Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 975 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 4, 8, 12, 13, 17 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 26 тамыздағы
№ 975 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:

      15-тармақта:

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) бюджеттік сұранымға есеп-қисаптарды дайындау қағидаларын және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішінде оны келісу мерзімдерін әзірлеу және бекіту;";

      327) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "327) қызмет бабында пайдалану үшін;".

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      "

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары

562

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары

848

  ";

      "

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), соның ішінде оның аумақтық органдары

1868

  "

      деген жол алып тасталсын.

      3. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 11), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 18), 23), 26), 27), 28), 29), 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;";

      2) тармақша алып тасталсын.

      4. Құпия.

      5. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген жол алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары".

      8. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      32-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сот төрелігін жүзеге асыруға, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша тиісінше – Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне; Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігіне;".

      10. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы және нәтижелілікті бағалау бойынша" деген жол алып тасталсын.

      11. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

      "1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі" деген бөлімде:

      "Медальдар:" деген кіші бөлімдегі 6-тармақ алып тасталсын;

      "Төсбелгілер:" деген кіші бөлімдегі 8-тармақ алып тасталсын;

      "2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар)" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) медальдары" және "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төсбелгілері" деген кіші бөлімдер алып тасталсын;

      Сипаттамаларға 28, 29, 30, 31 және 92-қосымшалар алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "Мінсіз қызметі үшін" медалімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар және өзінің қызметтік борышын үлгілі орындап жүрген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері, судьялар, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері марапатталады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен қызметі бойынша оң мінездемеге ие, заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз етуде өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындап жүрген ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ құқық тәртібін қорғауға белсенді қатысқаны үшін басқа да адамдар марапатталады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен:

      жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін конституциялық құрылысты, мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты, мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қамтамасыз етуде жедел-қызметтік іс-қимылды шебер ұйымдастырғаны; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қорғауда барлау, қарсы барлау және әскери операцияны (оның ішінде тергеуді) табысты ұйымдастырғаны, өткізгені және іске асырғаны; үкіметтік байланыспен сенімді қамтамасыз еткені; күрделі арнайы техникалық іс-шараларды кәсіби өткізгені; республиканың қауіпсіздік органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлағаны және қайта даярлағаны; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердегі жетістіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері;

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттерді шешуге қосқан үлесі және оны іске асыруға жәрдемдескені үшін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.";

      "3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері" деген бөлімінің "Үздік қызметкер" төсбелгісі" деген кіші бөлімі алып тасталсын.

      12. Құпия.

      13. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      14. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" және "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдар алып тасталсын.

      15. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдар тізбесінің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру қызметінің офицер атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін жүзеге асырып жүрген қызметкерлері.".

      16. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 932 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      3-тармақ алып тасталсын.

      17. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      B санаттарының тобында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық";

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы басқармасының (қызметтің) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомствосы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы басқармасының (қызметтің) басшысы";

      В-4 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі";

      С санаттарының тобында:

      С-О-3 санатының "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы".

      18. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 Жарлығында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      19. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген жол алып тасталсын.

      20. "Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органдарын және уәкілетті органын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 639 Жарлығында:

      1-тармақта:

      "Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес" деген бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)" деген жол алып тасталсын;

      "Кірістерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды жылыстатушылыққа қарсы күрес" деген бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)" деген жол алып тасталсын.

      21. Құпия.

      22. "Қазақстан Республикасынан Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыратын құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 52 Жарлығында:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету шеңберінде заттай дәлелдемелер бойынша Қазақстан Республикасынан Хаттаманы іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыратын құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      23. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "2. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      "2.2. Халық пен бизнестің сұранысына бағдарланған мемлекеттік аппараттың функцияларын қалыптастыру" деген кіші бөлімде:

      он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2025 жылдың басында 45 жобалық офис, оның ішінде орталық атқарушы органдарда 21 және жергілікті атқарушы органдарда 20, мемлекеттік қызмет істері, қаржылық мониторинг, стратегиялық жоспарлау және реформалар, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінде 4 жобалық офис құрылған және жұмыс істейді. Жобалық офистерге жобалық басқаруды пайдалана отырып, стратегиялық және бағдарламалық жоспарлау құжаттарын іске асыруды үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу жөніндегі функция жүктелген.".

      24. "Қаржылық мониторингті дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 1038 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қаржылық мониторингті дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында:

      "1. Тұжырымдаманың паспорты" деген бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар және ұйымдар

ӘдМ, БҚДА, БП, ҒЖБМ, ДСМ, ЕХӘҚМ, ЖС, Қаржымині, ҚМА, ҚНРДА, МАМ, МҚІА, ОАМ, ӨҚМ, СИМ, СЖРА ҰСБ, СІМ, ТСМ, ҰБ, ҰҚК, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, ІІМ

  ";

      Қаржылық мониторингті дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымшада:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

ЕАТ-қа мүше елдердің өзара бағалауын жүргізуге қатысу үшін ұлттық сарапшылар пулын қалыптастыру

сертификаттар

2024 – 2026 жылдар

ҚМА, ҰЭМ, Қаржымині, МАМ, СИМ, ӨҚМ, ТСМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, СІМ, ҒЖБМ, ДСМ, ЕХӘҚМ, БҚДА, БП, ЖС, ҚНРДА, ОАМ, СЖРА ҰСБ, ҰБ, ҰҚК

  ";

      "

3-міндет. КЖ/ТҚҚІ-ның жүйесін жетілдіру
Нысаналы индикаторлар:
қаржылық барлау бөлімшесінің материалдарын құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалану үлесі, %, 2022 жылы - 6 8%, 2023 жылы - 72%, 2024 жылы - 76%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 84%;
ҚМА жүйесінде тіркелген қаржылық мониторингі субъектілерінің үлесі, %, 2022 жылы - 50%, 2023 жылы - 60%, 2024 жылы - 70%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 90%

ҚМА, БП, СЖҚІА, ҰҚК, ІІМ, БҚДА, ДСМ, ҚНРДА, МАМ, ТСМ, ҰБ, ӘдМ, АХҚО комитеті (келісім бойынша)

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3-міндет. КЖ/ТҚҚІ-ның жүйесін жетілдіру
Нысаналы индикаторлар:
қаржылық барлау бөлімшесінің материалдарын құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалану үлесі, %, 2022 жылы - 6 8%, 2023 жылы - 72%, 2024 жылы - 76%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 84%;
ҚМА жүйесінде тіркелген қаржылық мониторингі субъектілерінің үлесі, %, 2022 жылы - 50%, 2023 жылы - 60%, 2024 жылы - 70%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 90%

ҚМА, БП, ҰҚК, ІІМ, БҚДА, ДСМ, ҚНРДА, МАМ, ТСМ, ҰБ, ӘдМ, АХҚО комитеті (келісім бойынша)

  ";

      реттік нөмірлері 23 және 24-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың прокуратура органдары санкциялаған олардың сұрау салуларына сәйкес қаржылық барлау бөлімшесінен ақпарат алу процесін автоматтандыру

Пайдалануға беру актісі

2025 жылғы III тоқсан

ҚМА, ЦДИАӨМ, БП, ҰҚК, ІІМ

24.

Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдар үшін криптовалюталарды қадағалау және виртуапды активтер саласындағы жаңа үрдістер бойынша тренингтер өткізу

тренингтер

2024 – 2026 жылдар

БП, ҚМА, ҰҚК, ЦДИАӨМ, ІІМ

  ";

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28.

Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларына цифрлық активтермен байланысты ерекшеліктерді қосу бөлігінде өзгерістер енгізу

Үкімет қаулысының жобасы

2025 жылғы IV тоқсан

ҚМА, БП, ҰҚК, ІІМ, ЖС

  ";

      "

5-міндет. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздеу және қайтару мәселелерінінің маңыздылығын арттыру
Нысаналы индикатор:
келтірілген залал (оның ішінде қылмыстық кірістер) сомасынан анықталған және тыйым салынған мүліктің үлесі, %, 2022 жылы - 13%, 2023 жылы - 17%, 2024 жылы - 21%, 2025 жылы - 25%, 2026 жылы - 29%

БП, ҚМА, СЖҚІА, ҰҚК, ІІМ

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5-міндет. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздеу және қайтару мәселелерінінің маңыздылығын арттыру
Нысаналы индикатор:
келтірілген залал (оның ішінде қылмыстық кірістер) сомасынан анықталған және тыйым салынған мүліктің үлесі, %, 2022 жылы - 13%, 2023 жылы - 17%, 2024 жылы - 21%, 2025 жылы - 25%, 2026 жылы - 29%

БП, ҚМА, ҰҚК, ІІМ

  ";

      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36.

Ұрланған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі жобаларды халықаралық ұйымдармен бірлесіп іске асыру

жобалар

2025 жылғы IV тоқсан

БП, СІМ, ҚМА, ІІМ, ҰҚК

  ".

      25. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығында:

      қызмет бабында пайдалану үшін.

      26. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры".

      27. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген жол алып тасталсын.

      28. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы" деген жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады