Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 568 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. "Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2023 жылғы 14 шілдедегі № 589 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін;

      2) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріп тұрсын.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына:

      1) есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 наурыздан және 15 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспар іс-шараларының іске асырылуы;

      2) есепті жылдан кейінгі 30 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспар көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 568 қаулысымен
бекітілген

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары

Кіріспе

      Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес экономикадағы көлеңкелі айналым деңгейі жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі – ЖІӨ) шаққанда пайызбен 2026 жылы 14,5 %-дан, 2027 жылы – 14 %-дан, 2028 жылы – 13,8 %-дан аспайды.

      Қадағаланбайтын экономика оң динамикамен қысқарғанына қарамастан, Қазақстанның көрсеткіштері әлі де Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің мақсатқа сай деңгейінен жоғары болып отыр, бұл жаңа құралдарды енгізуді және тереңірек талдауды талап етеді.

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес қадағаланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 2019 жылы 23,69 %-дан 2024 жылы 16,71 %-ға дейін төмендеді, бұл 7 пайыздық пунктке немесе 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда шамамен үштен бірге (29,5 %) қысқарғанын білдіреді.

      Экономиканың көлеңкелі секторы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді, орта және шағын бизнестің заңды дамуын тежейді, нарықтық экономиканың жетекші институты ретінде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіреді, бәсекелестік деңгейін төмендетеді, экономикалық проблемаларды шиеленістіреді, кірістердің едәуір бөлігінің мемлекеттік бюджетке түспеуіне әкеледі.

      Бизнесті формальдандыру және көлеңкелі секторды төмендету Қазақстан экономикасын барлық қатысушылары үшін таза, жауапты әрі әділетті ете отырып трансформациялауға мүмкіндік береді.

      Осыған байланысты Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) шеңберінде салықтық, кедендік, еңбек және салалық жүйелердің деректерін салыстыруға, сұр схемаларды қолдануға бейім неғұрлым осал буындарды анықтауға, сондай-ақ олардың экономика секторлары арасындағы миграциясын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа құрылатын болады.

      Кешенді жоспар жобасы бес негізгі саланы қамтиды (денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, сауда, білім беру, құрылыс, ауыл шаруашылығы), салалардың тізімі жабық болып табылмайды және экономикадағы жаңа көлеңкелі тұстардың анықталуына қарай түзетілуі мүмкін.

      Өндірістік секторда ауыл шаруашылығы, мұнай-газ және құрылыс саласында цифрлық қадағалау жүйесі есебінен көлеңкелі айналымды қысқарту күтіледі. Ресурстарды бөлудің цифрлық жүйелерін енгізу және кедендік платформалармен интеграциялау өнімдердің қозғалысын өтпелі бақылауды қамтамасыз етеді.

      Сауда және қызмет көрсету саласында нарықтардың цифрлық форматқа (Digital bazaar) көшуі, тауарларды таңбалауды кеңейту және акцизделетін және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің айналымын бақылауды автоматтандыру негізгі нәтиже болып табылады. Бұл есепке алынбаған айналым мен контрафактілік өнімдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

      Әлеуметтік салада (денсаулық сақтау, білім беру) көрсетілетін қызметтерді верификациялаудың автоматтандырылған жүйелерін, баға мониторингін және комплаенс-аудитті енгізу жалған операциялар мен бюджет қаражатын нысаналы пайдаланбау тәуекелдерін төмендетеді.

      Адами факторды барынша азайту және рәсімдерді автоматтандыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету күтіледі.

      Іс-шаралар ЭЫДҰ-ның қолданыстағы қағидаттарына сәйкес іріктелді:

      нақты уақытқа жақын режимде деректер алу;

      постфактумға жеткізбей тәуекелдерді ерте анықтау;

      бизнеске қысым жасау емес, ерікті түрде заңдастыру;

      өлшенетін нәтижелер бойынша басқару.

      Бұл ретте Кешенді жоспарды қалыптастыру кезеңінде бизнес үшін жаңа міндеттемелер енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін шаралар алып тасталды.

      Айналымдардың ашықтығын арттыру неғұрлым болжамды және бәсекеге қабілетті экономикалық орта қалыптастырады.

      Кешенді жоспарда цифрландыру көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың басты негізіне айналады, сонымен қатар жасанды интеллект құралдары Кешенді жоспардың орындалуын мониторингтеу және нысаналы көрсеткіштердің қолжетімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.

Паспорт

1.

Атауы

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар)

2.

Әзірлеу үшін негіздеме

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 980 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.15-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді

3.

Іске асыру мерзімі

2026 – 2028 жылдар

4.

Жобаны әзірлеген мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Ғарыштық техника және технологиялар институты, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы, "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, Экономикалық саясатты талдау орталығы, "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы

5.

Кешенді жоспарды қабылдаудың қажеттілігі туралы негізгі проблемалар мен оларды шешу міндеттері көрсетілген қысқаша ақпарат

Қадағаланбайтын экономика оң динамикамен қысқарғанына қарамастан, Қазақстанның көрсеткіштері әлі де ЭЫДҰ елдерінің мақсатқа сай деңгейінен жоғары болып отыр, бұл жаңа құралдарды енгізуді және тереңірек талдауды талап етеді. Кешенді жоспарды қабылдау көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге бағытталған жүйелі әрі кешенді тәсілді қалыптастыру үшін тиімді шараларды іске асыру қажеттілігімен негізделген. Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде салықтық, кедендік, еңбек және салалық жүйелердің деректерін салыстыруға мүмкіндік беретін цифрлық платформа құрылады. Бұл платформа сұр схемаларды қолдануға бейім ең осал буындарды анықтауға, сондай-ақ олардың экономика секторлары арасындағы миграциясын бақылауға мүмкіндік береді. Кешенді жоспарды іске асыру салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуін қамтамасыз етіп, экономикалық үдерістердің ашықтығын арттыруға ықпал етеді


Р/с
№

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Нысаналы индикатор: ЖІӨ-дегі қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесін 2028 жылға қарай 13,8 %-ға дейін төмендету.
2026 жылы – 14,5 %, 2027 жылы – 14,0 %, 2028 жылы – 13,8 %.
Күтілетін нәтижелер: ЖІӨ-дегі қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың салалар бойынша үлесін төмендету,
ЖІӨ-%
1. Тауарлар өндірісі: 2026 жылы – 4,49 %; 2027 жылы – 4,34 %; 2028 жылы – 4,28 %, оның ішінде:
1.1. Ауыл, орман және балық шаруашылығы: 2026 жылы – 1,62 %; 2027 жылы – 1,56 %; 2028 жылы – 1,54 %;
1.2. Өңдеу өнеркәсібі: 2026 жылы – 1,04 %; 2027 жылы – 1,00 %; 2028 жылы – 0,99 %;
1.3. Құрылыс: 2026 жылы – 1,59 %; 2027 жылы – 1,54 %; 2028 жылы – 1,52 %;
1.4. Өзге де салалар: 2026 жылы – 0,24 %; 2027 жылы – 0,24 %; 2028 жылы – 0,23 %.
2. Қызметтер өндірісі: 2026 жылы – 10,01 %; 2027 жылы – 9,66 %; 2028 жылы – 9,52 %, оның ішінде:
2.1. Көтерме және бөлшек сауда: 2026 жылы – 2,92 %; 2027 жылы – 2,82 %; 2028 жылы – 2,78 %;
2.2. Көлік және қоймалау: 2026 жылы – 1,04 %; 2027 жылы – 1,0 %; 2028 жылы – 0,99 %;
2.3. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер: 2026 жылы – 1,68 %; 2027 жылы – 1,62 %; 2028 жылы – 1,60 %;
2.4. Білім беру: 2026 жылы – 1,23 %; 2027 жылы – 1,19 %; 2028 жылы – 1,17 %;
2.5. Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет: 2026 жылы – 0,45 %; 2027 жылы – 0,43 %; 2028 жылы – 0,42 %;
2.6. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар: 2026 жылы – 0,41 %; 2027 жылы – 0,40 %;
2028 жылы – 0,39 %;
2.7. Өзгелер (көрсетілетін қызметтерді өндіру): 2026 жылы – 2,28 %; 2027 жылы – 2,2 %; 2028 жылы – 2,17 %.
Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі (% ЖІӨ) 2026 жылы – 38,00 %; 2027 жылы – 38,5 %;
2028 жылы – 39 %.
Салалар бөлінісінде көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша KPI қол жеткізу (осы Кешенді жоспарға
1-қосымша)

1. Тауарлар өндірісі

1.1. Ауыл, орман және балық шаруашылығы

1.

Өсімдік шаруашылығын қадағалаудың цифрлық жүйесін әзірлеу және енгізу
 

пайдалануға
беру актісі

2028 жылғы IV тоқсан

АШМ, ЭСТО (келісу бойынша)

2026 – 364 млн теңге (әзірлеу); 2027 – 168 млн теңге (сүйемелдеу);
2028 – 168 млн теңге (сүйемелдеу)

РБ

2.

Ауыл шаруашылығы мақсатында заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын пайдаланылмайтын және жерлер туралы деректерді оның ішінде ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша МКК-нің цифрлық жүйесіне беру процестерін автоматтандыру

тестілеу актісі

2027 жылғы II тоқсан

ЖИЦДМ, АШМ, Қаржымині

талап етілмейді


3.

ӘКК қызметі процестерін тауарларды цифрлық қадағалау жүйесі базасында цифрландыру (деректерді беру тәртібін айқындау /Smart Data Finance цифрлық жүйесін тауарларды цифрлық қадағалау жүйесімен интеграциялау)

тестілеу актісі

2026 – 2028 жылдардағы IV тоқсан

ЖАО, СИМ, АШМ, Қаржымині, "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша), ЭҚО АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


4.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды қолдану

Қаржымині бұйрығы

2026 жылғы IV тоқсан

Қаржымині, ҰЭМ

талап етілмейді


5.

Балық пен балық өнімдерін қадағалаудың цифрлық жүйесін сүйемелдеу

орындалған жұмыстардың актісі, есеп

2026 жылғы IV тоқсан

АШМ, БШК

59,6 млн теңге

РБ

6.

Сою және сауда объектілеріне мал шаруашылығы өнімдерін қадағалаудың "Ветеринариялық-санитариялық сараптама" модулін енгізу

пайдалануға
беру актісі

2026 – 2028 жылдардағы IV тоқсан

АШМ, ЖАО

талап етілмейді


7.

ІҚМ және ҰМ әкету кезінде квоталардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін АШМ мен МКК цифрлық жүйелері деректерін интеграциялау

тестілеу актісі

2026 жылғы III тоқсан

Қаржымині, АШМ
 

талап етілмейді


8.

Агроөнеркәсіп кешені саласында цифрлық қадағалануды енгізу (субсидиялар алуға өтінімдерді беру кезінде форматтық-логикалық бақылауды жетілдіру;
АШМ-ның АШТӨ мониторингі шеңберінде МО базасымен интеграциялау)

пайдалануға
беру актісі

2026 жылғы IV тоқсан

АШМ, ЖИЦДМ, ҚМА (келісу бойынша)
 

көзделген қаражат шеңберінде


9.

Балық және балық өнімдерінің айналымы кезінде рұқсат беру құжаттарында тиісті салмақтық көрсеткіштерді көрсету үшін балықты қайта өңдеу кезінде (сүбе, ысталған-кептірілген және құрғақ өнімдер) салмақтық жоғалтуларды есептеу стандарттарын бекіту

АШМ бұйрығы

2027 жылғы I тоқсан

АШМ, СИМ

талап етілмейді


1.2. Өңдеуші өнеркәсібі

10.

Мұнай өңдеу зауыттарында материалдық-шикізат баланстарын есептеу және жүргізудің автоматтандырылған жүйесін енгізу

пайдалануға
беру актісі

2026 жылғы IV тоқсан
 

ЭМ, ЖИЦДМ, "КМГ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)
 

талап етілмейді


1.3. Құрылыс

11.

Жобалық, құрылыс және рұқсат құжаттамаларын цифрлық машиналық оқу форматына көшіру арқылы құрылыс саласын цифрландыру

пайдалануға
беру актісі

2027 жылғы IV тоқсан

ӨҚМ, Қаржымині, ЖАО

талап етілмейді


2. Қызметтер өндірісі

2.1. Көтерме және бөлшек сауда

12.

Базарлар мен сауда орталықтарын цифрлық форматқа көшіру (Digital bazaar)

"Е-сауда" платформасын құру

2026 – 2029 жылдардағы IV тоқсан

СИМ, ЖИЦДМ, ЖАО

талап етілмейді


13.

Мұнай базаларының иесінің резервуарларында және автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерін (жол битумынан басқа) сақтау кезінде бақылау-өлшеу құралдарын міндетті түрде орнатуды және деректерді онлайн режимде мемлекеттік кірістер органдарына беруді енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы II тоқсан

ЭМ, Қаржымині, ҰЭМ

талап етілмейді


14.

Импорттаушылар, отандық тауар өндірушілер, сауда желілері, шағын және микро- кәсіпкерлік субъектілерін, "үй маңындағы дүкендерді" қоса алғанда, өтпелі мерзімдерді белгілей отырып ҰТК енгізу талаптарын кезең-кезеңімен енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы IV тоқсан

СИМ, Қаржымині, "Казахтелеком" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


15.

"Е-КТРМ" техникалық реттеу цифрлық жүйесін мемлекеттік сатып алулар порталымен, ҒЖБМ және Еңбекмині цифрлық жүйелерімен интеграциялау

пайдалануға
беру актісі

2026 жылғы ІІІ тоқсан

СИМ, Қаржымині, ҒЖБМ, Еңбекмині

талап етілмейді


16.

Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейту
2026 жылы – 4 тауар тобы (зергерлік бұйымдар, тамаққа биологиялық белсенді қоспалар, газ баллондар, ағаш өнімдері);
2027 жылы – 5 тауар тобы (медициналық мақсаттағы бұйымдар, энергетикалық сусындар, тұрмыстық химия және косметика, сүт өнімдері, өсімдік майы және май өнімдері);
2028 жылы – 6 тауар тобы (полимерлі құбырлар, мұнай және мұнай өнімдері, бакалея өнімдері, балалар ойыншықтары, балалар тағамы, шай мен кофе)

СИМ бұйрығы

2026 – 2028 жылдардағы IV тоқсан

СИМ, салалық МО

талап етілмейді


17.

Таңбалауға жататын тауарларды әкелу мен айналымын үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету мақсатында "KEDEN" цифрлық жүйесін тауарларды таңбалау және қадағалау цифрлық жүйесімен интеграциялау

пайдалануға
беру актісі

2026 жылғы III тоқсан

Қаржымині, СИМ, "Казахтелеком" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


18.

Мұнай өнімдерінің негізгі тұтынушыларының цифрлық тізілімін жүргізу (АШТӨ, АЖҰ, ЖЭС, ЖҚС, мұнай базасы, МӨЗ, шағын МӨЗ, АГҚС, ГТС, ҚБ, ТМК, МӨҰ)

пайдалануға
беру актісі

2026 жылғы IV тоқсан

ЭМ, АШМ, Қаржымині, ТЖМ, КМ, ӨҚМ, ЖАО, "КМГ" ҰК" АҚ
(келісу бойынша)

талап етілмейді


19.

Жұмыс істеп тұрған субъектілер бойынша деректер тізбесін айқындау (АШТӨ, АЖҰ, ЖЭС, ЖҚС, мұнай базасы, МӨЗ, шағын МӨЗ, АГҚС, ГТС, ҚБ, ТМК, МӨҰ)

Келісімге қол қою

2026 жылғы III тоқсан

ЭМ, Қаржымині

талап етілмейді


20.

Жұмыс істеп тұрған субъектілер (АШТӨ, АЖҰ, ЖЭО, ЖҚС, мұнай базасы, МӨЗ, шағын МӨЗ, АГҚС, ГҚС, ҚБ, ТМК, МӨҰ) бойынша деректердің тізбесіне сәйкес Қаржымині мен ЭМ цифрлық жүйелерін интеграциялау

тестілеу актісі

2026 жылғы ІII тоқсан

Қаржымині, ЭМ, ЖИЦДМ
 

талап етілмейді


21.

Бюджетті жоспарлау және орындау сатысында қаражатты жымқырудың алдын алу мақсатында Қаржымині, ҰБ және ҚМА цифрлық жүйелерін (е-Минфин, "Тауарлар бағасының деректер базасы" және "Цифрлық теңге") интеграциялау (қолжетімділік беру)

тестілеу актісі

2026 жылғы IV тоқсан

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

талап етілмейді


2.2. Көлік және қоймалау

22.

КМ мен МКК цифрлық жүйелерін:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымдар;
азаматтық әуе кемелері мен пилотсыз авиациялық жүйелерді және оларға құқықтарды тіркеу туралы деректер бөлігінде интеграциялау

тестілеу актісі

2027 жылғы I тоқсан

КМ, ЖИЦДМ, Қаржымині

талап етілмейді


23.

Әріптес елдермен электрондық халықаралық көлік жүкқұжаттарын (e-CMR) дайын болуына қарай енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы IV тоқсан

КМ, ЖИЦДМ

талап етілмейді


24.

Әріптес елдермен (Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен жұмыс істеу тәжірибесі бойынша) ШРБ электрондық форматта алмасуды, беруді және салыстыруды енгізу

мемлекетаралық келісім

2027 жылғы I тоқсан

КМ, ЖИЦДМ

талап етілмейді


2.3 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

25.

ДСМ мен Қаржымині цифрлық жүйелерін интеграциялау (ТМКБК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттарға шекті бағаларды автоматты түрде қалыптастыру, фармацевтикалық нарықта бағаларды сыртқы және ішкі референттеу жүргізу)

пайдалануға
беру актісі
 

2027 жылғы IV тоқсан

ДСМ, Қаржымині

талап етілмейді


26.

Дәрілік қамтамасыз етуді жоспарлаудан бастап пациенттерге берілгенге дейін цифрландыру (мемлекет өтейтін дәрілік заттар тізбесін цифрландыру)

пайдалануға
беру актісі

2027 жылғы III тоқсан

ДСМ, Қаржымині, СИМ, ЖИЦДМ

талап етілмейді


27.

Ішкі нарық үшін дәрілік заттардың референттік бағаларын мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесін және көтерме және бөлшек сауда бағаларын бақылауды енгізу

пайдалануға
беру актісі

2027 жылғы III тоқсан

ДСМ, Қаржымині, СИМ, ЖИЦДМ

талап етілмейді


28.

ДСМ ресми интернет-ресурсында өнім берушілер мен сатып алынатын жабдықтар құнының жария тізілімін жариялау

тізілім

2026 жылғы IV тоқсан

ДСМ

талап етілмейді


29.

Күмәнді көрсетілетін қызметтерді автоматты түрде тоқтата отырып аномалияларды (жалған пациенттер, шетелдік пациенттер, дәрігерлердің шамадан тыс жүктемесі, жабдық қуатының сәйкессіздігі) анықтауға арналған
AI-модулін енгізу арқылы МӘМС комплаенс-аудитін цифрландыру

ДСМ ЦЖ өзектендіру

2028 жылғы III тоқсан

Қаржымині, ДСМ, ЖИЦДМ

талап етілмейді


30.

Медициналық сараптаманы және медициналық қызметтер үшін жалған төлем жасауға жол бермеу мақсатында бұрын жасалған операциялар фактісін тексеруді қоса алғанда, ДСМ цифрлық жүйелері арқылы медициналық тағайындауларды міндетті түрде растауды көздейтін өтінімдерді верификациялау тетігін енгізу.

пайдалануға
беру актісі

2026 жылғы III тоқсан

ДСМ, Қаржымині

талап етілмейді


2.4. Білім беру

31.

Білім беру платформаларын интеграциялау арқылы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының сертификаттарын верификациялауды цифрландыру

пайдалануға
беру актісі
 

2026 жылғы IV тоқсан

ОАМ, ҒЖБМ, ЖИЦДМ, ЖАО, Қаржымині

талап етілмейді


32.

Өңірлерде (мемлекеттік мектептердің болмауынан, үш ауысымда оқытуды жою, апатты жағдайдағы мектептер) оқу орындарының тапшылығын шынайы жабатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру өлшемшарттарын қайта қарау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы III тоқсан

ОАМ, Қаржымині, ЖАО

талап етілмейді


2.5. Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

33.

ГҚ және БНҚ бойынша шарттар мен орындалған жұмыс актілеріне цифрлық форматта қол қоюға көшу (Қаржымині цифрлық жүйесімен интеграциялау)

пайдалануға беру актісі
 

2027 жылғы II тоқсан

ҒЖБМ, Қаржымині, ЖИЦДМ

талап етілмейді


34.

Ұйымдар мен жобаларды қаржыландыруға жіберуден бастап енгізуді және бюджет қаражатын қайтаруды бақылауға дейінгі барлық қызмет циклін қамтитын ғылыми жобаларды басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесін енгізу

пайдалануға беру актісі
 

2027 жылғы II тоқсан

ҒЖБМ, Қаржымині, ЖИЦДМ

талап етілмейді


2.6. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

35.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ-ты "ЖБМК" цифрлық жүйесінен МКК-нің цифрлық жүйесіне тіркелген жылжымайтын мүлік объектілері, оның ішінде коммерциялық объектілер туралы (мәміле құны көрсетіле отырып) деректерді онлайн режимде беруін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және белгілі бір іс-қимыл жасауға шектеу қою шеңберінде аталған мәліметтерді Әділетмині "АІЖ МАЦЖ" цифрлық жүйесімен интеграцияланған өзара іс-қимылды жаңғырту

пайдалануға беру актісі

2027 жылғы IV тоқсан

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ (келісу бойынша), ЖИЦДМ, Әділетмині, Қаржымині

талап етілмейді


2.7. Өзгелер (көрсетілетін қызметтерді өндіру)

36.

Барлық пайдаланушыларға арналған құқықтарды ұжымдық басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу

пайдалануға
беру актісі

2027 жылғы IV тоқсан

Әділетмині, "ҰЗМИ" РМК (келісу бойынша)

талап етілмейді


37.

Стандартталған биржалық тауарлар желісін ең төменгі жеткізілім партиясының мөлшерін не осы тауарлармен (секциялармен) биржалық сауда жүргізу шарттарын бір мезгілде белгілей отырып ең төменгі үлесін айқындау арқылы кеңейту

СИМ бұйрығы
 

2026 жылғы IV тоқсан

СИМ, ҰЭМ АШМ, ӨҚМ, ЭМ

талап етілмейді


38.

Цифрлық жобаларға мемлекеттік аудит жүргізудің тәсілдерін қалыптастыру

бірлескен бұйрық

2026 жылғы IIІ тоқсан

Қаржымині, ЖИЦДМ

талап етілмейді


3. Фискальды әкімшілендіруді жетілдіру

39.

Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттарды тіркеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, экспорттық-импорттық валюталық операциялардың мониторингін, валюталық заңнаманы бұзушылықтар болған кезде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты оларды жүргізу жөніндегі бақылау құралдарын енгізу, оның ішінде Ұлттық Банк, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен уәкілетті банктер арасындағы қолданыстағы интеграциялар шеңберінде ақпарат алмасуды кеңейту жолымен валюталық бақылау тетіктерін жетілдіру

ҰБ бірлескен қаулысы және Қаржымині бұйрығы

2027 жыл IIІ тоқсан

ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині

талап етілмейді


40.

Жекелеген тауар түрлері бойынша кедендік әкету бажының мөлшерлемесін қайта қарау

ҰЭМ бұйрығы

2026 – 2027 жылдардағы IV тоқсан

СИМ, ҰЭМ, АШМ, ӨҚМ, ЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді


41.

Тауарлардың әкелінуіне кедендік бақылауды күшейту мақсатында абоненттік құрылғыларды (IMEI-кодтарды) верификациялау жөніндегі цифрлық жүйені "KEDEN" цифрлық жүйесімен интеграциялау

пайдалануға беру актісі

2026 жылғы IV тоқсан

ЖИЦДМ, Қаржымині

талап етілмейді


42.

"Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 125-НҚ бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына ескертулерге сәйкес әкелінетін тауарлардың нысаналы тағайындалуына растауды беру процесін ("KEDEN" ҰАП-пен интеграциялау арқылы) цифрландыру

пайдалануға беру актісі

2027 жылғы IІ тоқсан

ЖИЦДМ, СИМ, ДСМ, ӨҚМ, АШМ, Қорғанысмині, КМ, ЭМ, Қаржымині

талап етілмейді


43.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдануды және олардың болуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы III тоқсан
 

ЖИЦДМ, КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, ҒТТИ (келісу бойынша)

талап етілмейді


44.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес өтелмеген немесе алынбаған соттылық туралы мәліметтерді, сондай-ақ қызметі жарамсыз деп танылған субъектілерді тіркеу және (немесе) қайта тіркеу жөніндегі деректерді Жоғарғы Соттың "Төрелік" цифрлық жүйесінен тіркеуші органдардың цифрлық жүйесіне және "Smart Data Finance" беру тәртібі мен шарттарын айқындау

ведомствоаралық хаттама

2026 жылғы IV тоқсан

СӘ (келісу бойынша), Әділетмині, Қаржымині, ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді


45.

Деректерді Әділетминнің "АІЖ МАЦЖ" цифрлық жүйесіне бере отырып өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін заңдастыру мен автоматтандыру мақсатында МКК, МО цифрлық жүйесін интернет-платформаларымен интеграциялау

интернет-платформалардың операторларымен интеграция

2026 жылғы IV тоқсан

Қаржымині, Еңбекмині, ДСМ, Әділетмині, ЖИЦДМ

талап етілмейді


46.

Экспорттаушыларға ҚҚС-ны қайтару кезінде салықтық әкімшілендіру тетігін, оның ішінде "Цифрлық" теңгені пайдалану арқылы жетілдіру

Қаржымині бұйрығы

2028 жылғы IV тоқсан

Қаржымині, ҰЭМ

талап етілмейді


47.

"Интернеттегі-жарнаманы таңбалау" цифрлық жүйесінің пилоттық жобасын енгізу мәселесін қарастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 жылғы I тоқсан

МАМ, Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді


4. Заңсыз қызмет

48.

Қазақстан Республикасының аумағында контрафактілік өнімдерді шекараға әкелу, әкету және тарату фактілерін болдырмау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2027 – 2028 жылдардағы I тоқсан

Әділетмині, Қаржымині, ІІМ, ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді


49.

Құмар ойындар, бәс тігу сайттарын сілтемелерін және өзге де тыйым салынған контентті автоматты түрде іздеу және бұғаттау тетігін жетілдіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

2026 жылғы IІІ тоқсан

ТСМ, МАМ, ЖИЦДМ, БП (келісу бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді


50.

Тапсырыс берушілерді міндетті сәйкестендіруді және заңсыз контентті таратқаны үшін жауаптылықты қоса алғанда, ұялы байланыс операторларының қызметін нормативтік реттеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2027 жылғы I тоқсан

ЖИЦДМ, ТСМ

талап етілмейді


51.

Домендердің тағайындалуын тексеру және онлайн-казино және лицензияланбаған букмекерлік қызметке байланысты ресурстарға қызмет көрсетуді тоқтату бойынша .kz домендік аймағының тіркеушісі қызметін нормативтік реттеу

Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы

2027 жылғы І тоқсан

ЖИЦДМ, МАМ,ТСМ

талап етілмейді


5. Жалпы

52.

Қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың жай-күйі туралы жыл сайынғы кеңейтілген талдамалық баяндаманы дайындау және ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту

Қаржымині бұйрығы

2026 жылғы IIІ тоқсан

Қаржымині

талап етілмейді


53.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыруды мониторингтеудің бірыңғай цифрлық тәртібін қамтамасыз ету

цифрлық платформа

2026 жылғы
IV тоқсан

Қаржымині, ЖИЦДМ

талап етілмейді


  Көлеңкелі экономикаға қарсы
іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың
2026 – 2028 жылдарға арналған
кешенді жоспарына қосымша

Қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономикаға қарсы 2028 жылға дейінгі іс-қимыл көрсеткіштерінің бағаланатын мемлекеттік органдарға бекітіп берілген тізбесі

Р/с
№
 

Көрсеткіш

Мына бөліністе

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Ақпарат көзі

Жауапты мемлекеттік органдар

1

2

3

4

5

6

7

8

N 1 тип – "Өндірушілер әдейі тіркелмейді – астыртын қызмет" болжам: 2026 жылы – 0,50 %, 2027 жылы – 0,43 %, 2028 жылы – 0,37 %

1.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына шаққанда тіркелмей жұмыспен қамтылғандардың үлесі (%)

республика бойынша

жалдамалы жұмыскерлер

0,24

0,22

0,20

СЖРА ҰСБ (келісу бойынша)

Еңбекмині

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

1,03

0,92

0,81

салалар бойынша





ауыл, орман және балық шаруашылығы

1,45

1,36

1,27

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ӨҚМ, СИМ, МАМ, КМ, ТСМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОАМ, ДСМ, ЭТРМ, ЖИЦДМ, ІІМ

тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

-

-

-

өңдеу өнеркәсібі

0,69

0,66

0,63

электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау

0,03

0,03

0,02

сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою жөніндегі қызмет

0,13

0,08

0,03

құрылыс

4,08

3,81

3,54

көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

0,94

0,87

0,80

көлік және қоймалау

3,34

3,07

2,80

тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер

0,88

0,84

0,80

ақпарат және байланыс

0,16

0,12

0,09

жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

0,40

0,39

0,38

кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

0,33

0,29

0,25

әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

0,20

0,19

0,18

білім беру

0,14

0,11

0,08

денсаулық сақтау

0,29

0,26

0,23

өнер, ойын-сауық және демалыс

0,25

0,23

0,21

өзгелер

1,45

1,34

1,23

өңірлер бойынша




Абай облысы

0,13

0,10

0,07

ҰЭМ, ЖАО

Ақмола облысы

1,17

1,10

1,04

Ақтөбе облысы

0,29

0,24

0,19

Алматы облысы

1,72

1,29

1,08

Атырау облысы

0,22

0,19

0,17

Батыс Қазақстан облысы

1,12

1,08

1,04

Жамбыл облысы

1,64

1,57

1,49

Жетісу облысы

2,34

2,03

1,72

Қарағанды облысы

1,29

1,16

1,03

Қостанай облысы

0,73

0,70

0,67

Қызылорда облысы

2,24

1,96

1,68

Маңғыстау облысы

1,01

0,97

0,93

Павлодар облысы

0,41

0,34

0,27

Солтүстік Қазақстан облысы

0,31

0,27

0,23

Түркістан облысы

2,10

2,01

1,92

Ұлытау облысы

0,81

0,78

0,75

Шығыс Қазақстан облысы

0,19

0,12

0,05

Астана қаласы

0,25

0,22

0,19

Алматы қаласы

0,52

0,46

0,41

Шымкент қаласы

0,52

0,47

0,42

N 2 тип – "Өндірушілер әдейі тіркелмейді – заңсыз қызмет" болжам: 2026 жылы – 1,2 %, 2027 жылы – 1,09 %, 2028 жылы – 1,06 %

2.

Есірткіге тәуелді адамдардың іс жүзіндегі саны (адам)

республика бойынша

15 007

14 040

13 181

ДСМ, ІІМ

ДСМ, ІІМ

Келтірілген залал (оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістер) сомасынан анықталған және тыйым салынған мүліктің үлесі (%)

республика бойынша

29

31

33

ҚМА (келісу бойынша)

ҚМА (келісу бойынша)

Браконьерлік қызмет (сүрек, киіктің мүйізі және т.б.) (мың теңге)

республика бойынша

68 894

62 908

57 797

ЭТРМ, ІІМ, АШМ

ЭТРМ, ІІМ, АШМ

N 3 тип – "Заңнамаға сәйкес тіркелуге тиісті емес өндірушілер" болжам: 2026 жылы – 2,81 %, 2027 жылы – 2,47 %, 2028 жылы – 2,20 %

3.

Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі (ЖІӨ/ЖӨӨ-ге %)

республика бойынша

41,9

42,1

42,3

СЖРА ҰСБ (келісу бойынша)

ҰЭМ, АШМ, ЭМ, ӨҚМ, СИМ, Қаржымині, МАМ, КМ, ТСМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОАМ, ДСМ, ЭТРМ, ЖИЦДМ, ІІМ, БҚДА (келісу бойынша)

Абай облысы

17,4

17,8

18,0

ЖАО

Ақмола облысы

33,3

33,6

33,7

Ақтөбе облысы

30,1

29,9

29,6

Алматы облысы

48,2

47,8

47,3

Атырау облысы

24,7

24,8

25,8

Батыс Қазақстан облысы

36,2

33,5

30,7

Жамбыл облысы

31,4

31,3

31,3

Жетісу облысы

31,3

30,6

30,0

Қарағанды облысы

23,7

24,6

25,2

Қостанай облысы

31,4

31,6

32,0

Қызылорда облысы

22,4

22,5

22,8

Маңғыстау облысы

34,3

34,7

35,8

Павлодар облысы

21,1

21,4

21,5

Солтүстік Қазақстан облысы

30,6

30,7

31,1

Түркістан облысы

35,0

35,0

35,6

Ұлытау облысы

6,4

6,8

7,2

Шығыс Қазақстан облысы

26,6

27,2

27,7

Астана қаласы

69,4

69,6

69,9

Алматы қаласы

61,1

61,1

60,7

Шымкент қаласы

47,3

47,8

48,0

N 6 тип – "Біле тұра нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілер" болжам: 2026 жылы – 8,81 %, 2027 жылы – 8,31 %, 2028 жылы – 7,84 %

4.

Кәсіпорындардың мөлшерлілігін ескере отырып, өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда орташа ЖЖТ-ға қол жеткізбеген кәсіпорындардың саны

республика бойынша

98 646

86 184

76 203

Қаржымині
 

Қаржымині, Еңбекмині, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, ӨҚМ, СИМ, МАМ, КМ, ТСМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОАМ, ДСМ, ЭТРМ, ЖИЦДМ, ІІМ

салалар бойынша




ауыл, орман және балық шаруашылығы

4 364

4 062

3 911

тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

820

724

673

өңдеу өнеркәсібі

4 500

4 290

4 135

электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау

280

276

272

сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою жөніндегі қызмет

463

459

457

құрылыс

14 687

12 528

10 860

көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

25 307

21 410

18 434

көлік және қоймалау

4 708

3 976

3 345

тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер

2 065

1 674

1 332

ақпарат және байланыс

3 742

2 952

2 248

жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

6 210

5 806

5 551

кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

9 161

8 104

7 131

әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

6 352

5 593

4 855

білім беру

5 225

4 654

4 298

денсаулық сақтау

3 068

2 544

2 026

өнер, ойын-сауық және демалыс

1 252

1 108

979

өзгелер

6 442

6 024

5 696

өңірлер бойынша




Абай облысы

784

696

644

ЖАО

Ақмола облысы

2 847

2 618

2 424

Ақтөбе облысы

4 025

3 651

3 309

Алматы облысы

2 380

2 329

2 279

Атырау облысы

2 900

2 675

2 481

Шығыс Қазақстан облысы

3 186

3 023

2 956

Жамбыл облысы

2 297

1 992

1 704

Жетісу облысы

803

697

664

Қарағанды облысы

6 057

5 565

5 119

Қостанай облысы

3 136

2 891

2 661

Қызылорда облысы

1 788

1 668

1 572

Маңғыстау облысы

2 966

2 687

2 430

Павлодар облысы

3 527

3 263

3 021

Солтүстік Қазақстан облысы

1 991

1 888

1 799

Түркістан облысы

3 366

3 118

2 938

Ұлытау облысы

193

158

154

Батыс Қазақстан облысы

2 414

2 154

1 904

Астана қаласы

17 979

14 656

11 994

Алматы қаласы

29 879

25 349

21 856

Шымкент қаласы

4 729

4 110

3 600

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Атамекен" ҰКП

–

"Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

АГҚС

–

автомобильдік газ құю станциясы

АЖҰ

–

аумақтық желілік ұйым

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ

–

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АІЖ МАЦЖ

–

атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі

АШМ

–

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

АШТӨ

–

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері

Әділетмині

–

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

ӘКК

–

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация

БҚДА

–

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БНҚ

–

бағдарламалық нысаналы қаржыландыру

БП

–

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

БШК

–

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті

ДСМ

–

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Е-КТРМ

–

е-техникалық реттеу және метрология

Еңбекмині

–

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ГТС

–

газ толтыру станциясы

ГҚ

–

гранттық қаржыландыру

ҒЖБМ

–

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҒТТИ

–

"Ғарыштық техника және технологиялар институты"

ІІМ

–

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ІҚМ және ҰМ

–

ірі қара мал және ұсақ мал

ЖАО

–

жергілікті атқарушы органдар

ЖБМК

–

жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры

ЖИЦДМ

–

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

ЖІӨ

–

жалпы ішкі өнім

ЖҚС

–

жанар май құю стансасы

ЖС

–

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ЖЭС

–

жылу электр станциясы

KEDEN ҰИП

–

"KEDEN" ұлттық интеграцияланған платформасы

KPI

–

негізгі тиімділік көрсеткіштері

КМ

–

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

"КМГ" ҰК" АҚ

–

"Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

МАМ

–

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

МӘМС

–

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

МКК

–

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті

МӨЗ

–

мұнай өңдеу зауыты

МӨҰ

–

мұнай өңдеу ұйымы

ОАМ

–

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ӨҚМ

–

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

"Қазақтелеком" АҚ

–

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

Қаржымині

–

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚБ

–

қосымша байланыс (термин)

ҚМА

–

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

Қорғанысмині

–

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ҚҚС

–

қосылған құн салығы

"ҚТЖ" ҰК" АҚ

–

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

РБ

–

республикалық бюджет

СӘ

–

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі

СЖРА ҰСБ

–

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

СИМ

–

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

ТЖМ

–

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

ТМК

–

тау-кен металлургия кешені

ТМКБК

–

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

ТСМ

–

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

ҰБ

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

"ҰЗМИ" РМК

–

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

ҰҚК

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰТК

–

ұлттық тауарлар каталогы

ҰЭМ

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

шағын МӨЗ

–

шағын мұнай өңдеу зауыты

ШРБ

–

шетелдік рұқсат бланкілері

ЦЖ

–

цифрлық жүйе

ЭМ

–

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

"ЭҚО" АҚ

–

"Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы

ЭСТО

–

Экономикалық саясатты талдау орталығы

ЭЫДҰ

–

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады