"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 9 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:
1. Зеренді ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Зеренді ауданының мүдделі мемлекеттік органдары қамтамасыз етсін:
- жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және төтенше жағдай аймағында орналасқан облыстың елді мекендеріне электр желілерін тарту;
- Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес (конкурссыз, төтенше жағдайға байланысты) көрсетілген жұмыстарды орындауға шарт жасасу.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 26.11.2025 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Зеренді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А.Жаксылыков |
