"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Статистика комитетінің | |
төрағасы | Н. Айдапкелов |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 276 бұйрығымен бекітілді |
Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістеме әкімшілік, балама деректерді және халық санағының деректерін қолдану негізінде халықтың көші-қонын статистикалық есепке алу жүйесінің негізгі аспектілерін және қағидаттарын айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Әдістеме статистикалық қызметте Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) қызметкерлері мен оның аумақтық бөлімшелерінің пайдалануына арналған.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы Әдістемеде Заңда, сонымен қатар "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында анықталған мәндердегі ұғымдар қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Халықтың көші-қоны туралы мәліметтер мемлекеттің демографиялық статистикасының құрамдас бөлігі болып табылады және ресми статистикалық ақпарат шеңберінде қалыптастырылады. Халықтың көші-қоны халық санының серпініне ықпал етеді, оның демографиялық сипаттамаларын және ұлттық құрамын өзгертеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Халықтың көші-қонын статистикалық есепке алудың мақсаты орын ауыстырулардың салдарын болжау үшін қажетті азаматтардың орнын ауыстыру жөніндегі толық, анық, жедел және өзекті ақпаратты қалыптастыру болып табылады.
2-тарау. Халықтың көші-қоны статистикасын қалыптастыру
7. Белгілі бір уақыт кезеңінде белгілі бір ауданға келетін немесе кететін адамдардың саны, жынысы және жасы жөніндегі ақпарат, сол уақыт кезеңінің басында осы ауданда тіркелген адамдардың саны жөніндегі мәліметтер халықтың санын және құрылымын бағалау үшін пайдаланылады.
8. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны статистикасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамдардың тұрақты тұру мақсатында қоныс аударуларын есепке алуға негізделеді. Көші-қон статистикасында бір елді мекен (қала, кент немесе ауыл) шегінде халықтың қоныс аударулары есепке алынбайды. Аудандық бөлінісі бар қалаларда қала аудандары арасындағы қоныс аударулар есепке алынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Халықтың көші-қоны бойынша ағымдағы статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін әкімшілік және баламалы деректер, ұлттық халық санағын жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректер пайдаланылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Халықтың көші-қоны туралы әкімшілік және балама деректерде бар мәліметтерді өңдеу аумақтық және әлеуметтік-демографиялық бірқатар белгілері бойынша топтастырылған келгендер мен кеткендер жөнінде деректерді алуға мүмкіндік береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Халықтың көші-қоны туралы ресми статистикалық ақпаратты Бюро ай сайынғы, тоқсандық және жыл сайынғы негізде қалыптастырады және есепті айдан кейінгі қырықыншы күннен кешіктірмей Бюроның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Халықтың көші-қонын сипаттайтын негізгі статистикалық жарияланымдарға:
1) ай сайынғы негізде шығарылатын Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай туралы жедел ақпараттар және баспасөз хабарламалары;
2) тоқсан сайынғы және жыл сайынғы негізінде шығарылатын халықтың көші-қоны туралы статистикалық бюллетендер;
3) тиісті жыл бойынша "Қазақстанның демографиялық жылнамалық" статистикалық жинағы жатады.
3-тарау. Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу
13. Мемлекет, өңір немесе елді-мекен деңгейінде көші-қоны жағдайын талдау үшін қолданылатын халықтың көші-қонының абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері аумақ халқының қозғалмалылығының жалпы деңгейін, сол немесе өзге уақыт кезеңі үшін көші-қон ағынының масштабын, құрылымын, бағыттарын және нәтижелілігін сипаттайды.
14. Көші-қоны процесстерінің сандық сипаттамасы үшін келесі абсолюттік көрсеткіштер қолданылады:
келгендер (келулер) саны;
кеткендер (кетулер) саны;
көші-қоны айырымы немесе көші-қоны өсуі (жылыстауы);
көші-қоны көлемі немесе көші-қоны ағыны.
15. Көші-қоны айырымы немесе көші-қоны өсуі (жылыстауы) халықтың аумақтық орын ауыстыруының нәтижелерін көрсетеді. Көші-қонының әртүрлі: белгілі бір аумақ үшін ішкі және сыртқы көші-қоны, қала және ауыл елді мекендері арасындағы ағындар үшін есептеледі. Келу және кету абсолюттік көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде анықталады:
![]()
мұнда:
![]()
![]()
![]()
Кеткендер саны келгендер санынан асып кеткен кезде көші-қоны айырымы теріс шама болып табылады және халықтың көші-қоны жылыстауын көрсетеді.
16. Белгілі бір уақытта сол немесе өзге де әкімшілік-аумақтық деңгейі шеңберіндегі көшірулердің жиынтығы келу және кету абсолюттік көрсеткіштерінің сомасы белгіленетін жалпы көші-қоны немесе көші-қоны айналымын (брутто-көші-қоны) білдіреді:
![]()
мұнда:
![]()
![]()
![]()
17. Көші-қоны процесстеріне талдау жүргізу үшін көші-қонының құрылымын, қарқындылығын және нәтижелілігін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер қатары пайдаланылады.
18. Көші-қонының қарқындылығы белгілі бір кезеңі үшін халықтың жиынтығында көші-қоны оқиғаларының жиілігін сипаттайтын көрсеткіштердің қатарын білдіреді. Көші-қонының қарқындылығын сипаттау негізінде келу бойынша қарқындылық коэффициенті, кету бойынша қарқындылық коэффициенті, көші-қоны айналымының қарқындылық коэффициенті және көші-қоны өсімінің коэффициенті қолданылады.
1) Келу бойынша қарқындылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
![]()
мұнда:
Kp – келу бойынша қарқындылық коэффициенті;
Р – келгендер (келулер) саны;
Н – халықтың жылдық орташа саны.
2) Кету бойынша қарқындылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
![]()
мұнда:
![]()
![]()
Н – халықтың жылдық орташа саны.
3) Көші-қоны айналымының қарқындылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
![]()
мұнда:
![]()
![]()
![]()
Н – халықтың жылдық орташа саны.
4) Көші-қоны өсімінің коэффициенті мына формуламен есептеледі:
![]()
мұнда:
![]()
![]()
![]()
19. Көші-қоны қарқындылығын сипаттайтын коэффициенттер халықтың немесе оның әртүрлі топтарының белгілі бар аумақтағы жылдар қатары бойынша көші-қоны қозғалмалылығының айырмашылығын көрсетеді және жеке аумақтар мен тең емес уақыт кезеңдері бойынша көші-қоны процестерін салғастыруға мүмкіндік береді.
20. Халықтың көші-қоны нәтижелілігінің коэффициенті сол немесе өзге аумақтан кеткендер саны мен оған әр мың келгендер арасындағы қатынасты білдіреді. Бұл көрсеткіш кеткендер саны 1000 келгендерге есептелуімен көрсетіледі және келесі формула бойынша есептеледі:
![]()
где:
![]()
![]()
![]()
21. Коші-қоны қарқындылығының коэффициенттері белгілі аумақтың барлық халқы үшін және оның әртүрлі құрылымдық элементтері үшін де есептеледі:
1) келген және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің аумақтық құрылымы әр елден немесе өңірден келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
2) келген және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің жас құрылымы әр жас тобы бойынша келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
3) келген және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің жынысы құрылымы келген, кеткен ерлер мен әйелдер және көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
4) келген мигранттар және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің білім құрылымы әр білім тобы бойынша келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
5) азаматтығы бойынша келген және кеткен мигранттар ағыны, сонымен қатар көші-қоны өсімінің құрылымы азаматтығы бойынша әр топтың келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
6) келген және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің этникалық (ұлттық) құрылымы әр этникалық топтың келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
7) көші-қоны себептері бойынша келген мигранттар және кеткен мигранттар құрылымы көрсетілген себеп бойынша келген немесе кеткен мигранттардың абсолюттік санының келгендер немесе кеткендердің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі.
22. Көші-қон тиімділігінің индексі белгілі бір аумақтағы халықтың көші-қон алмасуының тиімділік дәрежесін сипаттайды және көші-қон өсімінің көші-қон айналымына арақатынасын көрсетеді. Көші-қон тиімділігінің индексі мына формула бойынша есептеледі:

мұнда:
Irm – көші-қон тиімділігінің индексі;
P – келгендер (келулер) саны;
V – кеткендер (кетулер) саны.
Көші-қон тиімділігі индексінің мәні пайызбен көрсетіледі және минус 100-ден плюс 100-ге дейінгі аралықтағы мәндерді қабылдайды. Индекстің оң мәні халықтың көші-қоны өсімін, теріс мәні – халықтың кетуін, нөлге тең мәні – көші-қон ағындарының тепе-теңдігін көрсетеді.
Ескерту. Әдістеме 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.05.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.