БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 276 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14567 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінде:
1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Әдістеме әкімшілік, балама деректерді және халық санағының деректерін қолдану негізінде халықтың көші-қонын статистикалық есепке алу жүйесінің негізгі аспектілерін және қағидаттарын айқындайды.
3. Осы Әдістеме статистикалық қызметте Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) қызметкерлері мен оның аумақтық бөлімшелерінің пайдалануына арналған.
4. Осы Әдістемеде Заңда, сонымен қатар "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында анықталған мәндердегі ұғымдар қолданылады.
5. Халықтың көші-қоны туралы мәліметтер мемлекеттің демографиялық статистикасының құрамдас бөлігі болып табылады және ресми статистикалық ақпарат шеңберінде қалыптастырылады. Халықтың көші-қоны халық санының серпініне ықпал етеді, оның демографиялық сипаттамаларын және ұлттық құрамын өзгертеді.";
8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны статистикасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамдардың тұрақты тұру мақсатында қоныс аударуларын есепке алуға негізделеді. Көші-қон статистикасында бір елді мекен (қала, кент немесе ауыл) шегінде халықтың қоныс аударулары есепке алынбайды. Аудандық бөлінісі бар қалаларда қала аудандары арасындағы қоныс аударулар есепке алынады.
9. Халықтың көші-қоны бойынша ағымдағы статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін әкімшілік және баламалы деректер, ұлттық халық санағын жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректер пайдаланылады.
10. Халықтың көші-қоны туралы әкімшілік және балама деректерде бар мәліметтерді өңдеу аумақтық және әлеуметтік-демографиялық бірқатар белгілері бойынша топтастырылған келгендер мен кеткендер жөнінде деректерді алуға мүмкіндік береді.
11. Халықтың көші-қоны туралы ресми статистикалық ақпаратты Бюро ай сайынғы, тоқсандық және жыл сайынғы негізде қалыптастырады және есепті айдан кейінгі қырықыншы күннен кешіктірмей Бюроның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.";
мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
"22. Көші-қон тиімділігінің индексі белгілі бір аумақтағы халықтың көші-қон алмасуының тиімділік дәрежесін сипаттайды және көші-қон өсімінің көші-қон айналымына арақатынасын көрсетеді. Көші-қон тиімділігінің индексі мына формула бойынша есептеледі:

Irm – көші-қон тиімділігінің индексі;
P – келгендер (келулер) саны;
V – кеткендер (кетулер) саны.
Көші-қон тиімділігі индексінің мәні пайызбен көрсетіледі және минус 100-ден плюс 100-ге дейінгі аралықтағы мәндерді қабылдайды. Индекстің оң мәні халықтың көші-қоны өсімін, теріс мәні – халықтың кетуін, нөлге тең мәні – көші-қон ағындарының тепе-теңдігін көрсетеді.".
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне басшылыққа және жұмыста пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |