Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 112 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2-тармағына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Келушілердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24738 болып тіркелген);

      2) "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысы.

      4. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы "_____" ________
№______ қаулысына 1-қосымша

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызмет үшін тариф мөлшері

Қызметтер атауы

Өлшем бірлігі

Пайдалану уақыты

Айлық есептік көрсеткіш

1.

Экскурсия ұйымдастырушы қызметін ұсыну

1 топ (20 адамға дейін)

1 тәулік

1,8

2.

Жолсерік қызметін ұсыну

1 топ (20 адамға дейін)

1 тәулік

0,9

3.

Көлік (Газель NEXT) қызметін ұсыну

1 бірлік (16 адамға дейін)

1 тәулік

15,9

4.

Туристік құрал-жабдықтар ұсыну:
1. Туристік шатырды ұсыну;
2. Жатын қапшықты ұсыну;
3. Вагон-үйшікті ұсыну (6 адамға)

1 бірлік
1 бірлік
1 бірлік

1 тәулік
1 тәулік
1 тәулік

0,7
0,3
20,6

5.

Көлік тұрақтарын ұсыну

1 бірлік

1 тәулік

0,2

6.

Туристік соқпақтарды ұсыну

1 адам

1 тәулік

0,2

7.

Кемпингтер, шатырлы лагерьлер, туристік базалар орналастыру үшін орындар ұсыну

1 адам

1 тәулік

0,1

8.

Тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және оларды зерделеу кезiнде кино, бейне және фото таспаларына түсiру:
1) кино, бейне
2) фото

1 адам

1 тәулік

8,7 4,4

9.

Рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшін

1 адам

1 тәулік


10.

Мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер кірген үшін

1 көлік құралы

1 тәулік

0,4

11.

Жеңіл көлік кірген үшін

1 көлік құралы

1 тәулік

0,7

12.

Орын саны 16-ға дейінгі шағын автобустар мен жүк көліктер кірген үшін

1 көлік құралы

1 тәулік

2,7

13.

Орын саны 32-ге дейінгі автобустар кірген үшін

1 көлік құралы

1 тәулік

5

14.

Орын саны 32-ден жоғары автобустар кірген үшін

1 көлік құралы

1 тәулік

7

      Ескерту:

      Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметі үшін келесі жеңілдіктер қарастырылады:

      зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, мектеп жасына дейінгі балаларға (6 жасқа дейінгі) – тегін;

      мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) - 50%;

      күндізгі маусымдағы студенттерге – 25%;

      шетел азаматтарына тариф мөлшерлемесі екі есе жоғары.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы "_____" ________
№_____ қаулысына 2-қосымша

Келушілердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі

      1. Келушілер ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі - ЕҚТА) түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында болу кезінде мынадай іс-әрекеттер жасауға рұқсат етіледі:

      1) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдармен және экскурсиялық маршруттардың арнайы жолдарымен, механикаландырылған көлiкпен және салт атпен жүру, қорықтық күзет режимi бар учаскелерден басқа, арнайы жабдықталған орындарда аялдау;

      2) белгіленген туристік маршруттармен және соқпақтармен табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен алдын-ала келісілген, ЕҚТА экскурсия ұйымдастырушыларының немесе инспектор-гидтерінің бастап жүруімен ұйымдасқан экскурсиялар мен туристік жорықтар өткізу;

      3) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша су айдындарында тек қана моторсыз жүзу құралдарымен жылжу;

      4) әуесқойлық (спорттық) балық аулау.

      5) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде, осыған арнайы бөлінген орындарда жабайы жемістер, жидектер, саңырауқұлақтар, дәрі-дәрмектік өсімдіктер, шөп шабу, отын дайындау және дәстүрлі табиғат пайдаланудың басқа түрлері;

      6) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша спорттық және экологиялық-ағарту іс-шараларын, туристік слеттер өткізу;

      7) кәсіби және әуесқойлық фото-бейне түсірімдер жүргізу;

      8) оқу практикаларын өткізу;

      9) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде оқу мақсаттары үшін гербарий жинау, топырақ үлгілерін іріктеу;

      10) ЕҚТА паспортында көзделген өзге де қызметтер.

      2. ЕҚТА-ның түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында жол берілмейді:

      1) ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжаттарсыз ЕҚТА-да болуға;

      2) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристiк маршруттардан тыс жерлерге келiп кiруге және олар арқылы жүрiп өтуге;

      3) белгіленген орындардан тыс жерлерге автокөлік және басқа да механикалық құралдар қоюға;

      4) автокөлікті және басқа да механикалық құралдарды су айдындары жағалауына қоюға және жууға, ыдыс-аяқ жууға, кір жууға, үй жануарларын шомылдыруға;

      5) су айдындарында, ЕҚТА-ны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын және құтқару пунктерін алып тастағанда моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің болуына;

      6) арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға, мангал, ошақ орнатуға;

      7) осы мақсаттар үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде аялдау орындарын жабдықтауға, шатырлар тігуге;

      8) торлармен және басқа тыйым салынған құралдармен және жабдықтармен балық аулауға;

      9) тиісті рұқсатсыз жабайы жануарларды алып қоюға;

      10) жабайы жануарларды үркітуге және қоректендіруге;

      11) ұяларды, індерді, апандарды және құмырсқа илеулерін бүлдіруге;

      12) ағаштар мен бұталарды кесуге, сындыруға және оларға зақым келтіруге, тұрмыстық қажеттілік үшін сыпыртқылар мен сыпырғыштарға шыбықтар дайындауға;

      13) табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге;

      14) рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізат жинауға және қазып алуға;

      15) осы үшін арнайы бөлінген орындардан басқа жерлерде жабайы өсетін жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға;

      16) көрнекі үгіт құралдарын (стенділер, паннолар, аншлагтар және басқалар), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге;

      17) құрылыстарға, ағаштарға, тастарға және жартастарға жазулар жазуға және суреттер салуға;

      18) өз бетімен мал жаюға, шөп жинауға, сүрек дайындауға және басқа да заңсыз орман пайдалануға;

      19) топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға;

      20) Жасанды шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердiң нормаларына сәйкес қоршаған ортаға шу шығаратын және басқа да акустикалық әсерлердi қолдану;

      21) ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) ұшыруға;

      21) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи кешендер объектілерінің табиғи дамуын және сақталуын бұзатын өзге қызметтер.

      Келушіде табиғат қорғау мекемесі ұсынатын қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжаттың болуы ЕҚТА аумағына келуге негіз болып табылады.

      Қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжат (қағаз және электронды түрде) келушінің болу мерзімінің соңына дейін сақталуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады