұрылымы саласындағы ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінде заңдылықтың сақталуына тексерісті прокурор Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, заңдарында және осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен тағайындайды және жүргізеді.
4. Тексерісті тағайындау үшін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) тапсырмалары;
3) Бас Прокурор орынбасарларының, Бас әскери прокурорының және Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорларының (бұдан әрі – облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар), аудандық, қалалық, ауданаралық, мамандандырылған прокурорлардың (бұдан әрі – аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар), сондай-ақ өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорларының, өңірдің көлік прокурорларының шешімдері, Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген;
4) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕК) төрағасының, ҚСжАЕК-нің аумақтық органдары бастықтарының шешімдері негіз болады;
5) Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Төрағасының шешімі (бұдан әрі – ИҚҚК).
5. Осы Қағидаларда әскери және көлік прокуратурасы органдарының, ҚСжАЕК, оның аумақтық және теңестірілген органдарының (бұдан әрі – аумақтық орган), ИҚҚК басшылары деп тиісінше:
1) Бас әскери прокурор, Бас әскери прокурордың орынбасарлары, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
2) Бас көлік прокуроры, Бас көлік прокурорының орынбасарлары, өңірлік көлік прокурорлары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
3) ҚСжАЕК төрағасы, ҚСжАЕК төрағасының орынбасарлары, ҚСжАЕК аумақтық органдарының бастықтары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар түсініледі.
4) ИҚҚК Төрағасы, ИҚҚК Төрағасының орынбасарлары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша тексерістерді прокурор меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымдарда тағайындайды және жүргізеді.
7. Бас Прокурор орынбасарларының, Бас әскери және көлік прокурорларының, ИҚҚК Төрағасының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорларының, аудандық көлік прокурорларының, өңірлік және оларға теңестірілген прокурорлардың шешімдері бойынша тексерістер:
1) физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өздерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың;
2) кәмелетке толмаған адамдардың;
3) шектелмеген адамдар қатарының;
4) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алу үшін қажет болса, адамдардың, қоғам мен мемлекеттің;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың мүддесі үшін мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, квазиамемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдары тарапынан олардың қызметіне араласу фактілері бойынша құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін тағайындалады және жүргізіледі.
Физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де жағдайларға байланысты құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдарға:
ағзаның қалыпты жұмыс істеуден ауытқуына байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдар;
өмірлік қиын жағдайдағы, сондай-ақ арнаулы ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде ерекше ұстау режимі бар, арнаулы бейімдеу, оңалту, оқыту және әлеуметтік оңалту орталықтарындағы адамдар;
психикалық қызметінің бұзылуымен сипатталатын аурулардың халықаралық жіктемесіне сәйкес аурулар тобына жатқызылған психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулары) бар адамдар;
заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар;
өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын өзге де адамдар жатады.
Кәмелетке толмағандар деп он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамдар, оның ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар, өмірлік қиын жағдайдағы балалар, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимдегі білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, білім берудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайлары қамтамасыз етілген оқу-тәрбие мекемелерінде жүрген балалар түсініледі.
Шектелмеген адамдар қатары деп жеке белгісіз адамдар тобы немесе олардың сандық құрамын алдын ала анықтау мүмкін емес немесе қиындық тудыратын құқықтық қатынастарға қатысушылардың көптігі түсініледі.
Адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптар деп, егер олар адам мен азаматтың денсаулығына, өміріне зиян келтірсе не зиян келтіруі мүмкін болса, ұлттық қауіпсіздікке (қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық) қатер төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса, құқықтық актіні қабылдау не әрекет (әрекетсіздік) жасау түсініледі.
8. ҚСжАЕК және оның аумақтық органдары, ИҚҚК тексерістерді Конституциялық заңда, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңы) және басқа да Қазақстан Республикасының заңдарында, Президент актілерінде белгіленген олардың құзыреті шегінде жүргізеді.
9. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың қызметіндегі тексерістер Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмалары болған кезде не олармен келісім бойынша ғана тағайындалады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне, инвесторлар Бас Прокурордың келісімі бойынша тексеріс жүргізу үшін Бас әскери және көлік прокурорлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар не олардың міндеттерін атқаратын адамдар Бас прокуратураның атына тиісті өтінішхат (қызметтік жазба) жолдайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді келісу туралы өтінішхатқа (қызметтік жазбаға):
Бас Прокурордың орынбасары, ИҚҚК Төрағасы, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Бас әскери және көлік прокурорлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар не олардың міндеттерін атқаратын адамдар қол қояды.
Жеке кәсіпкерлік субъектісін, инвесторларды тексеруді келісу туралы өтінішхатты (қызметтік жазбаны) жіберу үшін:
егер бұл орны толмас зардаптардың не адамдардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатердің алдын алу үшін қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
шектелмеген адамдар қатарының, кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өздерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері;
прокуратура органының негізгі тексерісі шеңберінде қарсы тексеріс жүргізу не Бас прокуратураның тапсырмасын (тапсырылатын істі) орындау қажеттілігі негіз болып табылады.
Өтінішхат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, ал қосымша ақпарат талап етілген кезде – он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
10. Тексеріс жүргізу туралы қаулыны Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ҚСжАЕК-ның басшысы және оның аумақтық органының, ИҚҚК, әскери және көлік прокуратурасы органдарының басшысы, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор, облыс прокурорының және оларға теңестірілген прокурордың орынбасары, аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор не олардың міндеттерін атқаратын адамдар шығарады.
Тексеріс жүргізу туралы қаулыда:
1) прокуратура органының нөмірі, күні, атауы, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы, тексерістің негіздері;
2) тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы немесе оған қатысты тексеріс тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);
3) тексерістің нысанасы (тақырыбы);
4) тексеру және оған тартылатын өзге де органдар мен ұйымдардың мамандары, ғалымдар, сарапшылар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде шетелдік ұйымдар туралы мәліметтер;
5) тексеріс жүргізу мерзімі (заңда көзделген күндер саны);
6) тексерілетін кезең;
7) тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
8) қаулыға қол қоюға уәкілетті адамның қойылан қолы көрсетіледі.
11. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және қылмыстық атқару заңнамасы, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнама, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамаларды қоспағанда, тексеріс жүргізу туралы қаулы тексеріс басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі мемлекеттік органда тіркеледі.
Тексеріс қажеттілігі Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмаларынан туындаған жағдайда, адамның өмірі, денсаулығы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері үшін орны толмас салдардың, инвесторлардың құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті жаппай бұзуды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерді болғызбау мақсатында тексеріс жүргізу туралы қаулыны тіркеу тексеріс басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі мемлекеттік органда жүргізіледі.
Тексеріс жүргізу туралы қаулы тексеріс объектісіне келген сәтте танысу үшін тексерілетін субъектіге тапсырылады не іс жүргізу жөніндегі Бас прокуратураның цифрлық жүйесі арқылы жіберіледі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі мемлекеттік органда тексеріс жүргізу туралы қаулыны тіркеу туралы мәліметтер объектіге келген сәтте не ол тіркелгеннен кейін келесі жұмыс күні ішінде беріледі.
12. Тексерісті тексеріс жүргізу туралы қаулыда көрсетілген адамдар ғана жүргізеді.
Тексерісті жүргізетін адамдардың құрамы, тексерістің нысанасы мен кезеңі тексерісті тағайындаған прокурордың не оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша өзгертіледі (толықтырылады).
Тексеріс нысанасын не кезеңін өзгерту (толықтыру) туралы шешім мынадай:
тексерілетін мәселелердің, Қазақстан Республикасының заңнама салаларының не тексерілетін кезеңнің тізбесін өзгертпей (толықтырусыз) тексерілетін субъект қызметіндегі заңдылықтың жай-күйін бағалау мүмкін болмаған;
жоғары тұрған прокуратураның тапсырмасы бойынша;
тексеріс нысанасына не кезеңіне жатқызылмаған заңдылықты бұзушылықтың айқын фактілерін анықтау;
кінәлі лауазымды адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қойыла отырып, тексеріс жүргізу туралы қаулыны қалыптастыру немесе тіркеу кезіндегі қателіктерге байланысты жағдайларда шығарылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне, инвесторға қатысты тексеріс нысанасын не кезеңін өзгерту (толықтыру) туралы шешім осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіпте Бас Прокурормен келісіледі.
13. Тексеріс жүргізу мерзімі оны жүргізу туралы қаулы тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күннен кем емес мерзімді құрайды.
Қосымша материалдарды талап ету қажет болған кезде, сондай-ақ тексерістің едәуір көлеміне байланысты оны жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Тексеріс жүргізу мерзімін тексеріс тағайындау туралы қаулы шығарған адам не оны алмастыратын адам ұзартады.
14. Тексеріс мынадай жағдайларда:
сараптама тағайындалған жағдайда - сарапшының қорытындысын алғанға дейін;
шет мемлекеттерден, мемлекеттік органдардан, меншік нысанына қарамастан мекемелерден және өзге де ұйымдардан мәліметтер мен құжаттарды алу қажеттілігі жағдайында – оларды алғанға дейін;
тексерісті жүргізуге кедергі келтіретін (тексеріске қатысатын адамның науқастануы, форс-мажорлық мән-жайлар, жүргізілетін тексеріс нысанасына қатысы бар адамдарды іздестіру, тексеріс субъектісі қаулыны тапсырудан жалтару не тексерілетін объектіге кіруге рұқсат бермеуі, процестік әрекеттер жасау, тексеріс жүргізу немесе қорытынды беру туралы талаптар жіберу) – жағдайларды жойғанға дейін тоқтатылуы мүмкін.
Тоқтатыла тұрған тексерісті жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
15. Тексеріс жүргізуді ұзартқан, тоқтата тұрған және қайта бастаған, тексерушілердің құрамы, тексеріс нысанасы не кезеңі өзгерген жағдайларда, дәлелді қаулы шығарылып, ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі мемлекеттік орган және тексерілетін субъект хабардар етіледі.
Тексеріс мерзімі ол аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұзартылады.
16. Қажет болған жағдайда, қорытындылар беру үшін тексеруге қатысуға өзге органдар мен ұйымдардың мамандары, ғалымдар, сарапшылар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде шетелдік ұйымдар тартылады.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ғалымдары, сарапшылары мен мамандары прокурордың тиісті органдарға, мекемелерге не ұйымдарға жолданған талаптары бойынша тартылады.
Өзге де органдар мен ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды, сарапшыларды, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тарту тәртібі Қазақстан Республикасының кодексіне не Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Прокурордың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде, сондай-ақ прокурордың заңды қызметіне кедергі келтіру қаупі болған кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексерісті жүзеге асыратын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тексеріске тартылуы мүмкін.
17. Тексеріс барысында тексерісті іске асыру үшін маңызы бар Қазақстан Республикасы заңнамасының жасырын бұзушылықтарын анықтау үшін өзге мүмкіндіктер болмаған кезде, жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру қажеттілігі туралы мәселе шешіледі.
Қаулыда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу негіздері, алынған нәтижелерді ұсыну нысаны мен мерзімдері көрсетіледі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қаулының жобасы осы прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесінің басшысымен келісіледі.
Аталған қаулыларды есепке алуды жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімше жүргізеді.
18. Жүргізілетін тексеріс шеңберінде сараптаманы арнайы ғылыми білімді талап ететін және оны тағайындамай тексерісті іске асыру мүмкін болмаған жағдайларда прокурор тағайындайды.
Сараптама тағайындау туралы қаулыны Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің, ИҚҚК Төрағасы, оның орынбасарлары, бірінші басшылары, әскери және көлік прокуратурасы органдарының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар не олардың міндеттерін атқаратын адамдар шығарады.
Сараптама тағайындау туралы қаулыда:
1) сараптама тағайындаған органның атауы;
2) сараптама тағайындалған уақыты, орны;
3) сараптама түрі;
4) сараптама тағайындау негіздемелері;
5) сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпараттар, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді болуы мүмкін толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат беру;
6) сот сараптама органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
Маманның қорытындысында қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы не сотқа арыз беруге негіз болып табылатын мән-жайлар туралы тұжырымдар болған кезде, прокурорлық тексеріс материалдары бойынша сараптама Қылмыстық-процестік кодекс (бұдан әрі – ҚПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК), Азаматтық процестік кодекс (бұдан әрі – АПК), Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – ӘРПК) шеңберінде жүргізіледі.
19. Тексеріс барысында прокурор:
1) мыналарды:
тексеріс жүргізу үшін қажетті ақпаратты, материалдар мен құжаттарды, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, атқарушылық іс жүргізулерді;
қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің, атқарушылық іс жүргізулердің ақпараттарына, мәліметтеріне және құжаттарына, қадағалау іс жүргізулеріне және өзге де материалдарға, сондай-ақ құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелері мен ресурстарына қолжетімділікті талап етуге және алуға құқылы.
Талап етілетін материалдарды, істерді алған кезде және цифрлық жүйелер мен ресурстарға қол жеткізгенде, прокурор дербес деректердің және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қорғалуын, оның ішінде заңсыз таратудан сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді;
2) мыналарды:
тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды, негіздемелер болған кезде және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен заңсыз актінің толық немесе ішінара қолданылуын тоқтата тұруды;
уәкілетті органдардан тексеріс жүргізуді және олардың нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеуді;
тексеріс объектісіне, тексерілетін аумаққа, тексеріс нысанасына байланысты мүлікке, цифрлық жүйелер мен ресурстарға, ақпаратқа, материалдар мен құжаттарға қолжетімділікті;
3) лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін шақыруды және жүргізілетін тексеріс мәселелері бойынша түсініктемелер алуды;
4) қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында тіркеудің, өлшеудің, сынамаларды іріктеудің техникалық құралдарын қолдануды;
5) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және өзге де заңдарында белгіленген өзге де өкілеттіктерді іске асыруды талап етуге құқылы.
20. Прокурордың өзге органдар мен ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды, сарапшыларды бөлу, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тарту, мәліметтер мен істерді талап етіп алдыру туралы талаптарына Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ҚСжАЕК және оның аумақтық органдарының, ИҚҚК Төрағасы, әскери және көлік прокуратурасы органдарының, олардың орынбасарлары, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, аудандық прокурор және оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар, тексерісті тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамдар не олардың тікелей басшылары қол қояды.
Тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою, заңсыз актінің толық немесе ішінара қолданылуын тоқтата тұру қажет болған жағдайда прокурордың талаптарына Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің, прокуратура органдары ведомствосының және оның аумақтық органдарының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының басшысы, олардың орынбасарлары, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, аудандық прокурор және оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар қол қояды.
Соттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді беруі туралы прокурордың талаптары ҚПК-ге, АПК-ге, ӘРПК-ге, ӘҚБтК-ге сәйкес жіберіледі.
Уәкілетті органдарға жіберілетін тексеріс жүргізу туралы талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, ИҚҚК Төрағасы, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, олардың орынбасарлары, әскери және көлік прокуратурасы органдарының басшысы, облыс прокуроры және оларға теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, аудандық прокурор және оған теңестірілген прокурор не олардың міндеттерін атқаратын адамдар қол қояды.
Өңірдің және гарнизонның әскери прокуроры, өңірлік көлік прокуроры, аудандық прокурор және оларға теңестірілген прокурор жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвестордың қызметіне тексеріс жүргізу туралы, оның ішінде қадағалау және ден қою актілерінде көрсетілген талаптарды облыс прокурорларымен және оған теңестірілген прокурорлармен, бас әскери және көлік прокурорларымен талап қоюды жіберудің орындылығы негіздемесін келтіре отырып келісілгеннен кейін жібереді.
21. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне, ұлттық қауіпсіздікке нақты не әлеуетті қатер төну фактілерінің алдын алу мақсатында тексеріс жүргізу шеңберінде қадағалаудағы аумақтағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының шиеленісуінің алдын алу не болдырмау үшін прокурор лауазымды адамның актісін немесе әрекетін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Актіні немесе лауазымды адамның әрекетін тоқтата тұру туралы қаулы дереу орындалуға тиіс.
22. Тексеріс жүргізу кезінде прокурор тексерілетін субъект/объект, құжаттар, материалдар, үй-жайлар, тексерілетін субъект/объект қызметінің процесі туралы нақты ақпарат жинау, сондай-ақ заңдылықты бұзу фактілерін растау үшін қолда бар техникалық құралдарды қолданады.
Нақты ақпаратты жинау тексерілетін субъектіні міндетті түрде хабардар ете отырып, тексеріс барысында заңдылықтың жай-күйін объективті бағалау үшін маңызы бар фото-бейнетүсірілім, өлшемдерді, көшірмелерді, сынамаларды алу, бақылау сатып алу және өзге де тіркеу жолымен жүзеге асырылады.
"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолдану үшін арнайы рұқсат талап етілетін арнайы техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.
Прокурордың заңды қызметіне кедергі келтірген, бұзушылық жасаған не заңдылықтың бұзылғанын растайтын фактілерді тіркеу қажет болған жағдайларда адамның келісімінсіз оның дербес фото-бейнетүсірілімін жүргізуге жол беріледі.
23. Жүргізілетін тексеріс мәселелері бойынша лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін шақыруды және олардан түсініктемелер алуды тексеріс тағайындау туралы қаулыда көрсетілген прокурор не оның басшысы жүзеге асырады.
Прокурордың жүргізілетін тексеріс шеңберіндегі талаптарын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, олардың лауазымды адамдары орындауға міндетті.
24. Тексеріс жүргізу кезінде:
жол берілген заңдылықты бұзушылықтардың себептері мен шарттары айқындалады;
заңдылықты сақтау проблемалары (құқықтық және ұйымдастырушылық) және олардың жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға әсері анықталады;
мемлекеттік және уәкілетті органдардың, меншік нысанына қарамастан, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының және бұзушылықтардың алдын алуға немесе болдырмауға жауапты өзге де адамдардың қызметі бағаланады.
Тексерістің тақырыбына қарамастан, оны жүргізу туралы қаулыда нысанасы ретінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату, құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың қолданылуы (егер тексерілетін орган немесе ұйым құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектісі болып табылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі өкілеттіктерге ие болса), мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың (тексеріс нысанасы бойынша) құқықтық актілерінің заңдылығы көрсетіледі.
25. Тексеріс аяқталғаннан кейін тексеріс нәтижелері туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) жасалады, онда:
1) анықтаманы жасау күні мен орны, тексерістің негіздері;
2) тексерілетін субъектінің атауы, тексеріс нысанасы (тақырыбы) ;
3) тексеріс тақырыбы бойынша жалпы мәліметтерді (статистика, тексерілетін субъектінің іске асырған іс-шаралары, игерілген бюджет қаражаты туралы мәліметтер, сот актілерін орындау практикасы немесе тексеріс мәні бойынша басқа да мәліметтер);
4) тексеріс мәні (тақырыбы) бойынша заңдылықтың сақталуын бағалауды (анықталған бұзушылықтардың мәні, уәкілетті органдардың әрекетсіздігінің себептері, мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің заңдылығы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, құқық бұзушылық профилактикасы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың сақталуы және басқа да мәліметтер);
5) заңдылықты бұзушылық жасауға ықпал еткен себептерді талдауды;
6) анықталған заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюдың тетіктерін;
7) тексеріс нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды (қадағалау және ден қою актілері, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық ету, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар, басқа да шаралар);
8) тексеріс жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қойылған қолын қамтиды.
Анықтама тексерілетін субъектіге тексеріс аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде табыс етіледі. Тексеріліп жатқан субъектінің басшысы (өкілі) анықтаманы алғаны не алудан бас тартқаны туралы мәліметтер оны тапсыру сәтінде көрсетіледі.
Анықтамаға қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект оларды анықтама тапсырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша ұсынуға құқылы.
26. Тексеріс нәтижелері бойынша мынадай:
1) Конституциялық заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу туралы;
2) тексеріс нәтижелерін талқылай отырып, кеңестер өткізу туралы;
3) ақпараттық хаттар жіберу туралы;
4) осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген тәртіппен тексеріс жүргізу туралы талаптар;
5) материалдарды қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге, оның ішінде фактілерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) тіркеу туралы шешім қабылдау үшін беру туралы;
6) материалдарды Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі – АЕК) тіркеу және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген өзгеде да шаралар туралы;
7) Бас Прокурордың алдында Қазақстан Республикасының Конституциялық және (немесе) Жоғарғы Сотына жүгіну туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімдер қабылданады.
Кейінге қалдыруды талап етпейтін жағдайларда осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6) және 7) көзделген шешімдерді прокурор тексеріс аяқталғанға және оның қорытындылары шығарылғанға дейін қабылдауы мүмкін.
27. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі тексерістер Конституциялық заңда, ӘҚБтК-де және "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
28. Прокурорлар жеке тұлғалардың бостандығын шектеуге байланысты конституциялық құқықтарының сақталуының, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп күдікті адамдарды, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың үй-жайларындағы және жеке бас бостандығын, сондай-ақ сақталуын шектейтін өзге де орындардағы адамдарды жеткізудің, ұстаудың, сондай-ақ оларға қатысты қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны орындау кезінде, оның ішінде мамандандырылған мекемелерде қамаққа алуды өтеу кезінде жеке тұлғалардың құқықтарының сақталуының заңдылығына тексерістер жүргізеді.
Бұл тексерістер осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес бейнежазба құрылғыларын қолдана отырып, жүргізілуі мүмкін.
Тексеріс барысында құқық қорғау органдарында келушілерді электрондық есепке алу туралы цифрлық жүйеге (1-Д) жеткізудің негізділігі, адамның сонда болу мерзімдерін сақтау мәселесі бойынша мониторинг жүргізіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеткізілген және ұсталған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдағыштар мен өзге де үй-жайларға, сондай-ақ гауптвахталарға бару кезеңділігі соттардың келіп түскен қаулыларын, жолданымдарды және басқа да материалдарды талдау негізге алына отырып айқындалады.
Заңсыз жеткізу, ұстау немесе қамаққа алу фактісі бойынша жолданым келіп түскен кезде және ұсталған адамдар мен қамаққа алынған адамдардың құқықтарының бұзылуы туралы жеткілікті деректер болған жағдайда тексеріс дереу жүргізіледі.
Тексерістерді прокурорлар орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
29. Тексеріс барысында ӘҚБтК-нің 50, 58, 60, 786-789-баптарында көзделген іс жүргізу мерзімдері мен жеткізуге, ұстауға және қамаққа алуға қолданылатын талаптар ескерілуге тиіс.
ӘҚБтК-нің 14-бабының 4-бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган (лауазымды адам) судьяның қаулысында көзделген мерзімнен артық заңсыз ұсталған, әкелінген, жеткізілген немесе әкімшілік қамаққа алынған адамды дереу босатады.
30. Негізсіз жеткізу, ұстау немесе қамаққа алу, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың үй-жайларында және олардың жеке бас бостандығын шектейтін өзге де орындарда заңсыз орналастыру және (немесе) заңсыз ұстау фактісі анықталған жағдайда прокуратура қызметкері өз қаулысымен заңсыз ұсталған адамды босатады, сондай-ақ бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту үшін өзге де шаралар қолданады.
3-тарау. Талдау
31. Талдау прокурорлардың субъектілерге (объектілерге) бармастан, статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерін зерделеуі арқылы жүргізеді.
Талдау жүргізу Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің, ИҚҚК, әскери және көлік прокуратурасы органдары басшысының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, аудандық және оған теңестірілген прокурордың, сондай-ақ олардың орынбасарларының не олардың міндеттерін атқаратын адамдардың басшылығымен тақырыптық-толассыз топқа тапсырылуы мүмкін.
Прокуратура органдарының ведомствосы Конституциялық заңда, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңында және басқа да Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізеді.
32. Талдау заңдылықтың жай-күйін бағалау мақсатында нақты мәселе немесе құқықтық қатынастар және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнама саласы бойынша жүргізіледі.
33. Прокурорлар тоқсан сайын кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша талдау жүргізеді.
Нәтижелер мен қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлер, инвесторлар құқықтарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпарат бизнеске әкімшілік қысымды төмендету жөніндегі нақты ұсыныстармен бірге Бас прокуратураға және ИҚҚК тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
34. Прокурорлар жарты жылда бір рет мынадай:
1) бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігі;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (оның ішінде мемлекеттік) сатып алуды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану;
4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнаманы, Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы қолдану;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары тарапынан олардың қызметіне араласу фактілері бойынша ауызша (оның ішінде прокуратура органдарының жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар шеңберінде келіп түскен) және жазбаша жолданымдарын қарау мәселелері бойынша талдау жүргізеді.
Нәтижелер мен қабылданған шаралар туралы ақпарат Бас прокуратураға жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
35. Прокурорлар жылына кемінде бір рет:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе өмірлік қиын жағдайдағы, оның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да осыған ұқсас мекемедегі балаларды асырап алу кезінде заңдылықтың сақталуына;
2) мінез-құлық ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу тиімділігіне бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына;
3) мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қолдауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының (оның ішінде инклюзивті білім беру) қолданылуына;
4) мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына, оның ішінде:
әлеуметтік қорғалу, оның ішінде оңалту, қоғаммен араласу;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі;
ақпаратқа қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі;
білім, қызмет түрін, оның ішінде еңбек қызметін еркін таңдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек;
кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасу;
Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге ие болу құқықтарының қолданылауына талдау жүргізеді.
Талдау нәтижелері туралы ақпарат олардың жүргізілуіне қарай Бас прокуратураға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
36. Әскери прокуратура органдары әскери қауіпсіздік саласындағы құқықтық қатынастардың ерекшелігін ескере отырып, жылына кемінде бір рет:
1) әскери мүлікті, оның ішінде қару мен оқ-дәрілерді қамтамасыз ету және олардың айналымы;
2) жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету;
3) диверсияға қарсы және терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйі;
4) Мемлекеттік шекараны күзету;
5) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуді жүзеге асырады.
Бас әскери прокурор нәтижелер мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас прокуратураға тиісінше 25 маусым мен 25 желтоқсанға дейін ұсынады.
37. Көлік прокуратурасының органдары ерекшелікті ескере отырып жылына кемінде бір рет:
1) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) жолаушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (оның ішінде мемлекеттік) сатып алуды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының;
5) теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельсті және магистральдық құбыр көлігі, ғарыш қызметі саласындағы меншік нысанына қарамастан квазимемлекеттік сектор субъектілері мен өзге де ұйымдар қызметінің заңдылығы мәселелері бойынша талдау жүргізуді жүзеге асырады.
Бас көлік прокуроры нәтижелер мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас прокуратураға тиісінше 25 маусым мен 25 желтоқсанға дейін ұсынады.
38. Талдау қадағалау аумағындағы тұрақты негізде жүзеге асырылатын жағдайды мониторингілеу (бақылау) не прокуратура органдары әртүрлі ақпарат көздерінен алған заңлдылықтың бұзылуы туралы мәліметтер мен деректер, оның ішінде жолданымдар, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдар мен мекемелерден талап етілген ақпараттар, құжаттар мен өзге де материалдар негізінде, сондай-ақ сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың, жоғары тұрған прокуратураның тапсырмалары бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ талдау мәселелердің өзектілігіне, бағыттардың басымдығына не өңірдің ерекшеліктеріне қарай Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, ҚСжАЕК және оның аумақтық органдарының басшылары, ИҚҚК Төрағасы, Бас әскери және көлік прокурорлары, облыс прокуроры және оларға теңестірілген прокурорлар, облыс прокурорының орынбасары және оған теңестірілген прокурор не олардың міндеттерін атқаратын адамдар бекіткен жылдық немесе тоқсандық жоспар негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы талдау Бас Прокурордың бұйрықтарында көзделген мониторинг пен салыстырып тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
39. Талдау жүргізуге Бас Прокурормен, Бас Прокурордың орынбасарымен, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура органдары және оның аумақтық органдары ведомствосының, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдарының басшысымен, облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурормен, олардың орынбасарларымен, аудандық және оларға теңестірілген прокурормен не олардың міндеттерін атқаратын адамдармен келісілген баянат бойынша бастамашылық жасалады.
Баянатта:
1) баянат берілген күні, берген адамның, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және лауазымы;
2) талдау мәні (тақырыбы);
3) дәлелді негіздер;
4) талдау кезеңі;
5) талдау жүргізу мерзімі;
6) талдау жүргізуге тартылатын прокуратура органдарының органдары, ведомстволары мен мекемелері (талдау тақырыптық-толассыз топқа тапсырылған жағдайда) көрсетіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өңірдің және гарнизонның әскери прокуроры, өңірлік көлік прокуроры, аудандық және оларға теңестірілген прокурор бастамашылық еткен талдау бір мезгілде Бас әскери және көлік прокурорларын, облыс прокурорын және оған теңестірілген прокурорды хабардар ете отырып жүргізіледі.
Жоғары тұрған прокурор төмен тұрған прокурорлардың заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуін тоқтатуға құқылы.
40. Талдау барысында мынадай мәліметтер:
1) статистикалық деректер;
2) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат туралы ақпарат;
3) халықпен кездесулердің қорытындылары;
4) мемлекеттік органдардың тиімсіз жұмыс істеу фактілері, оның ішінде экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, этносаралық және/немесе конфессияаралық негіздегі жанжалдарды, азаматтардың әлеуметтік наразылығын, наразылық акцияларын тудыруы мүмкін қоғамдық тәртіпті бұзуды анықтау, оның алдын алу және оқшаулау мәселелері бойынша;
5) уәкілетті мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау нәтижелері;
6) масс-медиа немесе онлайн-платформадағы жарияланымдар;
7) мемлекеттік органдардың, олардың деректер базасының ақпараты;
8) цифрлық жүйелер мен ресурстар, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ресурстар;
9) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары;
10) прокуратура мен мемлекеттік органдардың алдыңғы тексерістерінің нәтижелері;
11) басқа да ақпарат көздері пайдаланылады.
41. Прокурор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен талдау жүргізуге байланысты ақпараттар мен материалдарға қол жеткізуге, жүргізілетін талдау мәселелері бойынша лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін шақырып, олардан түсініктеме алуға құқылы.
Сұратылған ақпарат прокурор белгілеген мерзімде прокуратура органдарына беріледі.
Бұл мерзім үш жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.
Қажет болған жағдайларда, адамның өмірі, денсаулығы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың заңды мүдделері, қоғамның және мемлекеттің мүддесі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті жаппай бұзуды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптардың алдын алу мақсатында сұратылған ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар дереу ұсынылады.
Талдау шеңберінде прокурордың талаптарын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар, олардың лауазымды адамдары орындауға міндетті.
Жүргізілген талдау шеңберіндегі сараптаманы прокурор арнайы ғылыми білімді талап ететін және оны тағайындамай талдауды іске асыру мүмкін болмаған жағдайларда тағайындайды.
Талдау жүргізу мерзімі:
мәліметтерді, құжаттарды және өзге де материалдарды, оның ішінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді алу қажет болған кезде – олар түскенге дейін;
сараптама тағайындалған жағдайда – нәтиже алынғанға дейін;
талдау жүргізуге объективті кедергі келтіретін басқа факторларға байланысты – олар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Талдау мерзімі оны жүргізуге келіскен тұлғаның атына берілген уәжді баянат бойынша мерзімі өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тоқтатыла тұрады.
Талдау оның тоқтатыла тұруына себеп болған мән-жайлар жойылғаннан кейін қайта басталады.
42. Қажет болған жағдайда, талдау жүргізу кезінде бару үшін ашық жерлерде (қоғамдық пайдалану орындарында не ашық жерде) орналасқан объектіні (субъектіні), оның ішінде көлік объектілерін (поездар, әуе және теңіз кемелері) және олардың жабдықтарын осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес талаптарды сақтай отырып, фото және бейнетіркеуді қолдану жолымен шолу арқылы қарап тексеру жүргізіледі.
Кеден саласында талдау жүргізу кезінде көлік прокурорларының мемлекеттік органға тауарларды кедендік қарап тексеру жүргізуге талаптар жіберуге құқығы бар.
43. Талдау отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қосымша материалдарды талап ету қажет болған кезде, сондай-ақ талдаудың едәуір көлеміне байланысты оны жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
44. Талдау жүргізу кезінде:
1) заңдылықтың жай-күйінің проблемалары және олардың жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға әсері анықталады;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі бағаланады;
3) анықталған заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою тетіктері ұсынылады;
4) жұмыста жүйелі проблемаларды шешу бойынша кешенді іс-шараларды қабылдауды қажет ететін (оның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық) басым бағыттар ұсынылады.
45. Талдау жүргізу барысында адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне, ұлттық қауіпсіздікке нақты не ықтимал қатер фактілерін болғызбау мақсатында қадағалаудағы аумақтағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының шиеленісуінің алдын алу не болғызбау үшін прокурор лауазымды адамның актісін немесе әрекетін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Актіні тоқтата тұру туралы қаулы немесе лауазымды адамның әрекеті дереу орындалуға тиіс.
46. Талдау нәтижелері:
1) талдау күнін, мәнін, сондай-ақ талдау қамтыған уақыт кезеңін;
2) статистиканы келтіре отырып, талдау барысында анықталған мәліметтер және талдау үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды;
3) талдау нәтижесінде алынған заңдылықтың жай-күйі туралы тұжырымдарды, оның ішінде құқық бұзушылықтар жасаудың себептері мен жағдайларын;
4) құқық бұзушылықтарды, орын алған проблемаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы кемшіліктер мен олқылықтарды шешу және жою тәсілдері туралы ұсыныстарды қамтитын анықтама түрінде ресімделеді.
Талдау аяқталғаннан кейін, заңдылықты бұзушылықтар анықталған кезде және талдау субъектісінің ресми ұстанымын анықтау қажет болған жағдайда, анықтама танысу үшін уәкілетті мемлекеттік органға не қарсылықтары болған кезде оларды анықтама тапсырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша ұсынатын ұйымға жіберіледі.
47. Талдау нәтижелері бойынша:
1) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу, уәкілетті органдарды хабардар ету, материалдарды қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерге беру және өзге де шаралар қабылдау туралы;
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы құжаттар мен материалдарды СДТБТ-да тіркеуді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады;
2) осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген тәртіппен тексеріс жүргізу туралы талаптарды уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберу туралы;
3) тексеріс жүргізу туралы;
4) материалдарды АЕК-те тіркеу және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдау туралы;
5) Бас Прокурордың алдында Қазақстан Республикасының Конституциялық және (немесе) Жоғарғы соттарына жүгіну туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімдер қабылданады.
Кейінге қалдыруды талап етпейтін жағдайларда осы тармақтың 1) (прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу туралы шешімдерді қоспағанда), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешімдерді прокурор талдау аяқталғанға және оның қорытындылары шығарылғанға дейін қабылдауы мүмкін.
48. Уәкілетті органдарға жіберілетін тексеру жүргізу туралы талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, ҚПҮД төрағасы, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, олардың орынбасарлары, әскери және көлік прокуратурасы органдарының, облыстың прокуроры және оларға теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, аудандық және оған теңестірілген прокурор не олардың міндетін атқарушы тұлғалар қол қояды.
Өңірдің және гарнизонның әскери прокуроры, өңірлік көлік прокуроры, аудандық және оларға теңестірілген прокурор жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвестордың қызметінде, оның ішінде қадағалау және ден қою актілерінде көрсетілген тексеру жүргізу туралы талаптарды оларды бас әскери және көлік прокурорларымен, облыс прокурорымен және оларға теңестірілген прокурормен келіскеннен кейін талап қоюды жіберудің орындылығының негіздемесін келтіре отырып жібереді.
4-тарау. Актілерді бағалау
49. Прокуратура Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне:
1) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерінің;
2) егер осы актілер мен шешімдер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларына байланысты өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша инвесторларға қатысты болса не жария сипатта болса, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің;
3) сот (судья) үкімдерінің, шешімдерінің, қаулыларының және өзге де актілерінің, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің сәйкестігіне жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Осы тармақта көзделген қадағалау нормативтік құқықтық актілерді, жеке қолданылатын құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың, мекемелердің және өзге де ұйымдардың шешімдерін, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін бағалау жолымен жүзеге асырылады.
50. Актілерді бағалау талдау, тексеру, жолданымдарды қарау барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың, Бас Прокурор орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің, ИҚҚК Төрағасының, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдарының басшысының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, олардың орынбасарларының, аудандық және оған теңестірілген прокурордың, олардың орынбасарларының немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдардың тапсырмалары бойынша жүзеге асырылады.
51. Актілерді бағалау барысында прокурор:
1) мыналарды:
бағалау жүргізу үшін қажетті ақпаратты, материалдар мен құжаттарды, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, атқарушылық іс жүргізулерді;
қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің, атқарушылық іс жүргізулердің ақпараттарына, мәліметтеріне және құжаттарына және өзге де материалдарға, сондай-ақ құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелері мен ресурстарына қолжетімділікті талап етуге және алуға құқылы.
Талап етілген материалдарды, істерді алғанда және цифрлық жүйелер мен ресурстарға қол жеткізген кезде прокурор дербес деректердің және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, оның ішінде заңсыз таратудан сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді;
2) жүргізілетін бағалау мәселелері бойынша лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін шақыруға және түсініктемелер алуға;
3) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және өзге де заңдарында белгіленген өзге де өкілеттіктерді іске асыруға құқығы бар.
52. Мемлекеттік органдардың, мекемелердің және өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдері (сот актілерін қоспағанда) оларды қабылдау жөніндегі құзыреті мен өкілеттіктерінің болуы, заңдарда белгіленген талаптарға сәйкестігі, нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде жоғары тұрған деңгейлерге қайшы келуі, заңда белгіленген тәртіптегі мемлекеттік тіркеудің және жариялаудың болуы (қажет болған жағдайда) және басқа да мәселелер тұрғысынан зерделенеді.
53. Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетін актілерге, заңды күшіне енген актілерге, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды және өзге де уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық енгізіледі.
54. Наразылық мемлекеттік органға, мекемеге, ұйымға, заңсыз акт, шешім қабылдаған лауазымды немесе өзге де уәкілетті тұлғаға немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға енгізіледі.
Мемлекеттік органның, мекеменің, ұйымның, лауазымды адамның немесе өзге де уәкілетті тұлғаның заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осындай тәртіппен наразылық енгізіледі.
Егер прокурордың мұндай актілер мен шешімдерге наразылық білдіруге өкілеттігі болмаса, материалдар құзыреті бойынша тиісті прокурорларға жіберіледі.
55. Наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, Бас әскери және көлік прокурорлары, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурорлар, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары, аудандық және оған теңестірілген прокурорлар наразылық білдірілген актінің не әрекеттің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
Актілер мен шешімдерді тоқтата тұру қаулы қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұратын қаулы дереу жариялануға тиіс.
56. Заңсыз шешім, нормативтік құқықтық актіні, жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні қабылдаған және шығарған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе тиісті наразылық білдірген лауазымды адам қабылдамаған кезде прокурор сотқа оларды АПК-де және ӘРПК-де көзделген тәртіппен заңсыз деп тану туралы арызбен жүгінеді.
57. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін бағалау ҚПК, АПК, ӘРПК, ӘҚБтК-де көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
58. Бағалау нәтижелері бойынша:
1) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу, уәкілетті органдарды хабардар ету, материалдарды қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерге беру және өзге де шаралар қабылдау туралы;
2) тексеріс немесе талдау жүргізу туралы;
3) материалдарды АЕК-те тіркеу және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдау туралы;
4) Бас Прокурордың алдында Қазақстан Республикасының Конституциялық және (немесе) Жоғарғы соттарына жүгіну туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімдер қабылданады.
Кейінге қалдыруды талап етпейтін жағдайларда осы тармақтың 1) (прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу туралы шешімдерді қоспағанда), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген шешімдерді прокурор бағалау аяқталғанға және оның қорытындылары шығарылғанға дейін қабылдауы мүмкін.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 12-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрыққа 5-қосымша |
Прокурормен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, тексеру жүргізу туралы шешімдерді, сотқа талап қоюларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуға шағым жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 23) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабының 1-2-тармағына және 276-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 8-бабының 7-бөлігіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 759-бабының 5-бөлігіне және 802-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес әзірленді және прокурормен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға (бұдан әрі – инвесторлар) қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, тексеру жүргізу туралы шешімдерді, сотқа талап қоюларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуға шағым жасау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘІБТ) – әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылатын цифрлық жүйе;
2) инвесторлар тізілімі – инвесторлар, инвестициялардың сомалары, инвестициялық жобалардың түрлері, оларды іске асыру кезеңдері туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы басқа да мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
3) прокуратура органдарының цифрлық жүйелері – прокурорлық сүзгі жүзеге асырылатын ТСОБТ, ӘІБТ және прокуратура органдарының өзге де цифрландыру объектілері;
4) прокурорлық сүзгі – прокурормен инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, тексеру жүргізу туралы шешімдерді, сотқа талап қоюларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу процесі;
5) тексеру субьектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ТСОБТ) – тіркеу және есепке алу субьектісі енгізетін мемлекеттік бақылау нысандары туралы мәліметтер қамтылатын, сондай-ақ электрондық форматта олардың тіркелуі жүзеге асырылатын цифрлық жүйе;
6) ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (бұдан әрі – ҰЦИП) – инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган құруды, басқаруды және техникалық қолдауды жүзеге асыратын инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеудің бірыңғай цифрлық жүйесі.
7) квазимемлекеттік сектор субъектілері – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға, республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерге тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар, онда мемлекеттік қатысу үлесі елу және одан да көп пайызды құрайда.
3. Прокурорлық сүзгіні ТСОБТ және ӘІБТ-ны пайдалана отырып іске асыру кезінде қажетті цифрландыру объектілерін және олардың процестерін құру, дамыту, енгізу, сүйемелдеу, автоматтандыру және интеграциялау мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы прокуратура органдарының ведомствосына жүктеледі.
Прокурорлық сүзгіні осы Қағидаларда көрсетілмеген прокуратура органдарының өзге де цифрлық жүйелерін пайдалана отырып іске асыру кезінде қажетті ақпараттандыру объектілерін және олардың процестерін құру, дамыту, енгізу, сүйемелдеу, цифрландыру және интеграциялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жүктеледі.
4. Прокурорлық сүзгіні ҰЦИП-ті пайдалана отырып іске асыру кезінде қажетті цифрландыру объектілерін және олардың процестерін құру, басқару және техникалық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-3-бабының 3 және 5-бөліктеріне сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
5. Прокурорлық сүзгінің электрондық форматы енгізілгенге дейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарының, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың шешімдерін прокуратура органдарында қабылдау және тіркеу, прокурормен келісу не келісуден бас тарту Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы цифрлық жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Келіп түскен материалдарды прокуратура органы басшысына қол қоюға (бұрыштама қоюға) беру оларды прокуратура органының жауапты лауазымды адамына бір мезгілде қайталап бере отырып жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарда электрондық құжат айналымы жүйесіне қолжетімділік болмаған жағдайда, сондай-ақ цифрлық жүйелерге рұқсат етілген (ең жоғары) көлемнен асатын файлдарды салу мүмкін болмаған кезде материалдар прокурорға қағаз және (немесе) өзге де электрондық жеткізгіштерде осы Қағидаларда цифрлық жүйелерді пайдалана отырып ұсынылатын материалдар үшін белгіленген тәртіп пен мерзімдерде ұсынылады.
7. Прокуратура органдарында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың лауазымды және оларға теңестірілген "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар адамдардың шешімдерін қабылдау және тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы №429 "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
8. Инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, тексеру жүргізу туралы шешімдерді, сотқа талап қоюларды енгізуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының бірінші басшыларының актілерімен, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралары (бұдан әрі - облыстардың прокуратурасы және оларға теңестірілген прокуратураның) нақты лауазымды адамға немесе прокуратура органының бірнеше тұлғаларына (қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып сенімхат бойынша қол қою құқығын бере отырып) жүктеледі.
Инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, тексеру жүргізу туралы шешімдерді, сотқа талап қоюларды енгізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) (бұдан әрі – облыс прокуратуралары және оған теңестірілген прокуратуралары) прокуратураларының бірінші басшыларының актілерімен прокуратура органының нақты бір лауазымды адамына немесе бірнеше адамға (қажет болған жағдайда сенімхат бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып қол қою құқығын бере отырып) жүктеледі.
9. Осы Қағидаларға сәйкес прокуратураның тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау, тексеру жүргізу, сотқа талап қоюға бастамашылық жасау мәселелері жөніндегі актілері прокурормен келісуге жатпайды.
Прокурор тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, тексеру жүргізу, сотқа талап қоюлар енгізу туралы шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуға шағым жасалған кезде прокуратура органдары бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – ИҚҚК) деңгейінде – Төрағаның жетекшілік ететін орынбасары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокурорлар деңгейінде – облыс прокурорының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасары, аудандардың прокуратуралары және оларға теңестірілген аудандардың прокуроры және оларға теңестірілген прокурорлар деңгейінде) бекітілген дәлелделген қорытынды жасалады.
2-тарау. Инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды прокурормен келісу тәртібі
10. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану туралы мынадай мәселелер жөніндегі актілері, шешімдері, әрекеттері прокурормен келісуге жатады:
1) субъектінің (объектінің не оның жекелеген учаскесінің) қызметін, әрекетті, процесті тоқтата тұру;
2) рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу);
3) рұқсатты беруден не оның қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту;
4) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарының бұрын инвестордың пайдасына шығарылған шешімінің күшін жою (кері қайтарып алу);
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкелуге, әкетуге, транзитке, тасымалдауға (орнын ауыстыруға), қайтаруға, алып қоюға тыйым салу;
6) келісімшартты не келісімді біржақты тәртіппен бұзу, сондай-ақ келісімшарттың немесе келісімнің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту.
11. Инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану туралы мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың актілері, шешімдері, әрекеттері, сондай-ақ барлық растайтын материалдар ҰЦИП-ті пайдалана отырып прокурорға мұндай шараларды қолдануға негіз болып табылатын мән-жайлар анықталған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық нысанда жіберіледі.
12. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану туралы актілерін, шешімдерін, әрекеттерін прокурормен келісу не келісуден бас тарту олар түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ҰЦИП-ті немесе прокуратура органдарының цифрлық жүйелерін пайдалана отырып электрондық форматта жүзеге асырылады.
13. Қосымша материалдарды талап ету не зерделеу, уәкілетті лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың не инвестордың түсіндірмелерін алу қажет болған кезде прокурор мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қолдану туралы актілерін, шешімдерін, әрекеттерін олар түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде келіседі не келісуден бас тартады.
14. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар субъектінің (объектінің не оның жекелеген учаскесінің) қызметін, әрекетін, процесін тоқтата тұрумен байланысты болған жағдайда прокурор мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың актілерін, шешімдерін, әрекеттерін олар түскен кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде келіседі не келісуден бас тартады.
Эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қаупі төнген жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал кезінде прокурор мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың субъектінің (объектінің не оның жекелеген учаскесінің) қызметін, әрекетін, процесін тоқтата тұруға байланысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану туралы актілерін, шешімдерін, әрекеттерін олар түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде келіседі не келісуден бас тартады.
Жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың осы тармақта көрсетілген тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану туралы материалдарын прокуратураның жедел кезекшісі қабылдайды.
15. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қолдану туралы актілері, шешімдері, әрекеттері түскен кезде келісу немесе келісуден бас тарту процесі осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда келесі жұмыс күні басталады.
16. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану туралы актілерін, шешімдерін, әрекеттерін келісу не келісуден бас тарту кезінде прокурор мынадай:
тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолданудың заңдылығы мен негізділігі;
тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың экономикалық орындылығы (кәсіпорын жабылған, оның қызметі тоқтатылған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды және елдің (өңірдің) экономикасы үшін болашақта келтірілетін шығындарды, сондай-ақ елдің (өңірдің) экономикасы үшін де, инвестор үшін де басқа салдарларды салыстыру);
инвестордың қызметінен не инвестициялық жобаны іске асырудан халықтың өмірі мен денсаулығы үшін жағымсыз салдарлар тәуекелдерінің болуы/болмауы;
анықталған заңдылықты бұзушылық бойынша инвесторға әсер етудің баламалы шараларының болуы/болмауы;
тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолданбай инвестордың заңдылықты бұзушылықтарды жою мүмкіндігінің болуы/болмауы мән-жайларын ескереді.
17. Тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу не келісуден бас тарту нәтижелері бойынша мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органға, квазиамемлекеттік сектор субъектілеріне, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарға электрондық форматта бар болған жағдайда бас тарту себептері көрсетілген прокурордың жауабы жіберіледі.
Мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінде, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарға электрондық құжат айналымы жүйесіне қолжетімділік болмаған жағдайда прокурордың тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу не келісуден бас тартуы туралы жауабы қағаз жеткізгіште жіберіледі.
18. Прокурордың тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісуден бас тартуы мынадай:
1) құжаттардың, растайтын материалдардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) құжаттардың, растайтын материалдардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі;
3) тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолданудың негізділігін растайтын материалдарды ұсынбау не олардың болмауы;
4) тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдануға байланысты мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың актілері, шешімдері, әрекеттері сот талқылауының мәні болып табылатын жағдайларда;
5) тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдануға байланысты мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың актілері, шешімдері, әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәні болып табылатын жағдайларда;
6) инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану үшін құқықтық негіздердің болмауы;
7) инвесторға қатысты баламалы әсер ету шараларының болуы не тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолданбай бұзушылықтарды жою мүмкіндігінің болуы (инвестордың қызметінен не инвестициялық жобаны іске асыру кезінде халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп болмаса);
8) тыйым салу-шектеу шаралары салдары ауырлығының инвестор жол берген бұзушылықтарға сәйкес келмеуі не олардың маңызды болмауы;
9) өңір не ел үшін тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қолданудың экономикалық тиімсіздігі (инвестордың қызметінен не инвестициялық жобаны іске асыру кезінде халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп болмаса) негіздері бойынша шығарылады.
19. Прокурормен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдар прокурордың жауабы түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде инвесторды хабардар етеді.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурормен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдар инвесторды дереу хабардар етеді.
20. Мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдар келісуден бас тарту себептерін жойған жағдайда прокуратура органдарына қайта жүгінуге жол беріледі.
21. Инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісудің не келісуден бас тартудың электрондық нысанында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мынадай:
1) күні, прокуратура органының атауы, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы;
2) тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қолдануға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың атауы;
3) инвестордың атауы;
4) тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар санаты;
5) "келісілді" не "келісуден бас тартылды" деген өтінімнің мәртебесі;
6) осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісуден бас тартудың негізі туралы деректер көрсетіледі.
3-тарау. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың тексеру жүргізу туралы шешімдерін прокурормен келісу тәртібі
22. Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың инвесторларға қатысты тексеру жүргізу туралы шешімдері (актілері, қаулылары, бұйрықтары, ұйғарымдары және шешімдердің өзге де түрлері) прокурормен келісуге жатады (бұдан әрі – тексеру туралы шешім).
23. Осы Қағидалардағы тексерулер деп мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдары инвесторлардың қызметінде жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың барлық түрлері мен нысандары түсініледі.
24. Тексеру туралы шешімді және барлық қажетті растайтын материалдарды мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдар оны шығарған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ТСОБТ-ты пайдалана отырып, электрондық нысанда прокурорға жібереді.
25. Келісуді мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдар тексеру жүргізілгенге дейін және оны Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдарында (бұдан әрі – ҚСжАЕК органдары) тіркегенге дейін жүзеге асырады.
26. Прокурор тексеру туралы шешімді мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың материалдары прокурорға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде (жұмыс уақытын ескере отырып) прокуратура органдарының цифрлық жүйелерін пайдалана отырып электрондық нысанда келіседі не келісуден бас тартады.
27. Қосымша материалдарды талап ету және зерделеу, уәкілетті лауазымды адамның не инвестордың түсініктемелерін алу қажет болған жағдайда прокурор тексеру туралы шешімді ол келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде келіседі.
28. Эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қаупі төнген жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде прокурор ол туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап тексеру туралы шешімді жиырма төрт сағат ішінде келіседі не келісуден бас тартады.
Жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері осы тармақта көрсетілген тексерулер туралы шешімдерді қабылдауды прокуратураның жедел кезекшісі жүзеге асырады.
Прокуратураның жедел кезекшісі осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес инвесторларға қатысты тексеру туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту жүктелген прокурорды дереу хабардар етеді.
29. Прокурор тексеру туралы шешімді келіскен жағдайда бұл шешім және барлық қажетті растайтын материалдар "Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) көзделген тәртіппен тексеру актіні одан әрі тіркеу үшін ҚСжАЕК органының лауазымды адамына келіп түседі.
30. Тексеру туралы шешім ҚСжАЕК органдарында тіркеуді талап етпеген және (немесе) хабарлама сипатында болған жағдайда, прокурордың келісу не келісуден бас тарту туралы жауабы материалдарды ҚСжАЕК-нің лауазымды адамдарына әрі қарай жібермей, мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органға, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарға ТСОБТ-ға келіп түседі.
31. Прокурор тексеру туралы шешімді келісуден бас тартқан жағдайда прокурордың жауабы мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органға, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарға бас тарту себептерін көрсете отырып электронды нысанда жіберіледі.
Прокурор келісуден бас тартқан тексеру туралы шешімдер ҚСжАЕК органдарында тіркелуге жатпайды.
32. Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдарда, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдарда ТСОБТ жүйесіне не электрондық құжат айналымы жүйесіне қолжетімділік болмаған жағдайда, прокурордың тексеру туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту туралы жауабы қағаз жеткізгіште ұсынылады.
33. Тексеру туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту кезінде прокурор мынадай:
1) тексерудің заңдылығы мен негізділігі;
2) тексеру жүргізудің экономикалық орындылығы (тексеру қорытындылары бойынша кәсіпорынның жабылу, оның қызметін тоқтата тұру тәуекелі жағдайында мемлекетке келтірілген залалды және елдің (өңірдің) экономикасы үшін болашақ шығындарды, сондай-ақ елдің (өңірдің) экономикасы үшін де, инвестор үшін де басқа да салдарларды салыстыру);
3) инвестордың қызметінен не инвестициялық жобаны іске асырудан халықтың өмірі мен денсаулығы үшін жағымсыз салдарлар тәуекелдерінің болуы/ болмауы;
4) инвесторға әсер етудің баламалы шараларының болуы/болмауы;
5) тексеру жүргізбестен инвестордың заңдылықты бұзушылықтарды жою мүмкіндігінің болуы/болмауы;
6) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан тексеруге дейін жүргізілген профилактикалық шаралардың толықтығы мен уақтылығы мән-жайларын ескереді.
34. Прокурордың тексеру туралы шешімді келісуден бас тартуы мынадай:
1) құжаттардың, растайтын материалдардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) құжаттардың, растайтын материалдардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі;
3) тағайындалатын тексерудің заңдылығына объективті баға беруге мүмкіндік бермейтін ұсынылған құжаттардың (оның ішінде тексеруді тағайындау үшін негіз болған) толық болмауы;
4) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың тексеру туралы шешімдері сот талқылауының мәні болып табылатын жағдайларда;
5) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың тексеру туралы шешімдері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәні болып табылатын жағдайларда;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тексеруді тағайындау үшін құқықтық негіздердің болмау;
7) инвесторға қатысты баламалы әсер ету шараларының не тексеру жүргізбей бұзушылықтарды жою мүмкіндігінің болуы;
8) тексеру қорытындылары бойынша болжанатын салдарлар ауырлығының инвестор жол берген бұзушылықтарға сәйкес келмеуі не олардың маңызды болмауы;
9) тексеру жүргізудің өңір не ел үшін экономикалық тиімсіздігі (инвестордың қызметінен және инвестициялық жобаны іске асыру кезінде халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп болмаса) негіздері бойынша шығарылады.
35. Тексеру туралы шешімді келісудің не келісуден бас тартудың электрондық нысанында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мынадай:
1) прокуратура органының атауы, күні, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы;
2) тексеру туралы шешім шығарған мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың атауы;
3) инвестордың атауы;
4) өтінімнің "келісілді" не "келісуден бас тартылды" деген мәртебесі;
5) осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес тексеру туралы шешімді келісуден бас тартудың негізі туралы деректер көрсетіледі.
4-тарау. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мемлекеттік органдардың және квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің талап қоюларын прокурормен келісу тәртібі
36. Мемлекеттік органдардың және квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің инвесторларға қатысты талап қоюлары прокурормен келісуге жатады.
АПК-нің 8-бабының 7-бөлігіне сәйкес дауды сотқа дейінгі реттеудің бұл тәртібі мемлекеттік органның инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюмен сотқа жүгіну құқығын іске асыру үшін міндетті болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Инвесторға қатысты квазимемлекеттік сектор субъектілерін, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарын прокурормен міндетті түрде келісу инвестициялық қызметтен туындайтын талап қойылған жағдайда талап етіледі.
37. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыздары, сондай-ақ ерекше іс жүргізу тәртібімен сот қарайтын істер бойынша арыздар прокурормен келісілуге жатпайды.
38. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың және квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің талап қоюлары заңнамада белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай бұрын прокурорға электрондық нысанда ҰЦИП-ті пайдалана отырып келісуге жіберіледі.
39. Облыстық және аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік органдардың және квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің талап қоюлары аумақтылығы бойынша әскери және көлік прокуратура органдарына, облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратураларға жіберіледі.
Мұндай талап қоюларды келісуді немесе келісуден бас тартуды прокуратура органдарының қызметкерлері ТСОБТ пайдалана отырып, электрондық нысанда жүзеге асырады.
40. Орталық мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген республикалық маңызы бар адамдардың талап қоюлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне келісуге жіберіледі.
41. Прокурорға жіберілетін арыздар АПК-нің 136, 148-баптарының ережелеріне сәйкес келуі және мыналарды:
1) жеке және заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің не мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның немесе квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу немесе бұзу қаупінің мәні.
2) талап қою талаптарының негіздемелері, сондай-ақ осы талаптарды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;
3) қолданылатын заңдарға сілтемелерді қамтуы тиіс.
42. Сотқа мыналар:
1) мемлекеттік орган, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың инвесторға өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
2) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері;
3) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар;
4) инвестордың ел (өңір) экономикасына қосқан үлесі туралы мәліметтер мен құжаттар, сондай-ақ елдің (өңірдің) аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезеңіндегі салық аударымдары бойынша деректер қоса беріледі.
Прокурордың талабы бойынша талап қоюға растайтын қосымша мәліметтер мен материалдар қоса беріледі.
43. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларын зерделеу нәтижелері бойынша прокурор оларды алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оларды келіседі не келісуден бас тартады.
44. Қосымша материалдарды талап ету не зерделеу, мемлекеттік органның, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың не инвестордың ұстанымын тыңдау қажет болған кезде прокурор инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларын олар келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде келіседі не келісуден бас тартады.
45. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюлары жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде оларды қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
46. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларын қарау нәтижелері бойынша прокурор оны келіседі не келісуден бас тартады.
47. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларын келісу не келісуден бас тарту кезінде прокурор мынадай:
1) талап қою талаптарының заңдылығы мен негізділігі;
2) даулы құқықтық қатынастардың туындау себептері;
3) инвестор үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға, міндеттемелерді орындауға теріс әсер ететін салдарлар немесе мемлекетке, инвестициялық тартымдылыққа және ел экономикасына нұқсан келтіру қаупі;
4) инвестордың қызметінен адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, мемлекетке зиян келтіру қаупінің болу мән-жайларын ескереді.
48. Прокурордың инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларын келісуден бас тартуы мынадай:
1) инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларының осы Қағидалардың 41 және 42-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеуі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткеннен кейін талап қою арызын жіберу;
3) талап қою үшін құқықтық негіздердің болмауы;
4) құжаттардың, растайтын материалдардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
5) инвестордың мемлекеттік органның сотқа талап қоюмен жүгінбей-ақ бұзушылықтарды жою мүмкіндігінің болуы;
6) соттың заңды күшіне енген шешімінің немесе соттың АПК-да көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымының, сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған шешімінің болуы;
7) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сотының, төреліктің сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және негіздер бойынша шығарылған шешімінің болуы;
8) сол тараптар арасында, сол мәселе және сол негіздер бойынша жасалған атқарушылық жазбаның болуы;
9) инвестор үшін ол жіберген бұзушылықтардың мемлекеттік орган, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың қойған талаптар салдарының ауырлығына сәйкес келмеуі негіздері бойынша шығарылады.
49. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларын келісуді не келісуден бас тартуды прокурор ҰЦИП немесе прокуратура органдарының цифрлық жүйелерін пайдалана отырып, электрондық нысанда жүзеге асырады.
50. Мемлекеттік органдарда, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың электрондық құжат айналымы жүйесіне қолжетімділік болмаған жағдайда, инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың талап қоюларын келісу не келісуден бас тарту қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.
51. Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларын келісудің не келісуден бас тартудың электрондық нысанында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мынадай:
1) прокуратура органының атауы, күні, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы;
2) талап қоюға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің атауы;
3) инвестордың атауы;
4) өтінімнің "келісілді" не "келісуден бас тартылды" деген мәртебесі;
5) осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың, квазиамемлекеттік сектор субъектілерінің олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың талап қоюларын келісуден бас тарту негіздемесі туралы деректер көрсетіледі.
5-тарау. Инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді прокурормен келісу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуға шағым жасау тәртібі
52. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдері прокурормен келісуге жатады.
53. Уәкілетті лауазымды адамдардың мынадай шешімдері прокурормен келісуге жатпайды:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін, іс бойынша іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы;
2) әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптармен тіркелген жағдайда айыппұл төлеу қажеттілігі жөніндегі нұсқамалар;
3) инвестор ретінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғаға (оның ішінде инвесторға) қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары.
54. Инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісу не прокурордың келісуден бас тартуы ӘҚБтК-нің 759-бабында және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен электрондық нысанда жүзеге асырылады.
55. Инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім қабылдауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) мұндай шешімді прокурорға оған қол қойылғанға дейін ӘІБТ-ны пайдалана отырып жібереді.
Мұндай шешімдерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы хаттамалардың, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалардың, хабарламалардың (хабархаттардың) жобалары және инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдердің өзге де жобалары жатады.
56. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздердің болуын растайтын материалдары бар инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ӘІБТ-ні пайдалана отырып, прокурорға жіберіледі.
57. Прокурор инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны келіседі не келісуден бас тартады.
Қосымша материалдарды талап ету және зерделеу, уәкілетті лауазымды адамның не инвестордың түсініктемелерін алу қажет болған жағдайда прокурор инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келіседі не ол келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оны келісуден бас тартады.
58. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі қамтамасыз ету шаралары қабылданған жағдайларда инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуді не келісуден бас тартуды прокурор олар келіп түскен кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде жүзеге асырады.
Егер уәкілетті лауазымды адам эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қаупі төнген жағдайда, қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шараларын қабылдаған болса, инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту олар келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жүзеге асырылады.
Жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері осы тармақта көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді қабылдауды прокуратураның жедел кезекшісі жүзеге асырады.
Прокуратураның жедел кезекшісі осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту жүктелген прокурорды дереу хабардар етеді.
59. Инвесторларға қатысты жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім келіп түскен кезде оларды қабылдау және тіркеу осы Қағидалардың 58-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
60. Мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамына инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту нәтижелері бойынша бар болған жағдайда бас тарту себептері көрсетілген прокурордың жауабы электрондық нысанда жіберіледі.
61. Мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамында электрондық құжат айналымы жүйесіне қолжетімділік болмаған жағдайда инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді прокурордың келісуі не келісуден бас тартуы қағаз жеткізгіште ұсынылады.
62. Инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісу не келісуден бас тарту кезінде прокурор мынадай:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың заңдылығы мен негізділігі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын не ӘҚБтК-нің 741 және 742-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлардың болуы;
2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нақты мән-жайлары, оның ішінде құқық бұзушының жеке басы, сондай-ақ қол сұғушылық объектісі, ал зиян болған кезде – оның мөлшері;
3) инвестор үшін инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға теріс әсер ететін не мемлекетке залал келтіруі мүмкін ықтимал салдарлардың болуы;
4) инвестордың қызметінен адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру қаупінің болуы;
5) инвестор жасаған құқық бұзушылық және салынатын әкімшілік жаза салдарлары ауырлығының сәйкес келмеуі туралы мән-жайларды ескереді.
63. Прокурордың инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуы осы Қағидалардың 62-тармағында көрсетілген келесі негіздер бойынша:
1) ӘҚБтК-нің 741-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын оқиғаның, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының және өзге де мән-жайлардың болмауы;
2) адам өміріне, денсаулығына зиян келтіру қаупі болмаған жағдайда инвестор жасаған құқық бұзушылықтың және тағайындалатын әкімшілік жаза салдарлары ауырлығының сәйкес келмеуі;
3) инвестор үшін инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға теріс әсер ететін не инвестордың қызметін тоқтату қаупі бар ықтимал салдарлардың болу;
4) ӘҚБтК-нің 802-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін себептер мен негіздердің болмауы;
5) ӘҚБтК-нің 742-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлардың болу негіздері бойынша шығарылады.
64. Инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісудің не келісуден бас тартудың электрондық нысанында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мынадай:
1) прокуратура органының атауы, күні, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді шығаруға бастамашы болған мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдардың атауы;
3) инвестордың атауы;
4) өтінімнің мәртебесі "келісілді" не "келісуден бас тартылды";
5) осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартудың негізі туралы деректер көрсетіледі;
65. Инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді прокурор келіскен жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті адам осы туралы прокурордың жауабы келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде инвесторға хабарлайды..
66. Инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуді не келісуден бас тартуды аумақтық қағидат бойынша прокурор жүзеге асырады.
67. Облыстық және аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік органдардың уәкілетті лауазымды адамдарының шешімдері аумақтылығы бойынша әскери және көлік прокуратураларының, облыс прокуратуралары және оған теңестірілген прокуратураларына, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралардың тиісті органдарына жіберіледі.
Мұндай шешімдерді келісуді немесе келісуден бас тартуды кәсіпкерлік және инвестицияларды қолдау саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
68. Орталық мемлекеттік органдардың уәкілетті лауазымды адамдарының шешімдері осындай шешімдерді келісу немесе келісуден бас тарту жүзеге асырылатын ИҚҚК-ға жіберіледі.
Мұндай шешімдерді келісуді не келісуден бас тартуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кәсіпкерлік және инвестицияларды қолдау саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі жүзеге асырады.
69. Инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуға шағым жасау "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 25-бабында және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
70. Жоғары тұрған прокурор мұндай шағымды прокуратура органдарына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
71. Шағымды қарау нәтижелері инвесторларға қатысты прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағымдану үшін негіз болып табылады.
72. Жоғары тұрған прокурор не сот шағым бойынша шешім қабылдағанға дейін инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен келісілмеген деп танылады.
№ АҚШАЛАЙ АТТЕСТАТ
________________________________________________________________________________
(аттестатты берген органның атауы)
______________________________төмендегілерді куәландырады: _______________________
(әскери немесе арнаулы атағы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке нөмірі)
__________________________________________________
1. Лауазымдық жалақысы айына____________________________теңге.
2. Сыныптық шен (арнаулы атағы) үшін қосымша ақы айына _теңге.
3. Сыныптық біліктілік үшін үстемеақы айына ____________ теңге.
4. Құпиялылық үшін үстемеақы айына___________ теңге.
5. Шифрлау жұмысы үшін үстемеақы айына_____________теңге.
6. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай
жәрдемақы айына ______________ теңге.
7. Лауазымдық жалақысын есептеу үшін еңбек сіңірген жылы на
20____ жылғы ____________ жай-күй бойынша
_______жыл______ай______ күн деп белгіленді.
Мынадай ақшалай ризық түрлерімен қанағаттандырылды:
8. Лауазымдық жалақы ___________________________.
9. Сыныптық шен (арнаулы атағы) үшін қосымша ақы ______________.
10. Сыныптық біліктілік үшін үстемеақы ___________________.
11. Құпиялылық үшін үстеме ақы____________________.
12. Шифрлау жұмысы үшін үстемеақы ________________.
13. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай жәрдемақы _________________.
14. Алименттер, кімге:___________ ___________________
мөлшері_______________________________________.
15. Демалыс 20 ___ жылға___________________________.
(пайдаланған-пайдаланбағанын көрсету)
16. Сауықтыру жәрдемақысы ________________________
(төленген-төленбегенін көрсету)
Берешегі бар______________________________________
(берешек түрін көрсету)
________________________________________________.
______20___жылдан бастап. ______________ қарамағында.
Қызметкердің ЖСН ___________________________
Қызметкердің ағымдағы шоты_______________________
(Шот №, банктің атауы)
_____________________________________________
Аттестат байланысты берілді____________________________________________
(қызметі бойынша ауысу, жұмыстан шығу және тағы басқа)
_____________________________________________
__________ 20 ____жылғы "___" __________№ _____ бұйрыққа сәйкес
М.О. Басшы__________________________________________ (қолы) Бас бухгалтер __________________________________ (қолы) Аттестаттағы деректер дұрыс деп есептеймін___________________ (қолы)
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса) |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) минут; |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса) |
Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 4 немесе 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру. |
7 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және цифрландыру объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен тізбесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер | жоқ |
11 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырылады. |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) __________________________________________________________________ (туған күні/дата рождения) __________________________________________________________________ (туған жері / место рождения)
20___ жылғы "___"_________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.
По состоянию на "__" ________ 20__ года судимости не имеет / имеет.
Осы құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Согласно пункту 2 статьи 62 Цифрового кодекса Республики Казахстан данный документ равнозначен документу на бумажном носителе.
Цифрлық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность цифрового документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

штрих-код ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из цифровой системы и подписанный электронной цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса) |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) минут; |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса) |
Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
Адамның қойылған қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттігін куәландыратын, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөр және мөртабанның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған құжат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік корпорация соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманың қағаз нысанда 1 (бір) айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 (екі) ай ішінде одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. |
7. | Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 667-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және цифрландыру объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен тізбесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз; |
10. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тартудың мынадай: |
11. | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет композиттік тәсілмен "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен немесе "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен жиынтықта көрсетілуі мүмкін. |
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса) |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) құжаттар топтамасын астанада, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні; |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса) |
Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелері, мәліметтер болмаған кезде –жазбаша жауап не порталдың "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында. |
7. | Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және цифрландыру объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен тізбесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
10. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тартудың мынадай: |
11. | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырады. |
"Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса) |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) құжаттар топтамасын облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні; |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса) | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
"Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметті көрсету Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру. |
7. | Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және цифрландыру объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен тізбесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған немесе ұялы байланыс операторымен берілген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу беріледі. |
10. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер | Жоқ |
11. | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келісім берген жағдайда орындалады. |
