Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 88-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының атом саласы үшін өндірісті жергілікті орнықтыруды дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Кешенді жоспарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдары (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне (келісу бойынша) беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (келісу бойынша) жыл қорытындылары бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Күтілетін нәтижелер:
|
1) Сыртқы инженерлік және сыртқы құрылыс инфрақұрылымы объектілерін құру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда жергілікті орнықтыру деңгейін 50 % қол жеткізу:
шамамен 50–70 млн АҚШ доллары сомасына қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру (жобалау–сметалық құжаттаманы сараптау қорытындысы бойынша нақтыланатын болады), оның ішінде көлемі шамамен 6,0 мың тонна материалдар (қиыршық тас, құм, цемент, арматура және т.б.);
кем дегенде 10 (он) қазақстандық бизнес субъектілерін тарту (барлық өнім беру тізбегіне кіріктірілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер).
|
2) МАГАТЭ талаптарын қоса алғанда, ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімін қалыптастыру:
АЭС құрылысы жобаларында жергілікті орнықтыру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік базаны қабылдау;
қазақстандық өндірістердің даму бағыттарын анықтау;
АЭС құрылысы жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімін жүргізу бойынша ақпараттық жүйені енгізу.
|
3) Өндірістік базаны дамыту:
өнімнің жаңа түрлерін игеру және технологиялар трансфері (Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өндірістер болмаған жағдайда);
өнеркәсіпке 100–200 млн АҚШ долларына инвестициялар тарту (есептік көрсеткіш өнеркәсіп жобаларын іске асыру шеңберінде нақтыланатын болады).
|
І бағыт. Институционалдық және нормативтік базаны қалыптастыру
|
1.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісімге қол қою
|
Үкіметаралық келісім
|
2026 жылдың 4–тоқсаны
|
АЭА, ӨҚМ, СИМ, СІМ, ҚАЭС
(келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
2.
|
АЭС құрылысы жобаларында жергілікті орнықтыру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық түзетулерді қабылдау
|
Қазақстан Республикасының Заңы
|
2026 жылдың 4–тоқсаны
|
АЭА, ҰЭМ, ҚМ, ӨҚМ, ЖИЦДМ, ҚАЭС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
3.
|
АЭС құрылысы жобаларында жергілікті орнықтыру деңгейін қамтамасыз ету бойынша қабылданған заңнамалық түзетулерді іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
|
АЭА бұйрықтары
|
2027 жылдың 1-тоқсаны
|
АЭА, ҚАЭС (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
4.
|
Қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерден басым сатып алуды қамтамасыз ете отырып, АЭС құрылысы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерден сатып алу бөлігінде ЕРС келісімшарты вендорымен келісу
|
ЕРС келісімшарты
|
2027 жылдың 4-тоқсаны
|
АЭА, ҚАЭС
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
5.
|
АЭС құрылысына қатысатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қойылатын талаптарды (сапа менеджменті жүйесін және ISO 9001, ISO 19443 халықаралық стандарттарын, МАГАТЭ талаптарын, еңбекті қорғауды және өндірістік қауіпсіздікті басқару; өнім берушілердің материалдық, техникалық, кадрлық ресурстарының, тәжірибесінің болуы және т.б. қатысты деректерінің дұрыстығына аудит жүргізу бойынша талаптарды ескере отырып) анықтау
|
АЭА бұйрығы
|
2027 жылдың 1-тоқсаны
|
АЭА, ҚАЭС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
6.
|
АЭС жобалау мен салуды және өндірісті жергілікті орнықтыруды қамтамасыз етуге (оның ішінде АЭС-те негізгі өлшемдерді метрологиялық қамтамасыз ету үшін) атом энергетика саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу
|
ТРМК бұйрығы
|
2027 жылдың 4-тоқсаны
|
СИМ, АЭА, ҰЭМ, ҚАЭС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
бөлінген қаражат шеңберінде*
|
республикалық бюджет*
|
7.
|
МАГАТЭ бағдарламалары мен іс–шараларына қатысу, соның ішінде миссиялар, оқыту және техникалық жобалар, халықаралық бағалау мен сараптамалық сапарлар қорытындылары бойынша, соның ішінде халықаралық жобалардағы жергілікті орнықтыру тәжірибесі мәселелері жөніндегі ұсынымдарды орындау (консультациялар, сессиялар)
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2027–2028 жылдардың 1-4-тоқсаны
|
АЭА, СІМ, СИМ, ҚАЭС (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
8.
|
Жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындар үшін қолданыстағы шараларды жетілдіру және (немесе) жаңа қолдау шараларын әзірлеу (қажет болған жағдайда)
|
НҚА
|
2028–2029 жылдар
|
АЭА, ҰЭМ, ҚМ, ӨҚМ, ЖИЦДМ, СИМ, СІМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
ІІ бағыт. Қажеттілікті анықтау және қазақстандық нарықты талдау
|
9.
|
АЭС жобалау және салу үшін қажетті материалдарға, жабдықтарға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге және еңбек ресурстарына алдын ала қажеттілікті қалыптастыру (іске асыру жоспарланатын жылдар бөлінісіндегі көлемін көрсете отырып)
|
тізбе
|
2028 жылдың
4-тоқсаны
|
АЭА, ҚАЭС (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
10.
|
АЭС жобалау және салу кезінде қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің әлеуетіне егжей–тегжейлі талдау жүргізу және әрбір кәсіпорын бойынша
ұсынымдар әзірлеу, оның ішінде:
атом саласының стандарттары мен талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша;
қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге әлеуетті қолдау шараларын көрсету бойынша;
өндірілетін өнімдердің сапасын жақсарту бойынша;
өндіріс көлемін ұлғайту бойынша;
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында өнімнің жаңа түрлерін игеру бойынша
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2028 жылдың
4-тоқсаны
|
АЭА, ҚАЭС
(келісу бойынша),
ӨҚМ, СИМ, ЭМ, ЖИЦДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
11.
|
Тиісті өнім түрлері бойынша жаңа өндіріс орындарын, (ондай өнеркәсіптік өндірістер болмаған жағдайда), мамандандырылған сервистік және инжинирингтік орталықтарды ашудың орындылығын бағалау және жаңа кәсіпорындар ашу бағыттарын айқындау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2028 жылдың
4-тоқсаны
|
АЭА, ҚАЭС
(келісу бойынша),
ӨҚМ, СИМ, ЭМ, ЖИЦДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
12.
|
АЭС негізгі өлшемдерді метрологиялық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті
инфрақұрылымға егжей–тегжейлі талдау жүргізу және өлшемдердің қамтамасыз етілмеген түрлері бойынша жаңа эталондар құру және өлшемдерді толық қамту және шет елдердің эталондарынан метрологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданыстағы эталондық базаны жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2028 жылдың
4-тоқсаны
|
СИМ, АЭА, ҚАЭС (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
13.
|
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарға және белгіленген стандарттарға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімін қалыптастыру
|
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілердің тізілімі
|
2028 жылдың
4-тоқсанынан бастап тұрақты негізде
|
АЭА, ҚАЭС
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
ІІІ бағыт. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістерді ашу
|
14.
|
Технологияларды трансферлеу және жергілікті орнықтыру үшін әлеуетті халықаралық және қазақстандық өндірушілердің тізбесін қалыптастыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2027–2028 жылдар
|
АЭА, ЖИЦДМ, ӨҚМ, СІМ, ЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
15.
|
Атом энергиясын пайдалану саласында OEM–өндірушілердің (түпнұсқа өнімді өндірушілер) және халықаралық компаниялардың (оның ішінде вендор–елдің) қатысуымен қазақстандық кәсіпорындар үшін салалық event іс–шараларды ұйымдастыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2027–2030 жылдардың 4-тоқсаны
|
АЭА, СІМ, ӨҚМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
16.
|
Өндірісті жаңғыртуды және/немесе жаңа өндірісті ашуды қамтамасыз ету үшін қазақстандық кәсіпорындарды консультациялық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2028–2029 жылдар
|
АЭА, ӨҚМ, ЭМ, ЖИЦДМ, СИМ, ҰЭМ, ҚАЭС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
17.
|
Өнімнің жаңа түрлерін игеру және (немесе) өндіріс көлемін ұлғайту үшін өңірлік деңгейде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар өндірістерін жаңғырту мен дайындау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2029–2030 жылдар
|
АЭА, ӨҚМ, ЭМ, ЖИЦДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚАЭС (келісу бойынша)
|
кәсіпорынның қаражаты шеңберінде**
|
бюджеттен тыс қаражат
|
18.
|
АЭС арналған технологиялар трансфері үшін OEM–өндірушілерімен және халықаралық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар ашу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2029–2030 жылдар
|
АЭА, ЖИЦДМ, ӨҚМ, СІМ,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша),
ҚАЭС (келісу бойынша)
|
кәсіпорынның қаражаты шеңберінде**
|
бюджеттен тыс қаражат
|
19.
|
Мердігер мен әлеуетті өнім берушілер арасында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді кепілдендірілген сатып алу туралы шарттар (офтейк–келісімшарттар) жасасу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына ақпарат
|
2030 жылдың
4-тоқсаны
|
мердігер, АЭА, ҚАЭС (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
20.
|
АЭС метрологиялық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық базасында зертханаларды жаңғырту және жарақтандыру
|
пайдалануға беру актісі
|
2030 жылдың
4-тоқсаны
|
СИМ, АЭА, ҚАЭС (келісу бойынша)
|
бөлінген қаражат шеңберінде*
|
республикалық бюджет*
|
V бағыт. Цифрлық платформаларды енгізу
|
21.
|
АЭС құрылысы жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер тізілімін жүргізу бойынша ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу
|
өнеркәсіптік пайдалануға беру
|
2027-2028 жылдар
|
АЭА, ҚАЭС (келісу бойынша), ЖИЦДМ
|
бөлінген қаражат шеңберінде*
|
республикалық бюджет*
|
22.
|
АЭС құрылысы жобаларын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ақпараттық жүйесін енгізу
|
өнеркәсіптік пайдалануға беру
|
2027–2028 жылдар
|
АЭА, ҚАЭС (келісу бойынша), ЖИЦДМ
|
бөлінген қаражат шеңберінде*
|
республикалық бюджет*
|
* қаражат көлемі республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін негізге ала отырып Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады;
** деректер Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне егжей–тегжейлі талдау жүргізу қорытындылары бойынша нақтыланатын болады.
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
Кешенді жоспар – Қазақстан Республикасының атом саласы үшін өндірісті жергілікті орнықтыруды дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары;
ҚАЭС – "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
ТРМК – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.