"Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Таран ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 қаулысына (2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының кіріспесінде "Таран ауданының әкімдігі" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі" деп ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1-тармағында "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 2-тармағында "Таран ауданы әкімдігінің" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің" деп ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі".
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Испергенов |
