Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 сәуірде № 38423 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 133 бұйрықпен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларында:

      3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Электрондық еңбек биржасы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын цифрлық объектісі;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік цифрлық порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) толтырады.

      Жұмыс беруші декларацияны толтырғаннан және растағаннан кейін ол автоматты түрде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұйымның орналасқан жеріндегі аумақтық бөлімшесіне "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік цифрлық порталы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "ЕҚжҚ" АЦЖ) арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы жіберіледі.

      Декларация "ЕҚжҚ" АЦЖ-ға берілген сәттен бастап, ол бірегей сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу күні қойыла отырып автоматты түрде тіркеледі, бұл декларацияның еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ресми келіп түскен күні болып есептеледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссия келіп түскен декларацияны қарайды және "ЕҚжҚ" АЦЖ-да тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      Қабылданған шешім туралы хабарлама жұмыс берушіге оны "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік цифрлық порталындағы жеке кабинетінде орналастыру арқылы жіберіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12498 болып тіркелген) 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысын жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сенім сертификаты еңбек заңнамасының өрескел бұзушылық фактілері анықталған (расталған) сәттен бастап жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиға туындаған күннен бастап дереу күшін жояды.";

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту және "Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 509 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 988 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14625 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде (индексі 1- МЕИЖМ, кезеңділігі ай сайын):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нысан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесінен автоматты түрде қалыптастырылады және жүктеледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде (индексі 2-ӨЖ, кезеңділігі ай сайын):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нысан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесінен автоматты түрде қалыптастырылады және жүктеледі.".

      3. "Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33936 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесі – мемлекеттік еңбек инспекторларын тексеру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жұмыс берушінің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөнінде жасалған шарт туралы мәліметтерді жіберуі мәліметтерді дерекқордан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесіне автоматтандырылған беру жолымен жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Дерекқордан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесіне мынадай мәліметтер беріледі:".

      4. "Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33937 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйе – мемлекеттік еңбек инспекторларын тексеру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);

      6) "Электрондық еңбек биржасы" цифрлық порталы – еңбек нарығының бірыңғай цифрлық базасы бар цифрлық жүйе.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні "Электрондық еңбек биржасы" цифрлық порталы арқылы жібереді.

      5. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні жіберу үшін жұмыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбасымен растап, "Электрондық еңбек биржасы" цифрлық порталында жеке кабинетін тіркейді.

      6. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта сканерленген көшірме түрінде жеке кабинетте бекітіп және электрондық цифрлық қолтаңбасымен растап еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйеге жібереді.".

      5. "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйе – мемлекеттік еңбек инспекторларын тексеру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеуді және есепке алуды жұмыс берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімше еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйеде жүзеге асырады.";

      7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жазатайым оқиға туралы әрбір актіні аумақтық бөлімшемен еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйе арқылы жұмыс берушіден еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде енгізіледі, онда мынадай мәліметтер қамтылған:";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);".

  Қазақстан Республикасы
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 133 бұйрығына 1-қосымша/
Жұмыс берушінің қызметін
декларациялау қағидаларына
1-қосымша

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне

_____________________________________________________

(облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атауы)

Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтініш-декларация

      1._______________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы)

      2. Қызмет түрі ___________________________________________________

      3. Жұмыскерлер саны ____________ адам

      4. Осымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау туралы

      хабарлаймыз:

№ р/с

Еңбек заңнамасы талаптарының мазмұны

Декларация (ия/жоқ)

1.

Барлық жұмыскерлермен еңбек шарттары жасалды. Еңбек шартын жасасу кезінде заңнамада белгіленген шектеулер сақталады. Жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізілген


2.

Еңбек тәртібінің қағидалары бекітілді (бекіту күні) және қолданысқа енгізілді


3.

Ағымдағы жылға жұмыскерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кестесі бекітілді, ал оның өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі еңбек демалысының басталуына дейін кем дегенде екі апта қалғанда жұмыскерге хабарлау арқылы жүзеге асырылады. Қатарынан екі жыл бойы жұмыскерге еңбек демалысын немесе оның бөлігін бермеу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан заңсыз шақырып алу жағдайлары жоқ


4.

Жалақы белгіленген мерзімде толық мөлшерде төленеді. Жұмыскерге тиесілі өтемақы төлемдерін, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу сомасын төлеу бойынша берешек немесе кідіріс жоқ


5.

Зейнетақылық және әлеуметтік аударымдар, жұмыскерлерді еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан сақтандыру жүзеге асырылады


6.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс және демалыс тәртібі сақталады. Мерзімнен тыс жұмыстарға, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға заңсыз тарту жағдайлары жоқ


7.

Өндіріс ұйымдарындағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру, жұмыс көлемін қысқарту және адам санын немесе штатты қысқарту кезіндегі өзгерістерге байланысты жұмыскерлер жұмыс беруші тарапынан жазбаша түрде кемінде бір ай бұрын ескертіледі.


8.

Тәртіптік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілері жоқ


9.

Еңбек шартын заңсыз бұзу фактілері жоқ


10.

Өндірісте жазатайым оқиғалар жоқ


11.

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге белгіленген мерзімде аттестаттау жүргізілді


12.

Еңбекті қорғау қызметі бар (еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымы)


13.

Ұйымдардағы жетекші жұмыскерлер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтті


14.

Барлық жұмыстар мен кәсіптер үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді және бекітілді


15.

Жұмыскерлер еңбек жағдайлары бойынша ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілді


16.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге бекітілген норма бойынша уақтылы сүт немесе емдік-профилактикалық тағам тегін беріледі


17.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұлттық стандарттары енгізілді және оның іске асырылуын бақылау жүзеге асырылады


18.

Ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді мерзімдік медициналық тексерулер жүргізіледі


19.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылуда


20.

Өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтың, механиздердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келеді


21.

Жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін тану туралы құжаты бар


      5. Сенім сертификатын беруіңізді сұраймын

      Жұмыс беруші ___________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Кәсіподақ органының төрағасы

      _____________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20__ жылғы "__"_______

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 133 бұйрығына 2-қосымша
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 988 бұйрығына 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет- ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit?lang=ru.

      Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі өтеусіз негізде:

      1-МЕИЖМ.

      Жиілігі: ай сайын.

      Есепті кезең 20 ___ жылғы _____ай.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесінде автоматтандырылған режимде есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне (қоса алғанда) дейін.

БСН:




      Жинау әдісі - электронды түрде

Өңір

Жүргізілген тексерулер саны
(бірлік)

оның ішінде

Анықталған
бұзушылықтар

Бұзушылықтар жойылды

Ұйғарым берілді

профилактикалық бақылау

жоспардан тыс

1

2

3

4

5

6

7








            Кестенің жалғасы

Салынған әкімшілік айыппұлдар саны (барлығы)

Әкімшілік айыппұлдар сомасы (мың теңге)

Тоқтатылған (тыйым салынған) жұмыс

Жұмысы нан шеттетілген жұмыскерлердің саны (адам)

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жазатайым оқиғаға жүргізген тергеулер саны (аяқталған) Барлығы (бірлік)

Құқық қорғау органдарына берілген материалдардың саны

Жазатайым оқиғаға арнайы тергеп-тексеру материалдары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың саны Барлығы (бірлік)

станоктар, жабдықтар

өндірістік объетілер

ұйымдардың қызметі



Барлығы (бірлік)

оның ішінде қозғалған қылмыстық істер


8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

      Атауы__________________________________________________________

      Мекенжайы_____________________________________________________

      Телефон ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы: _____________________________________ ______________

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:

      ____________________________________________________________

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні: 20__ жылғы "___" _________________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 133 бұйрығына 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау және
  әлеуметтік даму министрінің
  2016 жылғы 28 қарашадағы
  № 988 бұйрығына
  3-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет- ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit?lang=ru.

      Әкімшілік нысанның атауы: Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі өтеусіз негізде: 2-ӨЖ.

      Жиілігі: ай сайын.

      Есепті кезең 20 ___ жылғы _____ай.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесінде автоматтандырылған режимде есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне (қоса алғанда) дейін.

БСН:


 

      Жинау әдісі - электронды түрде

Өңір

Барлығы жазатайым оқиғалар саны (бірлік)

Оның ішінде топтық (бірлік)

Барлығы зардап шеккендер саны (адам)

оның ішінде

Топтық жазатайым оқиғаларда зардап шеккендердің саны (адам)

Жеңіл және орташа дәрежедегі зардап шеккендердің саны (адам)

Ауыр нәтижемен зардап шеккендер саны (адам)

Қаза тапқандар саны (адам)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Атауы _____________________________________________________________

      Мекенжайы____________________________________________________________

      Телефон _______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________

      Орындаушы: ________________________________________________ ___________

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:

      _______________________________________________________ ______________

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні: 20__ жылғы "___" _________________

      Мөр орны (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады