Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. "Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2023 жылғы 14 шілдедегі № 589 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріп тұрсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына:
1) есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 наурыздан және 15 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспар іс-шараларының іске асырылуы;
2) есепті жылдан кейінгі 30 қыркүйектен кешіктірмей Кешенді жоспар көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 568 қаулысымен бекітілген |
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары
Кіріспе
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес экономикадағы көлеңкелі айналым деңгейі жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі – ЖІӨ) шаққанда пайызбен 2026 жылы 14,5 %-дан, 2027 жылы – 14 %-дан, 2028 жылы – 13,8 %-дан аспайды.
Қадағаланбайтын экономика оң динамикамен қысқарғанына қарамастан, Қазақстанның көрсеткіштері әлі де Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің мақсатқа сай деңгейінен жоғары болып отыр, бұл жаңа құралдарды енгізуді және тереңірек талдауды талап етеді.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес қадағаланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 2019 жылы 23,69 %-дан 2024 жылы 16,71 %-ға дейін төмендеді, бұл 7 пайыздық пунктке немесе 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда шамамен үштен бірге (29,5 %) қысқарғанын білдіреді.
Экономиканың көлеңкелі секторы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді, орта және шағын бизнестің заңды дамуын тежейді, нарықтық экономиканың жетекші институты ретінде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіреді, бәсекелестік деңгейін төмендетеді, экономикалық проблемаларды шиеленістіреді, кірістердің едәуір бөлігінің мемлекеттік бюджетке түспеуіне әкеледі.
Бизнесті формальдандыру және көлеңкелі секторды төмендету Қазақстан экономикасын барлық қатысушылары үшін таза, жауапты әрі әділетті ете отырып трансформациялауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) шеңберінде салықтық, кедендік, еңбек және салалық жүйелердің деректерін салыстыруға, сұр схемаларды қолдануға бейім неғұрлым осал буындарды анықтауға, сондай-ақ олардың экономика секторлары арасындағы миграциясын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа құрылатын болады.
Кешенді жоспар жобасы бес негізгі саланы қамтиды (денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, сауда, білім беру, құрылыс, ауыл шаруашылығы), салалардың тізімі жабық болып табылмайды және экономикадағы жаңа көлеңкелі тұстардың анықталуына қарай түзетілуі мүмкін.
Өндірістік секторда ауыл шаруашылығы, мұнай-газ және құрылыс саласында цифрлық қадағалау жүйесі есебінен көлеңкелі айналымды қысқарту күтіледі. Ресурстарды бөлудің цифрлық жүйелерін енгізу және кедендік платформалармен интеграциялау өнімдердің қозғалысын өтпелі бақылауды қамтамасыз етеді.
Сауда және қызмет көрсету саласында нарықтардың цифрлық форматқа (Digital bazaar) көшуі, тауарларды таңбалауды кеңейту және акцизделетін және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің айналымын бақылауды автоматтандыру негізгі нәтиже болып табылады. Бұл есепке алынбаған айналым мен контрафактілік өнімдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік салада (денсаулық сақтау, білім беру) көрсетілетін қызметтерді верификациялаудың автоматтандырылған жүйелерін, баға мониторингін және комплаенс-аудитті енгізу жалған операциялар мен бюджет қаражатын нысаналы пайдаланбау тәуекелдерін төмендетеді.
Адами факторды барынша азайту және рәсімдерді автоматтандыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету күтіледі.
Іс-шаралар ЭЫДҰ-ның қолданыстағы қағидаттарына сәйкес іріктелді:
нақты уақытқа жақын режимде деректер алу;
постфактумға жеткізбей тәуекелдерді ерте анықтау;
бизнеске қысым жасау емес, ерікті түрде заңдастыру;
өлшенетін нәтижелер бойынша басқару.
Бұл ретте Кешенді жоспарды қалыптастыру кезеңінде бизнес үшін жаңа міндеттемелер енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін шаралар алып тасталды.
Айналымдардың ашықтығын арттыру неғұрлым болжамды және бәсекеге қабілетті экономикалық орта қалыптастырады.
Кешенді жоспарда цифрландыру көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың басты негізіне айналады, сонымен қатар жасанды интеллект құралдары Кешенді жоспардың орындалуын мониторингтеу және нысаналы көрсеткіштердің қолжетімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.
Паспорт
1. | Атауы | Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) |
2. | Әзірлеу үшін негіздеме | Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 980 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.15-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді |
3. | Іске асыру мерзімі | 2026 – 2028 жылдар |
4. | Жобаны әзірлеген мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Ғарыштық техника және технологиялар институты, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы, "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, Экономикалық саясатты талдау орталығы, "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы |
5. | Кешенді жоспарды қабылдаудың қажеттілігі туралы негізгі проблемалар мен оларды шешу міндеттері көрсетілген қысқаша ақпарат | Қадағаланбайтын экономика оң динамикамен қысқарғанына қарамастан, Қазақстанның көрсеткіштері әлі де ЭЫДҰ елдерінің мақсатқа сай деңгейінен жоғары болып отыр, бұл жаңа құралдарды енгізуді және тереңірек талдауды талап етеді. Кешенді жоспарды қабылдау көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге бағытталған жүйелі әрі кешенді тәсілді қалыптастыру үшін тиімді шараларды іске асыру қажеттілігімен негізделген. Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде салықтық, кедендік, еңбек және салалық жүйелердің деректерін салыстыруға мүмкіндік беретін цифрлық платформа құрылады. Бұл платформа сұр схемаларды қолдануға бейім ең осал буындарды анықтауға, сондай-ақ олардың экономика секторлары арасындағы миграциясын бақылауға мүмкіндік береді. Кешенді жоспарды іске асыру салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуін қамтамасыз етіп, экономикалық үдерістердің ашықтығын арттыруға ықпал етеді |
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
| Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына қосымша |
Қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономикаға қарсы 2028 жылға дейінгі іс-қимыл көрсеткіштерінің бағаланатын мемлекеттік органдарға бекітіп берілген тізбесі
Көрсеткіш | Мына бөліністе | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл | Ақпарат көзі | Жауапты мемлекеттік органдар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
N 1 тип – "Өндірушілер әдейі тіркелмейді – астыртын қызмет" болжам: 2026 жылы – 0,50 %, 2027 жылы – 0,43 %, 2028 жылы – 0,37 % | ||||||||
1. | Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына шаққанда тіркелмей жұмыспен қамтылғандардың үлесі (%) | республика бойынша | жалдамалы жұмыскерлер | 0,24 | 0,22 | 0,20 | СЖРА ҰСБ (келісу бойынша) | Еңбекмині |
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар | 1,03 | 0,92 | 0,81 | |||||
салалар бойынша | ||||||||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 1,45 | 1,36 | 1,27 | Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ӨҚМ, СИМ, МАМ, КМ, ТСМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОАМ, ДСМ, ЭТРМ, ЖИЦДМ, ІІМ | ||||
тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру | - | - | - | |||||
өңдеу өнеркәсібі | 0,69 | 0,66 | 0,63 | |||||
электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау | 0,03 | 0,03 | 0,02 | |||||
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою жөніндегі қызмет | 0,13 | 0,08 | 0,03 | |||||
құрылыс | 4,08 | 3,81 | 3,54 | |||||
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу | 0,94 | 0,87 | 0,80 | |||||
көлік және қоймалау | 3,34 | 3,07 | 2,80 | |||||
тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 0,88 | 0,84 | 0,80 | |||||
ақпарат және байланыс | 0,16 | 0,12 | 0,09 | |||||
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 0,40 | 0,39 | 0,38 | |||||
кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет | 0,33 | 0,29 | 0,25 | |||||
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 0,20 | 0,19 | 0,18 | |||||
білім беру | 0,14 | 0,11 | 0,08 | |||||
денсаулық сақтау | 0,29 | 0,26 | 0,23 | |||||
өнер, ойын-сауық және демалыс | 0,25 | 0,23 | 0,21 | |||||
өзгелер | 1,45 | 1,34 | 1,23 | |||||
өңірлер бойынша | ||||||||
Абай облысы | 0,13 | 0,10 | 0,07 | ҰЭМ, ЖАО | ||||
Ақмола облысы | 1,17 | 1,10 | 1,04 | |||||
Ақтөбе облысы | 0,29 | 0,24 | 0,19 | |||||
Алматы облысы | 1,72 | 1,29 | 1,08 | |||||
Атырау облысы | 0,22 | 0,19 | 0,17 | |||||
Батыс Қазақстан облысы | 1,12 | 1,08 | 1,04 | |||||
Жамбыл облысы | 1,64 | 1,57 | 1,49 | |||||
Жетісу облысы | 2,34 | 2,03 | 1,72 | |||||
Қарағанды облысы | 1,29 | 1,16 | 1,03 | |||||
Қостанай облысы | 0,73 | 0,70 | 0,67 | |||||
Қызылорда облысы | 2,24 | 1,96 | 1,68 | |||||
Маңғыстау облысы | 1,01 | 0,97 | 0,93 | |||||
Павлодар облысы | 0,41 | 0,34 | 0,27 | |||||
Солтүстік Қазақстан облысы | 0,31 | 0,27 | 0,23 | |||||
Түркістан облысы | 2,10 | 2,01 | 1,92 | |||||
Ұлытау облысы | 0,81 | 0,78 | 0,75 | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | 0,19 | 0,12 | 0,05 | |||||
Астана қаласы | 0,25 | 0,22 | 0,19 | |||||
Алматы қаласы | 0,52 | 0,46 | 0,41 | |||||
Шымкент қаласы | 0,52 | 0,47 | 0,42 | |||||
N 2 тип – "Өндірушілер әдейі тіркелмейді – заңсыз қызмет" болжам: 2026 жылы – 1,2 %, 2027 жылы – 1,09 %, 2028 жылы – 1,06 % | ||||||||
2. | Есірткіге тәуелді адамдардың іс жүзіндегі саны (адам) | республика бойынша | 15 007 | 14 040 | 13 181 | ДСМ, ІІМ | ДСМ, ІІМ | |
Келтірілген залал (оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістер) сомасынан анықталған және тыйым салынған мүліктің үлесі (%) | республика бойынша | 29 | 31 | 33 | ҚМА (келісу бойынша) | ҚМА (келісу бойынша) | ||
Браконьерлік қызмет (сүрек, киіктің мүйізі және т.б.) (мың теңге) | республика бойынша | 68 894 | 62 908 | 57 797 | ЭТРМ, ІІМ, АШМ | ЭТРМ, ІІМ, АШМ | ||
N 3 тип – "Заңнамаға сәйкес тіркелуге тиісті емес өндірушілер" болжам: 2026 жылы – 2,81 %, 2027 жылы – 2,47 %, 2028 жылы – 2,20 % | ||||||||
3. | Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі (ЖІӨ/ЖӨӨ-ге %) | республика бойынша | 41,9 | 42,1 | 42,3 | СЖРА ҰСБ (келісу бойынша) | ҰЭМ, АШМ, ЭМ, ӨҚМ, СИМ, Қаржымині, МАМ, КМ, ТСМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОАМ, ДСМ, ЭТРМ, ЖИЦДМ, ІІМ, БҚДА (келісу бойынша) | |
Абай облысы | 17,4 | 17,8 | 18,0 | ЖАО | ||||
Ақмола облысы | 33,3 | 33,6 | 33,7 | |||||
Ақтөбе облысы | 30,1 | 29,9 | 29,6 | |||||
Алматы облысы | 48,2 | 47,8 | 47,3 | |||||
Атырау облысы | 24,7 | 24,8 | 25,8 | |||||
Батыс Қазақстан облысы | 36,2 | 33,5 | 30,7 | |||||
Жамбыл облысы | 31,4 | 31,3 | 31,3 | |||||
Жетісу облысы | 31,3 | 30,6 | 30,0 | |||||
Қарағанды облысы | 23,7 | 24,6 | 25,2 | |||||
Қостанай облысы | 31,4 | 31,6 | 32,0 | |||||
Қызылорда облысы | 22,4 | 22,5 | 22,8 | |||||
Маңғыстау облысы | 34,3 | 34,7 | 35,8 | |||||
Павлодар облысы | 21,1 | 21,4 | 21,5 | |||||
Солтүстік Қазақстан облысы | 30,6 | 30,7 | 31,1 | |||||
Түркістан облысы | 35,0 | 35,0 | 35,6 | |||||
Ұлытау облысы | 6,4 | 6,8 | 7,2 | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | 26,6 | 27,2 | 27,7 | |||||
Астана қаласы | 69,4 | 69,6 | 69,9 | |||||
Алматы қаласы | 61,1 | 61,1 | 60,7 | |||||
Шымкент қаласы | 47,3 | 47,8 | 48,0 | |||||
N 6 тип – "Біле тұра нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілер" болжам: 2026 жылы – 8,81 %, 2027 жылы – 8,31 %, 2028 жылы – 7,84 % | ||||||||
4. | Кәсіпорындардың мөлшерлілігін ескере отырып, өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда орташа ЖЖТ-ға қол жеткізбеген кәсіпорындардың саны | республика бойынша | 98 646 | 86 184 | 76 203 |
Қаржымині | Қаржымині, Еңбекмині, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, ӨҚМ, СИМ, МАМ, КМ, ТСМ, Әділетмині, ҒЖБМ, ОАМ, ДСМ, ЭТРМ, ЖИЦДМ, ІІМ | |
салалар бойынша | ||||||||
ауыл, орман және балық шаруашылығы | 4 364 | 4 062 | 3 911 | |||||
тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру | 820 | 724 | 673 | |||||
өңдеу өнеркәсібі | 4 500 | 4 290 | 4 135 | |||||
электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен жабдықтау | 280 | 276 | 272 | |||||
сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою жөніндегі қызмет | 463 | 459 | 457 | |||||
құрылыс | 14 687 | 12 528 | 10 860 | |||||
көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу | 25 307 | 21 410 | 18 434 | |||||
көлік және қоймалау | 4 708 | 3 976 | 3 345 | |||||
тұру және тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 2 065 | 1 674 | 1 332 | |||||
ақпарат және байланыс | 3 742 | 2 952 | 2 248 | |||||
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 6 210 | 5 806 | 5 551 | |||||
кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет | 9 161 | 8 104 | 7 131 | |||||
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 6 352 | 5 593 | 4 855 | |||||
білім беру | 5 225 | 4 654 | 4 298 | |||||
денсаулық сақтау | 3 068 | 2 544 | 2 026 | |||||
өнер, ойын-сауық және демалыс | 1 252 | 1 108 | 979 | |||||
өзгелер | 6 442 | 6 024 | 5 696 | |||||
өңірлер бойынша | ||||||||
Абай облысы | 784 | 696 | 644 | ЖАО | ||||
Ақмола облысы | 2 847 | 2 618 | 2 424 | |||||
Ақтөбе облысы | 4 025 | 3 651 | 3 309 | |||||
Алматы облысы | 2 380 | 2 329 | 2 279 | |||||
Атырау облысы | 2 900 | 2 675 | 2 481 | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | 3 186 | 3 023 | 2 956 | |||||
Жамбыл облысы | 2 297 | 1 992 | 1 704 | |||||
Жетісу облысы | 803 | 697 | 664 | |||||
Қарағанды облысы | 6 057 | 5 565 | 5 119 | |||||
Қостанай облысы | 3 136 | 2 891 | 2 661 | |||||
Қызылорда облысы | 1 788 | 1 668 | 1 572 | |||||
Маңғыстау облысы | 2 966 | 2 687 | 2 430 | |||||
Павлодар облысы | 3 527 | 3 263 | 3 021 | |||||
Солтүстік Қазақстан облысы | 1 991 | 1 888 | 1 799 | |||||
Түркістан облысы | 3 366 | 3 118 | 2 938 | |||||
Ұлытау облысы | 193 | 158 | 154 | |||||
Батыс Қазақстан облысы | 2 414 | 2 154 | 1 904 | |||||
Астана қаласы | 17 979 | 14 656 | 11 994 | |||||
Алматы қаласы | 29 879 | 25 349 | 21 856 | |||||
Шымкент қаласы | 4 729 | 4 110 | 3 600 | |||||
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Атамекен" ҰКП | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
АГҚС | – | автомобильдік газ құю станциясы |
АЖҰ | – | аумақтық желілік ұйым |
"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ | – | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
АІЖ МАЦЖ | – | атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі |
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
АШТӨ | – | ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері |
Әділетмині | – | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
ӘКК | – | әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация |
БҚДА | – | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
БНҚ | – | бағдарламалық нысаналы қаржыландыру |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы |
БШК | – | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Е-КТРМ | – | е-техникалық реттеу және метрология |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ГТС | – | газ толтыру станциясы |
ГҚ | – | гранттық қаржыландыру |
ҒЖБМ | – | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ҒТТИ | – | "Ғарыштық техника және технологиялар институты" |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ІҚМ және ҰМ | – | ірі қара мал және ұсақ мал |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
ЖБМК | – | жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры |
ЖИЦДМ | – | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі |
ЖІӨ | – | жалпы ішкі өнім |
ЖҚС | – | жанар май құю стансасы |
ЖС | – | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖЭС | – | жылу электр станциясы |
KEDEN ҰИП | – | "KEDEN" ұлттық интеграцияланған платформасы |
KPI | – | негізгі тиімділік көрсеткіштері |
КМ | – | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
"КМГ" ҰК" АҚ | – | "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
МАМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
МӘМС | – | міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру |
МКК | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті |
МӨЗ | – | мұнай өңдеу зауыты |
МӨҰ | – | мұнай өңдеу ұйымы |
ОАМ | – | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
ӨҚМ | – | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
"Қазақтелеком" АҚ | – | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚБ | – | қосымша байланыс (термин) |
ҚМА | – | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
Қорғанысмині | – | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
ҚҚС | – | қосылған құн салығы |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
РБ | – | республикалық бюджет |
СӘ | – | Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі |
СЖРА ҰСБ | – | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы |
СИМ | – | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
ТЖМ | – | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
ТМК | – | тау-кен металлургия кешені |
ТМКБК | – | тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі |
ТСМ | – | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі |
ҰБ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
"ҰЗМИ" РМК | – | "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰТК | – | ұлттық тауарлар каталогы |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
шағын МӨЗ | – | шағын мұнай өңдеу зауыты |
ШРБ | – | шетелдік рұқсат бланкілері |
ЦЖ | – | цифрлық жүйе |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
"ЭҚО" АҚ | – | "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы |
ЭСТО | – | Экономикалық саясатты талдау орталығы |
ЭЫДҰ | – | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы |