2021 жылғы 2 шілдедегі № 3 "Жергілікті техногендік төтенше жағдайды жариялау туралы" Зеренді ауданы әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 10 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2025 жылғы 20 қараша күнгі хаттамасының негізінде, Зеренді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2021 жылғы 2 шілдедегі № 3 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Зеренді ауданы әкімінің шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-тармақпен толықтырылсын:

      "Зеренді ауданының мүдделі мемлекеттік органдары қамтамасыз етсін:

      - жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және төтенше жағдай аймағында орналасқан облыстың елді мекендеріне электр желілерін тарту;

      - Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес (конкурссыз, төтенше жағдайға байланысты) көрсетілген жұмыстарды орындауға шарт жасасу".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Исахановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі Ә.Құрманғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады