"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2025 жылғы 20 қараша күнгі хаттамасының негізінде, Зеренді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2021 жылғы 2 шілдедегі № 3 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Зеренді ауданы әкімінің шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-тармақпен толықтырылсын:
"Зеренді ауданының мүдделі мемлекеттік органдары қамтамасыз етсін:
- жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және төтенше жағдай аймағында орналасқан облыстың елді мекендеріне электр желілерін тарту;
- Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес (конкурссыз, төтенше жағдайға байланысты) көрсетілген жұмыстарды орындауға шарт жасасу".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Исахановқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Зеренді ауданының әкімі | Ә.Құрманғожин |