ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ойыл аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |
|
КЕЛІСІЛДІ: "Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Б.Майланов |
| "_" ______________ 2020 жыл |
| Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 175 қаулысына қосымша |
Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 27.06.2025 № 96 қаулысымен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймақ коэффициенті |
Ойыл ауданы | ||
Ойыл ауылдық округі | ||
1 | Ойыл ауылы | 1.95 |
2 | Ақшатау ауылы | 1,75 |
3 | Қаракемер ауылы | 1,75 |
Көптоғай ауылдық округі | ||
4 | Көптоғай ауылы | 1,85 |
5 | Қарасу ауылы | 1,70 |
6 | Шұбарши ауылы | 1,75 |
7 | Аманкелді ауылы | 1,75 |
Қараой ауылдық округі | ||
8 | Қараой ауылы | 1,85 |
9 | Құбасай ауылы | 1,65 |
Сарбие ауылдық округі | ||
10 | Сарбие ауылы | 1,85 |
11 | Қаракөл ауылы | 1,65 |
Қайыңды ауылдық округі | ||
12 | Ақжар ауылы | 1,75 |
13 | Көсембай ауылы | 1,75 |
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі | ||
14 | Қаратал ауылы | 1,95 |
15 | Қарасу ауылы | 1,65 |
16 | Құмжарған ауылы | 1,75 |
Саралжын ауылдық округі | ||
17 | Кемер ауылы | 1,75 |
18 | Шиқұдық ауылы | 1,75 |
19 | Қоңырат ауылы | 1,30 |
20 | Ақкемер ауылы | 1,75 |
21 | Бестамақ ауылы | 1,85 |
