"Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 және "Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" әкімдіктің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 3 наурыздағы № 44 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 29 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 наурызда № 38102 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7684 болып тіркелген);

      2) "Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" әкімдіктің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 44 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8998 болып тіркелген).

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі К. Муржакупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады