ЗҚАИ-ның ескертпесі!
01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 175 "Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7621 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |
Ойыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 96 қаулысына қосымша |
|
Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 175 қаулысына қосымша |
Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймақ коэффициенті |
Ойыл ауданы | ||
Ойыл ауылдық округі | ||
1 | Ойыл ауылы | 1.95 |
2 | Ақшатау ауылы | 1,75 |
3 | Қаракемер ауылы | 1,75 |
Көптоғай ауылдық округі | ||
4 | Көптоғай ауылы | 1,85 |
5 | Қарасу ауылы | 1,70 |
6 | Шұбарши ауылы | 1,75 |
7 | Аманкелді ауылы | 1,75 |
Қараой ауылдық округі | ||
8 | Қараой ауылы | 1,85 |
9 | Құбасай ауылы | 1,65 |
Сарбие ауылдық округі | ||
10 | Сарбие ауылы | 1,85 |
11 | Қаракөл ауылы | 1,65 |
Қайыңды ауылдық округі | ||
12 | Ақжар ауылы | 1,75 |
13 | Көсембай ауылы | 1,75 |
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі | ||
14 | Қаратал ауылы | 1,95 |
15 | Қарасу ауылы | 1,65 |
16 | Құмжарған ауылы | 1,75 |
Саралжын ауылдық округі | ||
17 | Кемер ауылы | 1,75 |
18 | Шиқұдық ауылы | 1,75 |
19 | Қоңырат ауылы | 1,30 |
20 | Ақкемер ауылы | 1,75 |
21 | Бестамақ ауылы | 1,85 |