ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
2015 жылғы 22 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығымен бекітілген |
Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыс берушінің қызметін декларациялау – одан келіп түскен өтініштің негізінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының тиісті талаптарына сәйкес келетін қызметін тану рәсімі;
2) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі (аумақтық бөлімше) – тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі;
4) кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері – аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;
5) кәсіподақ органы – кәсіподақ жарғысына сәйкес құрылған басқару органы;
6) өрескел бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау талаптарының бұзушылық дәрежесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 1-қосымшасында көзделген еңбек заңнамасын бұзушылықтар;
7) мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары, оларға мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы;
мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
8) Электрондық еңбек биржасы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын ақпараттандыру объектісі;
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Жұмыс берушілердің декларациялауға қатысу шарты олардың қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі болып табылады.
2-тарау. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібі"
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) толтырады.
Жұмыс беруші декларацияны толтырғаннан және растағаннан кейін ол автоматты түрде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұйымның орналасқан жеріндегі аумақтық бөлімшесіне "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ЕҚжҚ" ААЖ) арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы жіберіледі.
Декларация "ЕҚжҚ" ААЖ-ға берілген сәттен бастап, ол бірегей сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу күні қойыла отырып автоматты түрде тіркеледі, бұл декларацияның еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ресми келіп түскен күні болып есептеледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Жұмыс берушінің қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешімді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі құратын жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) мынадай құрамда қабылдайды:
төраға – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің өкілі;
мүшелері – жұмыс берушілердің өңірлік бірлестігінің және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің өкілдері.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Комиссия келіп түскен декларацияны қарайды және "ЕҚжҚ" ААЖ-да тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы хабарлама жұмыс берушіге "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы оның жеке кабинетіне орналастыру арқылы жіберіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Комиссия отырысы егер оған комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып танылады. Көрсетілген кворум болмаған жағдайда отырыс басқа күнге ауыстырылады.
Комиссия шешімі Сенім сертификатын беру немесе беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Жұмыс берушінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен, дауыс бергендердің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Сырттай дауыс беруге жол берілмейді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды (ақпарат) жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.
12. Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай деп танылған жұмыс берушілерге олардың қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге Сенім сертификаты тапсырылады.
13. Сенім сертификаты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды қалыптастырған кезде ескеріледі.
Сенім сертификатын иеленген жұмыс берушіге қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Сенім сертификатын беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтары;
3) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Сенім сертификаты еңбек заңнамасының өрескел бұзушылық фактілері анықталған (расталған) сәттен бастап бару арқылы тексеру және (немесе) профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша , сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиға туындаған күннен бастап дереу күшін жояды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Сенім сертификатының күшін жою туралы шешімді комиссияның ұсынымы бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі қабылдайды және оны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жолдайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Қорытынды ережелер
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Еңбек жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі комиссия жұмыс берушінің қызметінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі және Сенім сертификатының күшін жою туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілер-Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
Сенім сертификаты бар жұмыс берушілер туралы ақпарат жұмыс берушілер-Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің шешімімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес оған сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларына 1-қосымша |
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне
_____________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атауы)
Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша
жұмыс берушінің қызметі туралы
өтініш-декларация
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. ________________________________________________________________ (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы)
2. Қызмет түрі ___________________________________________________
3. Жұмыскерлер саны ____________ адам
4. Осымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау туралы хабарлаймыз:
№ р/с | Еңбек заңнамасы талаптарының мазмұны | Декларация (ия/жоқ) |
1. | Барлық жұмыскерлермен еңбек шарттары жасалды. Еңбек шартын жасасу кезінде заңнамада белгіленген шектеулер сақталады. Жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізілген | |
2. | Еңбек тәртібінің қағидалары бекітілді (бекіту күні) және қолданысқа енгізілді | |
3. |
Ағымдағы жылға жұмыскерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кестесі бекітілді, ал оның өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі еңбек демалысының басталуына дейін кем дегенде екі апта қалғанда жұмыскерге хабарлау арқылы жүзеге асырылады. | |
4. | Жалақы белгіленген мерзімде толық мөлшерде төленеді. Жұмыскерге тиесілі өтемақы төлемдерін, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу сомасын төлеу бойынша берешек немесе кідіріс жоқ | |
5. | Зейнетақылық және әлеуметтік аударымдар, жұмыскерлерді еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан сақтандыру жүзеге асырылады | |
6. | Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс және демалыс тәртібі сақталады. Мерзімнен тыс жұмыстарға, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға заңсыз тарту жағдайлары жоқ | |
7. | Өндіріс ұйымдарындағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру, жұмыс көлемін қысқарту және адам санын немесе штатты қысқарту кезіндегі өзгерістерге байланысты жұмыскерлер жұмыс беруші тарапынан жазбаша түрде кемінде бір ай бұрын ескертіледі. | |
8. | Тәртіптік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілері жоқ | |
9. | Еңбек шартын заңсыз бұзу фактілері жоқ | |
10. | Өндірісте жазатайым оқиғалар жоқ | |
11. | Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге белгіленген мерзімде аттестаттау жүргізілді | |
12. | Еңбекті қорғау қызметі бар (еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымы) | |
13. | Ұйымдардағы жетекші жұмыскерлер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтті | |
14. | Барлық жұмыстар мен кәсіптер үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді және бекітілді | |
15. | Жұмыскерлер еңбек жағдайлары бойынша ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілді | |
16. | Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге бекітілген норма бойынша уақтылы сүт немесе емдік-профилактикалық тағам тегін беріледі | |
17. | Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұлттық стандарттары енгізілді және оның іске асырылуын бақылау жүзеге асырылады | |
18. | Ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді мерзімдік медициналық тексерулер жүргізіледі | |
19. | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылуда | |
20. | Өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтың, механиздердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келеді | |
21. | Жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін тану туралы құжаты бар |
5. Сенім сертификатын беруіңізді сұраймын
Жұмыс беруші ___________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Кәсіподақ органының төрағасы
_____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы "__"_______
Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.09.2025 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________ |
Территориальное |
ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕНІМ СЕРТИФИКАТЫ
_______________________________________________________ тапсырылады
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
____________________ облысының (қаласының) Бас мемлекеттік еңбек
инспекторы _________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні)
М.О.
_______________________ қаласы
20__ ж. ______ Тіркеу № ____