Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
| Маңғыстау облысының әкімі | |
| 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 | |
| қаулысына қосымша |
"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 03.02.2026 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Қызметтер атауы | Өлшем бірлігі | Пайдалану уақыты | Тарифтер мөлшері (теңге) |
1. | Экскурсия ұйымдастырушы қызметін ұсыну | 1 топ (20 адамға дейін) | 1 тәулік | 7816 |
2. | Жолсерік қызметін ұсыну | 1 топ (20 адамға дейін) | 1 тәулік | 3986 |
3. | Көлік (Газель NEXT) қызметін ұсыну | 1 бірлік (16 адамға дейін) | 1 тәулік | 68 692 |
4. |
Туристік құрал-жабдықтар ұсыну: |
1 бірлік |
1 тәулік |
2987 |
5. | Көлік тұрақтарын ұсыну | 1 бірлік | 1 тәулік | 827 |
