Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 1062 Жарлығымен бекітілген Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі республикалық жедел штаб туралы ереженің 3-тармағына сәйкес осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 193-ө өкіміне қосымша |
Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, жетекшінің орынбасары |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы (келісу бойынша) |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері |
