Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
2013 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартының 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тізбесінің бекітілгені туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 932 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша
құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74; 20.02.2021 № 515; 26.08.2025 № 975 Жарлықтарымен.
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
3. Алып тасталды – ҚР Президентінің 26.08.2025 № 975 Жарлығымен.4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
6. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі